Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОСН АУДИТА НОВЫЙ 2014 - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать
  1. Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша мамандандырылған экономистерді дайындаудың басты шарты зерттеу жұмысын орындауды ұйымдастыру. Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаумен кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауда таңдалған тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді оқуда, зерттеу жұмыс жоспарын құруда және оны жазуда студенттерге көмек көрсету мақсатында беріледі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – бәсекелестік экономика жағдайында шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметін жетілдіруге, шаруашылықтың қаржылық жағдайын басқару және өзінің ұйымдастыру бойынша білімін тереңдетіп және кеңейтуге мүмкіндік береді

1. Зерттеу жұмысын орындауға келесі міндеттер қойылады:

- мамандық бойынша теориялық білімін кеңейту және нағыз қаржы – экономикалық міндеттерді қарауда қолданылатын тәжірибе қабілеттілігін бекіту;

- өзіндік жұмысты дамыту қабілеттілігі мен берілген мәселені шешуде зерттеу әдістемесін үйрену;

- нарық талабынабайланысты проблемаларды қоюды үйрену және оны басқаруды ұйымдастырудың әртүрлі тәжірибелік жағынан зерттеу.

2. зерттеу жұмысына қойлатын негізгі талаптар:

- зерттеу жұмысының теориялық сұрақтарын зерттелетін мәселе бойынша Қазақстан Респбуликасының заңдарын және нормативтік актілерін, статистикалық жинақтар мәліметтерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ұйымдарға есеп беру материалдарын пайдалана отырып, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесімен байланыстыру қажет;

- алынған білімді және жұмыс нәтижесін мазмұндау сауатты және логикалық жүйеде болуы қажет. Аналитикалық кестелер мен есептердің сандық мәліметтерін белгілі бір талдаумен, жалпылаумен және қорытындылармен жүйелеу қаже;

- кәсіпорынның нақты материалдарын талдауға арналаған, яғни есептеу талдау бөлігін қамтитын тарау теориялық тарау болуы қажет;

- зерттеу жұмысында пайдаланылатын әдебиеттер тізімін дұрыс безендіру керек. Статистикалық және экономист-ғалымдардың материалдарын пайдаланудың барлық жағдайына оларды жариялау көздерін, еңбектің аты, баспасы, басылған жылы мен орны, бетімен сілтеме жасалуы талап етіледі.

- зерттеу жұмысы А4 форматына қолмен жазылады. Оның көлемі 10-12 бет болуы қажет. Әр парақта оң жағы-10 мм, сол жағы-30 мм, жоғары-25 мм, төменгі-20 мм болуы шарт. Титульдық бет пен мазмұнына және кіріспенің алғашқы бетіне реттік номер қойылмайды.

Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар

Шағын жоба осы бағдарлама негізінде студенттің орындаған өзіндік жұмысы ретінде қорытынды жұмысы болып табылады. Шағын жобаны қорғау үшін келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  • Салыстырмалы талдау мен негізгі тәсілді қолдана отырып тақырыпты немесе қарастырылып отырған мәселені терең теориялық талдау жасау қажет;

  • Жинақталған материалдардың логикалық және реттілікпен орналасуы;

  • Ақпараттарды дұрыс жүйелендіру және оны шешу әдістемесі;

  • Қорытындыларды негіздеу;

  • Шағын жобаны жазу талаптарына сәйкес оны безендіру.

«Аудиттің масштабы және оны жоспарлау» тақырыбындағы шағын жобаны орындаудың ҮЛГІ ЖОСПАРЫ