Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орта ғасырлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.7 Кб
Скачать

43. Эссе тақырыбы. Ғұн өркениетінің еуропа өркениетіне қосқан үлесі

Еуразиялық кеңістік аумағындағы мәдени байланыстардың бірнеше өркениеттік-мәдени сабақтастықты сіңірген әрі бай, әрі көне тарихы бар. Еуразиядағы ашық, әрі байтақ далалар аймағы көшпелі және оты­рық­шы халықтардың түрлі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы мен тоғысуына ұйытқы болды. Қазақстанның қазіргі аумағында сан түрлі тайпалар мен халықтардың жолы түйісіп отырды. Осы халықтар туралы деректер бізге сан түрлі көріністерде, соның ішінде өнер, ха­лық­тың естелігі арқылы жетті. Еуразияның ше­жіресі өркениетаралық қарқынды және жемісті өзара ықпалдастық, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзара кірігу мысалдарына толы. Солардың ішіндегі ең айшықтылары – халық­тардың Ұлы көші-қонына байланысты оқиға­лар, осы оқиғалардың нәтижесінде бүгінгі Еуро­па­ның нобайлары пайда болды. Еуразиялық мәдениетті Шығыс пен Батыс мәдениеттері дамуының басты кезеңі немесе олардың өзара байланыстарын «мәдени көпір» ретінде қарастыруға да болады. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді. 

Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты "жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған.

Аттила Еуропадағы өзара қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты. Сүйтіп Еуропада бейбіт өмір орнатты. Рим империясында құлдық қауымды құлатып, ондаған мың адамды құлдық бұғауынан азат етті. Өз халқына қатыгездік жасаған әміршілерді қатал жазалап отырды. Сол үшін Аттиланы халық «құдайдың қамшысы» («бичь божий») деп атап кетті.

Халықтардың ұлы көші V ғасырдағы Атилланың Еуропаға жасаған осы жорықтарымен аяқталды.

 «Халықтардың ұлы көшінің» тарихи маңызы - ол адамзатты құл иеленушіліктен азат етуге септігін тигізді

Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде «қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікірлер де орныға бастады. А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады

44. Батыс шіркеуінің негізін қалаушылар: Августин, Амвросий Медиоланский. Ілімдерін талдаңыз

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Августиншілдік теология-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдеріменығыстырылды.

Әулие Аврелий Августин (354-430) – Гиппона епископы , философ, христиан дінбасы және саясаткер. Католик және провослав мешіттерінің Әулиесі . Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы. Ол батыс филосософиясы мен католиктік тиологияға үлкен ықпалын тигізді. Ол христиан дінінің ең атақты ойшылы мен жазушысы, ең беделді және белгілі  шіркеудің Әулиесі . ол бірінші болып системалық христиан сенімшілдігін ашты, сондықтан оны римдік –католиктік те проваславтық  шіркеуі де  мойындайды да еңбегін аса жоғары бағалайды. Августиннің өмірлік жолы «Исповедь» деген шығармасында толық түрде жазылған.Осы еңбегінде ол ұзақ күндер мен тер төккен еңбегінің арқасында өзінің өмірлік жолын тек қана Христиан дінінде тапқандығын ерекше көңіл аударып жұртшылыққа жария етеді, өмірінің мәні – христиан дінінде екендігін және басқаларды оғанқосылуды сұрайды.   Августин 354 жылыдың 13 қарашасында   Тагасте кәзіргі Алжирдегі Сук - Арас деген қаласында дүниеге келді. Ол жанұясында үш баланын біреуі болған .Оның әкесі ауылдық муниципалитеттің чиновнигі болған ,  ал шешесі туа біткен христиан дінінің өкілі болғанымен күеуі Августинді ритор қылуға ешқашан қарсылық білдірмеген бірақ ол баласын ең бірінші  кезекте баласын христиан дінінің өкілі ретінде көргісі келді. Өзінің тәрбиесі мен қалыптасқан көзқарастарымен саяси жетілуі шешесінің арқасы. Ол өзінің «Исповедь» деген шығармасында шешесінің нағыз христиан бейнесіне жие оралып суреттейді. Августин 370 жылы мектепті бітірген соң әкесі тілегендей Кафтаген қаласына риторикалық білім алуға барады.Ол антикалық философия мен Цицеронның«Гортензия»    еңбегімен танысып Августиннің ақыл – есі дүниетанымы өзгереді. Ол өзінің өмірлік жолын басқа кітаптар мен әдебиеттерден іздейді сонымен қатар ол Библияны  оқиды бірақ ол кітапты түсінбейді , жас бала осы уақытта бұндай күрделі шығармаға дайын емес болады.   Августин өзінің шығармаларында философияға назар аударып, осы ғылымды ерекше құрметтейтінің айтады.Ол өзінің дүниетанымын христиандық діншіл – мифологиямен бірге философиялық қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерді философиялық тұрғыда қабылдауды ұсынады. Августиннің пікірінше философия текнағыз діннің дәлелі. Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді,- деп жазды Августин,-.....Құдайдың даналығы, адамзатқа қол жетпейтін мұра,- деп сөзін аяқтады.Оның ойынша тек дін ғана адамның небір жақсы тіпті керемет қасиеттерін аша алады, сол кезде ғана адам құдайдын құдіретін көре алады. Философиялық фундамент ретінде  Августин Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді.  397 жылдан бастап Августиннін аты Құдайға деген «махабаттың» белгісіне айналады, ал өзі болса христиан қауымына белгілі аты шыққан  Шіркеудің беделді мүшесіне айналады. Осы кездері Августин өзінің ең бір тамаша барлығы керемет деп санайтын «Шындық» деген кітабы өмірге келеді. Ол өзінің кітабында өзінің христиан дінің қабылдағанша қалай өмір сүргенің, өмірде біраз адасқанын тек христиан діні оны өмірдің дұрыс керкмет жақтарын ашқандығы туралы бар шындығын әлемге жариялайды. Августин өз қалған өмірін христиандыққа арнап адамдарды дұрыс жолға қоюға бағыт – бағдар береді шіркеулерді жақсарту үшін өзін аямай еңбек етеді , сонымен қатар ересиямен де күреседі және осынын барлығына да уақыт таба алатын болған. Августин христиандардын барлық кемшілігін жоюға барлық үлесін қосты ол христиан дінің жамылып басына келгендікті істеуге жол бермей ондай адамдарды шіркеуге жоюды ұсынды. Осы мәселелерге байланысты  көптеген жинаналыстар жасады 401 жылда 411 жыл аралығында жеті собор жиналысы өтті.  410 жылдың  24 шілдесінде  Римді вестгот Алариха жаулап алады. Бұл жағдай барлығын қатты алаңдатты Августин соның ішінде еді.Рим империясы құлағаннан кейін ол өзінің ең ғажайып шығармасын жазады . Ол  әрине «Құдайдың қаласы туралы» . Бұл шығармада ол адамдардың не істегісі келетінің және Құдайдың әмірлері туралы жазады. Бұл ғажайып және көркем шығарманы жазуға Августиннің жиырма жылға жуық уақыты кетеді. Христиан дінінің женіп шығуы Библияның арқасы , бұл кітапты әрбір христиандық тек қана білу емес осы кітапты құрметтеп барлығынан жоғары қоюы қажет. «Құдайдың қаласы туралы» еңбегінде Августин өзіндік жердің қалыптасу тарихын айтады.Оның кейіпкерлері болып жер , уақыт пен тағдыр болады. Осылардың шағылысуынан Қала келеді олар біреу емес екеу.   Адам қандай болатыны бесіктен ол дүниеге келгеннен бастап белгілі болады . Августиннің пікірінше оған дәлел Авраамның балалары Исак пен Измаил.    Адамзаттын даму тарихы мен онын мақсаты.    Адамзаттын дамуын Августин үш сатыдан бөледі.  1. Бірінші  жамандықтын пайда болуына дейін. 2. Адамзаттын даму тарихынан бастап  соңғы сот күніне дейінгі кезен. 3. Соңғы сот күнінен кейін жақсылар Құдайдың қаласына жамандар тозаққа мәнгі қиналуға түскенге дейінгі кезең. Соған қарағанда құдайдын жасаған әлемі адамзат тарихында ең бірінші және соңғы әлем болады.   Адамзаттын даму тарихын да үш кезеңге бөлді. 1. Адамның пайда болуы мен жер бетінен жоғалып кетуі. 2.  Христостын келуі. 3. Соңғы сот күні. Адамзаттын барлық өмір сүрген және дамыған кезенінде жер бетінде екі түрлі адамдар өмір сүреді. Періштелер де бұзылып, жолынан адасқан періштелер және Құдайдын соңында өмір бойы жүретіндер болып екіге бөлінеді.  Адам туылғанда  періште болып туылады ол өзінің арам ойы мен зұлымдығынын арқасында бұзылып , бүлінеді. Сол барлық жаман әрекеттері мен жасаған зұлымдығы үшін ол өмі бойы қиналумен өткізіп, тозаққа түседі.  Адамнын дамуын Августин еврей халқынын библиясына сүйенсе де , көтеген тарихи оқиғаларды шығыс халықтары мен рим халықтарынан алды.  Рим қаласы Августиннің пікірінше христиандыққа қарсылық білдіретін қала деп санады.  410 жылы Рим империясын Алариханын нұсқауымен құлағанда ол «Құдайдын қаласы туралы» жаза бастады. Онын пікірінше бұл оқиға римдіктердің христиан дініне қарсылық білдіргені үшін тартқан жазасы болды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]