
- •1.Ежелгі германдықтардың әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •2.Ежелгі герман қоғамының әлеуметтік құрамы және рулық байланыстары
- •3.Ежелгі герман қоғамындағы халық жиналысы және оның функциялары.
- •4. Салий заңдары бойынша франктердің қоғамдық құрылымы.
- •5.Салий франктеріндегі король билігі және жергілікті әкімшілік және сот.
- •7.Юстинианның сыртқы саясаты және жүргізген соғыстары
- •8.Хііі-хіҮғғ. Францияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •9.Англиядағы «ескі» және «жаңа» дворяндар
- •10.Кальмар униясы
- •11.Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы туралы теориялар
- •12. Бенефициялық реформа және оның мәні, франк қоғамындағы орны
- •13.Иммунитет және оның мәні
- •14. Франциядағы Бас Штаттар және сословиялық монархияның қалыптасуы
- •15. Англиядағы абсолюттік монархия және оның ерекшелігі.
- •16. Франциядағы абсолюттік монархия, оның ерекшеліктері.
- •17. Испаниядағы абсолюттік монархия, оның ерекшеліктері.
- •21. Чехиядағы реформациялық қозғалысты Батыс еуропадағы реформациялық қозғалыстармен салыстырыңыз
- •22. Аттила және ғұн державасының тарихының іздерін қазіргі кезде еуропаның қай мемлекетінің тарихымен байланыстыруға болады? Мысалдар арқылы дәлелдеңіз
- •43. Эссе тақырыбы. Ғұн өркениетінің еуропа өркениетіне қосқан үлесі
- •45. Ұлы Карлдың (Капитуллярииі), (Юстиниан Кодексі) – дерек ретіндегі құндылығын көрсеңіз.
- •46. Эссе тақырыбы: Византия мен арабтардың байланысы, мазмұны мен сипаты.
- •48. Сословиялық монархия, парламент, Бас Штаттар – анықтамасын беріп, қызметтік деңгейлерін, құзіретін анықтаңыз.
- •49. Эссе тақырыбы: Тюдорлық Англяның дамуының басты бағыттары
- •50. Орта ғасырлар тарихын кезеңдерге бөлу үрдістерін талдаңыз
- •51. Галл соғысы туралы жазбалар- Цезарь; Германия-Тацит, Гетика-Иордан; деректі талдаңыз
- •52. Франктер тарихына қатысты деректерді көрсетіп, талдаңыз
- •53. Бенефициялық реформаның анықтамасы, мәні мен мақсаты, нәтижесі-талдаңыз
- •54. Вотчина – анықтамасын беріңіз, эволюциясын талдаңыз
- •55. Коммуналдық қозғалыс, ортағасырлық қалалардың дамуында алған орнын талдаңыз
- •1. Ежелгі германдықтардың әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •2. Ежелгі герман қоғамының әлеуметтік құрамы және рулық байланыстары.
- •3. Ежелгі герман қоғамындағы халық жиналысы және оның функциялары.
22. Аттила және ғұн державасының тарихының іздерін қазіргі кезде еуропаның қай мемлекетінің тарихымен байланыстыруға болады? Мысалдар арқылы дәлелдеңіз
Ғұн державасының тарихын бүгінде еуропа елдерінің ішінде көбіне венгрия өздерін ғұндардың ұрпақтарымыз дейді. Гильом де Рубрук өзінің "Шығыс елдеріне саяхат” деген кітабында түркі халықтары ғұндар туралы мынадай деректер қалдырған: "Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт) жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті. Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”. Этнографтар ғұндардың Еуропаға жасаған жолын қайтадан қайталауда, олар Хунгария (Венгрия) атауы ғұндардың сөзінен шыққан деген болжам жасауда
ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында мажарлар қайдан келгенiне, олардың кiмге туыс екенiне қатысты сұрақ туды. Ғалымдар екi топқа жарылды. Бiрi фин-угор теориясын жақтап, мажарлар батысқа қоныстанар кезде көп халықпен тарихи-мәдени, тiлдiк байланыстары болғанын алға тартты. Бұл – лингвистикадағы, тiлтанудағы болжам.. Мажарстан археологтары мен антропологтары лингвистердiң ұсынған болжамына қарсы шықты. Оның үстiне соңғы 20 жыл iшiнде антропология үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Сөйтiп, мажарлардың түрiк халқымен туыс екенi ғылыми түрде дәлелдендi. Антропология мажарлар Х ғасырда Карпат бассейнiне қоныстанған кезде олардың бет-әлпетi түр-тұлғасы, бас сүйегiнiң өлшемдерi түрiк халқына ұқсас болғанын көрсеттi. Тiптi лингвистикалық талдау жасайтын болсақ, барлық ғалымдар мажар тiлi алтай тобына жақын екенiне келiсетiн едi.
Мажарстан парламентi төрағасының орынбасары Лежак Шандор «бiз шығысқа қарай қақпаны ашуымыз керек» дедi. мажарлар немесе мағяр (қазақша мәдяр) -айтылмыс венгер-хұнгар (құнғар) елі. мажалардың ғұндармен байланысы жөннде түрлі сөздер бар. алайда тығыз қатысын жоққа шығаруға болмайды. венгер-хұнгар және бұлғар-бұл екеуі батсықа ауған ғұндармен қатсты құрылған екі үлкен ел. хұнгар немесе венгер (вен+гер) - "он оғыр" дегеннен келген деиді зерттеушілер яғни он ру (он оқ) дегендік. еділ-өкә-қама өзендері бойында мажарлар түркі руләрімен араласып он рулы ел болған делінеді. бұл түркі рулары ғұндардың батсқа жорығы нәтижесінде осы жерге келген яғни ғұндардың ұрпағы. кеиін 9-ғасырда дон кешіп кәзіргі топыраққа жеткенін тарихтан білеміз. мажарлардың тарихи деректерінде ата-баба деп танитын ниек, мағяр, құртғимат, таржан, жену, кереи, кежі сынды жеті рудың аты аталады
23.Прекарий, оның түрлері. Құлдар, азат етілгендер колондармен бірге егіншілікпен айналысатын қаналушы халықтың құрамына ұсақ прекарийстер де жатты. Бұлар ірі жер иеленушілерден әр түрлі шарттармен жер участкілерін па»йдалануға алушы еріктілер прекаристер деп аталды. прекарий өзіне пайдалануға берілген жерді иесіне тиімді болғанға дейін ғана пайдалана алды. Империяның соңғы дәуірінде прекарист ұсақ мерзімге басы байлы болды, ал ұсақ прекаристер өз жағдайлары бойынша біртіндеп калондарға жақындайды. Кейде кіріптарлыққа ұшырап, қорғаушыға мұқтаж болған ұсақ жекеменшік иелері өз жерлерін ірі шонжарларға силыққа тартатын,одан кейін белгілі шарт бойынша пайдалануға қайтып алатын, сөйтіп, ірі жер иесінің үймениесінде жер ұстаушы прекарист болып қалатын. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.
24.Италиядағы Қайта Өркендеудің тарихи алғышарттары «Қайта өрлеу» (Ренессанс) термині XVI ғ. бейнелеу өнеріне қатысты қолданыла бастады. Ренессанс антика ғылымдары мен өнерлерінің қайта өрлеуі ретінде сипатталады. Бұл жалпы дұрыс. Алайда Ренессансты тек бір антикаға ғана жатқызуға болмайды, бұл Ренессанста бастыны байқамау болып саналады. Кейіннен «Қайта өрлеу» ұғымы кең мағынаға ие болады. Ренессанс мәдениетіндегі ең бастысы – адамзат тұлғасын дәріптеу теориясы мен практикасы. Итальян Қайта Өрлеуі іштей кезең-кезеңге бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ.ғ.), ерте Қайта Өрлеу (XV ғ.), кемелденген немесе жоғары (1550-1530 ж.ж.), кейінгі (XVI ғ. ортасы). Франческо Петрарканы (1304-1374 ж.ж.) Европадағы бірінші гуманист және әдебиетші деп санайды. Петраркидің барлық өмірі - өз мүддесі мен өзін-өзі ғана ойлайтын жеке адамның өмірі. Бұл жағынан ол әдебиеттегі бірінші индивидуалист. Петрарка өзінің сүйіктісі Лаураға арналған сонеталарымен белгілі.
25. ІХ-ХІ ғғ. Солтүстік Еуропа мен Англия ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді.
ХІІІ ғасырда феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады.
IX-XI ғасырларда қалалардың өсуі сауданың дамуына мүмкіндік туғызды. Жерорта теңізіндегі сауда Испанияны,Франция мен Италияны Византиямен және Шығыспен байланыстырды. Солтүстік және Балтық Теңіздерімен жасалатын сауда солтүстік Германия қалаларын Нидерландымен, Скандинавиямен және орыс елімен байланыстырды. Осы ғғ басында Көптеген Еуропе елдерінде сословиелік өкілдік монархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты. «Монархия» грек тілінен аударғанда "«әр адамның билігі» дегенді білдіреді. Еуропаның көптеген елдерінің басшылары монархтар болды. Халық қолдаушылығына жұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып қабылдайтын.
Бірте бірте мұқтаж өкілетті билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 «парламент» деп аталды. 1302 Францияда «Бас штаттар», Чехия мен Польшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды. Олар сословилік өкілдер органы болды.
26.Каролингтердің франктік державасы. Австразияның пепиндер әулетінен шыққан маердомдары біріккен франк мемлекетінің билеушісі болғаннан соң, франк карольдерінің жаңа династиясының негізін қалады. Бұл династия кейініректе, өз уәкілдерінің еңірі ұлы Карлдың есімімен, каролингтердің династиясы деген атқа ие болды. Каролингер әулетінің уәкілдері франк мемлекетін 7ғ аяғынан-9ғ орта шеңіне дейін әуелі жалқау карольдердің жанындағы маердомдар ретінде ал содан соң карольдер ретінде басқарып биледі. Франк мем тарихында бұл дәуір әдетте каролингтік дәуір деп аталынады. Каролингтердің билеген кезінде франк қоғамында аграрлық қарым қатынастары төңкеріс жасалды. Бұл төңкеріс жерге феодалдық меншіктің қалыптасуын шаруалардың крепостнойға айналуын және феодалдық құрылыстың орнатылуын тез етті. Бұл төңкерістің мәнісі: қауымның ішіндегі әлеуметтік жіктелудің есебінен ірі жер меншігінің жедел өсіп, ерікті қауымдас шаруалар бұқарасының күйзеліп әбден кедейленулерінде болды.
27.Комниндер тұсындағы Византияның сыртқы саясаты. Үшінші крест жорығы. Македондықтар династиясын құрушы I Васили 867-886 империяның сыртқы саяси жағдайын уақытша нығайтуға мүмкіндік жасады. Оның тұсында арабтар шабуылға тойтарыс берілді. Алайда ол өлгеннен кейін арабтар және болгарлар византияға тағы да соққы үстінен соққы берді. IXғ аяғы мен-Xғ бас кезінде арабтар бүкіл сицилияны түгел дерлік жаулап алды. Италиядағы византия иеліктеріне де қауіп төнді. Арабтар сонымен қатар кипрді де басып алды. Крит аралдарымен жағалауын ойрандаған араб қолбасшыларының ұясына айналды. 904ж арабтар фессалониканы тонап кетті. Византия бұл кезде күшейіп алған болгариямен шайқаста осыдан кем жеңіліске ұшыраған жоқ. Болгариямен соғыс 30-жылдай созылды. Империяның арапармен болгарлар мен соғысы жеңіліске ұшырады елге терең тамыр жайған әлеуметтік өзгерістер туғызды. 1189-1192 XIIғ екінші жартысында шығыста египеттің, сириямен месопотамияның бөліктері бірікті. Жаңа мемлекеттің басына, әдетте европалықтар Саладин атаған сұлтан салахаддин 1171-1193ж келді 1187ж ол хаттин маңында кресшілерге батыл соққы берді, сол жерде иерусалим каролінің өзі тұтқынға түсті. Содан соң мұсылмандар теніз жағалауындағы қалаларды акра саида бейрут және басқалары алынды. 1187ж Иерусалимді алды. Бұл ушінші крест жорығының басталуына себеп болды. Оған германия, франция, англияның феодалдары қатысты. Крестшілерді герман императоры Фридрих I, барбаросс және франция каролі II Филипп Август пен англия каролі Ричард I басқарды. Үшінші крест жорығы шығыс жерорта теңізіндегі батыс европалық мемлекеттері арасында қайшылық тереңдете түсті.
28.Ортағасырлық христиандықтың идеялық негіздері. Енгельстің есептеуі бойынша, христиан шариғаты көптеген филослофиялық және діни ағымдармен күресте сонымен қатар бұлардың өзара ықпал етуінен пайда болды, солардың ішінен христиан дінінің дамуында Александриея Иудей философ Неоплатонит филонмен римдік стоит сенеканың пұртайы идеяларының ерекше маңызы болды. Алайда бұдан әрі христиан дінінің өте қарапайым болса да философиялық негіздері батыс рим империясын басып алған варварлардың дөрекі түрде түсінігіне лайықталып, бұрынғыдан гөрі қарапайым діни түсініктерімен толықтырылып, жамала түсті. Ортағасырлардағы феодалдық шіркеулік көзқарас негізін IVжәне Vғ өлі батыстағы христиан дінінің ірі идеологы гипон епископы августин салып берді. Нитея мен канстантинопль шіркеу саборларында 325-381ж негізінен орныққан христиан дінінің догматтық қағидаларына ол өзі жасап шығарған «шіркеудің бір тұтас құтқарушы рөлі» деген ілімді қосты.
29. каталаун шайқасы — Каталаун даласында 451 ж. маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзб ж.) Канн, Наполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады. 451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды. Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франсия) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар мен Еділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды. Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет». Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi.
Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын. Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды. Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi. Тюрингия арқылы Еділ әскерiмен Паннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды». Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды.
30.Рим империясында «варварлық» патшалықтардың пайда болуы, олардың қоныстану территориясы. Варварлық басып кірулердің европа тарихы үшін зор маңызы боды. Бұл басып кірулердің нәтижесі терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұқарахалықтың күрестерінен күні біткен батыстағы құл иеленушілік рим империясына құл алу болды. Европаның саяси картасы өзгерді. Бұрын батыс рим империясы қамтыған теритрияларда Vғ аяғы мен VI, басында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттер пайда болды. Германдықтардың батыс рим империясы территориясына қоныстану нәтижесінде өнім өндіруші көпшілік арасынан ерікті ұсақ жер иеленуші қауымдастар маңызды орын ала бастады. Батыс рим империясының құлауы және оның территориясында варварлық германдық корольдіктердің құрылуы, римнің құл иеленушілік құрылысымен рулық құрылысының орнына германдық феодалдық құрылысты әкелген терең әлеуметтік төңкеріспен әлеуметтік революция болып саналды.варварлық каролдіктер жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды. Оларда батыс европаның жаңа халықтарының тууы жүріп жатты.
31. ІV Карл Люксембургтың «Алтын булласы» - ортағасырлық Германияның тарихынан дерек ретінде. IVкарл тұсында 1347-1378ж германияның саяси бытыраңқылығын осы императордың 1356ж шығарған алтын булласы заң жүзінде баянды етті. Бұны карл маркс «немістік көп өкіметтіліктің негізгі заңы» деп сипаттады. Князьдерді өз князьдіктеріндегі толық суверенитеттілігі сот ісін жүргізу, баж салықтарын жинау, манет соғып шығару, кең байлықтарын пайдалану правалары танылды. Феодалдардың арасындағы жеке соғыстар заңдастырылды. Текқана вассалдардың тікелей өзі сеньорларына қарсы соғыс жүргізуіне тиым салынды. Қалалардың араларындағы одақтастыққа тиым сала отырып, алтын булла империясы суверенді князьдердің саяси ұйымы болып табылады және қалалар князьдерге тәуелсіз түрде саяси рөлде үміткер бола алмайды деп жариялайды. Булланың феодалдық таптық сипатын юристер баса көрсетті. Юристер ақырында князьдерді өз территорияларындағы шаруалардың мұрагерлік жерлерін иемдену праволарын жоюға және қауымның пайдаланатын жерлерін басып алуға толық ерікті екендігін мақұлдау негізі ретінде осы документке сүйенді.
32.Оттондық шіркеулік саясат-I Генрих герцогтықтардың ішкі істеріне қандайда болмасын қол сұғудан бас тартқаннан соң ғана,оның корольдік атағын мойындады.Бірақ I Генрихтің ұлы ж/е ирақоры I Оттон герцогтар дербестігін басуға әрекет жасауы мұң екен,мұнысы бірден көтеріліс тудырды.Тайпалық герцогтардың сепаратистік ниеттерін тұншықтұру ж/е орталық өкіметтің беделін нығайту үшін,жергілікті жерлерде корольдік өкіметтің саясатын жүргізуге қабілеті жететін,оның сенімді тірегі бола алатын тиімді басқару органдарын құру қажет еді.I Оттон бұл мақсатты шіркеумен одақ құру арқылы жүзеге асырмақ болып әрекеттенді.Оттондық шіркеудің мәнісі шіркеуді мем.мүддесіне қызет еткізуге ұмтылушылық еді.Корольдік өкімет пен шіркеулік одағының материялдық базасы корольдің шіркеулік мекемелерге орасан көп жер бөліп беруі болды,Хғ.осылайша бөлінген жердің басым көпшілігі ж/е I Оттон мен оның баласы II Оттонның тұсына тап келген.Шіркеуге жер силаушылық сол жерді мекендеген адамдарға шіркеудің саяси үстемдік құру правосын кеңейтумен ерекшеленді.Шіркеу ірі иммунист феодалға айналды.Шіркеулік иммунитеттік округтерге шіркеудің өзінікінен баска қандай да болмасын сот құрылуына тиым салынды.Шіркеулік мекемелер қарамағындағы тұрғындар үшін ең жоғарғы заң орны правосына ие болды.Оттондық иммунитеттік артықшылықтар шіркеулік мекемелерге кең өрісті мем.өкілдіктер берді де,оларды іс жүзінде мем.аса маңызды атқару органдарына айналдырда.Шіркеулік мекемелерге епископтықтар мен империялық н/е корольдік аббаттықтар олардің меншігіндегі жерден әлдеқайда тыс жаткан белгілі бір тер.корольдік банн деп аталатын жер бөлінетін.Корольдік банн-мем.қызметпен корольге ж/е оның қарамағында қызет істейтін кісілеріне берілген өкілдіктердің жиынтығы деген мағына береді.Шіркеулік мекемелерге корольдік банн берілетін тер.тарихи ғылымда банндық округтер д.а.Банндық округтер каролингтік графтықтармен бара бар болатын;олар герцогтардың қандай да болмасын қол сұғуынан тыс ж/е жергілікті жердегі барлық басқарудың негізі болатын.Шіркеуге асқан мырзалықпен жер иелену ж/е саяси праволар берген I Оттон,сонымн бірге оларды мықты бұғаумен таққа шідерлеп байлауға ж/е өз өкіметінің басы байлы құралына айналдыруға да әрекеттенген.Бүкіл эпископтық ж/е аббаттық қызметтер атаулы іс жүзінде корольдың қолында болған.Діни адамдар бұл қызметтерге тек кондидаттар ұсынушылар ғана болды да,ал оны бекітетін ж/е жаңадан қызмет орнын ойлап шығаратын корольдің өзі болатын.Оның үстіне эпископтың н/е империялық аббаттың орны босап қалған жағдайда,сол эпископтың н/е аббаттықтың жерінен түсетін барлық табыс тікелей корольдің өз қазынасына түсетінде,сол себепті ол бұл қызметтерге кісі тағайындауға асықпайтын.
33. Германиядағы инвеститура үшін күрес-саяси дағдарыс Xiғ.70ж.император мен папа арасындағы инвеститура мәселесі төңірегіндегі ашық та кескілескен күреске ұласты.Жалпы алғанда инвеститура-жерге иелік енгізу,сеньордың өз вассалына феод беру актісі болып есептелетін.Ал эпископтар мен аббаттар жағдайында инвеститура жаңа эпископпен аббаттың тиісті шіркеулік мекеме жеріне ж/е оның адамдарына қожалық етуі ғана емес,сонымен бірге оған діни атақ белгілеуді көздейтін ж/е соның белгісі ретінде сақина мен асатаяқ тапсырылатын.Инвеститура правосы шын мәнісінде,діни адамдар сайлаған эпископтармен аббаттарды тағайындау н/е бекіту правосы болатын.I Оттоннан бастап императорлар эпископтар мен аббаттарғаинвеститура жүргізетін болған ж/е бұған олар өз өкіметіне аса маңызды тіректің бірі ретінде қарайтын.Бұрын бұл тәртіпке мойын ұсынып келген папалар, ХІғ.2жарт.императордың жоғары мәртебелі діни адамдарға епископтар мен аббаттарға ивеститура жүргізу правосына таласты.Инветитура үшін күреске айналған аса шиеленіскен,әрі ұзаққа созылған осынау саяси дау империяның барлық бөлігін қамтиды.Бұл күресте феодалдық қоғамның әр түрлі таптары мен таптық топтары үшін маңызы бар әлеуметтік саяси мәселелердің тұтас комплексі:шіркеулік істерде император н/е папа жоғары тұруы қажет пе деген мәселені,Германиядағы алғашқы феодалдық монархияның тағдыры туралы,немістің феодалдық қоғамының одан әрі дамуының саяси негізін салу туралы,Германиямен империяның итальяндық аймақтарының арасындағы өзара қарым қатынас туралы,Солт.ж/е Орта Италья қалаларын одан әрі өркендету туралы мәселелер шешілуі тиіс.Күреске феодалдық қоғамның жоғарғы ж/е төменгі сатылары түгел қамтылды.
34. «Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді. 511 жылы Хлодвиг өлгеннен кейін оның мұрагерлері жер мен билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Ел біресе бөлшектеніп, біресе қайта бірігіп, тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың ықпалы күшейе түсті. Король майордомдарды сарай шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Біртіндеп майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде кала беретін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды. Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 ай жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табыска иесі өзіне ат пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді. Алғашында жер жауынгердің меншігіне мәңгілік емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде берілетін болды. Сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. Атты әскерлеріне жер үлестіру үшін Карл шіркеу иеліктерінің біраз бөлігін тартып алды. Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына тиді. Ол Меровингтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннің корольді тақтан күшпен құлатып, өзін король деп жариялауына да болатын еді. Бірак ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп үйғарды. Бұл мақсатына жету үшін ол кұдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдаланды. Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зору еді. Сондықтан ол Пипиннің король атағын алуына келісім берді. 751 жылы папаның келісімі бойынша, франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер королі деп жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті. Меровингтер әулетінің ең соңғы королі III Хильдерик монастырьға қамалып, сол жерде қайтыс болды.
Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға, Лангобард корольдігіне карсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол «Пипин сыйлығының» жұрнағы болып табылады.
35. АУГСБУРГСҚИИ РЕЛИГИОЗНЫЙ МИР — АУГСБУРГ діни бітімі (1555 ж. Аугсбург қаласында Германияның протестант княздары мен император Карл арасында жасалған шарт. Бұл бітім католиктер мен протестанттар арасындағы бірқатар соғыстардың аяқталуына әкеп сокты, ол князьдардың дін мәселесінде толық тәуелсіз болуын көрсетті. Бұл бітім бойынша князьдар өз қарамағындағы қай дінді ұстауын көрсетуге толық право алды).
АУГСБУРГСКОЕ ВЕРОИСПОВЕДАНИЕ — Аугсбург на-нымы (Лютердің жақын серігі Ф. Механхтонның қатысуымен жасалған Лютер ілімінің негізін баяндайтын документ. 1530 ж. Аугсбургтегі империялық сеймде император V Карлге тапсырылды).
Аугсбург діни бітімі - 1555 ж. 25 қыокүйекте Германияның протестант князьдары мен император Карл V-нің арасында (Аугсбургте) жасалған бітім.
Бұл католиктер мен протестанттардың арасындағы бірсыпыра соғысты тоқтатты; князьдар мен ьасқа да империялық топтардың дін мәселесінде толық тәуелсіз болуын қамтамасыз етті. Олардың өз қол астындағы адамдардың дінін өз еркімен "cujus regio6 ejus religio" - "Ел кімдікі болса - дін сонікі" деген принцип бойынша белгілеуіне құқық берді. Аугсбург діни бітімі протестанттардың Германиядағы жаулап алған жерлерін заң жүзінде бекітті. Католик дінімен қатар лютеран дінін ресми дін деп таныды. Шіркеу мүліктерін секулярландырылуына санкция берілді. Аугсбург діни бітімі Германиядағы жергілікті князьдардың өкімет билігін онан әрі күшейтіп, князьдік абсолютизмнің жедел дауына мүмкіндік туғызды.
36.Нидерланды буржуазиялық революциясының сатылары мен нәтижелерін, олардың қайраткерлерін сипаттап, талдаңыз-1433 жылы ішкі талас-тартыстардан әлсіреген Голландияны, кейінірек Нидерландының басқа да кінәздіктерін Бургундия герцогтары басып алды. 1477-1482 жылдар аралығында Нидерланды Габсбургтер әулеті қол астында болды. 1556 жылдан Испанияның қол астына көшті. XV ғасырдың аяғы-XVI ғасырда Нидерландыда феодалдық қатынастардың ыдырауы кезінде, бастапқы қор жинау процесі жүріп жатты, капиталистік катынастар туа бастады. Ол қатынастар Нидерландыда жақсы дамыған балық шаруашылығында, теңізде жүзу мен кеме жасау салаларында кең орын алды. Капиталистік өндірістің басты орталықтары Голландия мен Зеландия аймағы болды. Капиталистік қатынастардың онан әрі дамуына испандық абсолютизмнің езгісі кедергі жасады. 1566 жылы оған қарсы буржуазиялық революция басталды. Көтерілістің басты ошақтары Голландия мен Зеландия болды. 1578 жылы испандықтар Амстердамнан қуылды. 1579 жылы солтүстіктегі провинциялар Утрехт униясын құрды. Ол келешек тәуелсіз Нидерланды Республикасының заңды негізі болып табылды.1581 жылы Голландия мен Зеландия штаттары ресми түрде Испания королі II Филипптің тақтан түсірілгенін жариялады. 1585 жылы Нидерландының оңтүстігінде революция жеңіліске үшырады. Ол сәтсіздік Республиканы қайтадан Испаниямен соғыс аренасына айналдырды. 1609 жылғы 12 жылдық уақытша бітім бойынша Нидерланды тәуелсіз мемлекетке айналды. Сөйтіп Нидерланды ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел болды. Ол елде тарихта ең алғашқы буржуазиялық республика орнады.1621 жылы Испаниямен соғыс қайта жалғасты. Ол соғыс жалпы-еуропалық отыз жылдық (1618-1648) соғыспен үласты. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бойынша Біріккен провинциялар Республикасының (Нидерланды солай аталған) тәуелсіздігі түпкілікті мойындалды. 1650 жылы ол Республикадағы өкімет билігі голландиялық ірі буржуазиялық партияның қолына көшті.Буржуазиялық революцияның жеңісі Нидерландының экономикасы мен мәдениетінің тез дамуына ықпал етті. Нидерланды бір-екі онжылдықтың ішінде өзінің дамуы жағынан барлық Еуропа елдерін басып озды. Әсіресе мануфактуралық өндіріс, кеме жасау және теңізде жүзу істері, балық аулау қарқынды дамыды. XVII ғасырдың ортасына қарай Нидерландының сауда флоты Англия мен Францияның флоттарын қосқандағыдан екі есе көп болды. Нидерланды португалдықтар мен испандықтарды ығыстыра отырып, Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлай бастады.
37.Қазақстандық ғалым медиевистерден кімдерді білесіз?Олардың еңбектерін сипаттаңыз. Профессор Қ.Т.Жұмағұлов-қазақтан шыққан алғашқы тарихшы-медиевист.Бірнеше шет тілдерін меңгерген.Тарихшы ғалым,әлемдік тарихтың маманы ретінде,профессор Қ.Т.Жұмағұловты тек Қазақстанда ғана емес,алыс-жақын шет елде де біледі.Ол Қазақстанның тарих ғылымының дамуына өзінің сүбелі үлесін қосты.Ол алғаш болып Еуропа мен Еуразия елдерінде феодализмнің п.б.,дамуы тарихын зерттеуде жаңа методология мен методика ұсынды.Ол ерте орта ғасырлар дәуірінде герман халықтарында орын алған феодализм генезисінің теориялық аспектілерін зерттеді,шет тілдеріндегі нарративті деректер,археология,этнология, антропология,сондай-ақ бірқатар жаратылыстану ж/е пәнаралық зерттеу материалдары негізінде бұл мәселелерге кеңінен талдау жасады.Профессор Қ.Т.Жұмағұлов көтерген түркі халықтарының ж/е Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар ғұндардың Еуразия мен Еуропадағы тарихының мәселелері ерекше маңызды б.т.Оның пікірінше бұл тарих соғыстар мен миграциялар тарихы ғана емес,сонымен бірге Шығыс пен Батыстың көпқырлы өзара ықпалдастығының, дәстүрлер мен мәдениеттер синтезінің үлгісі болды,дәл осы синтез орта ғасырлар дәуіріне өтуде сапалы түрде жаңа өркениет пен қоғамдық-мәдени қатынастардың қалыптасуында маңызды салдарларға алып келді.Профессор Қ.Т.Жұмағұлов қазақ,орыс,неміс тілдерінде 200-ден аса еңбек жариялады.Солардың қатарында «Древнегерманское общество:проблемы и концепции»,«Хозяйственная жизнь древних германцев в свете современных научных дисциплин»,«Очерк этногенеза, материальной и духовной культуры германцев на современном этапе исследования»,«Проблемы истории германских племен»басқа да монографиялары бар.Оның қаламынан көптеген оқу,оқу-методикалық құралдар мен ғылыми мақалалар жарық көрді .«Из истории средних веков», «Проблемы возникновения и развития феодализма в Западной Европе», «Завоевание Аттилой Северной Италии», «Ғұндардың Галлия жеріндегі шайқасы», «Проблемы изучения всемирной истории в Республике Казахстан», «Гуннский союз племен в Центральной Азии и Великое переселение народов на Евразийском континенте», «Казахстан в евразийском пространстве», «Казахстан и страны Евразийского континента», «Казахстан и евразийская поликультурность», «О соотношении мировой и отечественной истории на примере Гуннской державы», «Авар қағанатының тарихынан», «Екі Рим империясын мойындатқан Аттила».
38.Вестфаль бітімі бойынша әрбір еуропалық мемлекеттердің қол жеткізген нәтижелерін,иеленген территориялары жіктеп көрсетіңіз-Вестфаль бітімі б/ша Швеция Батыс Померанияны порты Штеттинді,Шығыс Померанияның біраз бөлігін, Померан шығанағын ж/е маңындағы қалаларға құқығын алды.Швецияның қарамағына Солт.Германияның едәуір үлкен өзендерінің сағалары өтті.Кішкене уақытқа болса да Швеция Балтықта өз үстемдігін орната білген ж/е неміс мемлекеттеріне ықпал жасаған ұлы еуропалық державаға айналды.Франция болса Эльзас(Страсбургтан бөлек)ж/е оның маңындағы қалаларға қамқоршылықты өз қолына алды.Голландия тәуелсіз мем.болып танылды.Сонымен қатар Швейцар бірлестігінің де егемендігі мойындалды.Герман князьдықтарының арасында да елеулі өзгерістер болды.Браденбург-Пруссия иелігі де біршама өз территориясын кеңейтті.Бавария мен Саксония да күшейді.Дәл осы уақытта Вестфаль бітімі Германияның талқанын шығармауға бекітіп берді.
39. Батыс Еуропадағы феодалдық қатынастардың генезисін түсінуге мүмкіндік беретін факторлар мен теорияларды көрсетіп,мазмұнын ашыңыз-Феодалдық қатынастардың қалыптасуы,ірі-ірі феодалдық жер иеліктерінің пайда болуы,ерікті ұсақ материалдық игіліктерді өндірушілердің феодалдық-тәуелді шаруаларға айналуы,саяси мекемелердің ж/е феодалдық қоғам идеологиясының шығуы-Батыс Еуропада феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның пайда болу процечі,міне,осындай еді.Бірақ әртүрлі елдерде,сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты,бұл процестің өзіндік ерекшеліктері бар.Батыс Еуропаның бірқатар аймақтарында феодалдық қатынастар жан-жақты өзара әрекет етуінің және германдық ру-тайпалық қатынастардың ыдырауы мен кейінгі римдік құл иеленушілік қоғамның ыдырауының синтезінің нәтижесінде дамыды. Сонымен, варварлық германдық корольдіктерге кейінгі римдік және германдық қоғамдық қатынастардың жай механикалық түрде қосылуы жүрген жоқ, синтезденген жері де болып, түбірімен жаңа феодалдық қатынастар қалыптасты. Бірақ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен дамуы герман тайпалары үшін жеделдеді, тұйыққа тірелген Рим қоғамы үшін туды. Феодалдық қатынастардың дамуының мұндай жолы Вестгот, Бургундия, Франк және кейбір Вандал мен Остгот корольдіктеріне тән қасиет болды.
40. Вестгот патшалығының пайда болуы мен территориялық орналасуын, этникалық құрамын сипаттаңыз-Багаудтардың халықтық көтерілісі мен император тағына үміткерлердің бүлігі және әртүрлі варвар тайпаларының басып кірулері Галлиядағы Римнің билеп-төстеушілігіне кесірін тигізді. Галлиядағы Рим үкіметі Вестготтарға нәтижелі қарсылықтар көрсете алмады. Вестготтар бірнеше жылдық ұрыстардан кейін, империя үкіметінің келісімімен, федераттар ретінде Оңтүстік-батыс Галлияға қоныс тепті. Мұнда 418 жылы Рим империясының территориясында бірінші варварлық мемлекет-астанасы Толозада болған Вестгот корольдігі пайда болды. Вестготтар Аквитанияға қоныс тепкен соң, ұзамай жергілікті тұрғындармен жерді бөліске салды, егістік жердің үштен екісін алды және Рим жер иеленушілеріне қарасты пайдаға асатын жерлердің, бірінші кезекте императордың қазынасына жататын жерлердің және ірі-ірі рим шонжарларының жерлерінің жартысын алды. Vғ екінші жартысында вестготтар Луара мен Дюранстың оңтүстігіне қарай бүкіл Галлияны және Испания территориясының үлкен бөлігін де жаулап алды.
41. Вандал патшалығының пайда болуы мен территориялық орналасуын, этникалық құрамын сипаттаңыз-Б.з ІІІ ғ вандалдардың герман тайпалары Германияның ішкі аймақтарынан Дунай мен Дакияға қоныс аударды. Ivғ басында вандалдар Паннонияға орын тепті, ал содан соң ғұндар тарапынан қысым көріп, батысқа қарай жылжыды. Басқа да варвар тайпаларымен бірге – свевтермен және аландармен Vғ басында вандалдар Рейндегі Рим қорғанысын бұзып, Галлияға басып кірді. Галлиядан вандалдар, аландар және свевтер Испанияға өтті. Онда олар біршама уақыт өткен соң вестготтармен қақтығысып қалды. Жаңа бай жерлерге ие болу мақсатымен, 429 жылы вандалдар аландармен бірге бұғаз арқылы Солтүстік Африкаға өтті. Вандалдарды король Гейзерих басқарды. Ол Солтүстік Африкадағы Рим наместнигінің бүлігін, Римге қарсы жергілікті тайпалар – берберлердің – көтерілісін және әлі басылмаған агонистердің халықтық қозғалысын пайдалана білді. Гейзерих Солтүстік Африканың едәуір бөлігін Жерорта теңізіне жалғасып жатқан қазіргі Марокко, Алжир территориясын және Тунистің батыс бөлігін жаулап алды. Ал кейінірек Солтүстік Африканың басқа да аймақтарын – Тунис пен Триполидің шығыс бөлігін қаратты, сөйтіп, Римге тәуелсіз билеуші болды. Осылайша 439 жылы Рим территориясында тағы бір варварлық мемлекет – астанасы Карфагенде болған Вандал корольдігі пайда болды.
42. Эссе тақырыбы: Кардинал Ришелье және француз абсолютизмі Ришелье Арман Жан дю Плесси (5.9.1585 — 4.12.1642) француз саяси әрі діни қайраткері, кардинал. Ақсүйек тұқымынан шыққан Ришелье 9 жасында билеуші әулеттердің балаларын дайындайтын ерекше артықшылығы бар Навар колледжіне түсіп, 1600 жылы маркиз титулын алады. Онда латын, италия, испан тілдерін, теология, философия, өнер түрлерін, проза, өлең жазуды үйренді. Плюмвинел әскери академиясында соғыс өнерін үйренген ол 1607 жылы Сорбоннада теология мамандығы бойынша докт. дисс. қорғап шықты. 1616 жылы әскери және сыртқы істер мемл. хатшысы, король кеңесінің мүшесі, королева Мария Медичидің жеке кеңесшісі болып тағайындалды. Ришелье Францияда ең алғаш ақсүйектер арасында жиі кездесетін дуэльді жою мен мемл. қазынаның қаражатын жұмсауды қысқарту, шенеуніктердің жемқорлығына шек қоюға тырысты. Людовик ІІІ тұсында кардинал (1622), корольдің бірінші министрі (1624), герцог-пэр (1631) лауазымдарына тағайындалды. Ришелье абсолютизмді нығайту саясатын жүргізіп, халық көтерілістерін басып жаныштады. Король билігіне қарсы ірі ақсүйектер тарапынан болатын сепаратистік топтармен ашық күрес жүргізді. Сыртқы саясатта Ришелье Еуропаны билеген габсбуртер әулетіне қарсы күресіп, Ресей, Түркия, Иранмен сыртқы сауданы дамытты. Солтүстік Америкада, Мұхиттық аралдар мен Африкада отарлық саясат жүргізді. 1631 жылы Францияда тұңғыш газет (“La Gazette”) шығарды.
1635 жылы Франция академиясын құрып, басшылыққа өзі тағайындалды. Ол академия Францияның ұлттық мәдени орт-на айналды. Сорбонна ун-ті қалпына келтірілді, жанынан жаңа шіркеу салынды. Кейін өз өсиеті бойынша осы шіркеуде Р-нің денесі қойылды. 1640 жылы корольдің алғашқы типографиясын ашты. Ришелье жазған “Үлкен пастораль”, “Мирам”, “Еуропа” пьесалары Париж театрында қойылып, жақсы бағаланды. Ришельенің Францияда ең бай кітапхана саналатын жеке кітаптары, өнер коллекциялары Сорбоннаға мұраға қалдырылған. Ришелье Францияда алғаш әскери флот құрады. 1635 жылы Париж әскери мектебін құрып, онда 14 — 15 жас аралығындағы француз ұлтының кедей дворян отбасынан шыққан балалары қабылданды. Ришелье заманы — Франция мәдениеті мен философиясында “алтын ғасырдың” басталған кезеңі. Ришельенің Сорбоннадағы мазарын Напалеон ІІІ 1866жылы жөндеуден өткізіп, мазар басына “Францияның ең ұлы адамы” деген сөздерді жаздырған.
IV Генрихтің патшалыќ ќұрған кезі абсолютизмнің нығайа түскен кезеңі болды және ұзаќќа созылған азамат соғысының кезеңінен кейін, бұл абсолютизммен байланысты болған ќоғамдыќ мүдделердің көздеген маќсаттарын да айќындап берді. Абсолютизм дворяндарға өте ќажетті, өйткені ол олардың арттыќшылыќтарымен шаруаларды ќанау праволарын ќызғыштар ќорғап отырды. Ол буржуазияға да мейлінше ќажет болды, ол өкімет билігін ќолына алуға әлі әлсіз еді, сонымен ќатар ол азамат соғыстары кезінде күшейіп алып, өздегендерін істейтін дворяндыќ феодалдардың еркін түсуінен ќорғануды корольдің ќол астынан табуға тырысты. Бұған буржуазия мен ќатардағы дворяндардың кең топтарының мүдделерін аңсап, мемлекеттік бірлігін діни фанатизмнен жоғары ќоятын ”саясатшылардың” теориясына сәйкес келді. IV Генрих экономикалыќ саясаты ең алдымен өнеркәсіппен сауданы көтеруге бағытталды. Буржуазияның тілектеріне және буржуазиядан шыќќан кейбір экономистерді, мысал; Лаффеманың ұсыныстарына сәйкес IV Генрихтің үкіметі өз саясатымен ќолөнершілерді ќолдап, көптеген жеңілдіктерді ќарастырды. Барлыќ сауданы дамыту үшін көптеген ќаражаттарды іс жүзінде аќшалай көмек көрсетті. Гасбургтердегі соғыс әзірленіп жатќан кезде, католик Равальяк 1610 жылғы 14 мамырда IV Генрих өлтірілді. 4.Францияның королі болып, таќќа отырған IV Генрихтің ұлы XIII Людовик тоғыз жасќа толған еді. Оның ќамќоршысы шешесі Мария Медечи жариялады, ал Париж парламенті бұл шешімді бекітті. Үкіметтің әлсізігін пайдалана отырып, аќсүйек-шонжарлар мен принцтер ќайтадан лаң сала береді, IV Генрихтің тұсында айрылып ќалған саяси ыќпалдарын ќалпына келтіруге тырысты. Олар Бас - штаттар мәжілісін шаќыруды талап етті, мәжіліс 1614 жылы жиналды. Реакциялыќ аќсүйектердің штаттарды шаќыру нәтижесінде абсолютизммен күресті жалғастырсаќ болған ойлары аќталмады. Дворяндарға айналған чиновниктер мен ќаланың байларынан ќұралған үшінші сословиенің палатасы үкіметті ќолдап шығып, үкіметтің ауысуын және мемлекеттің басќару ісін өз өкілдерінің ќолына беруді көздеген аќсүйектердің талабын ќабылдамады. Осыдан кейін аќсүйектермен дворяндар үкіметпен ашыќтан-ашыќ ќарулы күреске кірісті. Сонымен бірге католик аќсүйектеріне ќарсы күреске бірыңғай майдан болып шыќты. 1614-1620 ж.ж. болған азамат соғыстары король армиясының жеңісімен аяќталды.