Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орта ғасырлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.7 Кб
Скачать

21. Чехиядағы реформациялық қозғалысты Батыс еуропадағы реформациялық қозғалыстармен салыстырыңыз

Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғасырда алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі — христиан дінінің жаңа үшінші бағыты — протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні — оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші — идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты. Олай болса, мәдени-тарихи процесс үшін Реформацияның маңызын анықтау — бүгінгі таңдағы тарих және мәдениеттану ғылымдарының үлесіне тиер келелі мәселе болып қалары сөзсіз. Реформацияның басталуы — «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс — «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозға- лыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы — гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі — әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам — құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын — оның жасампаздық, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбекпен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету — адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам ұлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация — адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу — протестанттық ағымның тосқауылына жолықты. Орта ғасырлық антифеодалдық елдер ішінде болған әр түрлі қозғалыстар ішінде XV ғ. Чехиядағы гусшілердің революциялық қозғалысы ерекше маңызды орынды иеленеді. Бұл классикалық феодализм дәуіріндегі Еуропада болған ең ірі көтеріліс. Еуропадағы мұндай ерекше жағдайда өткен тарихи оқиға әр елдің «менмін» деген тарихшыларын зерттеуге қызықтырарлықтай мәнді тарихи құбылыс екені шындық. Бұл қозғалысты зерттеуге ұмтылған буржуазиялық тарихшылардың бір тобы, қозғалыстың түпкі мақсаты ретінде діни бағытты ұсынды, кейбір тұстарында ұлт азаттық қырын да көрсете білді, ұлт азаттық дегеннен кейін мұның ішінде әлеуметтік мәселелер де кең қамтылады. Реакциялық бағыттағы тарихи жазбалар гусшілер қозғалысына берілген оң бағаны теріске шығарып бұрмалап көрсетеді. Уақыт өте келе чехтік, кеңестік, немістік, венгрлік, румындық тарихшылардың арнайы еңбектері жарық көрді. Бұл аталған елдердің тарихшылары гусшілер қозғалысының әлеуметтік себептерін, антифеодалдық мәнін, тарихи маңызын ашып көрсете білді. Яғни қай кезеңде болмасын тарих ғылымы саласында гусшілер қозғалысы өзекті оқиға болып табылады. Негізінен бұл аталған еңбектердің көбінде табориттердің бағдарламалық талаптарын, ішінара хилиастіктен кейінгі кезең деп аталатын бөліміне ерекше назар аударады. Табориттердің халиастік ілімін зерттеп тану халықтың тарихи процестегі рөлін ашып көрсетеді.  Бұл қозғалыстың болуының түпкі мәні, халықтың тапсыз қоғамды аңсауы, адамдардың бірін бірі қанаушылығын тоқтату жалпыға ортақ үйлесімді патшалық құру болды. Гусшілер қозғалысы жайында жазылған еңбектердің көбісінің негізгі сипаты, бұл қозғалысты орта ғасырлық еуропадағы бірден бір ірі антифеодалдық көтеріліс ретінде көрсету болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]