Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орта ғасырлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.7 Кб
Скачать

54. Вотчина – анықтамасын беріңіз, эволюциясын талдаңыз

Жер қатынастары жөніндегі төңкерістің аяқталуының нәтижесінде 8-9 ғғ тұжырымды түрде феодалдық құрылыстың негізі – жерге феодалдық меншік қалыптасып бекітілді. Енді осыған сәйкес франк қоғамындағы шаруашылық ұйымды елеулі өзгерістер жүргізілді. Егер де жер жөніндегі төңкеріс басталғанға дейін жер қатынастары жөніндегі оның шаруашылық ұйымының ерікті селолық қауым марка болып келсе, енді 8 ғ аяғына- 9 ғ басына таман бұрынғы шаруашылық ұйымның орнын феодалдық вотчина және оған бағынған крепостнойлық қауым басты. Бұл вотчина феодалдық рентаны иемденуші ұйым ретінде, феодалдық вотчинаның бір бөлігі болып табылды. Каролингтік дәуірде тұжырымды қалыптасқан ірі феодалдық жер иеленудің құрылымы біркелкі түрде болған жоқ. Діни ірі жер иелерінің қарауындағы жерлердің мөлшері де, сапасы да әр түрлі болды. Олардың иеліктерінің ішінде біртұтас территорияларды қамтып, біртұтас деревня мен немесе бірсыпыра деревнялардан құралған территориямен орайласып жататын ірі вотчиналар болды. Ал бірақ та, кейде тіпті ең ірі жер иелерінің иеліктері – үлкен деревняның бір бөлігінен немесе әр деревняларда шашылып бөлініп жатқан, немесе тіпті басқа меншік иелерінің көбінесе әлі ерікті шаруалар иеліктерімен алма-кезек орналасып жатқан шағын вотчиналардан да құралып қалыптасты.

Үлкен ірі жер иелігінің құрылымындағы әр түрліліктің мәні үлкен ірі жер иесінің әрдайым бірден барлық деревняның меншікті қожасы бола алмағанында еді. Кейде ол әуелі бірнеше ұсақ шаруалар учаскелеріне ие болды, содан соң бірте-бірте өзінің иеліктерін жұртты алдап алу, сатып алу немесе тура басып алу арқылы бүкіл деревняны өзінің вотчинасына немесе оның бөліміне айналдырғанға шейін, ал және бұрынғы ерікті деревнялық қауымды крепостнойлық қауымға айналдырғанға шейін ұлғайтып кеңейте берді.

Каролингтік дәуірдегі феодалдық вотчинаның құрылымы мен ұйымының жайларын полиптихтар мен картуляриядан және Ұлы Карлдың «Поместье туралы капитулярларынан» әбден зерттеп білуге болады. Бұл деректер феодалдық вотчинаның сол заманның өзінде-ақ тәуелді шаруаларды қанау үшін, ірі жер иелерінің феодалдық рентаны – шаруалардың қосымша еңбегін оброк пен барщина формасында алып иемдену үшін қызмет еткен ұйым болғандығын көрсетті. Міне, вотчинаның құрылымы осыменен аяқталды. Феодалдық вотчинадағы жер әдетте 2-ге бөлінді: біріншісі – қожаның жері, немесе домен болып саналды. Мұнда феодалдың жеке меншігіндегі шаруашылығы жүргізілді, ал екіншісі тәуелді шаруалардың пайдалануындағы және крепостнойлық міндеттемелер өтелінетін учаскелерінен құралған жері болып саналды.

55. Коммуналдық қозғалыс, ортағасырлық қалалардың дамуында алған орнын талдаңыз

X-XI ғ.ғ Еуропада қолөнершілікті ауыл шаруашылығынан ажыратуға қажетті жағдайлардың бәрі туды. Ауыл шаруашылығынан ажырасу процесінде, қолөнершілік- қол еңбегіне негізделген ұсақ өнеркәсіп өндірісі өзінің өркендеу дқуірінде бірнеше сатыдан өтті. Оның ішінде біріншісі бұйымды тұтынушының заказы бойынша өндіру болды. Бұл жағдайда материалдық тұтынушы заказ берушінікі болуы да, немесе қолөнершінің өзінікі болуы да ықтимал еді және еңбекке ақы төлеудің заттай, яки ақшалай түрінде болуы мүмкін еді. Қолөнершіліктің бұл формасы тек қалада ғана емес, шаруалардың шаруашылығына қосымша ретінде деревняда қолданылып жүрді. Сондықтан құлдықтағы және феодалға тқуелді селолық тұрғындардың қалың бұқарасы арасынан бірте-бірте оқшауланып шыққан қолөнершілер деревнядан кетуге тырысып бақты, өз шонжарларының қол астынан қашуға жқне өздері өндірген өнімдерін өткізуге қолайлы болды. Шаруалардың деревнядан қашуы бір жағынан олардың күшейіп келе жатқан феодалдық озбырлыққа қарсылығы жоғары еді. Орта ғасырлық қоғамның өркендеуі дәуірінің бүкіл барысы, шаруалардың деревнядан қашуы тікелей қолөнершілікпен сауданың орталықтары- орта ғасырлық қалалардың тууына қкеп соқты.

Орта ғасырлық қалалардың пайда болу себептері, орта ғасырлық қалалардың шығу жөнінде көптеген теориялар болды. Буржуазиялық ғалымдардың айтуынша бұл теориялардың көпшілігіне тән нәрсе проблемаға провалық,формальды – заңдылық тұрғыдан қарауларында еді. өз зерттеулерінде идеалистік методологияға сүйенетін буржуазиялық тарихшыларды қоғамның даму өзгезістері емес, орта ғасырлыққ қалалардың қандай әлеуметтік экономикалық жағдайда тууы емес, қайта провалық мқселер және ең алдымен қаланың нақты бір провалық категория ретінде пайда болуы, басқарудың қалаға ғана тқн формаларымен қалалық прованың тууы мқселері ғана қызықтыратын сондықтан да олар орта ғасырлық қаланың пайда болуының түбірлі себептерін дәлелдеп бере алмайды.

ІХ ғасырға қарай феодализмнің толық орнығуы нқтежесінде бүкіл Батыс Еуропада өндіргіш күштер одан әрі дами түсті. Әсіресе бұл процесс ауыл шаруашылығында ерекше көрінді. Мысалы: осы кезеңдерде игернілмеген жаңа жерлер игерілді. Жердің өңдеудің технологиясы жақсарды. Екі танапты егіс егу орнына үш танапты егіс әдісі қолдану қолға алынды. Ауыл шаруашылығында мұндай жетістіктер мен ілгерілеушіліктер ауыл шаруашылық өнімдерінің көбеюіне түрткі болды. Бұл жағдайлар ауыл шаруашылығында жаңа салалардың пайда болуына алып келді. Батыс Еуропада жүзімдіктер мен майөнімдерін алатын техникалық егіндер егілді. Бұл жетістіктер шарап жасау ісі мен май өнімдерін алу істеріне дамытты. Өнімнің көбеюі нқтежесінде шаруаларда артықша өнімдер қалды.Шаруалар бұл артық өнімдерін қажетті қолөнер тауарларына айырбастады.

Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен-өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік- қалалардың қол өнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гүлденуі болып табылады. Шикізат өндірістерінің өркендеуі жқне қалалардың өсуі, феодалдық қоғамның экономикасына, саяси құрлысына, рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да XI ғ.ғ Батыс Еуропада қаларлар қалыптасты. Бұл кезең алғашқы орта ғасырмен феодализмнің толық өркендеген, хронологиялық шекарасы бар еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]