
- •1.Ежелгі германдықтардың әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •2.Ежелгі герман қоғамының әлеуметтік құрамы және рулық байланыстары
- •3.Ежелгі герман қоғамындағы халық жиналысы және оның функциялары.
- •4. Салий заңдары бойынша франктердің қоғамдық құрылымы.
- •5.Салий франктеріндегі король билігі және жергілікті әкімшілік және сот.
- •7.Юстинианның сыртқы саясаты және жүргізген соғыстары
- •8.Хііі-хіҮғғ. Францияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •9.Англиядағы «ескі» және «жаңа» дворяндар
- •10.Кальмар униясы
- •11.Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы туралы теориялар
- •12. Бенефициялық реформа және оның мәні, франк қоғамындағы орны
- •13.Иммунитет және оның мәні
- •14. Франциядағы Бас Штаттар және сословиялық монархияның қалыптасуы
- •15. Англиядағы абсолюттік монархия және оның ерекшелігі.
- •16. Франциядағы абсолюттік монархия, оның ерекшеліктері.
- •17. Испаниядағы абсолюттік монархия, оның ерекшеліктері.
- •21. Чехиядағы реформациялық қозғалысты Батыс еуропадағы реформациялық қозғалыстармен салыстырыңыз
- •22. Аттила және ғұн державасының тарихының іздерін қазіргі кезде еуропаның қай мемлекетінің тарихымен байланыстыруға болады? Мысалдар арқылы дәлелдеңіз
- •43. Эссе тақырыбы. Ғұн өркениетінің еуропа өркениетіне қосқан үлесі
- •45. Ұлы Карлдың (Капитуллярииі), (Юстиниан Кодексі) – дерек ретіндегі құндылығын көрсеңіз.
- •46. Эссе тақырыбы: Византия мен арабтардың байланысы, мазмұны мен сипаты.
- •48. Сословиялық монархия, парламент, Бас Штаттар – анықтамасын беріп, қызметтік деңгейлерін, құзіретін анықтаңыз.
- •49. Эссе тақырыбы: Тюдорлық Англяның дамуының басты бағыттары
- •50. Орта ғасырлар тарихын кезеңдерге бөлу үрдістерін талдаңыз
- •51. Галл соғысы туралы жазбалар- Цезарь; Германия-Тацит, Гетика-Иордан; деректі талдаңыз
- •52. Франктер тарихына қатысты деректерді көрсетіп, талдаңыз
- •53. Бенефициялық реформаның анықтамасы, мәні мен мақсаты, нәтижесі-талдаңыз
- •54. Вотчина – анықтамасын беріңіз, эволюциясын талдаңыз
- •55. Коммуналдық қозғалыс, ортағасырлық қалалардың дамуында алған орнын талдаңыз
- •1. Ежелгі германдықтардың әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •2. Ежелгі герман қоғамының әлеуметтік құрамы және рулық байланыстары.
- •3. Ежелгі герман қоғамындағы халық жиналысы және оның функциялары.
50. Орта ғасырлар тарихын кезеңдерге бөлу үрдістерін талдаңыз
Орта ғасырлар тарихын дәуірлерге бөлу кезеңі латын Еуропа елдерінде орта ғасыр ќұл иеленушілігі мен Батыс Рим империясының V ғасырдың екінші жартысындағы күйреуінен басталады. Феодалдыќ меншіктің дамыған формасы “феод” латынша – жерге мұрагерлік жеке меншікті бейнелейді. Жер иеленумен және вассалдыќ байланыстар арќылы үстем таптың барлыќ топтарының өкілдерін біріктіріп, феодалдыќ шаруаларды ќанауды ұйымдастыруда және оның ќарсылыќ көрсетуінезгілеуде маңызды роль атќарды.
V- XVII ғ.ғ. арасында орта ғасырдың Батыс және Орталыќ Еуропа елдерінде өткен он екі ғасырлыќ кезең жатыр. Басќа әлеуметтік-эконимикалыќ формациялар сияќты, феодализм де бұл жүздеген жылдар ішінде өзгеріссіз ќалған жоќ. Өндіргіш күштердің өсуімен бірге өндірістік ќатынастарға тән ілгерушілік те болып жатты, феодалдыќ мемлекеттердің әлеуметтік ќұрлысы сияќты саяси бейнесі де өзгерістерге ұшырайды. Сондыќтан совет тарихиографиясында орта ғасырлар тарихын негізгі үш дәуірге бөлді:
Алғашќы орта ғасыр – феодалдыќ алғашќы кезең-V ғасырдың аяғында XI ғасырға дейін, бұл кезде феодализм үстемдік ететін өндіріс тәсіл ретінде ќалыптаса бастады.
Орта ғасырдың екінші кезеңі-XI ғасырдың ортасынан XVғ.ғ. аяғында феодализм өркендеп, феодалдыќ ќұрылыстың өркендеген кезеңі.
Кейінгі орта ғасыр XVI- XVII ғ.ғ. алғашќы жартысы феодализмнің ыдырап, феодалдыќ ќоғамның түп-төркінінде капиталистік ќатынастар туып, ќалыптаса бастаған кезеңі.
Орта ғасырлыќ түпдеректер бойынша бірнеше түрлерге бөлінді; документальдыќ материалдар-жария актілері, жеке адамдардың актілері, шаруашылыќ мәні бар документтер;
әкімшілік финансы, әскери және т.б. мемлекеттік өкімет документтері, заңдыќ ескерткіштер “правдалар” яғни Герман және басќа халыќтардың әдет-ғұрып правасы жөніндегі жазбалары, азаматтыќ, ќылмыстыќ істер және шіркеу праволары кодекстері, жеке заңдар мен указдар, ќала хартиялары, сот протоколдары, заң трактаттары, хабар беретін түпдеректер; жылнамалар, шежірелер, өмірбаяндар, әулиелер тіршілігі, ресми емес тұрғыда хат жазысу, публіцистика, фольклор, әдеби шығармалар және т.б.
51. Галл соғысы туралы жазбалар- Цезарь; Германия-Тацит, Гетика-Иордан; деректі талдаңыз
Біздің заманымыздың І ғасырдың соңына қарайғы германдықтардың қоғамдық дамуының деңгейі туралы римдік тарихшы Тациттің – «Германия», «Анналдар» және басқа шығармаларының негізінде, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер бйоынша пайымдауға болады. Цезарьдің уақытынан бері өткен бір жарым ғасыр іщінде германдықтардың қоғамдық құрылысы елеулі өзгеріске ұшырады: германдықтар отырықшылдыққа түбегейлі көшті, егіншілік деңгейі де өсті. Германдықтардың егіншіліктегі шаруашылық тәртіптерін Тацит былайша сипаттайды: «Жерді жұмыс істейтіндердің санына қарай барлығы бірлікте кезекпен иеленеді және көп ұзамай жеді олар өзара абыройына қарай бөліседі; бөліс жер көлемінің кеңдігінен жеңілдейді: олар жыл сайын жыртылған жерді ауыстырып отырады және тағы да егістік жер(бос жер) қалып қояды». Бұл сипаттама германдықтарда б.з. І ғ әлі де егіншіліктің тыңайту жүйесі сақталғанын көрсетеді. Жеке үй шаруашылықтарының арасында барлық жыртылатын жерді ауық-ауық қайта бөлісу болып тұрған. Қауымның барлық мүшелері бөлісілмеген пайдаға асатын жерлерді – ормандарды, жайылымдарды, тақырларды бірлікте пайдаланып отырды. Усадьба маңындағы жер болса үймен бірге енді жеке үй шаруашылықтарының(үлкен семьялардың меншігіне өтті).
Юлий Цезарьдің «Галл соғысы туралы жазбаларындағы» және онымен замандас басқа антиктік авторлардың шығармаларындағы деректер германдықтардың б.з.д. І ғ орта кезінде тайпалық құрылыста өмір сүргендігін дәлелдейді. Әр түрлі герман тайпларының қоғамдық даму деңгейі біркелкі болған жоқ. Бірқатар тайпалар, әсіресе Солтүстік Германия мен Ютландияда, сол кездің өзінде-ақ отырықшы өмір сүрген. Бұл тайплардың шаруашылығында егіншілік басты роль атқарды. Жер өгіз жегілген соқамен жыртылды. Б.з. басталғанға дейін германдықтарда жеңіл доңғалақты соқа қолданылған. Кейбір герман тайпалары б.з.б. І ғ өздері ие болған территорияға түбегейлі отырықтанған жоқ, бұл ішінара Цезарь соғыс жүргізген германдықтарға қатысты. Оларда, римдік қолбасшының байқауына қарағанда, мал шаруашылығы маңызды болған. «Олар егіншілкпен оншама ынта қойып шұғылданбайды,- деп жазды Цезарь, - және негізінен сүтпен, құртпен және етпен қоректенеді». Герман тайпаларынң жер өңдеу мәдениеті сол кездегі римдік жер өңдеу мәдениетінен анағұрлым артта болғанымен, Цезарь жазып отырған тайпаларда да маңызды роль атқарған. Мұндай тайпалардың қоныс аударуы тіпті де номадтардың әдеттегі көшпенділігі емес еді. Олардың оқтын-оқтын ілгері қаарй жылжып отыруы жаңа жерге деген мұқтаждықтарынан еді, бұл егіншілктің экстенсивті сипатымен байланысты болатын.