Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орта ғасырлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.7 Кб
Скачать

48. Сословиялық монархия, парламент, Бас Штаттар – анықтамасын беріп, қызметтік деңгейлерін, құзіретін анықтаңыз.

XII-XIV ғасырдың басында көптеген Еуропа елдерінде сословиелік-өкілдік монархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты. «Сословие» дегеніміз әлеуметтік топтар:шаруалар, феодалдар, дінбасылары, әскери адамдар, әкімшілік қызметкерлері (шенеуніктер), қала халқы. «Монархия» грек тілінен аударғанда «бір адамның билігі» дегенді білдіреді. Еуропаның көптеген елдерінің басшылары монархтар болды. Халық колдаушылығына мұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін (салық салу, жаңа заңдар шығару) әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып кабылдайтын.

Бірте-бірте мұндай өкілетті билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы - «бас штаттар», Чехия мен Польшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.[1]

Парламент (ағылшынның, француздың "сөйлеу" деген сөзінен шыққан) - буржуазиялық мемлекеттегі жоғарғы заң шығарушы өкілдік орган. Сословие өкілдерінің органы ретінде Англияда парламент алғаш XIII ғасырда құрылды.

Бас штаттар - феодалдық Франция мен Нидерланддағы сословиелік өкілдіктің жоғарғы органы. Қалалардың өсуіне, әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне және таптық күрестің күшеюіне байланысты пайда болды. Францияда 1302 жылы Жүз жылдық соғыс қарсаңында шақырылды.

49. Эссе тақырыбы: Тюдорлық Англяның дамуының басты бағыттары

Кейінгі орта ғасырларда Англияда капиталдың алғашқы қорлануы қызу қарқынмен жүрді. Оның негізін қауымдық жерлерді қоршап алу қалады. Ол жерлер жеке меншік қой жайылымдарына айналды. Бұрын сыртқа қойдың жүні шығарылса, XVI ғасырға қарай шет елдерге шұға шығарылды.

Шұға тоқу ісінің өркендеуі мануфактураның дамуымен байланысты болды. Ол мата, жібек, тау-кен өндірісінде, металл өңдеуде кең өріс алды. Қоғамдык еңбек бөлінісі дамып, ұлттық рынок қалыптасты.

Шұғаға деген сұраныстың өсуі ауыл шаруашылығындағы төңкеріске әкеліп соқты. Халықтың арасынан шыққан іскер де пысық тобы, байлар қауымдық жерлермен ғана шектелмей, жекелеген шаруаларды да жерлерінен айыра бастады. Жерсіз қалған шаруалар қалаға ағылды. Жұмысқа орналаса алмағандары қайыршыларға айналды.

Король Генрих III Тюдор (1509-1547) қайыршылық пен қаңғыбастыққа қарсы жарлық шығарды. Ол жарлық бойынша қайыршылар қандай да болмасын жұмысқа орналасуы тиіс болды, әйтпесе жекелеген отбасыларына малайлыққа берілді. Бұл аталған шаралардың бәрі Англияда Еуропаның басқа елдеріне қарағанда капиталистік қатынастардың тез дамуына себеп болды. Капиталистік қатынастардың тез дамуына сыртқы сауданың өсе түсуі, отар басып алу да үлес қосты. Ирландияны жаулап алу жүйелі жүргізілді. 1607 жылы Америка құрлығындағы Виргинияда Англияның ең алғашқы отарының негізі қаланды. Теңіз саудасында үстемдікке жету үшін флот ұлғайды, Испаниямен соғысты. 1588 жылы Англия флоты Испанияның «Жеңілмейтін армадасын» талқандады. 1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды. VIII Генрих1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті. Шіркеудің басшысы король деп жарияланды. VIII Генрих алым-салық жинайтын арнаулы палата құрды.

1535-1558 жылдары VIII Генрихтің қызы Мария Тюдор билік құрды. Реформация қайраткерін куғынға салғаны үшін оған жұрт «Қанішер» деген жанама ат берді. Мария өлгеннен кейін таққа VIII Генрихтің екінші қызы I Елизавета (1558-1603) отырды. Оның тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. Шіркеу ұлттық деп танылып, абсолютизмнің ең басты тірегіне айналды. 1607 жылы Англияның мемлекеттік әнұраны қабылданып, алғаш рет орындалды.

Тюдорлар саяси жағынан бүкіл елді өзінің қол астына біріктірді. Бүлікшіл ақсүйектердің қарсылықтарын түншықтырды, сауданың өріс алуын қолдады. Отандық өндірістің өркендеуін колдап, басқа елдерден әкелінетін даяр бұйымдарға жоғары баж салығын орнатты. Тюдорлар шикізат пен азық-түлік экспортына (шетелге тауар шығару) тыйым салды. Тюдорлардың тұсында ағылшындардың отарлық экспансиясы (таралу, кеңею) күшейді.

Тюдорлар әулетінің табысты жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті.

1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. 1603-1625 жылдары I Яков, 1625-1649 жылдары I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген шаруалар біртеірте жалдамалы жұмысшыларға айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттары калыптасты. Ағылшын буржуазиялық революциясы 1640 жылы басталды. Ол адамзат тарихының жаңа кезеңіне жол ашты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]