Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орта ғасырлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.7 Кб
Скачать

45. Ұлы Карлдың (Капитуллярииі), (Юстиниан Кодексі) – дерек ретіндегі құндылығын көрсеңіз.

Карл, Ұлы Карл[1] (2.4.742 – 28.1.814) – Франк империясының королі (768 – 814, 800 жылдан император), Каролингтер әулеті билігінің негізін қалаушы. 768 жылы Франк корольдігі бір бөлігінің королі атанды (екінші бөлік оның ағасы Карломанның иелігінде болды).

771 жылы біріккен Франк корольдігінің билеушісі болды. Ол шекараларды бекітіп, орталықтың билігін нығайтуға тырысты. Жергілікті жерлердегі қолдарында әскери-әкімшілік билігі бар графтардың үстінен мемлекет өкілдер (mіsgі domіnіcі) арқылы жиі-жиі тексерулер жүргізді. Иелігіндегі барлық халықтарға орындауға міндетті көптеген заңдар шығарды. Католик шіркеуіне сүйеніп, шіркеу қызметкерлерін жоғары мемл. лауазымдарға көтерді, епископ сайлауын өзі жүргізіп, жаңадан басып алынған жерлердің тұрғындарын бағындыруды қолға алды. Бірақ ол біртұтас мемлекет құра алмады. Ол өлгеннен кейін көп ұзамай немерелері империяны үшке бөліп алды (843). Осы бөлінген үш иелікте Батыс Еуропадағы жетекші 3 мемлекет (ФранцияГерманияИталия) қалыптаса бастады. Карл тұсында Еуропада мәдениет біршама уақытқа қайтадан гүлденіп, ол “Каролингтік өрлеу” деп аталды. Капитулярии — корольдердің »( бірінші шығару 1677 жыл ), ертедегі германдықтардың заманына тағы француз ақсүйек жеңілдіктері тұрғызды қайсылармен ол Буленвилье . пайдаланды . Бостандық білу мұрагерлік жеңілдігімен болды , және мынауды қондырылған зәбір үшін кек алу құқық жеке жаза құқық , құқықты кірді , жеке соғыс құқығы және соғыс құқығы тіпті корольге қарсы . Бұлар білу жеңілдіктері дара билеушілердің абсолютизмын шек қойды . Мынамен үшінші сословиеге жек көру Буленвильеде байлаулы – буржуазиядан шаруаларға дейін . Шешушімен ғой франкілермен француз қоғам білімінде галийда жаулап алу болды . Буленвилье француздармен франкілерді жиі атайды . Барлық саяси құқықтардың жаулап алуы жанында галдардың көпшілігі айрылған болатын . Оның пікірінде бекіту тіпті дыбыс шығарады , не барлық болат франкілері ақсүйектермен , ал галдар – қарапайым халықпен . Барлық ақсүйектер негізгі бірдей болатын аралық өзімен – мынау ой томға бекітулерге арналған Буленвильені керек болатын , не және король ерекше негіздерді қалғаны білудің үстінде көтерілмейді , дәл осылай Хлодвиг сияқты , оның ұсынуында , бірдей әскер сайлаулы жетекшісімен болды . Буленвильеге арналған тайпалық тегі әлеуметтік бөлінуге арналған негізбен болды .

46. Эссе тақырыбы: Византия мен арабтардың байланысы, мазмұны мен сипаты.

633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден тұратын үш араб әскері, Сирияға басып кірді. Медина халифатына аравиялық тайпаларды бағындыру арқылы бұл әскердің күші толықты. Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс [31] өлі теңізден оңтүстіктегі Вади – л – Арабта және Газды ауданында өтті. Бірнеше бекеттер орналасқан және жергілікті тұрғындардан асығыс жасақталған, әлсіз византиялық гарнизондар өз дәрежесінде қарсылық көрсете алмады. 634 жылы жазда арабтар Бусраны алып, Аджнандин (Аджадейн) және Фихм түбінде византиялық әскерге соққы берді. Бекініс қамалдарындағы палестина және сирия тұрғындары тойтарыс беретін және шабуыл жасайтын техниакалары араб отрядтарында қарсы қорғанысқа өте зауықсыз қатысты. Олар арабтардың әскер басшыларымен келісімге келуді артық көріп, “өмірін, мүлкін, балаларын сақтау және басы салығын төлеу шартымен” арабтарға бекініс пунктерін өткізіп берді. Византия әскерлері өздерінің соғысу қабілеті жағынан арабтарға жетпеді, олармен шайқаста үнемі жеңіліс тауып, үлкен қалаларға жасырынып қалатын. 635 жылы ақпанда Мардж ас – Суффара түбіндегі шайқастың нақты барысы қиял туындысы болмағанда, византиялық әскердің қайсарлығын мойындауға болар еді. Белазуридің хабарлауына қарағанда византиялықтардың “қырғын күреске кіргені соншалық, суға аққан қанмен диірмен қозғалысқа келтірілген” Арабтардың басып кіруі ірі жаулаушылыққа айналып бара жатқанын түсінген Византия әскери қолбасшылығы мператор Ираклидің басшылығымен Солтүстік Сирияға көп әскер шоғырландырды. Гректермен (румдық) бірге оның құрамына ал – Джериа мен Армения тұрғындары мен сириялықтардың отрядтары енді. Византия әскерінің саны, араб тарихшыларының асыра санауымен 200 мыңға жеткен дейді. Араб отрядтары жауынгерлерінің саны мәліметтер бойынша 24 мыңнан асқан жоқ. Византиялықтардың жақындауына байланысты арабтар Даманск және тағы басқада қалаларды тастап, Иорданның шығыс тармағындағы Йармук ауданына шегінді. 636 жылы 20 тамызда осы жердегі ірі шайқаста византиялықтар қирай жеңіліп, 70 мың жауынгерлерінен айырылған. Визатиялықтардың соғысу қабілетінің нашарлауына, шайқасқа дейін – ақ өзара қақтығысып қалған грек және армия бөлімдерінің алауыздығы кері әсер етуі Гассанид патшасы Джебел ибн ал – Айхан бастаған сириялық арабтар шайқас кезінде арабтар жағына шығып кетті [15]. Йармукта византиялықтарды толық талқандағаннан кейін арабтар Сирияның толық билеушісіне айналды. Аңыз бойынша император Ираклий бұл елді мүлдем тастай отырып, шекарадағы бір шатқалды: “Қош бол, Сирия !” – деген екен. 640 жылы қаңтарда Амрдың әскері Фарамды алды, одан соң Нілді басып өтіп, Файымға жорық жасады. Маусым айында арабтар қосымша күш алғаннан кейін, Гелиопольде византиялықтарға соққы берді. 640 жылы қыркүйекте олар Вавилонды қоршады, бұл бекініс 641 жылы сәуірде берілді. Осыдан кейін Ніл арқылы төмен жылжи отырып, Александрияны қоршауға көшті. 641 жылы қарашада жергілікті патриарх Кир (ал – Мухавкис) Амрмен осы бекіністі беру жөнінде келісімге отырды. Келісім бойынша он бір айлық уақытша бітімнен кейін Египет астанасы арабтардың қолына өтті, ал бұл уақыт ішінде осы қалада тұратын бай және ақсүйек гректер қоныс аударды: 642 жылы қыркүйекте гректерді көшіру аяқталғаннан кейін, араб әскері, Александрияға кірді. Осы уақытқа дейін араб отрядтары Жоғарғы Египетке ішкерлей енген болатын. 645 жылы Византия флоты Александрия аймағына басып кіріп, десант түсіріп, қаладан арабтарды шегіндірді. Арабтар қаланы екінші рет қоршап 646 жылы жазда шабуылмен алды. Араб әскерлері Египеттен онымен көрші Ливияға шапқыншылық жасауды ұйғарды. Жергілікті бербер тайпаларынан қарсылық кездестірмеген және Византия гарнизонына соққы берген арабтар 642 жылы күзде Барка қаласын алып, Киреналка облысын бағындырды. Осы облыстан шығып, Феззанның оңтүстігіне дейін және батыста Трипаш қаласына дейін еніп, оны 643 жылы алды. 647 жылы араб әскері Египеттің наместнигі Абдаллах ибн Садтың қолбасшылығымен Ифрикияға басып кірді және Византиялықтарды Сбейтла қамалының түбінде талқандады Меккеліктердің арасында ал байлықты, асыл тұқымды жылқыны, жас құл қыздары жақсы көруші ретінде белгілі болатын. Осман Мұхаммедтің ең жас ізбасарларының бірі болды. Аңыз бойынша пайғамбардың қыздарының біріне үйленеді, ол жас қайтыс болуына байланысты, басқа қызын алады. Сондықтан Осман мұсылмандардың кезде “Алланың елшісінің екі қайтар күйеу баласы” деген атақ алған. Осман халиф билігі тұсында (644-656 жж.) оның туыстары, Меккелік құл иеленушілік ру ақсүйектерінің өкілдері бағындырылған елдерде мемлекеттік билікті және жер иеліктерін жаулап ала бастады. 648 ж. Арабтар Кипр аралын басып алды. 653 ж. Кипрліктер Византия жағына шығып кетіп, Араб гарнизонын талқандады. Файника маңында болған шайқаста араб флоты византиялық флотты талқандап, Кипрді халифатқа қайтарып алды. 651 ж. Арабтар Иранды жаулап алуды аяқтады. Шахиншах ІІІ– Йездигерд мады жаққа қашып барып, сонда бір диірменшінің қолынан қаза табады. Сасандар империясы өмір сүруін тоқтатты.

Сол жылы Араб әскері Әзірбайжан жақтан Арменияға басып кірді. 653 ж. Арабтар византиялықтарды Тайк облысында жеңіп, Арменияны алиарабтың құрамына қосып алды. 653-655 жж. Халифат Грузияны бағындырды. Сонымен бүкіл Закавказье араб халифатының қол астына көшті Осылайша, арабтар 20 жыл көлемінде Византия империясының құрамына кіретін Азияны, Африкадағы кең – байтақ территорияны жаулап алды және Иран патшалығын түгелдей бағындырып, құдіретті державаның саяси тәуелсіздігіне нүкте қойды. Араб жаулап алушылығының тез, әрі жеңіл жүзеге асуының себептерін араб тарихымен айналысатын немесе өз еңбектерінде осы оқиғаға жолай тоқтаған Еуропа тарихшылары анықтауымен шұғылданды.

Арабтардың жеңіске жетуінің негізгі себептерін Византия мен Сасанидтік Иранның экономикалық әлсіреуімен, ең бастысы осы мемлекеттердегі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен түсіндіруге болады.

47. Цех, гильдия, корпорация – анықтама беріп, құрылымын ашып көрсетіңіз

Цех (нем. Zunft) — феодалдық қаладағы қолөнершілердің бірлестігі, экономикалық саяси және соғыс одағы. Негізгі мақсаты - қолөнершілердің мүддесін қорғау. Цехтардың өз жарғысы, таңбасы, туы болды.1) өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе дүмбілзат жасалатын (өндірістік цех) не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (көмекші Ц.) құрылымдық бөлімшесі; белгіленген бір бұйымдарды жасап шығаратын немесе технологиялық үрдісінің белгіленген бір түрімен шұғылданатын өнеркәсіп орынының негізгі өндірістік бөлімшесі. 2) орта ғасырларда қалалық қолөнершілердің кәсіптер бойынша біріккен бірлестігі. Ортағасырлық қалалардың қалыптасу кезеңі 11 — 12 ғ-ларда Батыс ЕуропадаФранциядаАнглиядаГерманиядаИталияда дүниеге келіп, 13 — 14 ғ-ларда толық даму кезеңіне жетті.

Гильдиялар (немістің «бірлестік» деген сөзінен шыққан) - көпестер бірлестігі. Англияда қолөнершілер бірлестігі - цехтар да солай аталды.

Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) — 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы. Корпорация банкрот болған немесе төлем төлеуге қабілетсіз болған жағдайда өз міндеттемелері бойынша қатысушылардың мүлкімен емес‚ тек өз мүлкімен (Корпорация мүлкімен) ғана жауап береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]