
- •1 Қазіргі замандағы ақпаратты криптографиялық қорғау әдістеріне талдау жүргізу
- •1.1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •1.2 Криптоанализ
- •1.3 Криптографияның математикалық негіздері
- •1.3.1 Ақпарат теориясы
- •1.3.2 Күрделілік теориясы
- •1.3.3 Сандар теориясы
- •1.4 Криптографияның негізгі шифрлеу алгоритмдері
- •Симметриялық шифрлеу алгоритмі
- •Ашық кілтті криптография
- •1.5 Кездейсоқ сандардың криптографиялық генераторлары
- •1.6 Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау
- •1.2 Детерминделген хаос
- •1.2.1 Криптография және хаос
- •1) Динамикалық жүйе. Параметрлерге тәуелді үздіксіз күйдің және үздіксіз уақыттың динамикалық жүйесі дифференциалдық теңдеумен берілуі мүмкін
- •1.2.2 Криптография мен хаостық динамиканың өзара байланысы
- •1.2.4 Толқымалы үтірі бар математика негізіндегі псевдохаос
- •2 Компьютерлік криптографиядағы детерминделген хаос жүйесін басқаруды іске асыру
- •2.1 Лоренцтің сызықсыз дифференциалдық теңдеулер жүйесін теориялық зерттеу
- •2.1.1 Теориялық зерттеудің қорытындысы
- •2.2 Жасап шығарылған жүйені тәжірибелік іске асыру
- •2.2.1 Бағдарламалық ортаны таңдау негіздемесі
- •2.2.2 Итерациялық криптографиялық алгоритмді іске асыру
- •2.2.3 Программаның графикалық интерфейсі
- •2.2.4 Программаның модульдерін сипаттау
- •Сурет 26- Жүрістер тесті
- •2.3.2 Шифрленген бейнекөріністерге талдау жасау
- •3 “Компьютерлік желілердегі ақпаратты хаостық криптографиялық қорғау жүйесі ” программалық қосымшасын құрудың экономикалық негізделуі
- •3.1 Программалық өнімді құруға кететін шығынды анықтау
- •3.2 Ақпаратты криптографиялық қорғау программасын қолданудың экономикалық тиімділігі
- •3.2.1 Программалық қосымшаны енгізуге кететін шығындар
- •3.2.2 Ақпаратты қорғаудың программалық қосымшасын қолданудың тиімділігі
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері
- •4.2.1 Микроклиматқа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.2 Жарықтандыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.3 Шуға қойылатын санитарлық-гигиеаналық талаптар
- •4.2.4 Зиянды сәулелерден және электромагниттік өрістерден қорғану
- •4.4 Өрт қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігі
4.2.1 Микроклиматқа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Микроклиматты сипаттайтын келесі көрсеткіштерді айырады:
ауаның температурасы;
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы;
ауаның қозғалу жылдамдығы;
жылулық сәулеленудің қарқындылығы;
Нормативтік құжаттар жұмыстың ауырлық категориясына сәйкес суық және жылы мезгілдер үшін микроклимат көрсекіштерінің рұқсат етілген және тиімді мәндерін анықтайды.
Тек қана компьютерде жұмыс істейтін бөлмелерде микроклиматтың параметрлері тиімді болуы тиіс.
Компьютерде жұмыс істеу барысындағы микроклиматтың тиімді параметрлерінің мәндері 3-кестеде көрсетілген.
Кесте 4- Микроклимат параметрлерінің тиімді мәндері
Жылдың мерзімі |
Ауаның температурасы, °C |
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % |
Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с |
Суық |
22-24 |
40-60 |
0,1 |
Жылы |
23-25 |
40-60 |
0,1 |
Микроклимат көрсеткіштерінің ауытқуы дискомфортқа әкеледі, бұл өз кезегінде қолданушының ашушаңдығына, ақыл-ой мен эмоцияға аса көп күш түсірілуіне әкеп соғады, соның салдарынан еңбек өнімділігі күрт төмендеуі мүмкін және қате енгізудің ықтималдығы жоғарылауы мүмкін.
Бөлмелерді мезгіл сайын желдетіп отыру, кондиционерлер орнату арқылы қажетті көрсеткіштерге жетуге болады, ал жылдың суық мезгілінде – терезелердің рамаларын гермитизациялау, дұрыс жылыту.
4.2.2 Жарықтандыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Жарықтандыруды нормалау табиғи және жасанды жарықты ескере отырып дисплейлік құрылғылар операторларының көру жұмыстары үшін тиімді жағдайлар ұйымдастырудан тұрады.
Жарықтандыру нормалары қабылданған жарық түсіру жүйесіне тәуелді. Үнемдірек ретінде құрамдастырылған жасанды жарық түсірудің нормалары жалпыға қарағанда жоғары. Бұған қоса шырақтан алынатын жарықтың жарықтандырылуы норманың 10%-ын құрауы тиіс, бірақ 150 лк кем емес.
Жасанды жарық түсіру үшін қазіргі қолданыстағы құрылыстың нормалары мен ережелеріне ҚНмЕ сәйкес жұмыс орындарды рұқсат етілген ең төменгі жарықтандыру белгіленген [20].
Дисплейдің экранымен жұмыс істеу үшін ұсынылатын жарықтандыру 200 лк тең, ал экранмен және құжаттармен қоса жұмыс істеген кезде – 400 лк. Оператордың көру шегінде ұсынылатын ашықтық (яркость) 1:5 – 1:10 шегінде жатуы керек [20].
Қарастырылып отырылған нысан үшін мыналар анықталған:
көру жұмысының IV тобы,
нысанды айыру шамасы 0,3-1 мм,
нысанның фонмен қоса қарсыластығы(котраст) орташа,
жарықтандыру нормасы 200 лк.
4.2.3 Шуға қойылатын санитарлық-гигиеаналық талаптар
Өндірістік шу мерзімінен бұрын шаршауды, зейіннің бытыраңқылығын және ашушаңдық тудыру арқылы адамға кері әсерін тигізетін және жұмыс істеу барысында пайда болатын жағымсыз дыбыстардың жиынтығы.
СанЕмН сәйкес негізгі жұмысты компьютерде атқару барысында жұмыс орындағы дыбыстың деңгейі мен эквивалентті дыбыстың деңгейі 50 дБ аспауы керек [20].
Жұмыс орындағы шудың негізгі көздері: компьютердің жүйелік блогынан, (негізінен желдеткіштен және қатты магнитті дисктердегі жинақтауыштан), кондиционерлерден, принтерден, пернетақтадан, қызметкерлердің әңгімелерінен шығатын шу. Шуды қазіргі заманға сәйкес келетін тыныш модельдерді қолдану арқылы, жабдықтарға уақытысында қызмет көрсету арқылы (майлау), тығыз матадан жасалған біркелкі перделерді бүрмелеп ілу арқылы және қабырғалар мен төбені дыбыс сіңіретін материалдармен қаптау арқылы азайтуға болады.