- •1 Қазіргі замандағы ақпаратты криптографиялық қорғау әдістеріне талдау жүргізу
- •1.1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •1.2 Криптоанализ
- •1.3 Криптографияның математикалық негіздері
- •1.3.1 Ақпарат теориясы
- •1.3.2 Күрделілік теориясы
- •1.3.3 Сандар теориясы
- •1.4 Криптографияның негізгі шифрлеу алгоритмдері
- •Симметриялық шифрлеу алгоритмі
- •Ашық кілтті криптография
- •1.5 Кездейсоқ сандардың криптографиялық генераторлары
- •1.6 Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау
- •1.2 Детерминделген хаос
- •1.2.1 Криптография және хаос
- •1) Динамикалық жүйе. Параметрлерге тәуелді үздіксіз күйдің және үздіксіз уақыттың динамикалық жүйесі дифференциалдық теңдеумен берілуі мүмкін
- •1.2.2 Криптография мен хаостық динамиканың өзара байланысы
- •1.2.4 Толқымалы үтірі бар математика негізіндегі псевдохаос
- •2 Компьютерлік криптографиядағы детерминделген хаос жүйесін басқаруды іске асыру
- •2.1 Лоренцтің сызықсыз дифференциалдық теңдеулер жүйесін теориялық зерттеу
- •2.1.1 Теориялық зерттеудің қорытындысы
- •2.2 Жасап шығарылған жүйені тәжірибелік іске асыру
- •2.2.1 Бағдарламалық ортаны таңдау негіздемесі
- •2.2.2 Итерациялық криптографиялық алгоритмді іске асыру
- •2.2.3 Программаның графикалық интерфейсі
- •2.2.4 Программаның модульдерін сипаттау
- •Сурет 26- Жүрістер тесті
- •2.3.2 Шифрленген бейнекөріністерге талдау жасау
- •3 “Компьютерлік желілердегі ақпаратты хаостық криптографиялық қорғау жүйесі ” программалық қосымшасын құрудың экономикалық негізделуі
- •3.1 Программалық өнімді құруға кететін шығынды анықтау
- •3.2 Ақпаратты криптографиялық қорғау программасын қолданудың экономикалық тиімділігі
- •3.2.1 Программалық қосымшаны енгізуге кететін шығындар
- •3.2.2 Ақпаратты қорғаудың программалық қосымшасын қолданудың тиімділігі
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері
- •4.2.1 Микроклиматқа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.2 Жарықтандыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.3 Шуға қойылатын санитарлық-гигиеаналық талаптар
- •4.2.4 Зиянды сәулелерден және электромагниттік өрістерден қорғану
- •4.4 Өрт қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігі
1.2 Криптоанализ
Криптоанализ – бұл кілттің көмегенсіз-ақ ашық мәтінді алу ғылымы. Сәтті жүргізілген криптоанализ ашық мәтінді не кілтті таба алады. Ол криптожүйенің осал жерін анықтап, ақыр аяғында жоғарыдағы нәтижеге қол жеткізеді (кілтті криптологиялық емес әдістермен алу компроментация деп аталады).
Криптоаналитикалық бұзудың негізгі төрт түрі бар [3]. Олардың әрқайсысы үшін, әрине, криптоаналитик қолданып отырған шифрлеу алгоритмі жайлы толық ақпаратқа ие деп қарастырылады:
Тек қана шифрленген мәтінді қолдана отырып бұзу. Криптоаналитикте бір ғана шифрлеу алгоритмі арқылы шифрленген бірнеше хабар бар болсын. Криптоаналитиктің міндеті мүмкіндігінше барлық хабардың ашық мәтінін алу, немесе хабарды шифрлеу және дешифрлеу үшін қолданылған кілтті табу.
Берілгені: C1=Ek(P1), C2=Ek(P2), … , Ci=Ek(Pi);
Табу керек: Не P1, P2, … , Pi ді ; не k-ны ; немесе Pi+1 ден Ci+1=Ek(Pi+1)-ді алу алгоритмін;
Ашық мәтінді қолдана отырып бұзу. Криптоаналитикте шифрленген бірнеше хабар ғана емес, осы хабарлардың ашық мәтіндері бар болсын. Криптоаналитиктің міндеті хабарды шифрлеу кілтін (кілттерді) табу, және сол кілтпен (кілттермен) шифрленген басқа да хабарларды дешифрлеу .
Берілнгені: P1, C1=Ek(P1), P2, C2=Ek(P2), … , Pi, Ci=Ek(Pi);
Табу керек: Не к-ны; не Pi+1-ден Ci+1=Ek(Pi+1) алу алгоритмін;
Таңдалынған ашық мәтінді қолдана отырып бұзу. Криптоаналитикте шифрленген мәтін мен ашық мәтін ғана емес, шифрлеу үшін ашық мәтінді таңдау мүмкіндігі болсын. Бұл әдістің ашық мәтінді қолдана отырып шифрлеуге қарағанда мүмкіндігі көбірек, себебі криптоаналитик берілген ашық мәтін үшін шифрленген блоктарды таңдай алады. Оның міндеті хабарды шифрлеу үшін қолданылған кілтті (кілттерді) немесе жаңа хабарларды дешифрлеуге мүмкіндік беретін кілтті (кілттерді) табу.
Берлігені: P1, C1=Ek(P1), P2, C2=Ek(P2), … ,Pi, Ci=Ek(Pi); Мұнда криптоаналитик P1, P2, … , Pi таңдай алады.
Ашық мәтінді қолдана отырып адаптивті бұзу. Бұл таңдалынған ашық мәтінді қолдана отырып бұзудың жеке жағдайы. Криптоаналитик шифрленген мәтінді таңдап қана қоймай, алынған шифрлеу нәтижелерінің негізінде өзінің келесі таңдауын жүргізе алады. Ашық мәтінді қолдана отырып бұзуда криптоаналитик ашық мәтіннің үлкен бір бөлігін қолданса, ашық мәтінді қолдана отырып адаптивті бұзуда ол ашық мәтіннің шағын бөлігін таңдай алады, және бірінші таңдаудың нәтижелеріне сүйене отырып келесі таңдауын жүзеге асыра алады.
Мұндай криптоаналитикалық бұзудың тағы да үш түрі бар.
Таңдалынған шифрленген мәтінді қолдана отырып бұзу. Криптоаналитикте дешифрлеу үшін бірнеше шифрленген мәтін мен дешифрленген ашық мәтін болады. Мысалға, криптоаналитикте автоматты дешифрлеу жасайтын “қара жәшікке” рұқсат бар болсын. Оның міндеті кілтті табу.
Берілгені: C1, P1=Dk(C1), C2, P2=Dk(C2), … , Ci, Pi=Dk(Ci);
Табу керек: К;
Таңдалынған шифрленген мәтінді қолдана отырып бұзу кейде симметриялық алгоритмдерге қарсы тиімді болады.
Таңдалынған кілтті қолдана отырып бұзу. Мұндай бұзу криптоаналитиктің кілтті таңдау мүмкіндігін емес, әр түрлі кілттер арасындағы байланысы туралы ақпаратты білуін айтады.
Қарақшылық криптоанализ. Криптоаналитик біреуді қорқыту, үркіту, бопсалау, жәбір көрсету арқылы кілтті алады.
Ашық мәтінді қолдана отырып бұзу және таңдалынған ашық мәтінді қолдана отырып бұзып ашу көптеп кездеседі. Криптоаналитикке шифрленген хабардың ашық мәтінін табу немесе таңдалынған хабарды шифрлеп беретін біреуді табу орындалмайтын іс емес. Көптеген хабарлардың басы мен соңы стандартты болады, бұл, әрине, криптоаналитикке жеңілдік туғызады. Ашық мәтінді қолдана отырып бұзып ашу Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде немістер мен жапондықтарға қарсы табысты болған [4].
