
- •1 Қазіргі замандағы ақпаратты криптографиялық қорғау әдістеріне талдау жүргізу
- •1.1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •1.2 Криптоанализ
- •1.3 Криптографияның математикалық негіздері
- •1.3.1 Ақпарат теориясы
- •1.3.2 Күрделілік теориясы
- •1.3.3 Сандар теориясы
- •1.4 Криптографияның негізгі шифрлеу алгоритмдері
- •Симметриялық шифрлеу алгоритмі
- •Ашық кілтті криптография
- •1.5 Кездейсоқ сандардың криптографиялық генераторлары
- •1.6 Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау
- •1.2 Детерминделген хаос
- •1.2.1 Криптография және хаос
- •1) Динамикалық жүйе. Параметрлерге тәуелді үздіксіз күйдің және үздіксіз уақыттың динамикалық жүйесі дифференциалдық теңдеумен берілуі мүмкін
- •1.2.2 Криптография мен хаостық динамиканың өзара байланысы
- •1.2.4 Толқымалы үтірі бар математика негізіндегі псевдохаос
- •2 Компьютерлік криптографиядағы детерминделген хаос жүйесін басқаруды іске асыру
- •2.1 Лоренцтің сызықсыз дифференциалдық теңдеулер жүйесін теориялық зерттеу
- •2.1.1 Теориялық зерттеудің қорытындысы
- •2.2 Жасап шығарылған жүйені тәжірибелік іске асыру
- •2.2.1 Бағдарламалық ортаны таңдау негіздемесі
- •2.2.2 Итерациялық криптографиялық алгоритмді іске асыру
- •2.2.3 Программаның графикалық интерфейсі
- •2.2.4 Программаның модульдерін сипаттау
- •Сурет 26- Жүрістер тесті
- •2.3.2 Шифрленген бейнекөріністерге талдау жасау
- •3 “Компьютерлік желілердегі ақпаратты хаостық криптографиялық қорғау жүйесі ” программалық қосымшасын құрудың экономикалық негізделуі
- •3.1 Программалық өнімді құруға кететін шығынды анықтау
- •3.2 Ақпаратты криптографиялық қорғау программасын қолданудың экономикалық тиімділігі
- •3.2.1 Программалық қосымшаны енгізуге кететін шығындар
- •3.2.2 Ақпаратты қорғаудың программалық қосымшасын қолданудың тиімділігі
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері
- •4.2.1 Микроклиматқа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.2 Жарықтандыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.3 Шуға қойылатын санитарлық-гигиеаналық талаптар
- •4.2.4 Зиянды сәулелерден және электромагниттік өрістерден қорғану
- •4.4 Өрт қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігі
4 Еңбекті қорғау
4.1 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері
Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілу деңгейін бағалау арқылы сол мемлекеттің экономикалық даму деңгейін, тұрақтылығын және салты мен өнегесін бағалауға болады. Ал ел азаматтарын қорғау мен олардың қауісіздігін қамтамасыз ету басты мәселе екені сөзсіз.
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік–экономикалық, ұйымдық–техникалық, санитарлық–гигиеналық, емдеу–алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процессінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының әр азаматының, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қауіпсіз еңбек етуге мүмкіндігі бар. Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процессінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай–ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс–шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің жай–күйі. Еңбектің қауіпсіз жағдайлары – қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары.
Өндірістік процестің қауіпсіздігі–өндірістік процестің нормативтік–техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі.
Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы және жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауіпсіздігін жасау жатады.
Ғылыми-техникалық прогресс ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын қызметкерлердің өндірістік жұмысының жағдайларына күрделі өзгерістер алып келді. Олардың еңбегі айтарлықтай ақыл-ой, эмоциялық және физикалық энергияны жұмсап, бұрынғыдан интенсивті және көп салмақ түсумен қатар жүрді. Бұл эргономика, гигиена және еңбекті ұйымдастыру, еңбек пен демалыс уақытының регламентациясы саласында жүйелі шешімдер қабылдауды талап етті.
Қазіргі уақытта компьютер техникасы адам белсенділігінің барлық салаларында кеңінен қолданылады. Компьютерді қолдану адам денсаулығына тиетін кейбір қауіптіліктермен қатар жүретіндіктен, бұл жобаның соңғы нәтижесі болып табылатын программаны қолданушылар мен оны жасаушылар компьютермен жұмыс кезінде еңбек қауіпсіздігі мен ұйымдастыруының жалпы нормалары мен ережелерін сақтаулары қажет.
Берілген проекттің ақырғы нәтижесі болатын программаның тұтынушылары мен программаны жасап шығрушылар компьютермен жұмыс барысындағы қауіпсіздік пен еңбекті ұйымдастырудың жалпы нормаларын және ережелерді сақтауы қажет. Ең алдымен, бұл монитордың жылтылдауы, кескінді бұрмалайтын электронды-түтікшелі трубканың дөңес беті, зиян және әлі де дұрыс зерттелмеген электромагниттік сәулелер , компьютердің желдеткші мен қандай да бір периферийлік аппаратурадан шығатын шу, мысалға принтер, үздіксіз әрі белсенді жұмыста туннелді синдром тудыратын (аса көп жұмыстан және зақымданудан білек сіңірлерінің қатты ауыруы) пернетақтаның формасы. Өте сирек кездесетін электр тогымен зақымданудың мүмкін болатын барлық қауіптерін және тұтануды да ұмытпаған жөн.
Міне сондықтан ақпараттық жүйелерді құруда еңбекті қорғауға көңіл аудару өте маңызды. Қазіргі уақытта компьютер қолданушыларын денсаулыққа зиянды факторлардан сақтауға арналған стандарттардың тұтас бір сериясы қабылданған.
Электромагниттік сәулеленуді реттейтін ТСО92, ТСО95, ТСО99 сонымен қатар эргономикалық , энергияны сақтау және экологиялық параметрлерді анықтайтын шведтік MPRII стандарттары бүкіл әлемде кең танымал [20].
Компьютер қолданушыларына әсер ететін зиянды факторларға саралау жүргізейік.
Қарастырылып отырылған жұмыс орында қызметкерге келесі физикалық факторлар кері әсерін тигізуі мүмкін [20]:
ауаның тым жоғары не төмен температурасы;
жұмыс орынның дұрыс жарықтандырылмауы;
шудың нормаланбаған деңгейі;
ауаның тым жоғары не төмен иондануы;
электр тогынан зақым алу қаупі;
статикалық электр тогының жоғары деңгейі;
электромагниттік өрістің кернеулігінің жоғары болуы;
электромагниттік сәулеленудің жоғары деңгейі;
Психофизиологиялық қауіпті факторларға жатады [20]:
ақыл-ойға аса көп күш түсіру;
анализаторға аса көп күш түсіру;
жұмыстың біркелкілігі;
эмоционалдық шаршау;
Жоғарыда аталып өтілгендерге сүйене отырып қызметкердің жұмыс орнындағы қауіптердің келесі номенклатурасын ұсынуға болады.
4.2 ЭЕМ-де жұмыс істеу барысындағы өндірістік санитария