
- •1 Қазіргі замандағы ақпаратты криптографиялық қорғау әдістеріне талдау жүргізу
- •1.1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •1.2 Криптоанализ
- •1.3 Криптографияның математикалық негіздері
- •1.3.1 Ақпарат теориясы
- •1.3.2 Күрделілік теориясы
- •1.3.3 Сандар теориясы
- •1.4 Криптографияның негізгі шифрлеу алгоритмдері
- •Симметриялық шифрлеу алгоритмі
- •Ашық кілтті криптография
- •1.5 Кездейсоқ сандардың криптографиялық генераторлары
- •1.6 Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау
- •1.2 Детерминделген хаос
- •1.2.1 Криптография және хаос
- •1) Динамикалық жүйе. Параметрлерге тәуелді үздіксіз күйдің және үздіксіз уақыттың динамикалық жүйесі дифференциалдық теңдеумен берілуі мүмкін
- •1.2.2 Криптография мен хаостық динамиканың өзара байланысы
- •1.2.4 Толқымалы үтірі бар математика негізіндегі псевдохаос
- •2 Компьютерлік криптографиядағы детерминделген хаос жүйесін басқаруды іске асыру
- •2.1 Лоренцтің сызықсыз дифференциалдық теңдеулер жүйесін теориялық зерттеу
- •2.1.1 Теориялық зерттеудің қорытындысы
- •2.2 Жасап шығарылған жүйені тәжірибелік іске асыру
- •2.2.1 Бағдарламалық ортаны таңдау негіздемесі
- •2.2.2 Итерациялық криптографиялық алгоритмді іске асыру
- •2.2.3 Программаның графикалық интерфейсі
- •2.2.4 Программаның модульдерін сипаттау
- •Сурет 26- Жүрістер тесті
- •2.3.2 Шифрленген бейнекөріністерге талдау жасау
- •3 “Компьютерлік желілердегі ақпаратты хаостық криптографиялық қорғау жүйесі ” программалық қосымшасын құрудың экономикалық негізделуі
- •3.1 Программалық өнімді құруға кететін шығынды анықтау
- •3.2 Ақпаратты криптографиялық қорғау программасын қолданудың экономикалық тиімділігі
- •3.2.1 Программалық қосымшаны енгізуге кететін шығындар
- •3.2.2 Ақпаратты қорғаудың программалық қосымшасын қолданудың тиімділігі
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері
- •4.2.1 Микроклиматқа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.2 Жарықтандыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.3 Шуға қойылатын санитарлық-гигиеаналық талаптар
- •4.2.4 Зиянды сәулелерден және электромагниттік өрістерден қорғану
- •4.4 Өрт қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігі
2.1.1 Теориялық зерттеудің қорытындысы
Жоғарыда өткізілген зерттеулердің нәтижелерінен келесідей қорытынды шығаруға болады.
|
|
(10) |
(10) Лоренц жүйесі σ = 10, b = 8/3 и r = 28 болғанда бір жағынан барлық траекториялардың хаостық, ретсіз қозғалыстары байқалса, ал екінші жағынан, барлық траекториялар кезінде қандай да бір құрылымы күрделі аттрактор жиына жиналады. Жүйені тәжірибеде қолдану үшін берілген параметрлер негізінде жүйедегі хаостық әрекеттердің байқалуын алдын ала Ляпунов экспонентасы арқылы есептеу қажет.
2.2 Жасап шығарылған жүйені тәжірибелік іске асыру
Практикалық іске асыру үшін криптографиялық итерациялық алгоритм құрамыз, сурет 16.
Сурет
16- Криптожүйе
мұндағы |
|
|
dp - кіріс мәліметтер легі (ашық мәтін), |
|
dс - шығыс мәліметтер легі (шифрленген мәтін) |
2.2.1 Бағдарламалық ортаны таңдау негіздемесі
Жобаланған проектімді іске асыру үшін мен Borland Delphi 7 бағдарламалау ортасын таңдадым. Соңғы жылдардағы практика көрсеткендей, осы мақсат үшін Borland фирмасы әзірлеген Delphi бағдарламалау ортасы оңтайлы болып табылады.
Delphi бұл қазіргі заманғы Windows 98/XP ортасы үшін қосымша кең спектрін құруға мүмкіндік беруші бағдарламалық өнім. Ол өз құрамына үшінші буынды Pascal құрылымдық қатынас тілінің нышанды-бағдарламалық ұлғайтуы болып табылатын Object Pascal тілінен жоғары өнімді компиляторды және көрнекі түрде бағдарлама құрудың құралдардын біріктіреді. Delphi-дің негізгі тағайындалған қызметі Windows үстемелерінің кең көлемді класстарын құру құралы болып табылады.
Windows-үстемелерін әзірлеу үшін Delphi-дің төмендегідей құралдары бар:
Жоғары өнімділікті компилятор. Delphi құрамында үстемені минутына 120000 жолға дейінгі жылдамдықпен құруға мүмкіндік беретен дүние жүзіндегі өнімділігі ең жоғарыларының бірі болатын Object Pascal тіліндегі компиляторы бар. Delphi ортасында құрамдас комплиятор бар. Қажет болған жағдайда DCC.EXE пакеттік компиляторды да пайдалана алады.
Нышанды-бағдарламалық компоненттер үлгісі. Delphi-де компоненттерді бірнеше рет пайдалануға және жаңасын құруға болады. Delphi-ді құру үшін жабдықтауыштардың құрамына кіретін дәл сол компоненттер пайдаланылған. Соған қарамастан нышандық үлгіге енгізілген өзгертулер, бірінші кезекте, визуалдық бағдарламалау технологиясын қолдану қажеттілігінен туды. Сонымен бірге бұл қатынас тілі Borland Pascal копиляторына сүйене отырып Pascal тілімен үйлесімді болып отыр.
Әзірлеудің шұғыл ортасы. Delphi ортасы әрі қолданушы интерфейсін құратын, әрі корпоративтік мәліметтерді өңдей алатын үстемені шұғыл әзірлеу үшін визуалдық құралдардың толық жиынтығын қамтиды. Мәліметтермен жұмыс істеу үшін визуалдық компоненттер (VCL) және визуалдық нышандар кітапханасын пайдалану үстемені құру барысында тікелей кодтауға кететін шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге Delphi құрамына енген компоненттер Windows API қызметінің шақыртуын барынша инкапсуляциялайды, сөйтіп бағдарлама құру үрдісін жеңілдетеді.
Сонымен Delphi – Windows-ке арналған үстемелердің кең спектрін құруға мүмкіндік беретін жаңа өнім.
Delphi ортасы құрамына пайдаланушылық интерфейс, мәліметтер базаларының кестесін құруды қолдайтын қосымшаны шұғыл әзірлеу үшін визуалдық құралдардың толық жиынтығы кіреді. Delphi-ге кіретін сыныптар кітапханасына, Windows API қызметінің әртүрлі топтарын инкапсуляциялаушы 140-қа жуық сыныптар жатады. Delphi ашық архитектуралы жүйе болып табылады, сондықтан оны құралдармен толықтыруға және әртүрлі платформаға ауыстыруға мүмкіндік бар.
Іс жүзінде қазіргі замандағы стандартты компьютер кез-келген бағдарламалық ортаның жұмысын қамтамасыз ететіндей жеткілікті есептеуіш қуат пен жедел жадтық көлемге ие.
Borland Delphi 7 Studio Windows 98-ден Windows XP-ге деінгі операциялық жүйе ортасында жұмыс істей алады.