
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Резервтік валюталарға анықтама беріңіз, олардың әлемдік валюта жүйесіндегі рөлін түсіндіріңіз, негізгі түрлерін атаңыз
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттарын мен мәселелерін сипаттаңыз.
- •9. Алтынның әлемдік нарығын және оның қазңргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз.
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясынның мәні мен маңызын түсіндіріңіз
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдерін атаңыз. Қазіргі жағдайдағы еурозонаны сипаттаңыз
- •13. Валюта бағамдарының есептік түрлерін сипаттаңыз, олардың мағынасы мен маңызын формулар арқылы түсіндіріңіз
- •14. Валюта бағамдарының тәртіптерін атап, сипаттаңыз, соның ішінде хвқ-ның классификациясы бойынша, мысал келтіріңіз
- •15. Тепе-теңдік валюта бағамы ұғымына анықтама беріңіз және график арқылы түсіндіріңіз
- •16. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруін сипаттаңыз
- •17. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясының негізгі идеялары мен маңызын түсіндіріңіз
- •18. Пайыздық мөлшермелердің (ставкалардың) валюта бағамына әсерін түсіндіріңіз, формуларды келтіріңіз,. Фишердің әсерін түсіндіріңіз
- •19.Мемлекеттің валюталық саясатының қажеттілігін, мәнін, түрлері мен құралдарын сипаттаңыз.
- •20.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формаларын түсіндіріңіз.
- •21. Орталық банктің валюталық интервенцияларының түсінігін, мақсаттары мен іске асыру механизмін түсіндіріңіз.
- •22.Қр валюталық заңнамасының негізгі құрамдарына, валюталық реттеуіне сипаттама беріңіз, валюталық реттеудің негізгі органдарын атаңыз.
- •23. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешеліктері мен функцияларын сипаттаңыз.
- •24. Валюта нарығының қатысушыларын атаңыз, түрлері мен құрылымына сипаттама беріңіз.
- •25.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •26. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •27.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •28.Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •29. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •30. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •31. Валюталық тәуекелдердің басқару әдістеріне сипаттама беріңіз
- •32. Әлемдік қаржы нарығының ерекшеліктерін, функцияларын мен құрылымын сипаттаңыз.
- •33. Халықаралық несиенің мәнін, қағидаларын, функциялары мен түрлерін атап көрсетіңіз.
- •34. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Еуровалюта ұғымын түсіндіріңіз.
- •35. Еурооблигациялар, еуровексельдер және еуроноталар нарығын сипаттаңыз.
- •36.Еуробанктердің ерешеліктерін түсіндіріңіз. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдерін атаңыз.
- •37. Халықаралық Валюта Қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарын реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз.
- •38. Бүкіләлемдік банк тобының құрылымын және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлін түсіндіріңіз
- •39. Халықаралық есеп айырысу банкінің функцияларын мен негізгі операцияларын атаңыз, оларды түсіндіріңіз
- •40.Әлемдік валюта жүйесіндегі аймақтық банктердің қызметтері мен рөлін түсіндіріңіз
12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдерін атаңыз. Қазіргі жағдайдағы еурозонаны сипаттаңыз
Еуропалық Валюталық Одақтың экономикалық даму көзқарасына орай бүгінгі күні интеграция 7 деңгейде көрсетуге болады:
1947-1957ж – Еуропалық экономикалық интеграцияның басы, Еуропалық төлем одағының құрылуы;
1957-1974ж – Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың құрылуы, «Вернер» жоспары;
1974-1985ж – алғашқы еуропалық төлем бірлігінің енуі – EPE( European unit of account – EUA), Еуропалық валюталық жүйені құруға шешім қабылдады, еуропалық валюталық бірлік «экю»-дің (European currency unit) пайда болуы;
1985-1992ж – «Еуропалық Валюталық кеңістік пен Еуропалық Орталық Банкті құру» туралы меморандумның зерттелуі мен бекітілуі;
1992-1999ж – Маастрихт келіміне қол қойылу, Батыс Еуропадағы экономикалық және валюталық одақтың құрылу жолдары мен мақсаттарын айқындау. Еуропалық валюталық интеграциясын құру, евроны енгізу жоспарын зерттей мен іске асыру;
1999-2001ж – еуроны қолма-қолсыз айналымға жіберу;
2002ж-бүгінгі күнге дейін – еуроны қолма-қол айналымға жіберу, валюталық одаққа жаңа мемлекеттерді қосу жоспарын зерттеу мен іске асыру.
1979ж Еуропалық Валюталық Одақтың ресми түрде құрылуы. Оған кіреді:
Еуропалық валюталық бірлік(экю);
Валюталық айырбас пен ақпарат механизмі;
Несиелік шарттар;
Трансферттік механизм.
Еуроаймақтық сауда интеграциясы мемлекеттік реттеуді қажет етті. Ұлтүстілік бақылау қажеттігі туындады. 1970ж аяғында Еуро Одақ елдері 1980ж қарай еуропалық валюталық және экономикалық одақтың деңгейаралық құрылуының бағдарламасын қабылдады.
«Вернер» жоспары(Люксембург премьер-министрі) 3 деңгейді қарастырды:
1971-1973ж – бюджеттік, несиелік, валюталық саясаттың үйлестігі және кейінгі бірегейлендіру; капитал қозғалысының либерализациясы және валюталық қауымдастықтың еуропалық қорын құру. Валюталық бағамның тербеліс шегінің қысқаруы (+-1,2%, ал кейіннен 0-ге дейін) қарастырылды, валюталардың толық өзара айналымын енгізу;
1974-1979ж – қаржы, ақша-несиелік, валюталық саясат сферасында ұлтүстілік органдарды құру;
1980ж ортақ валютаны енгізу және еуропалық федералды ақша-несиелік жүйені құру. Банк қызметтерін және банк заңдылықтарын үйлестіру. Валюта-қаржылық мәселелерді шешу үшін ортақ центр құру және ЕЭҚ-ғы орталық банктерді біріктіру(АҚШ-тағы қаржы-несие, валюталық саясатты реттеп отыратын федералды резервтік жүйе сияқты).
Бүгінгі таңда еуро АҚШ долларының орнын баса алмаса да, әлемдік қаржы ңарығында негізгі 2-нші халықаралық валюта қызметін атқарып отыр.
Әлемдік валюталық резервтегі еуро үлесі 25%(2011ж); халықаралық қарыздық бағалы қағаздар нарығында еуро үлесі 25,7%(2011ж); халықаралық валюта нарығындағы еуроның жалпы айналымы 19,5%(2011ж).
Халықаралық қаржы сферасында еуро елеулі жетістіктерге етсе, халықаралық сауда операцияларында жетістіктері аз болып отыр. Негізінен еуроның әсері еуро аймаққа көршілес елдерге көп тигізеді. Әлем елдерінің үштен бірі өз ұлттық валютасын еуроға теңестіреді, ал қалған үштен екісі долларға теңестіреді. Еуро АҚШ долларымен бәсекеге түсе алатын қаржы нарығы – халықаралық қарыздық міндеттемелер нарығы. Бұл нарықта еуроның дамуының негізгі себебі, Еуро Одақ құрамында бірнеше тәуелсіз мемлекеттер бар, сондықтанн бағалы қағаздар шығарылымы бүкіл еуро одақ резиденттеріне ашылады, және осылайша автоматты түрде халықаралық болып кетеді.