Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mvfo_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
492.71 Кб
Скачать

27.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері

Биржа (ағылшынша exchange) - заңды тұлға, ұйымдастырылған нарықтың қаржы құралдарын, бағалы қағаздардың , валюталардың , биржалық тауарлардың тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.

Ұйымдастырушылық деңгейіне қарай валюта нарығы биржалық және биржадан тыс валюта нарығы болып бөлінеді.

Биржалық валюта нарығы жақсы ұйымдасқан. Міндеті: валютасын саудасын ұйымдастыру, уақытша бос валюта ресурстарын орналастыру, валюта курсын бекіту, табыс алу басты мақсат емес. Сол себепті негізінен бұлар коммерциялық емес ұйымдар. Барлық биржалық деривативалармен сауда пайыздық және валюталық фьючерстер мен опциондарға орталықтанған. Негізінен деривативалармен келісім биржада доллар, марка, иенамен жүргізіледі. Белсенді түрде сатылатын деривативалар: фьючерстер мен опциондар.

Биржалық валюта нарығының ерекше белгілері Сауда өткізілудің белгілі уақыты және орнының болуы; Белгілі қатысушылар ортасы; Белгілі сауда тәртіптері және сол тәртіптерге қатысушылардың бағынуы; Сауданы ұйымдастыратын белгілі мекеменің болуы (лицензиясы бар). Биржалық валюта нарығының артықшылықтары - Валюта және валюта қаражаттарының ең арзан қайнар көзі; Биржа саудасына түсетін заявкалардың абсолютті өтімділігі; Валюта және бағалы қағаздардың өтімділігі дегеніміз олардың тез арады және құнын жоғалтпай ұлттық валютаға айналуы.

Биржалық сауданың биржадан тыс саудадан айырмашылығы биржалық сауда сауданың жоғары транспаренттілігі мен стандартталуын, қаржылық тәуелділікті төмендету, биржалар арасында электронды байланыс жүйеснінің дамуы.

Биржадан тыс сауда over-the-counter деп аталады. Банк, дилер, брокер, инвестициялық компаниялар мен жеке тұлғалар арасында жүзеге асады. Ұйымдаспаған нарықта жүзеге асады. Әлемдік нарықтағы қаржы деривативаларымен сауда осы биржадан тыс сауда еншісіне тиеді. Бұл биржа түрі бойынша жалпылама ақпарат орталық банк арқылы жүзеге асады. Биржалық нарыққа қарағанда айырмашылығы валюталық деривативалар маңызды орынға ие. Қысқа мерзімді деривативалармен келісім яғни, бір жылға дейінгі мерзім ішіндегілер 80%-дай жүзеге асырылады. Биржадан тыс саудасының негізгі орталығы – Лондон, одан кейін АҚШ, Токио, Сингапур, Гонконг т.б.

Биржадан тыс нарықтың артықшылығы келісімдердің икемділігі, қаржылық инновацияларды жылдам енгізу, банкті реттеу мен бақылаудың ұлттық механизмі т.б.

Айырмашылықтары биржалық биржадан тыс

28.Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері

Форвардық валюталық операциялар-бұл валюта айырбасының алдын ала келісілген курсы бойынша бүгін жасалып, бірақ келісім орындалуы болашақта белгілі бір мерзімге ауыстырылған келісім.

Форвардық операциялар 1 жыл мерзімге дейін жасалады. Олардың стандартты кезеңдері болады: 1, 2, 3, 6 ай және бір жыл тікелей валюталандыру күнімен.

Форвардық операциялар валюта тәуекелділігін сақтандыруда кеңінен қолданылады. Сыртқы сауда ұйымдары түрлі валюталарда түсімі мен төлемі бар форвардық келісімдерді қолдана отырып, валюта курсының өзгерісін сақтандыра алады.

Егер форвардтық курс спот курсынан төмен болса, шетелдік валюта форвардтық жеңілдікпен, ал форвардтық курс споттан жоғары болса, онда шетелдік валюта форвардтық үстеме бағамен сатылады.

Фьючерстік келісімшарт — биржа активін мәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату (жеткізу) жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім. Ол ұйымдастырлған биржаларда 1972 жылдары пайда болды. Мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор, т.б. бір ізге түсіріледі. Фьючерстік келісімшарт биржадағы сауда тақырыбы, туынды қаржы құралдары тобына жатады. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер — валюта бағамы, жетекші компаниялар  акцияларының  бағамы, пайыз нысанында табыс әкелетін активтер- депозиттероблигациялар,тауарлар, биржалық индекстер. Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді.

Фьючерстік келісімдер орналастыратын және орналастырмайтын болып бөлінеді. Орналастыратын келісімді аяқтау үшін активті жеткізу мен келісім жасау. Ал орналстырмайтын келісімді аяқтау үшін кері келісім арқылы яғни алдымен келісімге отыру арқылы жасалады.

Фьючерстік келісімнің нарықтық құны сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

Фьючерстік келісімге тән белгілер:Биржада онда қабылданған шарттар бойынша жасалады. Сондықтан жоғары икемді; Стандартты болып келеді. Яғни инвестордың і келісімді сатуы да сатып алуы де тез жүреді;

Келісімнің іске асуы биржадағы клирингтік палатамен кепілдендіріледі. Ол үшін міндетті кепілдеме қойылады.

Форварттық және фьючерстік келісімдерінің айырмашылықтары

Форвард

Фьючерс

Валюта нарығының контрагенттері

Сатушы, сатып алушы банктер

Сатушы биржалық төлем палатасы, сатып алушы биржаның делделдары

Валюталық келісім шарты көлемі бойынша

Жеке түрде көлемі, мерзімі анықталады

Стандартты түрде

Бағаның қалыптасуы

Еркін түрде курстар белгіленеді

Валюталық биржалық котировкалар бойынша

Кепілдік бойынша

Жеке түрінде

Кепілдік депозиті болуы тиіс

Ақпараттануы бойынша

Ақпарат шектеулі

Ақпарат шексіз, ашық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]