Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mvfo_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
492.71 Кб
Скачать

26. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері

Валюта нарығының операция түрлері: Спот валюта нарығы ағымды валюта нарығы мен мерзімді валюта нарығы

Спот келісімдері - қарапайым стандартталған келісімдер негізінде жүргізілетін және есептеулері 2 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалатын екі валюта айырбасы. Соңғы кездері қалыптасқан валюта саудасына қарамастан спот әлемдік валюта нарығында әлі де маңызды орынға ие болып келеді.

Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.

Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр. Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:

Форвардық валюталық операциялар-бұл валюта айырбасының алдын ала келісілген курсы бойынша бүгін жасалып, бірақ келісім орындалуы болашақта белгілі бір мерзімге ауыстырылған келісім.

Форвардық операциялар 1 жыл мерзімге дейін жасалады. Олардың стандартты кезеңдері болады: 1, 2, 3, 6 ай және бір жыл тікелей валюталандыру күнімен.

Фьючерстік келісімшарт — биржа активін мәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату (жеткізу) жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім. Мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор, т.б. бір ізге түсіріледі. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер — валюта бағамы (валюталық фьючерс), жетекші компаниялар  акцияларының  бағамы (қор фьючерсі), пайыз нысанында табыс әкелетін активтер- депозиттероблигациялар (пайыздық фьючерс), тауарлар (тауар фьючерсі), биржалық индекстер (индекстік фьючерс). Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді.

Опцион – сатып алушыға белгілі төлем арқасында құқық беретін, бірақ белгіленген күні белгіленген бағамен валютаны сату немес сатып алуға міндеттемейтін келісім. Ол сатып алушыға сатып алуға (call option) немесе сатуға (put option) құқық береді.

Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы алады.Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]