
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Резервтік валюталарға анықтама беріңіз, олардың әлемдік валюта жүйесіндегі рөлін түсіндіріңіз, негізгі түрлерін атаңыз
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттарын мен мәселелерін сипаттаңыз.
- •9. Алтынның әлемдік нарығын және оның қазңргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз.
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясынның мәні мен маңызын түсіндіріңіз
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдерін атаңыз. Қазіргі жағдайдағы еурозонаны сипаттаңыз
- •13. Валюта бағамдарының есептік түрлерін сипаттаңыз, олардың мағынасы мен маңызын формулар арқылы түсіндіріңіз
- •14. Валюта бағамдарының тәртіптерін атап, сипаттаңыз, соның ішінде хвқ-ның классификациясы бойынша, мысал келтіріңіз
- •15. Тепе-теңдік валюта бағамы ұғымына анықтама беріңіз және график арқылы түсіндіріңіз
- •16. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруін сипаттаңыз
- •17. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясының негізгі идеялары мен маңызын түсіндіріңіз
- •18. Пайыздық мөлшермелердің (ставкалардың) валюта бағамына әсерін түсіндіріңіз, формуларды келтіріңіз,. Фишердің әсерін түсіндіріңіз
- •19.Мемлекеттің валюталық саясатының қажеттілігін, мәнін, түрлері мен құралдарын сипаттаңыз.
- •20.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формаларын түсіндіріңіз.
- •21. Орталық банктің валюталық интервенцияларының түсінігін, мақсаттары мен іске асыру механизмін түсіндіріңіз.
- •22.Қр валюталық заңнамасының негізгі құрамдарына, валюталық реттеуіне сипаттама беріңіз, валюталық реттеудің негізгі органдарын атаңыз.
- •23. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешеліктері мен функцияларын сипаттаңыз.
- •24. Валюта нарығының қатысушыларын атаңыз, түрлері мен құрылымына сипаттама беріңіз.
- •25.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •26. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •27.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •28.Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •29. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •30. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •31. Валюталық тәуекелдердің басқару әдістеріне сипаттама беріңіз
- •32. Әлемдік қаржы нарығының ерекшеліктерін, функцияларын мен құрылымын сипаттаңыз.
- •33. Халықаралық несиенің мәнін, қағидаларын, функциялары мен түрлерін атап көрсетіңіз.
- •34. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Еуровалюта ұғымын түсіндіріңіз.
- •35. Еурооблигациялар, еуровексельдер және еуроноталар нарығын сипаттаңыз.
- •36.Еуробанктердің ерешеліктерін түсіндіріңіз. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдерін атаңыз.
- •37. Халықаралық Валюта Қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарын реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз.
- •38. Бүкіләлемдік банк тобының құрылымын және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлін түсіндіріңіз
- •39. Халықаралық есеп айырысу банкінің функцияларын мен негізгі операцияларын атаңыз, оларды түсіндіріңіз
- •40.Әлемдік валюта жүйесіндегі аймақтық банктердің қызметтері мен рөлін түсіндіріңіз
25.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Валюта бағамы деп-әртүрлі мемлекеттің ақша өлшемдерінің арақатынасын, яғни басқа елдің ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасын айтамыз. Сонымен қатар валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие –қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Валюта бағамының қалыптасуы көп факторлы процесс. Валютаға деген сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:- инфляция қарқыны;- пайыз мөлшерінің деңгейі;- бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;- төлем баланысының жағдайы; Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістердің әр түрін қолданады. Ол әдістер мыналар:-валюталық интервенция, орталық банктің ашық нарықтағы операциялары ,-орталық банктің пайыздық мөлшер деңгейін немесе міндетті резервтер нормасын өзгертуі.
Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын (қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығынды валюта бағасын белгілеудің 2 әдісі бар: тікелей және жанама.
Тікелей котировка деп – шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады.
Жанама котировка деп – ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының көрсетуін айтамыз.
Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 ж. бастап АҚШ қолдануда.
Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде кросс-курсті негізге алады.
Кросс-курс дегеніміз – ол екі валюта бағамының үшінші валютаға қатысты арақатынасы. Банктер сатушы және сатып алушы бағамын белгілейді.
Сатушы бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы.
Сатып алушы бағамы дегеніміз – банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша стаып алушы бағамынан стаушы бағамы жэоғары болады. Олардың арасындағы айырмашылық банктің пайдасын құрайды. Сонымен қатар, ресми, банк аралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банк аралық влюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарығы қолданылатын негізгі бағамы – банк аралық баға. Банк аралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.
Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі экспортшыға тиімді, себебі, ол қымбаттаған шетел валютасымен түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Яғни, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы көбейтуге ұмтылады. Мұнда импортшылар ұтылады, себебі, валютаны келісім шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі. Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс-жүзіндегі қарыз төмендейді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта – экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылығындағы орнына байланысты болады.