Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mvfo_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
492.71 Кб
Скачать

18. Пайыздық мөлшермелердің (ставкалардың) валюта бағамына әсерін түсіндіріңіз, формуларды келтіріңіз,. Фишердің әсерін түсіндіріңіз

Пайыздық қойылымдар паритетінің теориясы- бізге валюта бағамына пайыздық қойылымдардың әсерін көрсетеді. Жалпы тепе-теңдік теориясы мен салыстырамалы қойылымдар теориясы валюта бағамының дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын анықтайды. Оның себебі, тауарлардың бағалары макроэкономикалық жағдайлар өзгергеннен кейін бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана өзгереді. Мысалы, ақша теориялары валюта бағамының қысқа мерзімді тербелісін түсіндіреді. Ақша теориясында маңызды теория пайыздық қойылымдар теориясы. Бұл теория бойынша валюта бағамына пайыздық қойылымдар әсерін тигізеді. Пайыз қойылымы паритеті ( in terest rate parity — ел ішіндегі және шетелдегі көлемдері бойынша тең депозиттердің бір валютаны аударуда бірдей пайда беретін пайыз қойылымының деңгейі.

Пайыз қойылымы паритеті концепциясынан тепе-тең валюта бағамын анықтауға болады.

Пайыздық қойылым- қаржы активтерінен түсетін табыс. Мысалы, инвестор өз ақшасын пайызға әкелетін қаржы активтеріне жұмсасын. Оның алдында таңдау болады. Өз елінде ұлттық валютамен немесе шетелде шетелдік валютамен инвестициялау керек. Бұл таңдау мәселесін шешу үшін, ол ең кемінде 3 экономикалық көрсеткішті қарастырады:

  • Өз еліндегі пайыздық қойылым

  • Шетелдегі пайыздық қойылым

  • Валюта бағамының болашақта өзгеруін

Ұлттық валюталардағы шетелдік инвесторға табыс шетелдегі пайыздық қойылымдар немесе ұлттық валюта бағамының құнсыздану/ өсуі

Егер, r d - ҰПҚ , r f - ШПҚ,

E t - ұлттық валютаның t уақыттағы айырбас бағамы

E t+1 - Ұлттық валютаның t +1 болашақтаға айырбас бағамы

µ- инвестордан күтілетін табыс

Егер, осы айырма теріс болса, инвестор шетелде табысты көп қамтамасыз етеді.

Егер, қаржы активтерінің халықаралық қозғалысына ешқандай кедергі болмайтын болса, онда капитал төмен пайыздық қойылымы бар елден жоғары пайыздық қойылымы бар елге ауысады.

Пайыздық қойылымдар паритетінің шартын басқаша анықтауғы болады.

Шетелде және өз еліндегі пайыздақ қойылымдар айырмашылығы ұлттық валютаның шетелдік валютаға қатысты валюта бағамының өзгеруіне тең болады.

Осыған орай ұлттық валютаның бағамы өседі егер,ұлттық пайыздық қойылымдар өсетін болса, ал шетелдің валюталық қойылымдар төмендейтін болса немесе болашақта ұлттық валютаның өсуі болса. Фишер эффектісі – пайыздық қойылымдар мен инфляция қарқындарының арасындағы өзара байланысын көрсетеді. Ұзақ мерзімде валюта бағамының өзгеруі келесі формулаға сәйкес болады.

, π - инфляция деңгейі

Фишер эффектісіне сәйкес:

  • номиналды пайыз қойылымының артуы нақты пайыз қойылымынң артуы салдарнынан ұлттық валюта бағамының артуына алып келеді.

  • номиналды пайыз қойылымының артуы инфляция күтімінің артуы салдарынан ұлттық валюта бағамының кемуіне алып келеді.

19.Мемлекеттің валюталық саясатының қажеттілігін, мәнін, түрлері мен құралдарын сипаттаңыз.

Валюталық саясат дегеніміз – елдің ағымдағы және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюта өрісінде жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы. Бұның өзі экономикалық өсудің тұрақтылығын, жұмыссыздық пен инфляция деңгейлерінің төменділігін, төлем балансының тепе-теңділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.Валюталық саясаттың бағыттары мен формалары елдің валюта-экономикалық жағдайымен, дүниежүзілік шаруашылық эволюциясымен, дүниежүзілік аренадағы күштер арасалмағымен анықталады. Заң жүзінде валюталық саясат валюта заңнамасымен қалыптастырылады. Ал, валюталық заңнама дегеніміз – мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты келісімдер арқылы валюталық құндылықтармен операциялар жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Валюталық саясатты жүзеге асыру құралдарының бірі – валюталық реттеу. Валюталық реттеу дегеніміз – ұлттық, мемлекетаралық деңгейлерде жүзеге асатын валюталық операциялар жүргізу тәртібін мемлекеттік регламенттеу әрекеттері. Тікелей валюталық реттеу заңнамалық актілерді және атқарушы билік іс-қимылдарын жүзеге асыру негізінде жүргізіледі.Валюта саясатының, негізінен, дисконттық, девиздік сондай-ақ валюталық интервенция, валютаны шектеу, валюталық резервті диверсификациялау,девальвация мен ревальвация түрлері қолданылады. Дисконттық валюта саясаты — орталық банктің капиталдың халықараралық қозғалысына, ішкі кредитті тиімді бөлуге, ақша массасына, баға және жиынтық сұранысқа әсер ету жолымен төлем балансы мен валюта курсын реттеуге бағытталған есепке алу ставкасын көтеру не төмендету саясаты. Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды артгыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді. Девиздік валюта саясаты — шет ел валютасын сатып алу — сату жолымен ұлттық валюта курсын реттеу. Орталық банк ұлттық валюта курсын жоғарылатуды көздесе, шет ел валютасын сатып алады, ал төмендету үшін сатады. Девиздік валюта саясаты валюта интервенциясы түрінде жүргізіледі.Валюта интервенциясы дегеніміз — шетелдік валютаның ірі топтамасын сату не сатып алу жолымен елдің орталық банкісінің валюта рыногы мен валюта курсына нысаналы түрде бір рет ықпал етуі. Валюта интервенциясы мемлекеттің алтын-валюта қоры не орталық банктің банкаралық “своп” (қолма-қол) келісімі негізінде қысқа мерзімді кредит түрінде ұлттық валюта есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттің валюта саясатының құрамдас бөлігінің бірі — валюталық шектеу. Валюталық шектеу — валютамен, алтынмен, басқа да валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларды шектеу жөніндегі заңды немесе әкімшілік жолмен белгіленген ережелер мен нормалардың жиынтығы. Ол сырттан валюта әкелу мен шетке валюта шығаруды, аударуды реттейді, еркін сатуға тыйым салады, валюталық операцияларға бақылау жасайды, кәсіпорындарды валюталық түсімнің бір бөлігін сатуға міндеттейді. Валюталық резервтерді диверсификациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты. Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады. Валюта саясатының дәстүрлі әдістері девальвация мен ревальвация әдістері болып табылады. Девальвация – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға немесе халықаралық валюта бірліктеріне қатысты төмендету. Бұл шараның объективті негізін ресми валюта бағамының рыноктық бағамнан артып кетуі қалайды. Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға немесе халықаралық валюта бірліктеріне қатысты жоғарылату.Валюталық саясат өзінің мақсаты мен формасына байланысты құрылымдық және ағымдық болып екіге бөлінеді. Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзілік валюта жүйесіне құрылымдық өзгерістер енгізуге бағытталған ұзақ мерзімді шаралар. Ағымдағы валюталық саясат – валюта бағамын, валюталық операцияларды, валюта рыногы мен алтын рыногын күнделікті реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]