Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mvfo_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
492.71 Кб
Скачать

14. Валюта бағамдарының тәртіптерін атап, сипаттаңыз, соның ішінде хвқ-ның классификациясы бойынша, мысал келтіріңіз

Валюта бағамы - екі валюта арасындағы арақатынас яғни белгілі бір валютаның басқа елдің ақша бірліктеріі арқылы көрсетілген өзгеше “баға”. Екі валюта арасындағы арақатынас заңды түрде орнатылады немесе нарықтағы сұраныс пен ұсыныыстың негізінде қалыптасады. Ұлттық валютаның бағамы елдің макроэкономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың барлығына өте үлкен ықпалын тигізеді:

- валюта айырбастау операцияларына ;

- халықаралық саудаға;

- инвестицияның халықаралық қозғалысына және т.б.

Валюта бағамы елдің сыртқы тепе теңдігіне төлем балансының қалпына көп әсерін тигізеді. Валюталық жүйені функциялау үшін валюта бағамының тәртібі өте маңызды. Екі тәртіп бар.

1) Бекітіліген ( тар көлемде тербелуді болуы мүмкін );

2) Қалқымалы ( сұраныс пен ұсыныстың әсерінен қалыптасады).

ХВҚ жіктеуі бойынша 1982ж барлық мемлекеттердің валюталары бағамның еркін өзгеру сатысна байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

- бекітілген валюта бағам; - валютанның шектелген икемді бағамы; - қалқымалы валюта бағам.

Қалқымалы валюта бағамы – валюта бағамы тек қана нарықтық күштің әсерінен қалыптасады.

Бекітілген валюта бағамы – белгіленген шекте ғана валюта бағамының қалқымалы болуы қажет. Егер де осы шектен асатындай жағдай болса онда Орталық банк интервенция жүргізеді және валюта нарығындағы тенденцияны өзгертуге тырысады.

Американдық экономисттер Роберт Манделл мен Маркус Джеймс Флеминг “Манделл Флеминг” деген модель құрасырған. Осы модельдің басты қорытындысы ол Кіші ашық экономикадағы (МОЭ) экономикалық саясат белгіленген айырбас бағамы бекітілген немесе қалқымалы болуына тікелей байланысты.

Манделл Флеминг моделі бойынша қалқымалы валюта бағамында бюджеттік салықтық саясат айырбас бағамның көлеміне әсер етеді, бірақ жиынтық шығарылымға (выпуск) әсер етпейді. Жиынтық шығарылымның көлемі сәйкес келетін ақша кредиттік саясаттың жүргізілуі арқыы реттеліп отырады. Ал бекітілген валюта бағамында манделл флеминг моделі бюджеттік салықтық саясат ең тиімді екенін көрсетті , себебі дискреционды ақша кредиттік саясат жүргізу мүмкін емес болады.Бекітілген Валюта бағамы Орталық банк белгіленген валютада ұлттық валютаны сатуға немесе сатып алуға мәжбүр болуды білдіреді. Мемлекеттің экономикасының тиімділігі немесе нәтижелі болуы тікелей валюта бағамының тәртібіне тәуелді.

15. Тепе-теңдік валюта бағамы ұғымына анықтама беріңіз және график арқылы түсіндіріңіз

Шетел валютасының басқа да тауарлар сияқты ұсыныс пен сұраныс әсерінен валюта нарығында бекітілетін бағасы болады. Нарықтың өзгермелі шарттарына байланысты валюта бағасы өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Шетел валютасы ұлттық валютада бағалануы нәтижесінде шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты тепе теңдік валюта бағамы пайда болады.

Тепе теңдік валюта бағамы(equilibrium exchange rate)- халықаралық саудаға шектеудің, капиталдың келіп кетуіне арнайы ынталандыру және шамадан тыс жұмыссыздықтың болмау шартында төлем балансының тепе теңдігін қамтамасыз ететін валюта бағамы.

Басқа сөзбен айтқанда, валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде төлем балансының тепе теңдігі мемлекеттік қысқа мерзімді экономикалық саясатының көмегімен емес, іргелі экономикалық заңдылықтардың қызметі нәтижесінде қамтамасыз етілуі тиіс. Бұдан, тепе теңдік төлем балансы валюта бағамының тепе теңдігін қамтамасыз ететін негізгі іргелі экономикалық заңдылық болып табылады.

Ұлттық валютаның тепе теңдік валюта бағамы шетел валютасына сұраныс пен оған ұсыныс қисықтарының қиылысында пайда болады. Бұл қисық графикалық тұрғыдан жай тауарға деген сұраныс пен ұсыныс баланс графигі сияқты көрінеді.

(2.2 cурет – тепе теңдік валюта бағамы 59бет Киреев)

Егер теңгені ұлттық валюта, ал долларды шетел валютасы деп; ал горизонтальді оське доллармен есептелінетін импортқа кететін шығындар мен экспорттан түсетін табыстарды; ал вертикальді оське теңге бойынша доллар құнын(теңгенің валюталық бағамын) белгілесек, валюта бағамын долларға сұраныс пен ұсыныстың белгіленген көлемінде мынадай анықтауға болады. График бойынша, валюта нарығының тепе теңдігі А нүктесінде, бұл нүкте долларға деген ұсыныс пен сұраныстың теңдігін көрсетеді. Бұл жағдай доллар 150 теңгеге тең кезінде орын алды, яғни 1 доллар=150 теңге валюта бағамы. Егер доллар 140 теңгеге дейін арзандаса, доллар ұсынысы азаяды да В нүктесіне көшеді. Ал сұраныс С нүктесіне дейін өседі. ВС сызығы нарықтағы валюта тапшылығын көрсетеді. Нарық заңына сәйкес, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі бағаның көтерілуіне алып келеді. Және бұл баға тепе теңдік А нүктесіне келгенге дейін өсе береді. Ал егер доллар бағамы 170 теңгеге дейін көтерілсе, керісінше жағдай орнайды. Яғни, долларға деген сұраныс төмендеп, D нүктесіне дейін жетеді, ал ұсыныс Е нүктесіне дейін өседі. DE сызығы нарықтағы валютаның артықшылығын көрсетеді. Нәтижесінде, валюта бағамы тепе теңдік А нүктесіне дейін түскенше төмендей береді.

Сандық жағынан мына графиктің мәні мұнда: 1 долар 150 теңге валюта бағамында 4 млн доллар сатылады және сатып алынады. Ал доллар бағамы 140 теңгеге төмендесе, доллар ұсынысы 3 млн доллар болады, ал сұраныс 5 млн доллар. Валюта дефициді: 3-5=-2 млн доллар. Ал доллар бағамы 170 теңгеге дейін өссе, доллар ұсынысы 6 млн доллар, ал сұраныс тек 2 млн доллар. Валюта артықшылығы 6-2=4 млн доллар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]