
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Резервтік валюталарға анықтама беріңіз, олардың әлемдік валюта жүйесіндегі рөлін түсіндіріңіз, негізгі түрлерін атаңыз
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттарын мен мәселелерін сипаттаңыз.
- •9. Алтынның әлемдік нарығын және оның қазңргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз.
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясынның мәні мен маңызын түсіндіріңіз
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдерін атаңыз. Қазіргі жағдайдағы еурозонаны сипаттаңыз
- •13. Валюта бағамдарының есептік түрлерін сипаттаңыз, олардың мағынасы мен маңызын формулар арқылы түсіндіріңіз
- •14. Валюта бағамдарының тәртіптерін атап, сипаттаңыз, соның ішінде хвқ-ның классификациясы бойынша, мысал келтіріңіз
- •15. Тепе-теңдік валюта бағамы ұғымына анықтама беріңіз және график арқылы түсіндіріңіз
- •16. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруін сипаттаңыз
- •17. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясының негізгі идеялары мен маңызын түсіндіріңіз
- •18. Пайыздық мөлшермелердің (ставкалардың) валюта бағамына әсерін түсіндіріңіз, формуларды келтіріңіз,. Фишердің әсерін түсіндіріңіз
- •19.Мемлекеттің валюталық саясатының қажеттілігін, мәнін, түрлері мен құралдарын сипаттаңыз.
- •20.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формаларын түсіндіріңіз.
- •21. Орталық банктің валюталық интервенцияларының түсінігін, мақсаттары мен іске асыру механизмін түсіндіріңіз.
- •22.Қр валюталық заңнамасының негізгі құрамдарына, валюталық реттеуіне сипаттама беріңіз, валюталық реттеудің негізгі органдарын атаңыз.
- •23. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешеліктері мен функцияларын сипаттаңыз.
- •24. Валюта нарығының қатысушыларын атаңыз, түрлері мен құрылымына сипаттама беріңіз.
- •25.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •26. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •27.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •28.Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •29. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •30. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •31. Валюталық тәуекелдердің басқару әдістеріне сипаттама беріңіз
- •32. Әлемдік қаржы нарығының ерекшеліктерін, функцияларын мен құрылымын сипаттаңыз.
- •33. Халықаралық несиенің мәнін, қағидаларын, функциялары мен түрлерін атап көрсетіңіз.
- •34. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Еуровалюта ұғымын түсіндіріңіз.
- •35. Еурооблигациялар, еуровексельдер және еуроноталар нарығын сипаттаңыз.
- •36.Еуробанктердің ерешеліктерін түсіндіріңіз. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдерін атаңыз.
- •37. Халықаралық Валюта Қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарын реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз.
- •38. Бүкіләлемдік банк тобының құрылымын және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлін түсіндіріңіз
- •39. Халықаралық есеп айырысу банкінің функцияларын мен негізгі операцияларын атаңыз, оларды түсіндіріңіз
- •40.Әлемдік валюта жүйесіндегі аймақтық банктердің қызметтері мен рөлін түсіндіріңіз
1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
Әлемдік валюта жүйесі – мемлекетаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Әлемдік валюта жүйесі ХІХғ орта тұсында қалыптасты.
Дүниежүзілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Әлемдік валюталық жүйе жаһанды шаруашылық мақсаты көздеседе, реттеу мен қызмет етудің ерекше механизмі бар болса да әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланысты. Бұл байланыс СЭҚ-ке қызмет көрсететін ұлттық банктер арқылы жүзеге асырылады және жетекші елдердің мемлекетаралық валюталық реттеулер мен валюталық саясатты үйлестіруінен көрінеді. Ұлттық және әлемдік валюта жүйелерінің байланысы олардың тепе-тең екенін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет ету мен реттеу шарттары, жекелеген елдерге және әлемдік экономикаға әсерлері әртүрлі. Олардың байланысы мен өзгешелігі олардың элементтерінен көрінеді.
Ұлттық валюталық жүйе элементтері: Ұлттық валюта, Ұлттық валютаның алмастырылу шарты, Ұлттық валюта паритеті, Ұлттық валюта бағамының режимі, Валюталық шектеудің және валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы, Елдің халыкаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу, Халыкаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу, Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу, Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі(тәртібі), Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдар.
Әлемдік валюталық жүйе элементтері: Резервтік валюталар мен халықаралық есептесуге арналған валюталық бірліктер, Валюталардың өзара айырбасталу шарты, Валюталық паритеттерінің ортақ режимі, Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы, Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу, Халыкаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралык реттеу, Халықаралық несиелік айналыс құралдарды пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы, Халыкаралық есеп айырысудың негізгі нысандарының біртұтастығы, Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі, Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халыкаралық ұйымдар.
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Аймақтық валюта жүйесі –бір аймақтағы елдердің валюта саласындағы қатынастарының ұйымдық - экономикалық нысаны. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.