
- •3 Мұнай құбырларындағы қысымды автоматты реттеу....................................49
- •1 Автоматтандыру объектісі ретіндегі магистральды мұнай құбыры
- •1.1 Құбырлардың жіктелуі
- •1.2 Мұнайды құбырлық тасымалдау жүйелерін автоматты басқару тапсырмалары
- •1.3. Мұнайды тасымалдауға дайындау
- •1.5.Магистралды құбырдағы мұнайды тартып алу және лақтыру.
- •1.6. Магистралды мұнай құбырларын жоғары және төмен қысымды толқындардан қорғау құралдарының сыни анализі және жалпы шолу
- •2.1.Қттж тағайындалуы мен құрамы
- •2.2.Қысым толқындарын түзеткіш жүйе (қттж).
- •2.3.Қттж әрекет ету принципі
- •2.4 Сорғыш аймақ
- •2.6. Техникалық құралдар кешені
- •Автоматтандыру барысында қолданылатын техникалық құрылғылар спецификациясы
- •Электр сызбасының спецификациясы
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1.3 Автоматты техникалык өнімдердің есептелуі кезіндегі шығындар
- •4.2 Жылдық экономия мен экономикалық тиімділікті есептеу
- •4.2.2 Жылдық экономия
- •4.2.3 Жылдық экономикалық тиімділік
- •4.2.4 Өтеу мерзімі
- •5.6 Нольдену
- •5.7 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
4.2.2 Жылдық экономия
Э=Ш 1 - Ш 2 = 879567,6 -207417,6 = 672150 тенге
4.2.3 Жылдық экономикалық тиімділік
Бір жылдық экономия мына формуламен есептелінеді:
ЭТИТМ = Э - ЕП * КҚОС ;
Мұнда: Э-жылдық экономия;
ЕП — тиімділік коэффициенттерінің мөлшері;
Кқос-қосымша капиталды шығын;
ЭТИТМ = 672150 - 0,32*1284837 = 261002,16 теңге
4.2.4 Өтеу мерзімі
ТӨ..М=Кқос/ЭТИТМ = 1284837/672150=1,9жыл
өз кұнын өтеу уақыты 1,9жыл;
ЕР=1/ТӨ..М= 1/ 1,9=0,52;
ЕР>ЕП; 0,52>0.32
4. Еңбек қорғау
Еңбек қауіпсіздігін және еңбек қорғау мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағдарламасын қабылдаған. Бағдарлама аса маңызды жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге, республика халқының денсаулығын жақсартуға, оның өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, еңбекті қорғау мен еңбек қаіпсіздігін жетілдіруге бағдарланған.
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528 Заңы бойынша Қазақстан Республикасының әр азаматының, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қауіпсіз еңбек етуге мүмкіндігі бар. Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процессінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай–ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. Онда мемлекеттік қызметтегі әр бір қызметкердің жұмыс уақыты күніне 8 сағаттық, ал аптасына 40 сағаттық жұмыс уақыты белгілнеген және жылына бір рет кезекті демалыс алуға құқығы бар.
Осы Заңдарға байланысты әрбір азамат қауіпсіз жұмыс жағдайында еңбек етуге құқығы бар. Бірақ, өкінішке орай, әр жұмыс орнында толық қауіпсіз және зиянсыз жұмыс жағдайын құру мүмкін емес. Сондықтан еңбек қорғауға қатысты әртүрлі шараларды іске асыру жолдарын қарастыруды, жұмыс орнында пайда болатын, адамға әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды төмендету, жоғары өнімділікке әсер ететін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыруды қажет етеді.
Ұйымдардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді. Сондай-ақ, өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
Еңбекті қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін инструктаждар немесе нұсқамалар жүргізіледі, енгізу ( ішкі тәртіп ережелері және өндірістік санитариялар және техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы жағдайлармен таныстыру мақсатында), алғашқы нақты жағдаймен таныстыру мақсатында қайталану үш айда бір реттен көп емес, жоспардан тыс жаабдықтар модернизациясы, технологиялық үрдістер, еңбек қауіпсіздігі шарттары өзгергенде және бақылау мен қадағалаудың барлық түрлері орындалады – оперативті бақылау, әкімшілік-қоғамдық бақылау, ведомствалық бақылау, мемлекеттік қадағалау.
Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілу деңгейін бағалау арқылы сол мемлекеттің экономикалық даму деңгейін, тұрақтылығын және салты мен өнегесін бағалауға болады. Еңбек ету жағдайын жақсартудың және еңбек қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылатудың экономикалық механизміне, еңбекті қорғау үшін жасалатын барлық есептеулер және шығындар бойынша толық ақпарат барлық қаржыландыру деректері бойынша, қауіпті және ерекше қауіпті еқбек жағдайларының барлық түрі бойынша өтем ақы шығындары, осы шығындардың мөлшері мен тиімділігінің оперативті анализін қамтамасыз ету, еңбекті қорғауға экономикалық қамтамасыз ету қаншалықты керек екенін жорамалдау жатады.
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік–экономикалық, ұйымдық–техникалық, санитарлық–гигиеналық, емдеу–алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процессінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.
Жалпы еңбек қорғау талаптарын сақтау, олардың тиісінше орындалуына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету үшін саны 50 қызметкерден асатын әрбір ұйымдарда еңбекті қорғау қызметі құрылады. Егер қызметкерлер саны 50 ден кем болса, онда еңбекті қорғау бойынша инженер шарт бойынша алынады. Жоғарғы оқу орнындағы еңбек қорғау инженерінің атқаратын міндеттері:
- Денсаулықты сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, еңбек қорғау бойынша стандарттар мен заңдарды сақтау;
- Еңбек жағдайын жақсартудың жиындық жоспарын жасау, сондай-ақ ұжымдық шарттар жасау, қаржыландыру мен жоспарлардың орындалуын қадағалау;
- Еңбекті қорғау жағдайын жүйелі бақылауды, өртке қарсы қорғалу шараларының орындалуын ұйымдастыру;
Жоғарғы оқу орнындағы еңбек қорғау инженерінің өз кабинеті бар. Ол кабинет шағын болғанымен барлық санитарлы-гигиеналық талаптар сақталынған, сонымен қатар, кабинетте еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау туралы заң, еңбек қорғау туралы бірнеше кітаптар бар.
Менің дипломдық жобам, адамдардың тікелей дербес компьютерлермен қатынаста болуын талап етеді. Сондықтан да дербес компьютерді пайдаланушы мекемелер мен ғимараттар, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау барысында санитарлық-гигиеналық, микроклиматтық, электр және техникалық, өрт қауіпсіздік талаптарын орындау тиіс.
Санитарлы-гигиеналық талап - бұл өндірістік санитария және еңбек гигиенасы түсінігін құрайтын ұйымдастырылған, гигиеналық және емдеу-сақтандыру шаралары және амалдары.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының анализі
Есептеу және өлшеу техникалары қондырылған бөлме қауіптілігі жоғары категорияға жатады. Есептеу орталығы бөлмесінде шу деңгейінің шамасы 85-90 Дб-ге жетеді, бұл СН-245-71 талабын жоғарылатады. Ашық ток жүргізілген бөлімдер - қауіпті аймақтар. Техникалық құралдардың қоректену кернеуі - 220 В, қысқа тұйықталған- ток - 60 А.
Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға мынадар жатады:
1) жұмыс орнын күндізгі және түнгі уақыттарда жарықтандыру;
2) жылдың жазғы уақытында бөлме ішіндегі артық жылу;
3) адамның электр тоғымен зақымдану мүмкіндігі;
4) өрт шыққан кезде кұю және уланып қалу мүмкіндігі;
5) шу, зиянды заттар.
Ұйымдастыру шаралары
Еңбек қорғау жұмысын басқару, ұйымдастыру, сонымен қатар оның жағдайына жауапкершілік, магистралды газ құбырының бас директорына және бас инженеріне, ал жобалау бөлімінде - кәсіпшілік бастығына жүктеледі. Еңбек қорғауды ұйымдастыру үшін орталық пункт басқармасында еңбек қорғау бөлмесі; еңбек қорғау инженері, ал жобалау бөлімінде – еңбек қорғау бұрышы.
Қауіпсіздендіру техника нұсқауынан өткен адамдар ғана, жұмысқа жіберіледі. Жобалау бөлімінде нұсқаулардың келесі түрлері қарастырылады:
1) енгізілген нұсқау жұмысшыларды кауіпсіздік техникасының жалпы қағидаларымен, өндірістік санитариямен, негізгі заңдылықтар және ішкі жұмыс тәртібінің қағидаларымен таныстыру мақсатында жүргізіледі. Бұл нұсқауды еңбек қорғау инженері оның мамандығына, квалификациясына, стажына, білімі немесе қызмет орнына тәуелсіз жұмысқа қабылданғандардың барлығымен 2 сағат шамасында жүргізеді.
2) Нұсқау жұмыс орнында нақты мамандықтар үшін қазіргі еңбек қорғау нұсқауларымен таныстыру мақсатында жүргізіледі. Ол әр жұмысшымен жеке түрде қауіпсіздік әдістерді көрсетумен жүргізіледі.
3) Күнделікті нұскау өндірісте қауіпті жұмыс алдында жүргізіледі.
4) Қайталау нұсқауы квалификациясына тәуелсіз барлық жұмысшылармен жүргізіледі. Бұл нұсқау жарты жылда бір рет жеке немесе топпен бірге жүргізіледі.
5) Жобалаусыз нұсқау қауіпсіздік техникасының нұсқауы өзгерген кезде, жабдық немесе технологиялық үрдістерді ауыстырған кезде жүргізіледі.
Жұмысшы қауіпсіздік техникасын бұзғанда жүргізіледі.
Еңбек қорғау заңдылықтарын сақтау Мемлекеттік қадағалаудың техникалық инспекторы, мемлекеттік санитарлық инспекция және жергілікті комитет профсоюзының инспекторлары жүргізеді.
Есептеу орталығында (Е.О.) ай сайын Е.Қ. туралы журналдар тарату, лекция жүргізу, қауіпсіздік техникасы қағидасының бұзылуы туралы ақпаратты қағаздар шығарылуы қарастырылады.
Санитарлы - гигиеналық шаралар
Кәсіпорында жұмысшыларға емдеп-сақтандыру қызметін кәсіпорынның санитарлық бөлімі іске асырады. Медициналық қызметкер жұмысшыларға жүйелі бақылау өткізіп, кезеңді медидциналық байқау жүргізеді. Осындай байқаулардың негізінде санитарлы-гигиеналық және емдеп-сақтандыру шаралары көзделеді. Санитарлы мәдениет пен тазалықты бақылау сақтандыру жұмысының маңызды жағы болып табылады. Санитарлық ағарту мен эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі.
Арнайы киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етіп, сақтандыру
Арнайы киім жұмысшыларды қоршаған ортаны өндірістің жағымсыз әсері мен қауіпті факторларынан қорғай отырып, организмнің қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.
Жұмысшыларға мақтадан тоқылған шалбар мен курткалар, сонымен қатар кирзи етіктер немесе ботинкалар беріледі. Станцияда жүргенде қызметкер арнайы тыныс мүшелерін сақтайтын респиратор және каскаларды қолдануы тиіс. Арнайы киімді дұрыс кию жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Станцияда тұрмыстық бөлмелер бар, онда жұмыс киімдері үшін шкафтар және жұмысшылар үшін таза жуынатын бөлмелер бар.
ЭЕМ машиналық залында өндірістік шуды төмендету шаралары
Е.О. бөлмесіндегі шуды бағалау үшін шудың сипаттамасы қарастырылады, шудың деңгейі децибелмен. МЕСТ 16325-76 талабына сәйкес.
ЭЕМ жұмысы кезінде дауыс деңгейі 75 дБ-дан аспау керек. ЭЕМ машиналық залының дауысы ретінде, баспа қондырғылар, енгізу-шығару қондырғылары алынады. Магнитті жинау бөліміндегі шу 78-80 дБ құрайды. Басқару пультінде шу шамасы 68-78 дБ-ге дейін жетеді, ал бұл шу нормативті мәнінен жоғары.
Шуды төмендету үшін «Мосметаллоконструктор» өндіріс бірлестігі перфорирлік панельдер қолданылады. Толықтырушы ретінде минералдық плиталар қолданылады.
500-1000 Гц орташа жиілік шу деңгейін, қабырға беті және төбемен сорып алынады. Сонымен, шу денгейі нормативті деңгейге дейін төмендейді.
Табиғи және жасанды жарықты ұйымдастыру
Қанағаттанбаушы жарық жұмыс жүргізуді қиындатады, жұмысқабілеттілікті және еңбек өнімділігін төмендетуге әкеледі, көздің әлсіреуіне және шаршағандығына ұшыратады, техникалық адамдардың және оператордың жұмыстағы қабілеттілігіне әкеп соғады. Еңбек жағдайын болдыру үшін мағыналы мән – жұмыстық орнының рационалдық жарықтануы болып табылады, Объектінің кіші өлшемінің аз дәлдіктің айырымы 1 ден 5мм-ге дейін тең.
Күндіз ғимараттағы жарық табиғи болғанын, және сондай-ақ кешкі және түнгі уақыттағы ауысым-тәулік графигі бойынша жүргізілген жарық – ол жасанды.
Операторлық нүкте 6 данадан 3 қабаттарға люменесцентті лампамен жарық құрылғысы қарастырылған. ЛБ-80 түріндегі лампа.
Жасанды жарықтану жүйесіне жалпы талаптар СНиП. ІІ-А.9-71-ге енгізіледі. Жасанды жарық. Жобалау мөлшері.
Өртке қарсы шаралар
Операторлықта өртке қауіптілікті ток жүргізуші өткізгіш және ішкі кернеуде болатын электрондык жүйе элементтері және сондай-ақ мүмкіндік тоқтың өсуі арқылы дроссельдердің және трансформатордың жануынан пайда болады. ПУҚЭС ғимараттары өртке қауіпті Д категориясына жатады және қауіптің П-ші дәрежесіне ие. Өрт сөндіру үшін ОУ-5-2 дана және ОХП-10-1 дана өрт сөндіргіші ПУ-мен қамтамасыз етілген.
Сумен қамтамасыз ету ішкі су өткізгішен іске қосылады. Өрттің пайда болуы жағдайында адамдардың тез және қауіпсіз болуы үшін ғимаратта екі шығыс болады.
Ғимараттан жұмыскерлер эвакуациясының жоспары кіру кезінде орналасқан және әр қабатта баспалдақты алаңы бар. ПУ гимаратында өрттік сигнализация жүргізілген. Толқыннан қорғау мақсатында ҚЭС бөлімшесінің ғимараты және газ жүрістері найзағай сақтаумен жабдықталған. Өрттен қорғау үшін ОХП-10 өрт сөндіргіші қолданылады. ЭС құрылғысы орындарында өртті тоқтау үшін әр электірсүзбе есебінде екі дана мөлшерінде ОУ-5 қолмен өрт сөндіргіш болуы қарастырылады.
Жарылыстарды болдырмау бойынша шаралар
Жарылыс қауіпті газды қоспалардың зияндылардың жинақталуы және үлестірілуінің ескерту мақсатымен келесі жүйелер қарастырылады:
Газ тазарту апараттар құрылғысының орындарында газдары индивидуалды түрде сору жүйесі, сондай-ақ ағымды созылмалы желдеткіштің ҚЭС бөлімшесінің қажетті құрал—жабдықтары, ал операторлық пункті — ауа тазарту жүйесімен яғни берілген дипломдық есептелуі келтірілген.
Шудан корғану. Өндіріс ғимаратындағы шуды азайту үшін әртүрлі әдістер қолданылады; шуды, оны тудырғыш көзінде азайту; дауысты жұту мен дауысты бәсеңдету; шуды тұтындырғыш қондырғы; СИЗ-ді қолдану.
Механикалық шуды азайту үшін жабдыққа өз уақытын жөндеу жұмысын жүргізу, соққы үрдістерді соққысызға ауыстыру, ықтиарсыз май жағуды қолдану қажет.
Оператор бөлмесінде шудың көздеріне дисплейлік және баспа құрылғылары жатады. Дыбыстың қысым деңгейі (қызмет атқаратын және нормотивті)
Адам ағзасына зиянды әсерлер тек есту мүшесінің зақымдануын ғана емес, сонымен бірге жүйке жүйесінің қызметіне кері әсерімен сипатталады. Шудың адам ағзасына ұзақ уақыт бойы әсерінің нәтижесінде, келесі төмендегідей дерттерге шалдығуына әкеліп соғады: жүрек қағыс ритмінің бұзылуы, қан қысымының өзгеруі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы. Шу деңгейін төмендету үшін, дыбыс жұтқыш қаптама беттер, жеке қорғаныс қүралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Аэродинамиқалық шудың төмендеуін тындырғыш қондырғысымен дыбыс бәсендету конструкциясының аэродинамикасын азайту арқылы жетуге болады.
Электр магнитті шулар электрлі машиналардағы конструктивті өзгертулермен төмендетеді.
Электр қауіпсіздікпен қамтамасыз ету
Электроэнергия өндірісте өте кең тараған және аса кең қолданатын энергияның түрі болып табылады. Сондықтан электрқауіпсіздікпен қамтамасыз етуге өте көп уақыт бөлінеді, горизонталь және вертикаль ұзындығымен санын анықтау (шиналардың дәнекерленуі), жіберілген кедергінің жерге қосылу көлемінің ережелерін белгілеу, сонымен қатар жіберілетін кернеудің қадамы мен жұғысуы.
Жерге қосылған құрылғы өлшемі 30x80 метр болатын тіктөртбұрышты көрсетеді. Тік өзектің орнына диаметрі 30 мм, ұзындығы 3 метр болатын болат, ал горизонталь дәнекерлеу үшін диаметрі 30 мм болатын құбырды қолданамыз.
Генераторлармен трансформаторлардың 100 кВт қуатында жерге қосылған құрылғыға жабдықтың сырты 1000 В дейін кернеу қосылады, яғни оның кедергісін 4 Ом-нан жоғарлатпау керек.