Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.12 Кб
Скачать

9.Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және оның қандай қағидаларын қарастырыңыз

Рынокты сегменттеу - тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың мінез-құлқы мен тұтыну ерекшеліктеріне байланысты нарықты топтарға бөлу процессі. Сементтеудің негізгі мақсаты фирма үшін мақсатты аудитория табу. Тұтыну тауарлары рыногын сегменттеуде мына қағидалар алынады:

  • Географиялық негізде рынокты сегменттеуде сатып алушыларды мекендеу орнына немесе климат жағдайына байланысты бөледі.

  • Демография негізінде рынокты сегменттеу мына көрсеткіштермен сипатталады: жынысына қарап тұтынушыларды бөлу, жасына қарай, ұлтына қарай, біліміне қарай, табыстың деңгейіне қарай, отбасы адам санына қарай... демографиялық сегменттеуді жүргізу үшін халық санағы кең мүмкіндік береді.

  • Психографиялық негізінде тұтынушылар сипаттамалары бір тұтас кешенді болып келеді және мына көрсеткіштерге сүйенеді: қоғамдық топтарға қарай сегменттеу(жалпы тұрмысына қарай қандай тауарларға сұранысы болады); өмір тануына қарай сегменттеу(әсем заттарға құштарлығы); елікпе мінез жандар, ел көзіне түскенді жат көретіндер, атаққұмарлар.

  • Тұтынушылардың құлығына қарай рынокты сегменттеудің маңызды белгілері мыналар: сатып алу себебіне қарай тұтынушыларды бөледі(күнде сатып алушылар; тек аса қажетті жағдайда сатып алушылар); іздеген ұтымына қарай(өнімнің сапасы; сатушы көрсететін қызметі, тауардың тұтынуынан түсетін үнем); тұтынушының міртебесіне қарай (тауарды тұңғыш рет тұтынады; бұрын тұтынған; әлеуетті тұтынушы; жаңа сатып алушы); тұтынудың үдемелі қарқынына қарай; орташа тұтынатын тұтынушы; белсенді тұтынатын тұтынушы); тауармен таныстығына қарай өз пікірін сақтау дәрежесіне қарай (өз пікірін сақтаушылар; пікірі өзгерсе де уадесінде тұратындар; пікірі мен уадесі тұрақсыздар; айнымалылар)

10.Мақсатты сегментті таңдаудың мәні және тауарды нарықта позициялаудың маңыздылығын көрсетіңіз

Мақсатты сегментті таңдау-фирманың тиімді маркетингктік қызметі үшін таңдалған бір немесе бірнеше сегменттер.«Gallup Media Asia» агенттігі өткізген екі мың тұтынушыдан тұратын пікір сұрауының нәтижесін пайдалана отырып,нарықтың мақсатты сегментін анықтау мысалын көруге болады. «Ассорти» шоколодының мақсатты сегменті-бұл табысы ортадан жоғары,білім деңгейі жоғары немесе аяқталмаған жоғары,көбінесе басқарушылар,қызметкерлер,мамандар.ал жұмыс істемейтіндердің ішінде студенттер мен үй шаруашылығымен айналысатын әйел адамдар.Жыныс жас құрамы бойынша бұлар негізінен-15-тен 44-ке дейінгі әйелдер мен ерлер.Сондықтан кондитерлік кәсіпорындар өзінің маркетингктік «Ассорти» шоколодын өндіру және өткізу саясатында таңдалған мақсатты топтағы тұтынущылар категориясының өмірлік мүдделерін,пікірлерін,талғамдарын есепке алуы тиіс.

Тауарды рынокта позициялау – потенциалды тұтынушылар, бәсекелестер тауарларына қарағанда, өзіндік ерекше орны бар, фирма үшін тиімді болып келетін шаралар жиынтығы.Сегменттеудің осы кезеңінде маркетологтар келесі сұрақтарға жауап іздеу керек:

  1. Берілген сегментте потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, фирма өз тауарын рынокта қалай позициялауы қажет?

  2. Таңдалған позицияны сақтап қалу үшін маркетингтің қандай іс шараларын қолданған тиімді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]