Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.12 Кб
Скачать

Маркетингтен емтихан сұрақтары

1.Маркетингтің мәні және оның негізгі түсініктері, маркетинг қағидалары, қызметтерін анықтаңыз

2.Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролін анықтаңыз

3.Маркетингтік зерттеулердің  мәні мен қағидалары және маркетингтік зерттеу кезеңдерін атап көрсетіңіз

4.Маркетингтік орта  және оның  түрлері сипаттап беріңіз

5.Тұтынушылардың кандай түрлері   және  олардың мәні мен ерекшеліктерін сипаттаңыз 

6. Тұтынушылардың мінез құлықтарына әсер ететін негізгі факторлар  және түпкі тұтынушының сатып алу туралы шешім қабылдау процесін сипаттап көрсетіңіз

7.Өндірістік  тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі анықтаңыз

8.Сұранысқа байланысты маркетингтің  түрлерін сипаттап беріңіз

9.Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және оның қандай қағидаларын қарастырыңыз

10.Мақсатты сегментті таңдаудың мәні  және тауарды нарықта позициялаудың маңыздылығын көрсетіңіз

11.Маркетингтегі тауар түсінігін ащып көрсетіңіз  және тауарлар  жіктелуін сипаттаңыз

12.Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын  және оның  түрлері ашып көрсетіңіз

13. Тауар ассортиментінің мәні және оның  негізгі көрсеткіштерн сипаттап көрсетіңіз

14.Жаңа тауарды жасау кандай кезендерінің ерекшелігін түсіндіріңіз

15.  Тауардың орамы, штрих код түсінігінің мазмұнын  және оның  түрлері, ерекшеліктерінің мәнін  ашып көрсетіңіз

16.  Көтерме сауданың мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз және оның түрлерін білесіз, түсіндіріп өтіңіз

17.Бөлшек сауданың мәні   және оның  түрлерін сипаттап көрсетіңіз

18. Коммуникацияның мәні  мен оның  түрлерін сипаттап көрсетіңіз

19.  Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі , оның ролі және атқаратын қызметтері мазмұнын ашып  көрсетіңіз

20.Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар және баға белгілеудің негізгі әдістерін білесіз? Тауарға баға белгілеуде қолданылатын стратегиялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз

21.   Маркетинг жүйесіндегі өткізу және тауарларды өткізу арналары, түрлері, деңгейлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз

22. Жарнама түсінігінің  мәні неде? Жарнаманын атқаратын қызметтері, түрлері мен оларды тарату құралдарын сипаттап беріңіз

23.Жеке сатудың  мәнін ашып,   оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз

24. Қоғаммен байланыс (PR) түсінігінің,  даму тарихының мазмұнын ашыңыз және  қоғаммен байланыстың түрлері мен әдістерінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз

25.  Өткізуді ынталандырудың мәнін  және  оның түрлерінің мазмұнын  ашып көрсетіңіз

26.Маркетингтік жоспар түсінігінің  және оның  түрлерінің мазмұнын ашыңыз

27.БКТ, Портер және Ансофф матрицаларының мәні және оның  ерекшеліктерін атап көрсетіңіз

28.Халықаралық маркетингтің қызмет аясының  және  маркетинг кешенін құрудың ерекшеліктері  және халықаралық маркетингтің  стратегияларын дайындауды сипаттап көрсетіңіз

29.Қызметтердің тауардан  ерекшеліктері, қызметтердің   жіктелуі және қызмет маркетингінің кешенін әзірлеудің ерекшеліктерін сипаттап көрсетіңіз

30. Пластикалық тара  және  буып-түюді өндіруге  мамандандырылған  кәсіпорын рынокта өз  іс  әрекетін  кеңейтуді  жоспарлап  отыр...

31. Берілген 4 дәрі-дәрмек жабдықтаушылардың ең тиімдісін таңдаңыз

Таңдау критерийлері

Меншік(таза) салмағы

                          Жабдықтаушылар

№1

№2

№3

№4

Баға

0,20

6

3

7

3

Жабдықтаушы сенімділігі

0,20

7

9

9

9

Емдік қасиеттері

0,20

10

9

6

9

Сапа

0,20

9

5

7

9

Қаржылық жағдайы

0,20

6

10

8

6

32. Берілген ұялы байланыс компаниялардың ең тиімдісін анықтаңыз

Таңдау критерийлері

Меншік(таза) салмағы

       Критерий мағынасын бағалау

K’mobile

Activ

K’cell

Баға

0,15

4

8

8

Қызмет сапасы

0,30

8

7

8

Қаржылық жағдайы

0,25

7

8

7

Қосымша қызметтер

0,15

9

7

7

Қамту кеңдігі

0,15

8

0

9

33. А, Б, С және Д жабдықтаушыларды бағалау үшін келесі критерийлер қолданылды: баға (0,3), жабдықтау сенімділігі (0,3), сапа (0,2), төлеу шарттары (0,2). Жақшада критерийлердің меншікті (таза) салмағы көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау мына кестеде көрсетілген:

Критерийлер

Берілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау

А

Б

В

Д

Баға

4

4

6

5

Жабдықтаудың сенімділігі

5

8

2

3

Сапа

5

4

3

5

Төлем шарттары

7

2

9

8

34. А, Б, С және Д жабдықтаушыларды бағалау үшін келесі критерийлер қолданылды: баға (0,3), жабдықтау сенімділігі (0,2), сапа (0,3), төлеу шарттары (0,2). Жақшада критерийлердің меншікті (таза) салмағы көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау мына кестеде көрсетілген:

Критерийлер

Берілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау

А

Б

В

Д

Баға

8

4

6

5

Жабдықтаудың сенімділігі

5

8

2

5

Сапа

6

8

4

5

Төлем шарттары

7

2

9

8

 35. Берілген 4 дәрі-дәрмек жабдықтаушылардың ең тиімдісін таңдау

Таңдау критерийлері

Меншік (таза) салмағы

            Жабдықтаушылар

№1

№2

№3

№4

Баға

0,20

6

3

7

3

Жабдықтаушы сенімділігі

0,20

7

9

9

9

Емдік қасиеттері

0,20

10

9

6

9

Сапа

0,20

9

5

7

9

Қаржылық жағдайы

0,20

6

10

8

6

36. Келесі кезеңдер бойынша маркетингтік зерттеулер процедураларын рет ретімен қойып шығыңыз:..

37. Қазақстан нарығында келесі тауарлардың түрлерін шығару жоспарланып отыр делік: сабын, балалар киімі, әйелдер немесе ерлер журналы, салқындатылған сусындар.

38. Өзіңіз бұрын қолданған, ұзақ мерзімді қолданыстағы кез-келген тауар туралы сатып алу шешімін қабылдау үрдісін бойынша эссе жазыңыз.

39. Әр түрлі категориядағы тауарларды (күнделікті сұраныстағы және люкс-класс тауарлары) өндіретін компанияның басшылары саясатын сұраныс деңгейіне бағыттап құрастырады, тұтынушылар үшін осы тауарлардың құндылығын арттыру бойынша қандай стратегияларды ұсынасыз

40. Төменде көрсетілген тауарлар бойынша өндірушілер тұтынушыларды сегменттеудің қандай жалпы қолданылатын және мінез-құлықтық қағидаларын ескерулері қажет? әйелдер аяқ киімі, сыра, шаш күтіміне арналған косметикалар, балалар ойыншығы, кір жуғыш машиналар.

41. Әр түрлі тауарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша бірнеше мысал келтіріңіз, өткізу арналарының әр түрлі нұсқаларын қолданыңыз (өзіңіздің таңдауыңызды нақтылап түсіндіріңіз

42. «Dove» сабыны тұтынушылардың көп көлеміне танымал және де басқа маркалармен бәсекелестікке түсуде. «Dove» сабынын өндіруші кәсіпорындар тұтынушылардың көп бөлігін өздерінің тұрақты тұтынушылары етіп жаулап алуды көздеп отыр.

43. Өткізу   саясатының жүйелі блогын көрсетілген элементтер негізінде құрастырыңыз:

44. Ұялы телефондар – тауарларын тұтынушылар үшін келесі негізгі сипаттамаларды анықтау мақсатында сауалнама құрастырыңыз:

45. Сіз нақты бір тұтыну тауар мысалында ауызша пікір сұрау үшін топ құрасыз. Мысалы: персоналы компьютер таңдау.

46. 2012 ж. теледидарға сұраныс бағасын белгілеу үшін жалпы қабылданған жүйе бойынша сауалнама құрастырыңыз. Теледидарды сатып алудың мүмкін болатын көлемін, оның құрылымы (үлгісі) мен негізгі сұраныс факторларына болжам жасаңыз

47. Қазақстанның рекреациондық ресурстары ішкі және шет елдік туристер үшін ерекше қызығушылық туғызады...

48. Теледидар –тауарлары бойынша нарық потенциалын бағалау үшін қандай маркетингтік зерттеу жүргізу керек?

49. А, Б, С және Д жабдықтаушыларды бағалау үшін келесі критерийлер қолданылды: баға (0,3), жабдықтау сенімділігі (0,2), сапа (0,3), төлеу шарттары (0,2). Жақшада критерийлердің меншікті (таза) салмағы көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау мына кестеде көрсетілген:

 

    Критерийлер

Берілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау

А

Б

В

Д

Баға

8

4

6

5

Жабдықтаудың сенімділігі

5

8

2

5

Сапа

6

8

4

5

Төлем шарттары

7

2

9

8

 50. Салқындататын тұрмыстық техникалар салқын мезгілдерде тұтынушылардың сұранысын туғызбайды.  «Климат Проф» компаниясы қыс айларында тұрмыстық кондиционерлерге деген сатылымның төмендеуіне душар болады...

51. Әйелдер аяқ киімін, сыра, шашқа арналған косметика,балалар ойыншығы, құрғақ таң ертеңгі ас пен кір жуу машинасын шығарушылар тұтынушыларды сегментегенде қандай принципті ескерген жөн? Өз ойынызды негіздеңіз.

52. Балмұздақ нарығы сүт өнімдері және салқын сусын өндірушілер үшін қызықты болып табылады...

53. Қолдан жасалған жиһаз өндіретін компания жиһазды жоғары бағамен және белгілі бір аймақта ғана өткізеді, осы компанияға қандай жылжыту әдісін таңдауға болады?

54. Қазақстан нарығында жақын уақыттары келешектегі ұрпақтар үшін жаңа термометрлер шығарыла бастады. Ол – электронды термометрлер...

55. Флора комуникациялық кәсіпорыны өзінің сапалы өнімдерімен танымал болған. 2010 жылдың соңында кәсіпорын директоры пайданы арттыруға күшті жұмылдыру міндетін қойды...

56. Қазіргі маркетинг концепциясы тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мен оқуға негізделген. Осыған орай, фирманың маркетингтік әрекетін белсенді етуге қажеттілік мәні әсер етеді... 

Қажеттіліктердің түрлері

Оны қанағаттандыратын тауар

Ерте туындаған қажеттіліктер

 

 

Қазіргі қажеттіліктер

 

 

Келешектегі қажеттіліктер

 

 

57. Келесі тауарлардың таратылуы қалай ұйымдастырылуы мүмкін деп ойлайсыз: жазу қағазы, техникалық әдебиеттер, ойындар мен бас қатырмалар. Тарату арнасының кеңдігі мен тереңдігі қалай болаады және қандай критерилер арқылы делдалдар таңдалады? Өз ойынызды негіздеңіз.

58. А. Өндірісшілерді ескере отырып макроорта факторларын тізіп шығыңыз (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси): алкогольі аз ішімдіктер, кондитерлік өнімдер, велосипед, компьютер ойындары...

59. Кәсіпорын шектеулі 50 мың тенге бюджетке ие...

1.Маркетингтің мәні және оның негізгі түсініктері, маркетинг қағидалары, қызметтерін анықтаңыз.

Маркетинг ұғымын ағылшын тілінен аударғанда «маркет»сөзі рынок деген ағына береді,ал «инг»рынок аумағындағы қызмет немесе рынокты зерттеу дегенді білдіреді.

Ағылшын ғалымы Ф.Котлер маркетингке келесідей анықтама береді:

Маркетинг-тауарды өндіру,оны тұтынушыға ұсыну және айырбас жолдарымен жеке және топталған тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару процесі.

Жалпы маркетинг қызметтері:

1.Жоспарлау

2.Ұйымдастыру

3.Ынталандыру

4.Бақылау және басқару

Маркетинг қызметіне төмендегілерді жатқызуға болады:

1.әртүрлі тұтынушылар тобының мұқтажын,қажеттіліктерін,сұранысын анықтау;

2.Тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару;

3.Тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;

4.Рынокқа сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.

Маркетинг принциптері:

1.Тұтынушылардың мінез-құлқын және талаптарын үнемі зерттеу.

2.Сұранысты қалыптастыру және ынталандыру.

3.Өндіріс прцесін сұранысқа бейімдеу.

4.Түпкілікті нәтижеге қол жеткізу.

2.Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролін анықтаңыз

Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты- сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының өсу мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздейді. Маркетинг тұжырымдамасы мына сатылардан тұрады: өндірістік, тауарлық, өткізу, маркетинг(тұтыну), әлеуметтік -этикалық.

Өндірістік тұжырымдама- бұл тарихи тұңғыш қалыптасқан маркетингтің өндірістік концепциясы арасында кең тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын көздейді деген пайымдауға негізделген. Ол техниканы және өндіру процесін жетілдіру, өндіріс көлемін ұлғайту, өндіріс шығындарын азайтуды талап етеді.Осы концепция екі жағдайда қолданылады:а) сұраныс ұсыныстан көп болғанда өндіріс көлемін ұлғайтуға болады. б) тауар шығындарын кең өндіру арқылы төмендетуге болады, ал төмен шығын төмен баға арқылы сатуды қамтамасыз ету, пайданы ұлғайту.

Тауар тұжырымдамасы- концепция негізі тауарды жетілдіру, сапасын,дизайнын, орауын жақсартуға көңіл бөледі. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидасы тұтынушының өзінің сапалық сипаттамалары бойынша бәсекелестердің ұқсас тауарларынан асып түсетін тауарлар мен қызметтерге бейімдеу. Тұтынушылар жоғары сапалы және пайдалану сипаттамалары жақсы тауарларға ықыласты пейіл танытады. Сондықтан фирманың барлық күші үнемі тауарды жетілдіруге жұмылдырады.

Өткізу тұжырымдамасы ұйымдарды мынадай мақсаттарды орындауға бейімдейді: өндірілген тауарды сату, сатып алушыларды табу, өткізу бойынша жоспарды орындау. Өндірушілер және сатушылар өз қызметін, маркетингтің барлық құралдары мен тетіктерін қолдана отырып, тауарларды өткізуге және сатуға бейімдейді. Осы тұжырымдаманы қолданатын өндірушілер тауарлар тапшылығында және монополия жағдайында жұмыс істейді.

Маркетингтік тұжырымдаманың мәні: ұйымның табысты қызмет етуінің шарты тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және оларды қанағаттандыру есебінен фирма мен компаниялардың өз мақсаттарына жетуі. Демек, маркетингтік тұжырымдама – клиенттердің мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін өтеуге бағытталған фирма жұмысын бір арнаға біріктіру және оларды бәсекелестермен салыстырғанда тауармен тиімді қамтамасыз ету.

Әлеуметтік – этикалық маркетинг тұжырымдамасы- қоғам, тұтынушы, фирма арасындағы қатынас, яғни негізгі факторы осылар болып табылады. Бұл қоршаған ортаға, экологияға, демографияға байланысты дамып отырады. Бұл тұжырымдама мынадай сәйкестендірілген үш факторды пайдалануды талап етеді: фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі, қоғам мүдделерін қанағаттандыру. Әлеуметтік этикалық тұжырымдама негізінде тұтынушылар мүддесі, қоғамның игілігі, компания пайдасы болып табылады. Ол қоршаған ортаны жақсарту императив ретінде болуын және кәсіпкерлік қызметтің қоғамның даму мақсаттарына сай келуін қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]