
- •3. Әсерлесу түрлері, қатысатын бөлшектер
- •5. Нуклондар, олардың қасиеттері
- •6. Ядроның байланыс энергиясы.
- •8. Резерфорд формуласы.
- •9.Нысана параметрі
- •10.Нысана параметрі
- •11. Ядроның массасы.
- •12.Ядролық тығыздық
- •19. Ядроның орташа радиусы
- •20. Ядроның моменті
- •21. Юкава потенциалы
- •25. Ядрлық реакция түрлері .
- •27.Альфа-ыдырау
- •28.Бета-ыдырау
- •29.Гамма-ыдырау
- •30.Ядролық реакция кезінде сақталатын заңдар:
- •25. Ядрлық реакция түрлері .
- •27.Альфа-ыдырау
- •28.Бета-ыдырау
- •29.Гамма-ыдырау
- •30.Ядролық реакция кезінде сақталатын заңдар:
1.Атом ядросы туралы түсініктеме1919 жылы Резерфорд протонды анықтады. бөлшекпен атқылағанда және оң зарядталған бөлшек бөлініп шыққан, оны протон деп атаған. Осы кезден бастап протон деген бөлшек пайда болды, ол келесі реакциялар түрде жазылады: 14N + α → 17O + p Осы кезден бастап ядроның ішінде қосу зарядты бөлшек бар деп қарастырған. Осыдан кейін 1920 жылы Резерфорд ядроның ішінде заряды 0-ге тең, ал массасы протонның массасымен бірдей бөлшек бар деп идея айтты. 1930 жылы Боте Беккерель Бериллий пластинасын бөлшекпен атқылап көрді. Ол реакция келесі дей жазылады: Осы реакцияның нәтижесінде бөлініп шыққан нұралануларды санағышпен тіркеді. Нұрлану жолына қорғасын пластинасын қойды. Ол қорғасын пластинасына жақсы жұтылмады. 1932 жылы бұл тәжірибені Пьер Кюри қайталады. Нұрдың жолына парафин қойды, сонда парафиннен протон ұшып шыққанын тіркеді, оның энергиясы 4,3 МэВ екенін өлшеді. Қорытындысында мынадай идея айтты: Фотон металл бетіне түскенде кей жағыдайда ұшып шығады, оны фотоэффект деп атайды. Бұл құбылысты да олар ядролық фотоэффекті деп атады. Бірақ ядроның ішіндегі протон кванттың әсерінен бөлініп шығуы үшін кванттың энергиясы 50 МэВ төмен болмауы керек. Чедвиг Резерфорд идеясын басшылыққа алып, ядроның ішінде ауыр нейтрал бөлшек бар деп тәжірибелік нәтижелерді қайта өңдеді. Соның нәтижесінде ядроның ішінде массасы протон массасынан сәл үлкенірек нейтрал бөлшек бар деп анықтады. Ол тұрақсыз, 888 секундтың ішінде ыдырап кетеді.
2.Томсон
моделі 1903
жылы Томсон «Атомның құрылымы» туралы
моделін ұсынды, ол Томсонның «Пудингі»
моделі деп аталды. Ол изюм қосылып
пісірілген кекс. Изюмді - электрон деп
қарастырып, ал ұнды біртекті таралған
масса деп қарастырған. Осы лабораторияда
Томсонның шәкірті Резерфорд жұмыс
істеген. Ол Томсонның тәжірибелерін
қайталап отырған. Сол кезде Әлемде
радиоактивті денелер: α
– оң зарядты, β
– теріс зарядты, γ-
бейтарап бөлшектер ашылды. 1896 жылы
француз физигі А. Беккерель, уран
тұздарының қандайда бір нұр шығаратындығын
байқаған. Екі жыл өткен соң француз
физигі Мария П. Кюри торий
радиоактивтілігін тапты және екі жаңа
радиоактивті элементтерді – полоний және
радий ашты.
Оң
және теріс зарядтарды бөлшектерді
үдететін сызықтық үдеткіштер пайда
бола бастады. Соның нәтижесінде бөлшектің
кинетикалық энергиясы 7-8
МэВ-ке дейін
жетті. Бұл бөлшектер жұқа қабыршақты
тесіп өтетін мүмкіншілікте болды. Егер
дене атомнан тұратын болса, оның ішіндегі
масса біртекті таралған болса, онда
қабыршақтан шыққан бөлшектің таралуыда
біртекті болуы керек. Осыны тексеру
үшін 1903 жылдан бастап Резерфорд
тәжірибесін бірнеше рет қайталады.
Тәжірибенің мақсаты: Томсонның моделін
тексеру еді, ол радиоактивті заттың
қайнар көз ретінде α
- бөлшекті алды. Көзден кейін үш қорғасын
пластинкаларын, одан соң алтын фольга,
экран қойды. Соны микроскоппен бақылап
отырды.
3. Әсерлесу түрлері, қатысатын бөлшектер
Табиғатта әсерлесудің төрт түрі бар екенін білеміз. Олар:
Гравитациялық әсерлесу. Массасы бар элементар бөлшектердің арасындағы әрекеттесу гравитациялық әсерлесу деп аталады. Гравитациялық әсерлесуді қанағаттандыратын квантты гравитон деп атайды. Оның спині S=2, массасы нөлге тең. Гравитациялық әрекеттесуде массаны гравитациялық өрісті тудыратын көз ретінде қарастырады немесе заряд деп те айтады. Сонымен
және
массалары бар денелердің өзара әсерлесу күші
(1.1)
деп анықталады. Бұл кездегі гравитациялық әсерлесу радиусы шексіз. Мұндағы масса гравитациялық өрістегі заряд ретінде қарастырылады. Интенсивтігі жағынан ең төмен өзара әрекеттесу гравитациялық күш болып табылады. Бірақ оған материя түгелдей бағынады, міне, осы Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңынан көрініс табады. Гравитациялық өзара әрекеттесу негізінен макроскопиялық денелер арасында өтеді. Ол планеталар мен жұлдыздар қозғалысын анықтайды. Әлемнің тұтастай алғандағы құрылымы да осы әрекеттесумен анықталады. Элементар бөлшектер әлемінде гравитациялық өзара әрекеттесу бөлшектердің массаларының тым жеткіліксіздігінен тікелей білінбейді. Барлық массалы денелер гравитациялық күшпен тек тартылады, тебілмейді. Бұл қазіргі кездегі шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі.
Кулондық әсерлесу. Бұл әсерлесу тек электрмагниттік әсерлесу болып табылады. Электр зарядтары бар бөлшектердің өзара әсерлесу күші немесе Кулондық күш:
,
(1.2)
мұндағы
–
электрмагниттік әсерлесуді жеткізіп
тұратын әсерлесу тұрақтысы. Электрмагтиттік
әрекеттесу тек электр заряды бар
элементар бөлшектердің арасындағы
әрекетті сипаттайды. Бір элементар
бөлшектің әрекетін екінші бөлшекке
фотон жеткізеді. Фотон дегеніміз -
массасы m=0,
зарядсыз бөлшек, әсерлесу радиусы
шексіз. Фотонның спині S=1
болғандықтан векторлық бөлшек болады.
Фотонның күйі Клейн-Гордон теңдеуімен
анықталады. Электрмагниттік
өзара әрекеттесу ядролық күштерде
қайсыбір рөл атқаратын болса да, бірақ
оның әсер өрісі атомдар мен молекулалар
болып табылады, олардың құрамын толығынан
осы өзара әрекеттесу анықтайды.
Электрмагниттік әсерлесудің нәтижесінде
немесе фотон алмасудың нәтижесінде
ядро мен электрон атомды құрайды. Бұл
әсерлесудің нәтижесінде молекула пайда
болды. Атомның, молекуланың әрекеттесуін
электрмагниттік әсерлесу анықтайды.
Бізді қоршаған ортадағы (сұйық, газ,
қатты дене) барлық әрекеттесулер тек
электрмагниттік әсерлесумен жүреді.
Электрмагниттік әсерлесу болғандықтан
бұл бөлшектердің магниттік моменттерімен
әрекеттесуге түседі. Сонымен қатар,
электрмагниттік өзара әрекеттесу электр
заряды жоқ – нейтрал, бірақ магнит
моменттері бар бөлшектердің арасында,
мысалы, екі нейтронның арасында да
болады.
3) Әлсіз
әсерлесу.
Әлсіз әсерлесуді қанағаттандыратын
бозондар өте ауыр болады. Олар
,
деп аталады. Зарядты бөлшектердің
арасындағы әлсіз әсерлесуді
,
ал нейтрал бөлшектер арасындағы
әсерлесуді
қанағаттандырады. Массалары:
,
мұнда
протон массасы. Массасы өте үлкен
болғандықтан, әсерлесу радиусы өте
қысқа, спині бүтін болады. Әлсіз
әрекеттесулердің интенсивтігі пәрменді
әрекеттесулердің интенсивтігінен өте
аз (онның он дәрежесі есе әлсіз). Фотоннан
басқа барлық элементар бөлшектер, яғни
адрондар және лептондар әлсіз
әрекеттесулерге ұшырайды. Пәрменді
және электрмагниттік әрекеттесулердің
қатарында әлсіз әрекеттесу біліну үшін
ерекше жағдайлар болуы тиіс. Ол тұрақты
емес бірқатар элементар бөлшектердің
ыдырауы кезінде бақыланады. Мысалы,
еркін күйдегі нейтрон тұрақты емес, ол
әлсіз әрекеттесудің есебінен протон,
электрон және антинейтриноға ыдырайды.
Ядролардың
-ыдырауы
осы әлсіз әрекеттесу арқылы өтеді.
Сонымен қатар, нейтрондардың түрліше
шашырауы әлсіз әрекеттесумен сипатталады.
4) Пәрменді немесе күшті әсерлесу. Ең интенсивті және ең симметриялы өзара әрекеттесу пәрменді әрекеттесу болып табылады. Ол атом ядроларының құрамына кіретін бөлшектер – протондар мен нейтрондардың арасында әсер ететін ядролық күштердің негізі болады. Ядро құрылымы осы күштердің арқасында байланыс күйде болады. Күшті әсерлесу дегеніміз протон мен нейтронды ядро ішінде ұстап тұратын әсерлесу. Оны қанағаттандыратын “квант” – пион деп аталады, ол 1948 жылы ғарыш сәулелерінен π−мезон анықталған. Нуклондар, яғни ядро құрамына кіретін бөлшектер пәрменді әрекеттеседі. Басқа элементар бөлшектер – электрон, позитрон, мюон, ауыр лептондар, нейтрино, фотон – пәрменді әрекеттесуді “сезбейді”. Күшті әрекеттесетін бөлшектерді адрондар деп атайды. Мұндай әрекеттесуге тек олардың арақашықтығы өте мардымсыз аз –10-13 см шамалас болатын кезде ғана ұшырайды, бұдан үлкен қашықтықтарда күшті әрекеттесу жүрмейді.
Күшті әсерлесу тек ядроның өлшемінде болады. Ядро сыртында күшті әсерлесу жоқ. Оның әсерлесу радиусы қысқа, өзіне тиістісімен ғана әсерлеседі, сондықтан күшті әсерлесу қанығады немесе ядродағы нуклон саны шекті. Нуклон саны көбейгенде ядро тұрақсыз болып келеді. Протондар бірдей зарядты болғандықтан Кулон заңы бойынша, бір–бірімен тебілуі керек, алайда ядро ішінде олар тартылып тұрады. Ядролық күш электр зарядынан тәуелсіз болғандықтан ядрода электрмагниттік әсерлесу “сезілмейді”. Сондықтан да ядрода протон мен нейтрон ажыратылмайды, екеуін ортақ атпен нуклон деп атайды.
Элементар
бөлшектердің әрекеттесулерінің
интенсивтіктерін өзара салыстыру үшін
(
–Планк
тұрақтысы,
–жарық
жылдамдығы,
-
протонның массасы) қашықтықта орналасқан
екі протонды алайық. Сонда олардың
гравитациялық өзара әрекеттесу энергиясы
- 10-38
с2,
электрмагниттік өзара әрекеттесу
энергиясы - 10-2
с2,
әлсіз өзара әрекеттесу энергиясы - 10-5
с2
болады, ал күшті өзара әрекеттесудің
энергиясы болса
с2
тең. Бұл шамалар табиғаттағы әсерлесулердің
пәрменділігін сипаттайды.