
- •Туннельдік диодтар
- •Оптоэлектрондық аспатар
- •1.Биполюсті транзисторлар
- •2.Светочувствительные устройства
- •3. Дк жұмыс істеу режимдері.
- •1 .Биполярлық транзистордың орталық база қосылу схемасы
- •2. Сәуле шығаратын
- •Ортақ эмиттерлі сұлба
- •1. Ортақ коллекторлы сұлба бойынша транзистордың негізгі параметрлері
- •Жартылай өткізгіштік диодтардың жіктелуі және олардың ерекшеліктер.
- •2.Өрістік транзисторлар
- •3.Операциондық күшейткіш
- •2.Варикаптар Стабилитрондар
№ 13 Билет
1 Туннельдік диодтардың түрлері, жұмыс істеу қағидасы, көрсеткіштері мен сипаттамалары.
2 ОЭА -ның қолданылуы.
3 Тұрақтандырғыштар
Туннельдік диодтар
Диодтың жұмыс істеуі туннельдік құбылысқа негізделген.
Д
иод
құлдыраған (вырожденный)
шала
өткізгітердің негізінде жасалған.
Қоспалардың үлесі 1021
см-3
,
сондықтан диодтың р-n
өткелі өте тар. Ферми деңгейі р-
облыста валенттік аймаққа, n-облыста
өткізгіштік аймаққа ығысады. Энергиялық
аймақтар өзара араласып, заряд тасушылар
басқа энергиялық аймаққа өтеді де, онда
қосымша энергия шығындамай негізгіге
айналады, сондықтан диодтардың
инерциялылығы аз болады. Сонымен қатар
бұл диодтардың температуралық тұрақтылығы
және радияцияға орнықтылығы жоғары
болып келеді.
Вольтамперлік сипаттамасы 4.9-суретте келтірілген. ВАС-да теріс кедергі бөлігі бар (аб). Туннельдік әсер кері және шамалы тура кернеулерде, өткізгіштік аймағының түбі валенттік аймақтың төбесінен төмен кезде (г0аб бөлігі) орын алады. бв бөлігінде – диффузия.
Туннельдік диодтар германийден, кремнийден және галий арсенидінен жасалады. Сигналды күшейтуде, туындатуда, түрлендіруде қолданылады.
Оптоэлектрондық аспатар
Оптоэлектроника – оптикалық сигналдарды электр сигналына және кері түрлендіру мәселелерімен айналысатын, электроника облысы. Радиоэлектроникадағы жаңа бағыт – оптоэлекроника (ОЭ), үш ғылымның тоғысында – қатты дене физикасы, оптика және электроника пайда болды. ОЭ-ның элементтік негізін жарық көздері, оптикалық орталар (жарық жолдары) және фото кабылдағыштар құрайды:.
Жарық жолдары Жарық жолдары – мөлдір шыныдан жасалатын, қабырғадан көп сатылы ішкі шағылысу нәтижесінде жарық таратуға арналған, жіңішке талшықтардың бумасы. Қалыңдығы бірнеше микрон шыны талшық арқылы жүзден аса оптикалық сигналдар елеусіз шығындармен беріле алады. Егер талшықтарға белгілі бір химиялық элементтер қосылып жасалса, олар жарық сигналын күшейте алады.
Фотоқабылдағыштар. Фотокабылдағышта немесе фотоэлектрлік аспапта сәуле энергиясының электр энергиясына түрленуі жүреді. Олардың жұмысы негізгі үш фотоэлектрлік құбылыстарға негізделген:
а) ішкі фотоэффект – өткізгішті жарықтандыру кезінде ток тасушылардың үлесінің артуы себебінен оның электр өткізгіштігінің артуы (фоторезистор);
б) бекітуші қабаттағы фотоэффект – екі материалдың шекарасында жарықтың әсерінен ЭҚК-ң туындауы (фотодиод, фототранзистор);
в) сыртқы фотоэффект – жарықтың әсерінен заттың электрондарды шығаруы – фотоэлектрондық эмиссия (фотоэлемент, фотоэлектрондық көбейткіш).
Фотодиод – жұмыс істеуі бекітуші қабаттағы фотоэффектіге негізделген фотоэлектрондық аспап, p-n өткелде жарық ағынының әсерінен ЭҚК пайда болады.
3. Параметрлік кернеу тұрақтандырғыш бейнеленген, оның жұмыс істеу принципі Е кернеуінің өзгеруі барысында стабилитрон арқылы өтетін ток өзгереді, ал стабилитрондағы және оған қосар жалғанған жүктемедегі кернеу өзгермейді деуге болады.
Стабилитрон кері кернеу режимінде жұмыс істейді. Диодтың бір түрі, 2 электродты кернеуді тұрақтандыруға арналған электронды аспап.
№ 14 БИЛЕТ |
|
2 Сәуле қабылдайтын аспаптар дегеніміз не? 3 ДК жұмыс істеу режимдері. |