Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
657.66 Кб
Скачать

47.Жұптасқан белгілердің сенімділігін анықтаңыз.

Кейбір жағдайларда екі топтың варианттары арасындағы айырымға сүйеніп, сенімділік айырымын тексеруге барлық есептеулерді едәуір жеңілдетуге болады. Ол үшін екі топтың варианттарынан жұптасқан топ құру керек. Мұндай жағдайда тәжірибе және бақылау топтары (екі тәжірибе топтары) сол түрдің бір жұмыртқалы егіздерінің әртүрлі жеке жұптарынан ғана құрылса орнын алады.Әрбір егіздер тобын бір тәжірибелі топқа жатқызады және ол, А факторының әсеріне, ал басқа топ В факторының әсеріне байланысты болады. Осыған ұқсас жұптасқан белгілердің мәліметтерін зерттеу аналықтан туған ұрғашы қояндарға жүргізіледі. Қояндар жұптарына берілген микроэлементтердің әсерін зерттеуге, көжектердің бір кезеңі баұылау ретіндеғ ал басқа кезеңі тәжірибе ретінде қарастырылды. Ұрпақтың құнды қасиеттерінің доноры- бұқаны бағалағанда жұптасқан белгілер тәсілін қолдана отырып, тайыншаның сүттілігін оның аналарының сүттілігімен салыстырады. Темекі мозайкасының жапырақтарына вирус препараттарының әсерңн зерттегенде, жапырақтың бір жартысына бір препаратпен ал екінші жартысына басқа препаратпен әсер етіп, салыстырмалы зерттеу жүргізеді.Осындай жұптасқан әдістің тәжірибе және бақылау варианттарын салыстырмалы зерттеуде кездейсоқ особьтар немесе туынды әдіс тәсіліне қарағанда анағұрлым артықшылығы болады. Жұптасқан тәсілдің негізгі шарты – ол жұптарды құру барысында олардың жұптар ішіндегі айырмашылығының жұптар арасындағы айырмашылыққа қарағанда аз болуы.

48.Сенімділікті анықтаған кездегі қатесіз және қателі болжамды еркін сан дәрежесіне байланысты табалдырық мәндерін көрсетіңіз.Әрбір тәжірибенің түпкілікті мақсаты зерттелуші тәжірибе варианттарының арасында сенерліктей айырмашылықтардың бар немесе жоқ екендігін дәлелдеу болып табылады. (Өндірісте егіліп жүрген сорттармен селекционердің жаңадан алған сорттарының өнімділіктері арасындағы айырмашылық, ерілген тыңайтқыштар әсерінен дақылдар өнімділігінің өзгеру айырмашылығы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің арасындағы сандық көрсеткіштер, т.б)

Жоғырыдағы іріктеулер үшін табылған арифметикалық орта шамаларының өзгеріп отыратындығы соншалық, оның қанша мөлшерге өзгеретіндігін көрсету үшін, әрбір орта шамамен оның қатесін де көрсетіп жазу керек: Х±m=25,0±2,2

Орта шама 22,8-ден 27,2-ге дейін өзгеретіндігі көрінеді. Қате (m) квадраттық ауықтқудың негізінде есептелетін болғандықтан, орта шаманың мүмкін боларлықтай барлық мөлшері немесе дәліректеу шекарасында жатады, яғни вариациялық қатардың барлық варианттары х±3б немесе х±3,5б шекарасына сиятындықтары сияқты. Осыдан 3m немесе 3,5m мағыналары арифметикалық орта шаманың шегіне жеткен қатесі деп аталады.

Екі орта шама арасындағы айырманың сенімділігін сол айрманың өз қатесін қатынасы арқылы анықтайды. Айырманың қатесі қателіктер квадраттарының қосындысынан табылатын квадраттық түбірге тең:md=√m²+m²

Мысалы, ылғалдың жетіспеушілігі жағдайларында жаздық бидай өнімділігіне фосфор тыңайтқыштарының әсерін зерттеу тәжірибесінен мынадай мәліметтер алынды (тәжірибе 4 рет қайталанумен жүргізілді):

Бақылау (тыңайтқышсыз) –11,5±0,2 ц/га

Суперфосфатпен өңдегенде-13,1±0,3 ц/га

Алынған артық өнім серліктей ме? Орта шамалар арасындғы айырма:13,1-11,5=1,6ц/га.

Айырманың қатесі: md=√0,2²+0,3²=√0,13=0,36

Биометрия бойынаша ескі оқу құралдарында, егер бұл қатынас 3-ке немесе одан де көбірекке тең болса, айырма сенімді деп көрсетіледі. Ал қазір одан да дәлірек, айырманың сенімділігі стьюдент критериі-t-мен анықталады; t айырманың өз қатесі қатынасына тең.

Қарастырылған тәжірибеде қайталанулар саны төрттен. Демек, ерікті дәрежелер саны 4+4-2=6. Ерікті дәрежелер 6 санына 0,95 ықтималдылықта (5% деңгейде) t-ның сенімділігі 2,45 болса, ал 0,99 ықтималдылықта (1% деңгейде) t-ның сенімділігі 3,71-ге тең. Демек, бақылау және тәжірибе варианттары өнімдері арасындағы айырма 0,99 ықтималдықтан да жоғары деңгейде сенімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]