
- •Қоршаудың сипаты және болуы
- •Шығу және өту жолдарының формалары
- •Аумақтың жабыны
- •Жергілікті рельеф
- •Бөлімшені аймақтау
- •Бөлімше аумағы
- •Қоқысты, қалдықты, дәретхананы орналастыру
- •Ғимараттардың қатынасты орналасуы.
- •Ғимараттың құрамы
- •Бөлмелердің орналастырылуы
- •Бөлмелердің аудандары
- •Ішкі өндеулер
- •Технологиялық құрылғылар
- •Табиғи жарықтандыру
- •Сумен қамтамасыз ету және канализация Жылу беру және желдету Жасанды жарықтандыру
- •Жүйені және сумен жабдықтау көзiн таңдау
- •Су тұтынуды есептеу
- •Сумен қамтамасыз ету жобасының графикалық бөлімін қарастыру.
- •Ауа алмасуды есептеудің мысалдары
- •Ылғалды жоюға кеткен желдету мөлшері.
- •Список использованной литературы.
Жүйені және сумен жабдықтау көзiн таңдау
Сумен жабдықтау жүйесін таңдауда келесi варианттар бар:
А. Қазiргi қалалық(ауыл тағы сол сияқтылар) су құбырына қосу. Осы жағдайда жобаға «Су арнасының» жергiлiктi трестiнiң рұқсат беретiн құжаты болуы керек.
Б.Ауыз суға ГОСТтың талаптарымен жауап беретінжергiлiктi су бастауы. Мысалы, артезиандық ұңғыма жобасына ұсынады:
1 ) гидрогеологиялық тiлу ұңғымағы және су тұтқыш көкжиектiң қуатын нұсқайтын мәлiметтер, яғни қоректенудiң аймағы;
2 ) ұңғыманың жағдайлық жоспары және қоректенудiң аймақтары;
3 ) судың жылдық талдаулары –жыл мезгілдеріне байланысты (химиялық және бактериологиялық);
4 ) су жию құрылымы, тазарту құрылысы және желі таратылуы.
В. Ауыз суды кемшiлiктері болған жағдайда (тоназытқыш қоюлар, жылытқыш жүйе, дәретханалардың жуылғыш бачоктері, әр түрлi суытқыштар, аумақтың суары тағы басқалар) техникалық мұқтаждықтары үшiн қолдануға рұқсат етiледi.
Осы жағдайда техникалық су техникалық су құбырының жеке желiсi бойынша ажырауы керек. Техникалық су құбыры ауыз суымен ешқандай да байланыс болмау керек және ерекшеленген бояуға боялуы керек. Техникалық су технологиялық мақсаттар қолданылмауы керек, жабдықтың және тарының жууына, сонымен бiрге душты, еденді, қабырғаларды жууға қолданылмауы керек.
Су тұтынуды есептеу
Су тұтыну шамасы немесе шығыны жұмыстың уақытына, бөлiмшенiң шамасына, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарының қуатынан және т.б. тәуелдi болады.
Су тұтыну әдеттеөнімдегі шартына литрмен немесе кубометрлердегi бірліктермен өлшенеді( өндірістік шығындар) және бір жұмысшыға(шаруашылық шығындар ). Су тұтыну шамасының жобаларын және олардың қазiргi су тұтыну нормаларын тексереді.
Су пайдаланудың көптеген түрлері бар; өндірістік,тұрмыстық-ауыз суға қажеттілік,аумақты суаруға арналған түрлері көптеп кездеседі.Сонымен бірге суды пайдаланудың біркелкі таралмау әсерінен максимальдық шығынын «пик»сағаттық коэффициентімен анықтайды.
Бізді қызықты ететін судың жай ғана пайдалануы емес (мысалы тәуліктік дозасы) ал көп деңгейде –ортасағаттық және максимальдық түрлері кездеседі.Кәсіптік жұмыс кезінде ортасағаттық судың қажеттілік мөлшері күнделікті тәулігіне пайдаланатын судың мөлшерімен анықталады.Ал қалай максимальдысағаттық су пайдалануды анықтаймыз? Сондықтан орташа сағаттық суды пайдалануда (әр түрін бөлек пайдалану арқылы) сағаттық тегіс емес коэффициентке қосамыз. Осы жағдай бойынша сағаттық коэффициент тегіс емес таралуын көрсете отырып,максимальдысағаттық судың орташа сағаттық судан қаншалықты көп екенін көрсетеді.Бұл көлемі норма емес.
Осы есептеу бойынша жоба мынадай болу керек: а) дайын немесе шекі тағамдағы обьектінің қуаттылығы ;б)жұмыстың жалғасы: в)әр мекемеде істейтін және ең көп ауысымда жұмыс жасайтын жұмыскерлер саны:г) сонымен қатар бөлімшенің көлемі алаң және газондардың жолдары және т.б; г)қосымша аумақтың пайызы
Су пайдалануды санақ бойынша максимальды сағаттық шығынды суға қосу арқылы әр түрін қолданады; бұл өндірістік қажеттілік, тұрмыстық- ауыз суға қажеттілік,аумақты суару.
Бұл бойынша біздің қарайтынымыз-тексеру,су пайдаланудың нормасы және сағаттық коэффициенттін нормасын қадағалау.
Алдағы уақытта,максимальды сағаттық шығын барлық обьектінің мақсаты бойынша максимальдық түрін қолдану арқылы алады. Бұл ұсынылған судың көзі дебитпен немесе көлеммен салыстырылады, осы мәлімет бойынша обьектінің қорытындысын жасайды.
Алғашқы мәліметтер; ашық асхана түріне 100 орын,тағам мөлшері тәулігіне-3000, жұмыс уақыты 10 сағат,жұмыскерлердің саны 40адам,жуынатын 2 тор болу керек,алаң 1800м² с50%09рылыс орны6 дебиттің көзі-50400л/тәулігіне болу керек.Кейде бұл түрінде ашық таблица жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
1. Тамақтану объектiсi орталықтандырылған ыстық және салқын сумен, сумен жабдықтаумен, кәрiзбен қамтамасыз етiледi. 2. Технологиялық, шаруашылық-тұрмыстық және ауыз су қажеттiлiгi үшiн пайдаланылатын су ауыз суға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиiс. 3. Өндiрiстiң қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын судың көлемi осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес су шығыны нормаларына сай болуы тиiс. 4. Су құбыры жоқ елдi-мекендердегi тамақтану объектiлерiн сумен қамтамасыз ету үшiн сумен жабдықтау көзi санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негiзiнде таңдап алынады. Сумен жабдықтау көздерi болмаған кезде жеткiзу қолдануға рұқсат етiлген материалдардан дайындалған, арнайы таңбаланған сыйымдылықтарда жүргiзiлетiн тасымалданатын суды пайдалануға жол берiледi. 5. Суды сақтауға арналған сыйымдылықтың түрiн техникалық-экономикалық есептеулердiң және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негiзiнде анықталады. Ауыз судың қорын сақтауға арналған сыйымдылық орналастырылатын үй-жайлар оқшауланады және тазалықта ұсталады. 6. Ауыз суды тасымалдауға және сақтауға арналған сыйымдылықтарды он күнде кемiнде бiр рет жуады, дезинфекциялайды. 7. Дезинфекциялау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дезинфекциялау заттарымен, оларға қоса берiлетiн нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. 8. Ыстық және салқын су барлық жуатын ванналарға және раковиналарға, сондай-ақ қажеттi технологиялық жабдыққа араластырғышы орнату арқылы жүргiзiледi. Ыстық судың тарату нүктесiндегi температурасы 650С-ден төмен болмауы тиiс. 9. Сумен жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдалануға жол берiлмейдi. 10. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде жуу үй-жайларында су жылытқышты орнату көзделедi. 11. Тамақтану объектiлерi өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық ағын сулары үшiн кәрiздеудiң бөлек жүйелерiмен жабдықталады. 12. Кәрiзденбеген елдi-мекендерде объектiлердi орналастыру кезiнде өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды шығару үшiн бөлек жергiлiктi кәрiз құрылғысы көзделедi. Ағын суларды қабылдау жерасты бетондалған су өткiзбейтiн сыйымдылықта жүзеге асырылады. Ауладағы дәретхана мен жерасты бетондалған су өткiзбейтiн сыйымдылық өндiрiстiк үй-жайлардан кемiнде 25 м қашықтықта орналастырылады. 13. Өндiрiстiк жабдық және жуатын ванналар кәрiз желiсiне қабылдаушы құйылатын жердiң бетiнен кемiнде 20 милиметр (бұдан әрi - мм) ауалық ажыраумен қосылады. Iшкi кәрiздiң су ағынын жинайтын барлық қабылдағыштарының гидравликалық жапқыштары (сифондар) болуы тиiс. Ағынды суларды ашық су қоймаларына және аумаққа жақын жерлерге жiберуге, сондай-ақ су қабылдайтын құдықтар салуға жол берiлмейдi. 14. Iшкi кәрiз желiлерiн түстiктену залдарының, өндiрiстiк және қойма үй-жайларының төбелерiнiң астына төсеуге жол берiлмейдi. Өндiрiстiк және қойма үй-жайларында кәрiздiң тiк су ағар жолын қайта ашылмайтындай етiп сыланған қораптардың iшiмен жабады. 15. Қоғамдық тамақтану объектiлерi үй-жайларының төбелерiнен өтетiн санитариялық тораптардың, себезгi бөлмелерiнiң едендерi, кәрiздiң және су құбырлық судың тiк ағары орналасқан орындар су өтпейтiндей материалдардан көзделедi. 16. Барлық өндiрiстiк цехтар, жуатын бөлмелер, дефростерлер тамақтың қалдықтарын сақтайтын камера траптарымен жабдықталады. 17. Барлық стационарлық тамақтану объектiлерi келушiлер қолдарын жууға арналған раковиналармен жабдықталады. Тамақтану сол жерде жүзеге асырылатын және отырғызу саны жиырмадан астам болатын объектiлерде келушiлер мен персоналдардың дәретханаларын бiрiктiруге жол берiлмейдi. Дәретханаға кiре берiсте еден жууға су алу үшiн, еденнен 0,5 м деңгейде орналасқан кран көзделедi. 18. Тез қызмет көрсететiн объектiлер (жазғы алаңдар, кәуап, чебурек, пирожныйға арналған орындар, сауда палаткалары, павильондар, палаткалар, демалыс аймақтарында жазғы мезгiлде және жаппай серуендеу кезiнде мейрам күндерiнде сыртқа шығарылып үстелдерде сатылатын сауда орындары) қоғамдық дәретханалармен немесе биологиялық дәретханалармен жабдықталған орындарға орналастырылады.
Ескертпелер:
Тағам обьектісінде себезгінің жұмыс істеу уақытысы жұмыс басталғанға дейін 45 минут алдында және жұмыс біткенен кейін 45 минуттан соң жүргізіледі.
Судың бір себезгіге шаққанда қолдану нормасының орташа мәні (500 сағат/литр) бұл жағдайда к.ч.н. шартты бірлігі болып қабылданады.
Бір рет суды құйғанға бір сағат уақыт кетеді.
Бұл жерден тәулігіне 2 рет суарғанда орташа шығын бір рет суарғанға тең болады: к.ч.н. шартты бірлігі болып табылады.
Егер біздің обьектіміздегі алынған судың тәуліктік шығынын ( 41600 литр) дебиттің тәуліктік көзімен ( 50400 литр) салыстырғанда бұл көздің суы жеткілікті екендігі туралы ой туындайды. Бірақ егерде біз бұл су көзі сағатына қанша су беретінін есептесек (50400 л/24сағ=2100 сағ/л)және ең болмағанда су обьектісінің орташа сағаттық шығынымен салыстырсақ, судың жеткіліксіз екендігі анық. Максимальді қажеттілікті (8500 сағ/л) ескере отырып қорытынды жасауға тура келеді: ұсынылған су көзінің проектісі берілген обьект үшін жеткіліксіз.
Сол үшін судың максимальді сағаттық шығынын су көзінің сағаттық дебитімен салыстырады.