Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.69 Кб
Скачать

Ішкі өндеулер

Бөлмелердің іші өндеулерін бағалағанда жалпы гигиеналық ұсыныстарға сүйену қажет. Ылғалды режимді бөлмелердің едендері су өткізбейтін беті тегіс болу қажет.Май төгілуі мүмкін болатын жерлерде қабырғалы едендер қолдану рұқсат етіледі. Өндірілетін өнімдері реактивті органикалық қышқылдарды тұратын цехтарда едендері қышқылға төзімді материалдардан жасалу қажет.

Қоймаларда едендер цех ішілік транспорттардың қозғалуына механикалық төзімді болуы қажет.

Өндірістік бөлмелердің қабырғалары 1.8-2м биіктікке дейін майлы бояумен боялуы немесе плиталармен жапсырылуы қажет. Бөлмеледі өндеуде пластикалық полимерлік матеиралдар қолданылады,егер де бұл материалдар ҚР ДСМмен рұқсат етілген материалдардың тізімінде болса.

Технологиялық құрылғылар

Технологиялық құрылғыларды бағалауда санитарлық дәрігер келесі сұрақтарды шешуі қажет: технолгиялық процессте гигиеналық шарттарды орындауға құрылғылардың жеткіліктілігін ,технологиялық процесстің жүруіне байланысты құрылғылардың дұрыс орналасқандығын. Құрылғыларды орналастыруда лас және таза заттардың, дайын зат пен шикі заттың кездеспеуін қадағалау.

Стандартқа сай емес құрылғыны жобада қолдануда құрылғының қандай материалдан жасалғаны көңіл аудару қажет. Бұл материал тағам өндірісінде қолдануға рұқсат етілген материалдар тізімінде болу қажет.

Табиғи жарықтандыру

Бөлмедегі табиғи жарықтандырудың жетіліктілігін келесі екі көрсеткіш бойынша атайды : табиғи жарықтандыру коэффиценті мен түстік коэффицент. Бірінші көрсеткіш дәлірек болып келеді,өйткені оны есептеу қиын,ал тәжірбиеде жобалауда жиі түстік коэффицент қолданылады,ол терезенің айналандырған бөлімінің ауданына еден ауданының қатынасына тең. Өндірістік,саудалық және әкімшілікті бөлмелерде 1:6 1.8 1:11 кем болмауы керек ,ал тұрмыстықта 1: 10 кем емес. Кейбір бөлмелерде екінші жарық рұқсат етіледі немесе табиғи жарықтандыру рұқсат етіледі.

Табиғи жарықтандыруды бағалауда түсті коэффицент көмегімен бұл көрсеткіштің жарықтандырудың шынайы күйін үнемі бермейтіндігін ескеру қажет,ол тек салыстырмалы түрде болады. Бөлмеде үлкен,биік құрылғылардың болуы бөлмені қараңғылау мүмкін алайда бөлменің түстік коэффицентінің көрсеткіші рұқсат етілген деңгейде болуы мүмкін.

Көбіне өндірістік, саудалық, әкімшілікті бөлмелерде табиғи жарықтандырудың коэффиценті бір процент кем болмауы қажет.Табиғи жарықпен пайда болатын ең кіші жарықтану есебі сыртқы жарықтануы 5000 лк болғанда анықталады. Табиғи жарықтанудың күйіне терезелердің орналасу биіктіктері, олардың өлшемдері бөлменің тереңдігі,ғимараттардың қатар орналастыруы да әсер ететіні есте сақтау қажет.

Терезе биік , терезе ауданы үлкен болған жағдайда табиғи жарықтану бөлмеде көбірек болады.

Мүмкіндігі бойынша бөлменің тереңдігі бір беттік жарықтануда еденнен екі биіктен көп болмауын ұсыну қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.

      1. Тамақтану объектiсiнде табиғи және жасанды жарық көзделедi.       2. Шамшырақтар қорғаныш арматурамен жабдықталады немесе плафонмен жабылады. Өндiрiстiк үй-жайларды және қоймаларды жарықтандыру үшiн ылғалдан-шаңнан қорғанышы бар шамшырақтар қолданылады.       3. Шамшырақтарды плитаның, технологиялық жабдықтың, бөлшектеу үстелiнiң үстiне орналастыруға жол берiлмейдi. Жұмыс орындары шағылысуды болдырмайтын қосымша жарық көздерiмен жабдықталады.       4. Жарықтандыру құралдары, арматуралар, терезелердiң және жақтаулардың шыны орнатылған беттерi тазалықта ұсталады және ластануына байланысты тазартылады.