
- •Қоршаудың сипаты және болуы
- •Шығу және өту жолдарының формалары
- •Аумақтың жабыны
- •Жергілікті рельеф
- •Бөлімшені аймақтау
- •Бөлімше аумағы
- •Қоқысты, қалдықты, дәретхананы орналастыру
- •Ғимараттардың қатынасты орналасуы.
- •Ғимараттың құрамы
- •Бөлмелердің орналастырылуы
- •Бөлмелердің аудандары
- •Ішкі өндеулер
- •Технологиялық құрылғылар
- •Табиғи жарықтандыру
- •Сумен қамтамасыз ету және канализация Жылу беру және желдету Жасанды жарықтандыру
- •Жүйені және сумен жабдықтау көзiн таңдау
- •Су тұтынуды есептеу
- •Сумен қамтамасыз ету жобасының графикалық бөлімін қарастыру.
- •Ауа алмасуды есептеудің мысалдары
- •Ылғалды жоюға кеткен желдету мөлшері.
- •Список использованной литературы.
Ғимараттардың қатынасты орналасуы.
Қазіргі уақытта жобалауда ең жиі өндірістердің еркін жоспарлары қолданылады. Бұл жағдайда бөлек тұрған тұрмыстық ғимараттарда барлық өндірістік ғимараттарға өтетін жылуланған өту жолдары болуы қажет.Ғимараттар аралығындағы қашықтық « өндірістік мекемелерді жобалаудағы санитарлық ережелерге» сәйкес келуі қажет.
II. ЖОБАНЫҢ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМДЕРІН ҚАРАСТЫРУ РЕТТЕРІ
Бас жобаны сараптап болғаннан кейін санитарлық дәрігер өндірістік ғимараттың ішкі жоспарын бағалауға көшу керек. Бұл жобаның қандай да бір бөлімдерін өткізіп кетпеу үшін бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Бұл сараптама үш этаптан тұрады:
1. Технологиялық процестердің жүруін сараптау
2.Қызмет көрсететін адамның іс әрекеті бойынша сараптау
3. Келушілердің іс әрекеттері бойынша сараптау
Бұл жағдайда кездесетін ғимараттың сараптау жолында белгілі сызба бойынша баға беру.
Ғимараттың құрамы
Тағам өндірістің бөлмелер құрамы оның өндірістік профиліне,технологиялық өндірісіне және қуаттылығына байланысты. Санитарлық дәрігер жобаны сараптауда өндірістің барлық процестерін қамтамасыз ету үшін бөлмелердің жеткіліктілгін анықтау болып табылады. Бірнеше процестерді бір бөлмеде жасау үшін рұқсат берілуі қажет және ол өндірілетін өнімнің сапасына және жұмысшылардың жұмыс жасау деңгейіне кері әсер бермеуі қажет.
Бөлмелердің орналастырылуы
Бұл жерде санитарлық дәрігер келесі жайттарға көңіл бөлуі қажет:
Сарапталатын бөлме қай қабатта орналасқаны,жарық бойынша қайда бағытталғаны. Бұл жағдайда дәрігер келесі басты принциптерді ұстануы қажет: өндірістің дәлдігін қатаң қадағалау, шикі затпен дайы өнімнің кездеспеуін қадағалау,таза және лас ыдыстардың бөлек болуын қадағалау. Шикі затты қабылдайтын бөлме қоймаларға жақын орналасуы қажет. Осы сәтте қоймалар өндіріске жақын орналасуы қажет. Осындай орналастыру жолды қысқартып қызметшілердің жұмыстарын жеңілдетеді. Егер өндірістік орын бірінші қабаттан жоғары немесе төмен орналасса өнімдерді тасымалдайтын транспорттардың болуын қадағалайды. Бөлмелердің бағытталуына келсек күн радиациясын өнімдерді қорғау мақсатында шектеулер қойылып келесідей ұсыныстар беріледі: Өндірістік жылуды жоғарғы мөлшерде бөлетін өндірістерде,солтүстікке, солтүстік батысқа бағыттау қажет,ал тұрмыстық бөлмелерді,келушілерге араналған бөлмелерді оңтүстік шығысқа , оңтүстікке немесе оңтүстік батысқа бағыттау қажет. Егер де жергілікті шарттар бойынша бөлмелерді дұрыс бағыттау мүмкіндігі болмаса, күн радиациясын төмендетуге бағытталған шаралар жобада көрсетілуі қажет: терезе бойына үлкен жасыл ағаштарды отырғызу, терезе үстінде қараңғылау құрылғыларын қою,терезелерді ашық түсті бояулармен бояу.
Бөлмелердің аудандары
Бөлмелердің ауданын сараптауда экспертке сараптаудың үш тәсілін қолдануға тура келеді.Бұл бөлме өлшемдері жоба бойынша нормаға сәйкес болғанда жоба бойынша қойылған сандарға сәйкестендіріледі.
Берілген нормалар болмаған жағдайда жобалап бағалауға тура келеді. Бұл бағалау үшін жобаның технологиялық парағы қолданылады.Бұл жағдайда қондырғылардың санына көңіл аударып оның технологиялық тұрғыдан орналасуынан, цех ішінін транспорттарының жолдарының еніне көңіл бөледі.Жалпы мемлекеттік жобалау нормаларынан басқа технологиялық жобалардың нормалауында жобалық ұйымның нормалары бар екендігін ескеру қажет. Бұл нормалар сәйкес басқармалармен немесе ҚР ДСМмен қабылдануы қажет.
Технологиялық жобалардың нормалары сондай ақ өндіріс түрлерінің сәйкес жобаларының әдебиеті тағам обьектілерінің ауданын бағалауда көмек береді.