
- •Қоршаудың сипаты және болуы
- •Шығу және өту жолдарының формалары
- •Аумақтың жабыны
- •Жергілікті рельеф
- •Бөлімшені аймақтау
- •Бөлімше аумағы
- •Қоқысты, қалдықты, дәретхананы орналастыру
- •Ғимараттардың қатынасты орналасуы.
- •Ғимараттың құрамы
- •Бөлмелердің орналастырылуы
- •Бөлмелердің аудандары
- •Ішкі өндеулер
- •Технологиялық құрылғылар
- •Табиғи жарықтандыру
- •Сумен қамтамасыз ету және канализация Жылу беру және желдету Жасанды жарықтандыру
- •Жүйені және сумен жабдықтау көзiн таңдау
- •Су тұтынуды есептеу
- •Сумен қамтамасыз ету жобасының графикалық бөлімін қарастыру.
- •Ауа алмасуды есептеудің мысалдары
- •Ылғалды жоюға кеткен желдету мөлшері.
- •Список использованной литературы.
КІРІСПЕ
Тағам обьектілерінің жоспарын сараптау тағам гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің жұмысында басты және күрделі нысандары болып табылады. Бұл жұмыс басты білімдегі инженерлік техника, экономика, технология және гигиенаның кең аспектілі сұрақтарында жан жақты дайындықты талап етеді.
Бұл жазбаның мақсаты болып тағам гигиенасы бойынша жобаны жобалау, құрылыс және реконструкция стадияларындағы жобаның гигиеналық сараптамасын жүргізу үшін студенттерге көмек көрсету болып табылады.
Бұл жазбада архитектуралық-құрылыстық, технологиялық және жобаның санитарлық техникалық бөлімдеріне гигиеналық баға беруде жалпы сұрақтар қарастырылады. Жобаның құрылысын қарастыру немесе реконструкциялауын түсініктеме қағазымен зер сала танысудан бастау қажет, содан кейін ғана графикалық бөлімнің сараптамасына көшу қажет. Жобаның сызбалары калькадағы тушпен немесе түс сезімталдық қағазда түсті көшірме түрінде сызылу қажет. Жобаның фото көшірмелеріне мұқият қарау керек. Себебі қайта түсіру кезінде масштабтың өзгеру мүмкіндігі бар. Егер де сызбада немесе түсініктеме қағазында дәрігердің барлық қызықтыратын өлшемі мен арақашықтығы қарастырылса, осы этаптар бойынша арнайы қорытынды беруге болады, (өту жолдарының мөлшері, қорғалу зоналарының өлшемі, ғимараттар арақашықтығы және т.б.).
Қаламмен сызылған сызбаларға арнайы сараптама жүргізбейді.
Графикалық бөлім бірнеше бөлімдерге бөлінеді: архитектуралық-құрылыстық, технологиялық, сантехникалық және т.б. Осыған байланысты әрбір бөлімдегі сызбаны сәйкес келетін әріптер мен сандармен белгілеу қажет. Осылайша бас жоспардың қағазы БЖ болып белгіленеді, архитектуралық-құрылыстық-АҚ, технологиялық-Т, су жүйесі және канализация-СК, жылу және желдету-ЖЖ, электрожарықтандыру-ЭЖ немесе бір ғана Э әрпі, тоңазытқыштық бөлім-Т. Әріптік белгілерден кейін берілген жобаның бөлімдік парағында реттік санды көрсететін сандар жазылады.
ТАҒАМ НЫСАНДАРЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Құрылыс және реконструкция обьектілерінің графикалық бөлімдерінің негізгі жоспары гигиеналық бағалаудан басталады.Қағазда негізгі жоспардың белгілері мынандай болу керек:
-масштаб,территорияның,бөлек алаңдардың,санитарлық қорғау зонасы,ғимараттардың арасының алшақтауына анықтауға мүмкіндік береді.
-жарық бағыты бөлек мекемелердің және ғимараттардың ориентациясын бағалауға мүмкіндік береді
-мекеменің және қорғау алаңдарының орналасуына бағыт бағдар беру
-жергілікті рельеф
Желдің бағытын дұрыс таңдау ,ол арнайы бағдар бойынша жүзеге асырылады,яғни желдің көрсеткіші,сектордың айналуына байланысты және желдің дұрыс соғу бағытымен.Графикалық көрсеткіш бойынша желдің бағытытының қайталануы ол оның уақытын көрсетеді.
Қоршаудың сипаты және болуы
Тамақ өндіру кәсібінің территориясы тегіс және торлана қоршалу керек.Бұл гигиеналық талаптарға сәйкес сырттағы бөгде заттардан сонымен бірге жануарлардан сақтайды.
Тамақ өнеркәсібі бөлек орналасу керек және арнайы кіретін есігі, жасылданған болу керек.
Көлік тасымалы кіретін есік және сол жерде істейтін арнайы қызметкерлерге кіретін есік бөлек болу керек.
Салынған және ішінен салынған тамақтану кәсібі мүмкіндігінше бөлек изолирленген жасыл бөлімшелермен қамтылуы тиіс.
Шығу және өту жолдарының формалары
Гигиеналық көзқарас бойынша шығу жолдары екіден кем болмау керек, олар тұрмыстық және өндірістік жүк ағымдарын бөлуге мүмкіндік береді.Ең жақсы нұсқа бойынша тұрмыстық аумағы шыу жолдары бөлек зонада,ал өндірістік аумағы бөлек зонада орналасу керек.Осы көзқарас бойынша жолдың дөңгелек және ағымды транспорты аумақтардың орналасуына мүмкіндік береді.Шикі және дайын тамақ өнімдерін жеке қуыс өту жолдары алаңынан өткізу керек.
Аумақтың жабыны
Тамақтану объектiлерiнiң бөлімшесінде көлік жүретін жерлер асфальтталған немесе бетон,қатты тастар,плиткалармен төселген болу қажет,ал адамдар жүретін жол гравимен төселген жөн.
Объектi аумағындағы құрылыстан, өту жолдарынан бос алаңдар абаттандырылады.Қоршай ағаш отырғызу керек. СНиП-11-М-1-71 Шағын өнiм өндiретiн объектінің бас жоспарына сәйке аббаттандыру аумақтың 15% алу керек. Аббаттандыру жұмыстарын шаң тозаңнан ,газдан, радиациядан,қорғаныс керек ғимараттардын жанында отырғызуды ескеру керек.
Жергілікті рельеф
Тамақтану объектiлерiнiң орналасқан жері тегіс , табиғи сулардың жиналуына жол берілетіндей кішкене қиғаш болу керек. СНиП-11-М-1-71 құжатында көрсетілгендей қиғаштық 0,003 аз емес және 0,05 көп болмауы керек,аумақ қиғаштығы әр метрге аз дегенде 3мм және 5 см аспауы тиіс. Аумақтың жалпы қиғаштығы тұрмыстық аймаққа бағыттылған жөн.
Бөлімшені аймақтау
Тағамдық обьекті алаңы 2 зонаға бөлінеді:өндірістік және тұрмыстық болып.Өзіндік зоналар бөлінген жағдайда сумен қамтамасыз ету аумагын,карантин аумағы,санитарлы аумақтары қатаң бақылауға алынуы керек.Өндірістік аумақта ылғал қойма,дайын өнім қоймасы,өндіруші және әкімшілік корпустар орналасады.Тұрмыстық аумақта шеберхана,құрылыс заттар қоймасы,қалдықтар,котель,гараж,мусор жинағыш орналасады. . Тамақтану объектiлерiн орналастыруға, жер учаскесiн беруге, құрылысына және реконструкциялауға арналған жобалық құжаттарды бекiтуге, пайдалануға беруге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол берiледi.
Санитарлық ережеге сәйкес тағамдық обьекті аумағындағы өндірістік және тұрмыстық алаңдардын арасындағы ара-қашықтық 25м ден кем болмауы керек.Осы қорғаныс алаңында 2 қатардан аббаттандыру жұмыстары,ағаш отырғызылуы тиіс. Тамақтану объектiлерiнiң аумағы абаттандырылады, таза ұсталады, онда көлiктi уақытша қоюға арналған алаңдар, қоқыстарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлердi орнатуға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң көзделедi.
Бөлімше аумағы
Қазіргі таңда нақты құжаттарда осы тағамдық обьектілердің аумағының нақты ұзындығы көрсетілмеген,сондықтан бұл көосеткішті бақылау кешенді түрде жүргізіледі.Бөлімше көлемін гигиеналық бағалау үшін құрылыс проценті есептелмейді ,өйткен максимальды емес минимальды ұзындығын аламыз СНиП-11-М-1-71 «Шағын өнiм өндiретiн объектінің бас жоспары»
Санитар дәрігері жер аумағына сараптама жүргізу барысында бас жоспардағы нормаланған барлық :су жүйесі жанындағы санитарлық корғау аймағын, тазалау құрылғылары,өндірістік және тұрсмыстық аймақтар,аббаттандыру процентін,қоймадан қалдық мусорларға дейнгі арақашықтығын барлығын қарау тиіс.