Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом канат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.08 Кб
Скачать

2.4. Атсц-дағы телефондық сөйлесулер құнын есептеу.

Шығарылым электр байланысқа, соның ішінде телефондық сөйлесулер құнын есептеу құрылымына жатады. 1i-1m сканерлеу түйіндері телефон бекетінің кростық блогына қосылады. Жинақтау және сұрастыру блогы арқылы, биттік салыстыру блогы, хабарлама және адрес құрастыру, құрастырылған ақпарат сөйлесулердің құнын есептеп, тарифтейтін басқару блогына түседі. Құрылымда жүйе жұмысын бақылауға мүмкіншілік беретін тестік сигналдар құрастырылғышы бар. Сенімділікті арттыру үшін қатарлас режимде жұмыс жасайтын 2 басқару блогы қарастырылған. Кросты блокқа (жоғары Омды) қосу сөйлесу жолдарын өшуін болғызбайды. Коммутацияның цифрлық жүйесінде сканерлік блог, салыстыру сұлбасынан тұратын телефон станциялары үшін қоңыраулар санын есептейтін құрылым бар. Айтылған құрылым телефон желілеріне салыстыру арқылы жұмыспен қамтылуын анықтауға мүмкіншілік береді. Терілген номер туралы ақпараттың жоқтығы салдарынан, тарифтеу мүмкін емес. Сонымен қатар басқару сұлбалары, желілік сигналдарды анықтайтын детекторлары бар. Сұлбалар абонент желілерін қадағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұнда құнын есептеу ескерілмеген. Сонымен қатар сканер тетігі бар автоматты телефон жүйелері қарастырылған.

Осы құрылымға техникалық мәні жағынан ұқсас сканерлейтін блогы бар телефондық сөйлесулер құнын есептеу жүйесі. Бірақ ұзақ мерзімді трафиктеу және жеке есептеу жоқ. Сонымен қатар құрылымның өзін-өзі тексеруі қарастырылмағандықтан, сөйлесулерге төлемді дұрыс есептемеуге алып келеді. Құрылымның техникалық нәтижесі сенімділікті өзін басқару арқылы арттыру болып табылады.

1 сурет. Телефон сөйлесулер құнын есептеудің құрылымды электрлі схемасы. 1 суретте телефон сөйлесулерінің құнын есептеудің құрылымды электрлі сұлбасы көрсетілген, 2 суретте қарапайым құрылым желілеріне қосылу сұлбасы көрсетілген.

Телефон сөйлесулер құнын есептеу құрылымы 1, 1m сканерлеу m түйіннен тұрады, әрқайсы үйлесу және қорғаныс блогынан (2), сигнал деңгейін өзгерту блогынан (3) цифрлық байттау құрастыру блогынан (4), КПВ сигналын анықтап оны байт түріне аудару блогынан (12), тестлеу сигналдарын енгізу блогынан (5), жинақтау және сұрастыру блогынан (6), биттік салыстыру блогынан (7), хабарлама мен адрес құрастыру блогынан (8), кодты жіберулер құрастырғышы (9), басқару блогынан (10), тестілеу сигналдарын құрастырғыш блогынан (11) тұрады. Телефон сөйлесулер құнын есептеу құрылымы былай жұмыс жасайды:

Әр сканерлеу 1-1m m түйіні, бекеттің в абоненттік телефон желілерінің шығарылымына біржелілі сұлба арқылы қосылған.

Телефон бекетінің кросындағы жоғары алды қосылу құрылымды жеңілдетуге мүмкіншілік береді. Желі жүйелерінде қатерлі қуат болуы мүмкіндігі салдарынан, n телефон желілерінің 1-1m сканерлеу түйіндерінде қорғаныс және үйлесу блоктарын енгізген.

Сигналдар сканерлеу m түйіндерінен сұрастыру және жинақтау блогіне түмеді. Сканерлеу блоктарымен жұмыс асинхронды тәртіпте жүргізіледі. Жинақтау және сұрастыру блогы (6) әр сұраныс нүктесінің күйі жайлы ақпараттарды кейіннен биттік салыстыру (7) блогында салыстырып талдау үшін жинақтайды. Нақты блок біріншіден сигналдардың жалпы күйін анықтайды, содан соң қайшылықтар болған жағдайда биттік салыстыру қорытындысы (өзгерістер болған жағдайда) және сканерлеу нүктесінің адресі адрес пен хабарлама құрастыру (8) блогында құралып, одан шыққан сигналдар коды жіберуді қалыптастырғышқа (9) түседі, бұдан ЭВМ жұмысының протоколына (басқару блогы 10) сәйкес келетін сигналдар құралады. Басқару блогы ретінде ПК қолдануы мүмкін, Великобритания патенті бойынша №2134749, кл Н 04 М 15/38, 1984 телефонын абоненттік номерін тергенде оның желісі өзгереді, бұны сканерлеу 1-1m түйіні қадағалап, өңделгеннен кейін басқару блогына (10) береді. Осылайша басқару блогы терілген номер және осы номерді терген абонент жайлы ақпарат алады. Терілген номер бойынша басқару блогы трафикация жасайды. Телефондық сөйлесулер құны КПВ сигналының тоқтаған кезінен есептеледі. Сөйлесу біткен кезде желі күйі өзгереді, бұл ақы есептелуге тоқтауға сигнал болады. Қандай тарифті аймақпен абоненттің сөйлескен уақыты туралы ақпарат жиналып уақытында шот көшірмесінде қолданылады.

Басқару блогі істен шыққан жағдайды ақпарат жоғалып кетпеу үшін құрылымның кейбір блоктарын қайталау керек 1-1m сканерлеу нүктелерінің ақпаратын 6,10 блоктарына енгізу қажет.

Жұмыста дәлділікпен қамтамасыз ететін құрылым өзін өзіне диагностика жасай алады. Бұл үшін қосу кезінде, жұмыс уақытында және басқару блогы (10) командасымен тестілеу сигналдары блогы (11) қосылады. Тестілік бағдарламада абоненттік желі күйін өзгертпей, абоненттік линиялар өзгерістерін елемейтін сигналдар бар. Сөйлесулерді тестілеу нәтижелері аймағына қарай сөйлесулердің құнын сенімді есептеуге мүмкіншілік береді.

Сканерлеу түйін және хабарлама мен адрес құрастыру блогтарынан тұратын телефондық сөйлесулер құнын есептеу құрылымы формуласы m1 түйініне сақтау және келісім блоктарын, цифрлы байт сигналдарын құрастыру блогын, сонымен қатар тестілеу сигналдарын енгізу блогымен, крос блогына шығулары қосылған қорғау және келісім блогына қосылуымен ерекшеленеді.

2.сурет. Қарапайым құрылымдарға қосылу сұлбасы

2.6.Бағдарламалық қамсыздандыру.

2.6.1. Телефон қоңырауларын тарифтеу.

Телефондық қоңырауларды трафиктеу- офистік АТС-тен өткен кіріс және шығыс телефон қоңырауларын есептейтін компьютерлік бағдарлама. Телефон қоңыраулары туралы ақпарат қызметкерлердің жұмысын бақылау үшін басшыларға өте маңызды. Win Tariff трафикациялау бағдарламасы қоңыраулар туралы ақпаратты өңдеп жазуға арналған. Бұл бағдарлама сіздің АТС-тің жұмыспен қамтылуына, келіссөздерге келген шоттарды салыстырып анализ жасауға мүмкіншілік береді.

Win Tariff трафикаторы егер сіз бірнеше телефон компания қызметтерін қолданған жағдайда әр түрлі тариф қолдану мүмкіншілігін береді. Бағдарламаның деректер базасында Ресей қалаларының 200 коды және басқа елдерді 130 кодтары бар. Win Tariff есептемесінің сырт келбетін, компания логотипін қою арқылы оңай өзгертуге болады.

Тағы да бір Win Tariff трафикаторының құндылығы- оны локалды жүйеде қолдану мүмкіншілігі. Кішкентай АТС қасындағы компьютерді тек ақпаратты жазуға қолданып, ал өңдеуді басқа компьютерде жасауға болады.

Есептемелер жасау, АТС-тан өткен телефондық сөйлесулердің трафик анализі, трафиктеу бағдарламасы.

  • Трафиктік тегін жаңарту, қондыру, алып жүру 8 ден 20000 абонент сыйымдылығы лицензия құны 20 ш.б.-тен

  • 8 абонентке дейін-20;

  • 16 абонентке дейін-60;

  • 24 абонентке дейін 80;

  • 32 абонентке дейін 100;

  • 64 абонентке дейін 120;

  • 96 абонентке дейін 140;

  • 128 абонентке дейін 160;

  • 256 абонентке дейін 180;

  • 256 абоненттен жоғары 200;

Қондыру құны 50 ш.б.-тен

Бағдарлама сөйлесулер трафигін жасауға мүмкіншілік береді:

  • Телефонның ішкі номерлері бойынша;

  • Абонеттердің жеке есеп кодтары бойынша;

  • Мини АТС сыртқы (қалалық) желілері бойынша;

  • Көп терілетін телефон номерлері бойынша

Статистикалық есептемелер құрастыру;

  • Ішкі және сыртқы желілер жұмысбастылығы (толық және графикалық диаграмма түрінде)

  • Көп терілетін номерлер;

Есептемеде жасалған кіріс және шығыс қоңыраулар туралы ақпарат көрсетіледі (қай сыртқы желіден қоңырау шалынғаны туралы, ішкі номер, құны сөйлесудің ұзақтығы, қоңыраудың уақыты)

Қазіргі аумақты тарифтерді өзгерту мүмкіндігі ТӘҚ

4. Тіршілік әрекет қауіпсіздігі

4.1. Қауіпсіздік шаралар.

Аппаратураның монтажын ЖАҚ «Информатика және Проль связь» шығарған Миником Дх-500 ЖТ қондырғысын қондыру курсын, Миником Дх-500 ЖТ өнімдерін қолдану құжаттарымен танысқан электр қауіпсіздігі тобы бойынша 3-ші сатыдан төмен емес, еңбек қауіпсіздігі және нұсқаулықтан өткен желілік байланыс технигі немесе электрмеханигі жүзеге асыруы керек.

  • Жұмыс кезінде «Қолданушылар электрқондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінде» және «Қолданушылар электр қондырғыларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік техника ережелерінде» жазылған қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Қауіпсіздік техникасынан сынақтан өтпеген тұлғаларға құрылыммен жұмыс істеуге тыйым салынады.

  • Операциялар бекетінің монтажы кезінде, кассеталардан платаларды алу немесе қондыруға болмайды. Айтылмаш жұмыстар жіберу жөндеу жұмыс көлеміне кіреді, осы жұмысты орындайтын ұйымдар ғана жасайды. Айтылған операцияларды монтаждық ұйымдарға жасауға тыйым салынады.

  • Жұмыс кезінде жерлендіруді талап ететін өлшеуіш құралдар алдын-ала жерге қосылады.

  • Миником Дх-500 ЖТ құрылым электр қуаты сақтандырғыштар арқылы жүзеге асырылуы тиіс (сақтандырғыш парапетрлері жоба құжаттарында көрсетілуі тиіс). Статив корпустері жерге қосылуы керек. Құрылым жерлендірілуі артқы қабырғаның төменгі қақпағында орналасқан жерлендіру шинасын ортақ контурға қосу арқылы жүзеге асырылады. Жерлендіру адамдарды электр қуатынан сақтайды.

  • Кепілді нәр жинақтамаларымен жұмыс кезінде келесі талаптарды сақтау қажет;

  • Аккумуляторларды тасымалдау үшін арнайы бейімдемелерді пайдалану қажет;

  • Аккумулятор маңында ашық отпен жұмыс жасауға тыйым салынады;

  • Аккумуляторға қысқы тұйықталуларды болдырмау мақсатында темір заттар қоюға тыйым салынады;

  • Қалыпты пайдалануда электролитпен байланыс болмайды. Корпус бұзылған жағдайда сұйық және желе түрлі электролит бірдей қауіпті;

  • Аккумуляторды ашуға, құюға оның қызметінің барлық мерзімінде тыйым салынады.

  • Батареялар құрғақ және таза болуы керек. Батареяларды тазалау қауіпсіздік ережелерін сақтап орындалуы тиіс. Бейметалды бөліктері тек қана сумен тазалануы керек.

  • Аккумулятор батареяларын қондыру, нақты АКБ пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы керек.