
- •2.Техникалық бөлім
- •2.1 Атсц-та телефондық сөйлесулер құнын есептеу.
- •2.2. Мекемелік автоматты телефондық бекетінің құрылысының өзгешеліктері.
- •2.2. «Мини Ком Дх 500 жт» интералды жүйенің мүмкіншіліктері
- •2.2.1. «Мини Ком Дх 500 жт» жүйесінің техникалық мінездемелері
- •2.2.2. Миником дх-500 жт жүйесінің архитектурасы
- •2.1. Суреті. Миником Дх-500 жт бекетінің структуралық сызбасы 256 номерге.
- •2.2. Суреті-Миником Дж-500 жт бекетінің структуралық сызбасы 512 номерге.
- •2.2.3. Абоненттік кластерлердің функциялық мүмкіншіліктері.
- •2.2.4. Миником Дх-500 жт протоколдары және Демеу интерфейсі.
- •2.2.5. Миником Дх-500 жт негізіндегі линиялық-тартылыс жүйесі.
- •2.6.Суреті. Бақылау нысанынан түсетін диагностикалық хабарламалар графикалық көрінісі.
- •2.7. Суреті. Бөлек коммутациялық жүйе күйінің экрандық формасы
- •2.2.7. Миником Дх- жт жүйесінің сенімділігі.
- •2.3.Hicom300 коммутациясының цифрлық жүйесі.
- •3.6. Суреті. Hicom 300 упатс-ның сырт пішіні.
- •2.4. Атсц-дағы телефондық сөйлесулер құнын есептеу.
- •4.2. Монтаж реті.
2.2.2. Миником дх-500 жт жүйесінің архитектурасы
Миником ДХ-500 ЖТ бекеті жеке модульдардан құрылып кластер деп аталады. Кластердің екі түрі бар. Абоненттік кластер және ИКМ кластері (И) Абонеттік кластерде аналогты және цифрлық желілер қосатын 128 порты бар. Аналогты бір желіні иемденсе, ал цифрлық -2 портты алады. ИКМ кластеріне, цифрлық қосу желілерінің ролін атқаратын Е1 төрт каналын қосуға болады. Әр кластер сыртқы порт, басқару жабдығы, ақпаратпен бөлісу жабдығы бар жеке коммутация бекеті болып табылады.
Бекттің 256 номерге дейін сыйымдылығында бір блокта орналасқан екі абонеттік кластердің қосылуы болады. Бекетке әр кластерде екі-екіден төрт Е1 каналын қосуға болады. 2.1. Суретте сыйымдылығы 256 аналогті абоненттік желінің және Е1 төрт каналының структуралық сызбасы көрсетілген. Блок аралық (тракт) жол.
Сөздік ақпарат беру жолы (ағым жылдамдығы 2048 кБит/с
Басқару ақпарат беру жолдары (ағым жылдамдығы) 64 кбит/с
2.1. Суреті. Миником Дх-500 жт бекетінің структуралық сызбасы 256 номерге.
Кластерлер өзара сөздік және басқару ақпаратын беру жолдарымен байланысты. Екі жақты сөздік ақпарат жолдарымен 4096 кбит/с жылдамдығымен цифрлық ағымдар беріледі, бұл кластерлер арасында 64 сөздік каналын ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Егер қабылдаушы және шақырушы абоненттер желісі бір кластерге қосылса, сөздік кластер бір кластердің ішінде тыйылады. Басқа жағдайда кластер аралық сөздік каналдар қолданылады. Екі жақты басқару ақпаратын беру жолдары арқылы, басқару жабдықтары кластерлері MDLC протоколы арасында ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ететін, 64 кбит/с жылдамдығымен цифрлық ағымдар беріледі. 512 нөмір сыйымдылығы бар бекетте, 4 абоненттік және үш ИКМ кластерге дейін қосады. Бекет құрамына, орталық коммутациялық жабдығы деп аталатын екі орталық модулі кіреді. 512 аналогты абоненттік желісі және Е1 12 каналы бекетінің структуралық сызбасы 2.2.суретінде көрсетілген. Бекет құрамына 4 абоненттік кластер, үш ИКМ кластері және екі орталықтандырылған коммутация жабдығы (ЦКУ1 және ИКУ2) кіреді.
ЦКУ шұғырлары арасындағы жолдар:
Сөздік ақпарат беру (ағым жылдамдығы 4096 кбит/с)
Басқару ақпаратын беру жолдары (ағым жылдамдығы 64 кбит/с)
2.2. Суреті-Миником Дж-500 жт бекетінің структуралық сызбасы 512 номерге.
Мынадай конфигурацияда сөздік трафик кластер ішінде тұйықталады немесе бір ИКУ арқылы кластерден, кластерге беріледі. Орталық коммутациялық құрылым, ЦКУ1 мен ЦКУ2-ге қуатты екеуіне ортақ бөліп жұмыс жасайды. Егер бір ЦКУ бұзылып қалса, екіншісі барлық кластерлер қуатын қамтиды. Бір ЦКУ жұмыс жасағанда бекеттің өткізу қабілеті төмендеу салдарынан қоңырауларды босқа өткізулер көбеюі мүмкін.
2.2.3. Абоненттік кластерлердің функциялық мүмкіншіліктері.
128 аналогты абоненттік желілерін қосуға мүмкіншілік беретін, абоненттік кластердің функционалдық сызбасын қарастырамыз. (2.3. сурет) Кластер бір ортақ және төрт абоненттік желі платасынан тұрады.
Бір АЖ платасы 32 аналогты абоненттік желіні қосуға есептелген. Онда абоненттік жинақталымда (АЖ), дифференциалды жүйелер (ДЖ), және кодек-фильтрлер орналасқан. Абоненттік жинақтылым: телефон аппаратынан қуатпен, шақырылымда телефон аппаратына аударуды, шақыру дабылын қабылдауды қамтамасыз етеді. Абоненттік желі платаларын Infineon (Германия) компаниясының микросхемаларында құралған.
Кодек фильтр екі абоненттік желіге есептелген SICOFI микросхема түрінде жасалған. Бұл микросхеманың негізгі мақсаты аналогты - цифрлық және цифрлы –аналогты сөздік дабылдарды өзгерісін жүзеге асыру. Микросхема сонымен қатар дабылдарды программалық фильтрлеумен қамтамасыз етеді. SICOFI микросхемасы, абоненттік жинақталымды басқаруда да қатысады.
SICOFI микросхема интерфейсіне, 2048 кбит/с жылдамдықпен цифрлы ағымды қабылдайтын және тарататын екі жол қосылған. Жолдар SICOFI 8 микросхемасынан қатарласып ELIC контроллеріне қосылады.
Цифрлық ағымның 1 жолында 32 каналдық интервал құралады, оның 16-сы сөздік каналға, ал қалған 16-сы абоненттік жинақтарды басқару және SICOFI микросхемасын бақылауға қызмет етеді. Ір микросхемаға екі сөздік және екі басқару каналы тіркелген.
SICOFI микросхемасына басқару каналдары арқылы командалар беріледі, бұл командалар микросхемада абоненттік жиынтықтарға берілетін басқару сигналдарына айналады. Осы дабыл әрекеттерімен абоненттік жиынтықта абоненттік желімен берілетін қоңыраулар релесі қосылады. Басқару каналдарының кері бағыттарымен АЖ-ның күйі туралы деректер беріледі. Абоненттен шақыру сигналы, абоненттің жауап сигналы.
ELIC контроллеріне төрт топтан сегіз SICOFI микросхемасы қосылады. ЕLIC контроллері келесі қызметтерді атқарады. Әр SICOFI микросхемасынан кіретін ағымнан басқару және мониторинг каналдарынан ақпаратты шығарып кластердің микропроцессеріне (МПР) жібереді. Сонымен қатар, контроллер МПР-ден басқару деректерін қабылдап, оларды SICOFI микросхемасына және абонент жиынтықтарына ақпаратты жіберетін басқару және мониторинг интервалды каналдарына салады. Ақыры, ELIC контроллер, тек қана АЖ үшін жылдамдығы 4096 кбит/с сөздік ақпарат таситын цифрлық ағымдары пайда болатын мультиплексор қызметін атқарады. Абоненттік кластердің ортақ палатасында : екі ELIC контроллері, УУ микропроцессорлы басқару құралы, екі коммутациялық MUSAC матрицасы, үш ADSP дабыл процессоры және екі HDLC контроллері орналасқан. 256 номерге арналған бекеттің ортақ платасында, екі интерфейс каналды Е1, бір ИКМ субмодулі қондырылуы мүмкін.
MUSAC коммутация матрицасы ELIC MUSAC контроллері, бекетінің басқа станциялары және ADSP процессорінен жолдар қосылады. Барлық жолдар, ағым жылдамдығы 4096 кбит/с дейін жететін екіжақты. Бір әр жақты ағым жол жұбы HW атына иемденді (ағылшынның High Way- «жоғары жылдам желісі» сөзінен). Әрматрицада 512 кіріс және 256 шығыс каналды интервалға (512х256) сәйкес келетін 8 кірісті және 4 шығысы бар. Екі матрица кірістері қатарланып, жинап келгенде сыйымдылығы 512х512 ортақ матрица пайда болады. МПР басқаруымен коммутациялық матрица арқылы кластер ішінде және кластер аралық қосылулар айқындалады. MUSAC матрицасы әрқайсында үш қатысушысы бар 21 тәуелсіз конференция ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Осы матрица әр сөздік каналдың күшеюі мен өшуіне айқынды басқаруға мүмкіншілік береді.
Әр қайсы бір кристалды микрокомпьютер негізінде жасалған ADSP дабыл процессорлары, әржақты тоналды сигналдарды қабылдауға және беруге қызмет етеді. Үш процессор MUSAC коммутациялық матрицаның жүйелі порттарына қосылған.
ADSP екі процессоры әр қайсы 64, 128 абоненттік желілерін қамтиды. Қабылдаушы режимінде бұл процессорлар кнопкалы DTMF жиілік кодты номер тергіштерден берілетін сөздік каналды сигналдарын өңдейді және тондық сигналдарды көрсетеді. Қабылданған номер цифрлары туралы ақпараттар МПР-дегі ортақ шина арқылы беріледі. Беру режиміндегі процессорлар сөздік каналдар арқылы келесі тоналды хабарлаушы сигналдарды береді. Станция жауабы, «бос емес» сигналын жіберуді бақылайды. Керек болған жағдайда сигналдық процессор, номерді теру сигналдарын жиілік кодта (ДТМҒ) жасай алады.
Үшінші сигналды процессор нақты абоненттік кластерді ИКМ субмодульдеріне қосылған Е1 каналдарының ішіндегі сөздік каналдары арқылы тоналдық сигналдарды беруге және қабылдауға қызмет етеді.
УУ басқару құрылымы Intel 1386 Ex микропроцессоры негізінде жасалған. Оның құрамына RAM оперативті жады және тұрақты жад fiash PROM кіреді. Басқару құрылымы ортақ шина арқылы кластердің барлық функционалды блоктарын басқарады. Сонымен қатар екі абоненттік кластері бар бекетте басқару құрылымын қорда сақтау ескерілген. Бір басқару құрылымы істен шыққан жағдайда екіншісі екі кластер қоңырауларын қамтиды.
Кластерлерге аналпарпасрпа огты абонент желілері платасының орнына, стандартты V нүктелі цифрлық жүйе платасы қойылуы мүмкін. Әр палатаға Siemens компаниясы шығаратын, Optiset cериялы цифрлық телефон аппараттары қосылатын 16 екіжелілі цифрлық желі қосуға болады.
ИКМ кластері, құрамына абоненттік кластерге ұқсас функционалды құрылым: MUSAC коммутациялық матрица, ADSP сигналды процессоры, HDLC контроллері және осы микропроцессор негізінде басқару құрылымы кіреді. Жаңа түйін, алғашқы ағым (PRI) интерфейсінің ролін атқаратын және Е1 каналдарын қосуға мүмкііншілік беретін төрт FALC микросхемасы болып табылады. Орталық коммутациялық құрылым: екі MTSL коммутациялық матрицасы, HDLC контроллерлері және 1386 EV микропроцессор негізіндегі басқару құрылымы бар бір платада орналасады. Әр абоненттік кластердің ортақ платасында, ИКМ кластерінде және ИКУ платасында RS-232 интерфейсі бар. Олар автоматтандырылған жұмыс орнын қосуға және бекеттерге техникалық қызмет ету үшін қолданылады.
1 сурет А қосымшасында 1024 аналогты абонент желісі және Е1 14 каналы бекеті құрылымы көрсетілген. 1024 номерге арналған станция бір ГМ және 512 номерден тұратын 2 станциядан құралады. Соңғысына Е1 10 каналы әр 512 номерге арналған 5 станциясы кіреді.