Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом канат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.08 Кб
Скачать

2.Техникалық бөлім

2.1 Атсц-та телефондық сөйлесулер құнын есептеу.

Шалқардағы байланыс және сигнализация бекетінде, камутацияның екі жүйесі пайдаланылуда, солардың бірі ДХ-500 және nicom 300. ДХ-500 жүйесі ішкі станциялық темір жол бекеті үшін, ал екінші nicom 300 жергілікті телефон жүйесіне шығу үшін қолданылады.

Телефон сөйлесулер құнын есептеу – бұл, байланыс шығындарын қысқартып қана қоймай, және де барлық кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыратын мықты құрал. Телефон компаниясы айдың соңында телефондық сөйлесулердің есепшотын жібереді, бірақ дегенмен бұл есепшоттар әр нақты қоңырауды алмайды, сонымен қатар адамға осыншама ақпаратты білу мүмкін емес.

Осындай жағдайда көмекке телефондық келіссөздерді тарификациялау бағдарламасы «АТС менеджер келеді, ол біріншіден кәсіпорын басқармаларына арналып, төменде көрсетілген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді»

  • Байланысқа бөлінген шығындарды бөлім және кәсіпорын абоненттеріне таратылуын қадағалау. Сіз қай қызметкерлер телефонды көп пайдаланатынын және телефон сөйлесулерінің ұзақтығымен құнын біле аласыз.

  • Түрлі бағыттағы қоңыраудың саны мен құнын бағалау. Қандай елдер мен сіздің қызметкерлеріңіз көбіне нақты қызметіне жатпайтынын айқындай аласыз.

  • Жауап берілмеген қоңырауларды кім және қашан жауап бергенін бақылау мүмкіншілігі осындай қоныраулардың абоненттерге бөліну графигін және де күні тәулік уақыты статистикасын анықтай аламыз.

  • Бағдарламада ( телефон нөмірлері бар ) әр қызметкер өз телефон нөмерін енгізіп оған санаттар беретін телефон анықтамасы бар. Мынадай тетік мысалы:жеке және іскер сөйлесулердің пайызын әр қызметкер бойынша көруге мүмкіндік береді.

  • Егер сіздің қызметкерлеріңіз немесе клиенттеріңіз телефон желілерінің бос еместігіне шағымданса, «АТС менеджер бағдарламасы арқылы телефон трафигі қалай бөлінетінін көруге болады.

  • Нақты мерзімдегі қоңыраулардың уақыты мен құнының анализі сіздің бизнесіңіз қалай дамып жатқанын көруге, және де өткізілген жарнаманың тиімділігін анықтауға мүмкіншілік береді. «АТС менеджер» бағдарламасы қондырылып, Сіз АТС арқылы жасалған қоңыраулар жайлы толық мәлімет алып отырасыз. Осындай мәлімет кез келген уақытта керек болып қалуы мүмкін, ал сұрыптама және іздеу фильтрін қолданып, Сіз керек мәліметті тез таба аласыз. Сонымен қатар бағдарламаны жеке телефон анықтамалығы немесе халықаралық және қала аралық кодтары телефон анықтамалығы ретінде қолдануға болады. Есептемелер мен статистиканы өз жұмыс орныңыздан қарау мүмкіншілігі.

2.2. Мекемелік автоматты телефондық бекетінің құрылысының өзгешеліктері.

УАТС техникалық деңгейі: масштабтау; ішкі нөмірлік сыйымдылықты кезеңмен өсіру мүмкіншілігін: жүйелердің өзіндік қалпына келтіру, мүмкіншілігімен қамтамасыз етуіне сенімділік: резервтеу, дистанциялық қызмет көрсету, өндірушінің кепілдік қолдауы, басқа өндірушілердің өніміне қарағанда ашық архитектура, телекоммуникациялардың жаңа технологияларына байсалды асысу, бір уақытта ақпараттың барлық түрін таратуды қамтамасыз ететін цифрларды, технологияларды пайдалану, ішкі абоненттері көрсетілген автоматтандырылған коммутация мүмкіншіліктерімен ортақтандырылған оператор орталықтарын қондыру: айналымдағы ақпарат қауіпсіздігі: УАТС және қала АТС терінің желілеріне қосылу. 30 каналды ИКМ (Е) немесе жеделдік базалық интерфейске ISDN Primary Rate Interface (PRI) қосылуға мүмкіншілік беретін желілер: басқа өндірушілердің УПАТС тоғысу: телекоммуникацияларға демеу, орталық бақылау, басқару, техникалық қолдау мүмкіншілігімен қамтамасыз етеді. Айтылмаш жұмыста осы жүйенің басқару ерекшеліктерін, шешімнің тұжырымдамасын қарастырамыз.

Меңгеру және басқару. Бекеттің функционалдығын басқару құрылымы: ортақ алгоритмдер беретін ортақтандырылған деңгеймен қамтамасыз етеді. УАТС қызметінде қолданылады.

МиниКом ДХ-500 ЖТ басқару жүйесі УАТС жабдығын толықтай басқарып, конфигурациясына өзгеріс енгізу мүмкіншілігі бар. Басқару және техникалық қызмет ету құралдарында жүйе администраторы үшін ыңғайлы интерфейс жұмыс есептемелерін жасау мүмкіншілігі бекеттерді дистанциялы басқару мүмкіншіліктері бар.

Шешімнің тұжырымдамасы. УАТС-ты қолдану компания және пайдаланушылар үшін телефония жүйесін жасаудағы типтік шешім болып табылады. Бұндай шешім тапсырыс берушінің байланыс құралдарына қойылатын талаптарына сәйкес келіп, УАТС-қа жұмсалған қаражаттарды тез қайтарып, телефон бекетінен пайда шығаруға мүмкіншілік береді.

Қазіргі УАТС, барлық талаптарға жауап беретін күрделі кешен. Қазіргі АТС дамуы модульді түрде жүреді. УАТС қазіргі желілер хаттамаларымен деректерді беруді қамтамасыз етеді.

Темір жол байланыс жүйесі –ең көне, мүмкін байланыстың ең күрделі мекемелік жүйесі.Соңғы жылдары теміржол көлік байланыс жүйелерін белсенді жаңарту басталды. Цифрлық УПАТС қойылып, мыңдаған километр оптикалық- волоконды байланыс желілері салынуда, жаңа спутникті жүйелер енгізілуде, осы жүйелер арқылы жүк және жолаушы тасымалдауды басқаруда жаңа мүмкіншіліктер ашылды.

Қазірде жүздеген «Мини Ком Дх 500 ЖТ» бекеттері Қазақстан теміржол желілерінде сәтті қолданылуда. «Мини Ком Дх 500 ЖТ» коммутациялық жүйесі «Информатика и Связь» серіктестігі шығаратын сериялық шығарылымын арнайы нұсқасы болып табылады. «Мини Ком Дх 500 ЖТ» коммуникациялық жүйесі арнайы теміржол байланыс жүйелерінде «Теміржол көлігі үшін цифрлық АТС әзірлеуге берілген техникалық тапсырыс» (цифр АТС-Ц, 1994 ж «Ресей теміржолдары үшін шұғыл технологиялық байланыс аппаратурасын әзірлеуге техникалық тапсырыстарына» (ОТС-Ц 2) 1998 ж) талаптарына сәйкес, ВНИИIС ЖТ әзірлеп, байланыс, дабыл, ес есептеу техника департаментінде қолданған.

ВНИИАС (ВНИИУП)Ж инженерлерімен тығыз әрекеттестіктері арқылы «Информатика и Связь» компаниясының әзірленушілері, информатизациялау департаментінің талаптарын толықтай қанағаттандырылатын «Мини ком Дх 500 ЖТ» телекоммуникация жүйесіне қол жеткізді. Осы талаптарының әр пункты МПС өкілдері өткізген сынақтар хаттамаларымен расталған. Айтылмаш жабдыққа біздің Республикамызда сәйкестік сертификаты және лицензиясы бар.

«Мини Ком Дх 500 ЖТ» аппаратурасы ойдағыдай тасымалдарды басқару орталықтарында және де Москва, Север, Горьков сонымен қатар Қазақстан жолдарында жұмыс істейді. «Мини Ком Дх 500 ЖТ» телекоммуникациялық жүйесі теміржол байланыс жүйесі жиынтығы, шұғыл технологиялық байланыс жүйелері үшін біртұтас цифрлық тұғырнама түрінде жасалды.

Айрықша көңілді жасаушылар жабдықты сабақтастықпен қамсыздандыруына, аналогты жабдықтармен үйлесімділігімен, байланыс жүйелерінің байсалды, кезеңді жаңартуына бар желілік алгоритмді сақтап, жүйені цифрлік каналдар және байланыс желілеріне аударуда диспетчерлік басқару жайлылығына, коммутациялық жабдығының аппаратты бөлігінің бірегейлендіруге, байланыстың сапасы мен тұрақтылығын арттыруға, абоненттер және диспетчерлерге цифрлық байланыстың кеңейтілген қызметін көрсетуге бөлді.

«Мини Ком Дх 500 ЖТ» коммутациялық және талаптарға сәйкес, теміржол байланыс жүйесінің келесі түрлерін қамтиды. Жол жарлықшы байланысы, бөлімшелік тартылым байланыс, ПДС (поездық, диспетчерлік), СС (мәжіліс байланысы), ПРС (поездық, радиобайланысы) ЛПС (желілік бағыттамалы), станциялық тартымды байланыс, ПС станция аралық, станциялық, жарлықшы, ОПС (кезекшінің күзететін торабы бойынша), парктік, ЭДС (энергодиспетчерлік), переглнды, СДС (электро механиктің диспетчерлік қызметі СЦБ және байланыс), МДС (маневрлік диспетчер), ВДС (вагондық диспетчер), телемеханика және теле дабыл жүйесінің деректерін беру, БДС (билеттік диспетчер), СТВ (транспорт қарулы күзеті).

Жоғарыда айтылған мінездемелерді салыстыра келіп, «Мини Ком Дх 500 ЖТ» жүйесі ең үйлесімді деп ойлаймын. Себебі ол теміржол көліктеріндегі барлық жабдық түрлерімен келісімді жұмыс жасайды. Басқару саласында тиімді.

Таңдалған «Мини Ком Дх 500 ЖТ» жүйесі цифрлық коммутациялық жүйе болып табылады. Жүйенің жаратушылары қазіргі ең үздік зерттеулерді жүзеге асырады, байланысты қолданудағы және басқарудағы жаңа мүмкіншіліктері.

«Мини Ком Дх 500 ЖТ» жүйесі модульды болып табылады, ол жай және үнемді сымдылықты 4096 портқа және 48 ЦСП ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Мини Ком Дх 500 ЖТ» сәулет ерекшеліктеріне: басқарудың бөліп тарату әдісі, айта кетсек, әр 128 порт немесе 4 ИКМ жеке бағдарламамен қамсыздандырылған тәуелсіз процессорлармен жұмыс жасайды, бөліп - тарату коммуникациясы, әр басқару модулінде блокталмайтын цифрлық коммутациялық жиегі бар. Әңгіме тракттарын коммутациялау кластер ішінде, бекеттің орталықтандырылған ресурстарын қолданбай жүзеге асырылады, 1024х1024 портты блокталмайтын жүйелі коммутациясы бар, ВОЛС немесе цифрлық тракт арқылы кішкентай ара-қашықтықтарға бекет модульдерін тарату мүмкіншілігі.