
- •7)Биосфераның негізгі қызметі
- •21)Қоршаған ортаны қорғау.
- •22)Атмофералық ауаны қорғау
- •23)Топырақты құқықтық қорғау
- •25)Өсімдіктер дүниесін қорғау
- •26)Жер қойнауын қорғау
- •27)Антропогенді әсерлердің қоршаған ортаға әсерінің масштабтары
- •28)Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайын реттеудегі ролі
- •29)Литосфера қабатындағы өзгерістер
- •30)Тіршілік орталары
- •31)Су тіршілік ортасы
- •1.Сулы орта
- •32)Құрлық-әуе ортасы
- •33)Топырақ-тіршілік ортасы
- •34)Тірі организмдер-тіршілік ортасы
- •35)Су ресурстарын қорғау
- •36)Шөлейттену деген не және оның пайда болу себептері қандай?
- •37)Гидросфераны қорғаудағы халықаралық шаралар
- •38)Гидросфераның өнеркәсіптік ластануы
- •39)Атмосфераның өнеркәсіптік шығарылымдармен ластануы
- •40)Атмосфералық ауаны қорғаудағы халықаралық шаралар
- •51)Суды тазалаудың жаңа технологиялары
- •52)Топырақ ресурстарының ауылшаруашылық ластануы
- •53)Озон қабатының бұзылуы
- •54)Климаттың ғаламдық жылуы
- •59)Қр Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы
- •60)Экологиялық білім беру және тәрбие
26)Жер қойнауын қорғау
Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы – жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды «Жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайындағы заңның міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау;
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау;
3. Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;
4.Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау;
5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып табылады.
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:
1.жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
2.жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3. республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз ету;
4.минералдық шикізат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргізу.
6. жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7.жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізуге инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу.
Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншігі болып табылады.
Егер контрактіде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикізат меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншігіне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына - шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығымен).
Техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Мемлекект меншігіндегі техногендік минералды түзілімдерден алынатын пайдалы қазбаларға иелік ету құқығы контрактіде айқындалады.
Минералды шикізат, техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар немесе пайдалы қазбалар меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелігінде болса, ол минералды шикізатқа, техногендік минералдіық түзілімдерге, техногендік суларға немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, олар жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған кез-келген азаматтық құқықтық мәмлелер жасауға қақылы.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қаз-ң жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, оның ішінде 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттің барланған қорлары бойынша бірінші,күміс,қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша екінші, мыс пен флюарит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Жер қойнауын қорғау-пайдалы қазбаларды жер қойнауынан неғұрлым толық(кешенді) алу және шығындалуын барынша азайту мақсатында жүзеге асырылатын шаралар кешені. Және пайдалы қазылымдар кенорындарын барлау мен өнеркәсіптік игерудің барлық сатыларында:геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде, кен кәсіпорындарын жобалау,салу,пайдалану және жабу кезінде жүзеге асырылады.