
- •7)Биосфераның негізгі қызметі
- •21)Қоршаған ортаны қорғау.
- •22)Атмофералық ауаны қорғау
- •23)Топырақты құқықтық қорғау
- •25)Өсімдіктер дүниесін қорғау
- •26)Жер қойнауын қорғау
- •27)Антропогенді әсерлердің қоршаған ортаға әсерінің масштабтары
- •28)Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайын реттеудегі ролі
- •29)Литосфера қабатындағы өзгерістер
- •30)Тіршілік орталары
- •31)Су тіршілік ортасы
- •1.Сулы орта
- •32)Құрлық-әуе ортасы
- •33)Топырақ-тіршілік ортасы
- •34)Тірі организмдер-тіршілік ортасы
- •35)Су ресурстарын қорғау
- •36)Шөлейттену деген не және оның пайда болу себептері қандай?
- •37)Гидросфераны қорғаудағы халықаралық шаралар
- •38)Гидросфераның өнеркәсіптік ластануы
- •39)Атмосфераның өнеркәсіптік шығарылымдармен ластануы
- •40)Атмосфералық ауаны қорғаудағы халықаралық шаралар
- •51)Суды тазалаудың жаңа технологиялары
- •52)Топырақ ресурстарының ауылшаруашылық ластануы
- •53)Озон қабатының бұзылуы
- •54)Климаттың ғаламдық жылуы
- •59)Қр Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы
- •60)Экологиялық білім беру және тәрбие
7)Биосфераның негізгі қызметі
Биосфера— тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Ноосфера
Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі
Энергетикалық қызметі
Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.
Газдық қызметі
Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмірқышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады.
Жинақтау қызметі
Тірі азғалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі азғалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.
Тотығу-тотықсыздану қызметі
Тірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек,күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де қатысады.
Биохимиялық қызметі
Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.
Жоғарыда аталған үрдістердің барлығы осы биосфера қабатында жүреді. Егер де биосфера болмаса,онда тірі ағзалар,микроорганизмдер, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің мекендерінің де болмауы сөзсіз.