
- •Түсініктеме хат
- •Халықаралық жария құқығы
- •Тақырып. Халықаралық құқық түсінігі, қайнар көздері және негізгі қағидалары
- •2 Тақырып. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік
- •3 Тақырып. Халықаралық құқықтағы аумақ. Сыртқы қатынастар құқығы
- •4 Тақырып. Халықаралық жауапкершілік және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құқығы
- •5 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы. Қарулы қақтығыстар құқығы
- •6 Тақырып. Халықаралық әуе, ғарыш, теңіз, экономикалық және экологиялық құқығы
- •Халықаралық жеке құқық
- •1 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтың жалпы түсінігі
- •2 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заңды және жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы
- •3 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар
- •4 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы сыртқы экономикалық шарттар
- •5 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы халықаралық тасымалдау
- •6 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы дауларды сот тәртібімен қарау
- •Мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •1. Халықаралық жария құқық
- •2. Халықаралық жеке құқық
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
«БЕКІТЕМІН»
Факультеттің Ғылыми Кеңесінң төрағасы
_____________ Шакиров К.Н.
Ғылыми Кеңес хаттамасы №___
«___»_________________ 2014 ж.
«5В030200 –Халықаралық құқық»
мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы 2014
«5В030200 – халықаралық құқық» мамандығы бойынша бағдарлама «Халықаралық жария құқық» және «Халықаралық жеке құқық» пәндерінің Типтік бағдарламалары негізінде жасалды.
Бағдарлама халықаралық құқық кафедрасы мәжілісінде қарастырылды
Хаттама № « » 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі __________________ Айдарбаев С.Ж.
Бағдарлама халықаралық қатынастар факультеті Әдістемелік бюросы мәжілісінде бекітілді
Хаттама № « » 2014 ж.
Әдістемелік бюро төрайымы ____________ Сайрамбаева Ж.Т.
Түсініктеме хат
Мемлекеттік емтиханның мазмұны «5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалавриаттың оқу жоспарларындағы пәндердің оқу бағдарламаларына сәйкес академиялық, әлеуметтік-тұлғалық және кәсіби құзіреттіліктер негізінде бакалаврларды дайындау деңгейінің талаптарына сай анықталады.
«5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханның мақсаты – студенттердің Қазақстанның құқық жүйесіндегі халықаралық жария құқығы мен халықаралық жеке құқығының алатын орнын және оның елдегі болып жатқан демократиялық үдеріс пен экономикалық қайта құруға прогрессивті әсер ету мүмкіндігін білу.
Халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы Сыртқы істер министрлігі мен сыртқы экономикалық ведомствосы қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құқықшығармашылық, атқарушылық және құқық қорғау органдарында, сондай ақ кәсіпкерлік салада қызмет атқаратын кез келген заңгердің халықаралық жеке құқық саласындағы білімді иленеуін талап етеді.
Мемлекеттік емтиханның міндеттері:
- халықаралық жария құығының басты қайнар көздерімен танысу;
- маңызды нормативті актілерді білу және олармен жұмыс істеуді меңгеру, халықаралық құқық қағидаларымен танысу және оларды нақты мәселелерді шешу кезінде қолдана білу;
- Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын реттейтін ұлттық заңнамасымен танысу;
- халықаралық құқық саласындағы заңгер ретінде әртүрлі мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарда жұмыс істеу үшін қажетті машықтарды қалыптастыру.
Бағдарламаға кіретін пәндер тізімі:
Базалық компоненттегі міндетті арнайы пәндер:
Халықаралық жария құқық
Халықаралық жеке құқық
Мемлекеттік емтиханды қабылдау нысаны: аралас жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын жауап қағазына жазады және емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция жағдайында шағымды қарауға жауап парағындағы жазбалар негіз болады.
Халықаралық жария құқығы
Тақырып. Халықаралық құқық түсінігі, қайнар көздері және негізгі қағидалары
Қазіргі халықаралық жария құқығының түсінігі, белгілері және ерекшеліктері. Халықаралық құқықтық және ұлттық құқықтық жүйелердің арақатынасының негізгі теориялары. Халықаралық құқық қайнар көздері түсінігі мен түрлері. Халықаралық құқықты кодификациялау және оның прогрессивті дамуының мәні мен маңызы. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі, маңызы мен олардың жіктелуі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының нормативтік мазмұны.
Әдебиеттер тізімі:
1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.
2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.
3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.
4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.
5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.