
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Еңбек ұжымы - кіші топ ретіндегі түсінігі
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •7.Белсенді үлестірме материалдар
- •Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
- •8.Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары
Еңбек ұжымы - кіші топ ретіндегі түсінігі
Шартты немесе номиналды - бұл топтарда ешбір кіші топқа кірмейтін адамдарды біріктіреді. Кейде осындай топтардың бөліп шығару зерттеу мақсатында болады. Шынайы топтарда алынған мәліметтермен кездейсоқ біріктірілген топтардың мәліметтерімен салыстыру үшін. Номиналды топтарға қарама-қарсы топтар – шынайы топтар. Бұл топтарға кіші топтың барлық сипаттамалары жатып, олар қазір нағыз топ деп айтуға болады.
Табиғи топтарға экспериментатордың қалауынсыз пайда болған топтар жатады. Олардың пайда болуы мен өмір сүруі қоғамның және осы топқа сай қажеттіліктердің құрамына байланысты болады. Олардан өзгеше келетін – лабораторлы топтар экспериментатормен белгілі бір зерттеу жұмысын жүзеге асыру немесе гипотезаның тексерілуі үшін жасалынады. Оларды да нағыз топтардың құрамына жатқызуға болады, бірақ олар тек қана лабораторияда өмір сүріп, уақытша ғана болады.
Тек қана шартты немесе номиналды топтар зерттеушінің жасанды қоғамдасқан адамдардан құралатын топ болып есептеледі. Қалғандарының барлығы қоғамда шынай бар деп есептеуге болады, олардың кәсіптері мен жастық немесе әлеуметтік қатынасымен ерекшеленген.
Табиғи топтар формалды және формалды емес болып бөлінеді. (басқа атауы – ресми және бейресми). Біріншілері – олардың пайда болуы мен өмір сүруі тек қана шектеулі ұйымдарда ресми түрде есептеледі. Екіншілері – осы шектеулерден тыс жерлерде пайда болады. Ресми топтардың негізгі мақсаттары болып – осы ұйымның міндеттерінің негізінде жасалып, басқа жақтан келеді, ал бейресми топтардың мақсаттары болып қатысушыларының жеке қызығушылықтарының негізінде, тіркелген ұйымға сай немесе сай келмеуі да мүмкін.
Кіші топтар референтті немесе референтті емес болуы мүмкін. Референтті – ол адамның өзінің қалауы бойынша кірген немесе осы топтың құрамында болғысы келетін шынайы немесе шартты (номиналды) кіші топ. Референтті топта индивид өзіне еліктеу объектілерін таңдап алады. Оның мақсаттары мен құндылықтары, мінез-құлығының формалары мен нормалары, ойлары мен сезімдері ол үшін маңызды болып келеді. Референтті емес кіші топ – бұл индивид үшін маңыздылығы төмен немесе маңыздылығы жоқ топ деп айтуға болады. Бұл екі топтың типінен басқа - антиреферентті топтар да болуы мүмкін. Бұндай топтардың мінез-құлығы мен психологиясын адам мүлдем жоққа шығарады, оны менсінбей айыптайды.
Барлық табиғи топтарды аз дамыған немесе жоғары дамыған топтарға бөлуге болады. Аз дамыған кіші топтарда психологиялық қоғамдасудың жоқтығы, іскери және жеке қарым-қатынастардың дұрыс құрылмауы, өзара әрекеттесудің құрылымының жоқтығы, міндеттердің толықтай шектелмеуі мен эффективті бірегей жұмыс жасау үшін барлық қызметкерлермен мойындалған лидердің болмауы кіреді. Аз дамыған топтарға шартты (номиналды) және лабораторлы топтарды кіргізуге болады. Жоғары дамыған топтарда жоғарыда айтылған барлық факторлардың әлеуметтік – психологиялық қоғамдасуы байқалады. [6,531-532]
Кіші топтардың классификациясы [7,320-321]
Кіші топтардың түрлері
Шартты (номиналды)
Шынайы (нағыз - действительные)
Табиғи (естественные)
Тәжірибиелік
(Лабораторлы)
Формалды (ресми)
Формалды емес (бейресми)
Аз дамыған (слаборазвитые)
Жоғары дамыған (высокоразвитые)
Корпорациялар
Индивид тұлғасының
қалыптасуы қоғамнан тыс қарастыра алынбайды. К.Маркстың айтқаны бойынша, қоғам «индивидтерден құралмайды, ал олардың бір-бірімен қандай қатынас пен байланыста болуының сомасынан құралады».
Тұлғаның белсенділігі оның өмірі барысында қандай да бір тұлға аралық қарым-қатынастың болуына әкеледі. Қандай да болмасын топ, қандай да болмасын ұжым адамның барлық өмірлік кезеңдерінде құралады.
«Топ – бұл адамдардың қоғамдасуының жасерекшелік, кәсіби, тұрмыстық, экономикалық, кәсіптік, әлеуметтік және т.б. көзқарастардың жиынтығы. Жалпы қоғамдық ғылымдарда «топ» термині екі жақты қарастырылуы мүмкін» [31, 161]
Біріншіден, практикалық жағынан, мысалы демографиялық анализді қарасақ, әр түрлі статистикалық жолдамаларда тек шартты топтар қарастырылады: адамдардың белгілі бір жалпы қасиетімен еркінше қалыптасқан ұйымдасулар. Екіншіден, қоғамдық ғылымдардың саласынан топ болып шынайы қалыптасқан білім беру, алу мақсатында, не басқа бір жағдаймен жиналған топтарды айтуға болады.
Топтар үлкен және кіші болып, екі және одан да көп адмдардан құралған, шартты және шынайы болып бөлінеді. Шынайы топтарды үлкен және кіші, ресми және бейресми, тұрақты және жағдайлық, қалыптасқан және стихийді, байланысқан және байланыспаған. Стихийді топтарды Платонов К.К. «ұйымдаспаған топтар» деп айтқан. [20, 12]
Топ – адамнан, ал қоғам – топтардан құралады. Индивидтер, топтар және қоғам бір-бірімен тығыз байланыста. Барлық топтар мамандырылған болып келеді. Олардың мамандырылуы – адамдардың қажеттіліктерінен пайда болады. Мысалы, жанұя генетикалық және тәрбиелік функцияларды бірге атқарады. Басқа топтар басқа функцияларды атқарады.
Әлеуметтік топ – ортақ іс-әрекетпен біріккен адамдардың әлеуметтік қоғамдасуы. Бұл қоғамдасу мынадай қасиеттермен белгіленеді:
ішкі ұйымдастырумен; басқару, әлеуметтік бақылау мен санкциялары бар мүшелерінен құралады;
топтық құндылықтармен; қоғамдасудың негізінде әлеуметтік сезімнің қалыптасады, «біз» сөзімен айтылып, топтың ортақ ойы қалыптасады;
оңашалану (обособление) принципімен; басқа топтардан айырмашылығын көрсетеді;
топтық қысым көрсетумен; топ мүшелерінің әрекетіне әсер ету;
іс-әрекеттің ортақ мақсаттары мен міндеттерімен;
орнығуға (устойчивость) талпыныспен; топтық мәселелерді шешу барысында адамдар арасында пайда болған қарым-қатынас механизмдері арқылы;
ғұрыптардың, символиканың бекітілуімен (басқалардан шығарып алатын белгілер, киімдер, жалаулар). [10, 319]
Үлкен топтар мемлекеттермен, ұлттармен, партиялармен, және де басқа профессионалды, экономикалық, діни, мәдени, жасерекшелік, жыныстық және т.б. қасиеттері бойынша бөлінеді. Осы топтарға әсер ету арқылы қоғамның идеологиялық негізін адамдардың психологиясына жеткізіледі.
Қоғамның және үлкен топтардың индивидке әсер етуінің бір өткізгіші - ол кіші топ. Ол – адамдардың (2-3-тен 30-40 адамға дейін) бір кәсіппен айналысып және бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста болатын үлкен емес бірлестігінен құралады. Кіші топ – қоғамның бір бөлшегін көрсетеді. Адам өзінің өмірінің көбін осы топта өткізеді. Барша танымал психология мен тұлғаның мінез-құлығының қоршаған ортадан деген тәуелділігін тезисин басқаша тұлғаның кіші топтағы қарым-қатынастардан тәуелділігі деп айтқан да келеді. Кіші топтардың мысалдары ретінде, жанұя, мектептегі сынып, еңбек ұжымы, жақын достар және т.б. жатады. Психологиялық қоғамдасудың көлемін топтың ұйымшылдығы оның әлеуметтік-психологиялық дамуының ең басты сипаттамасы болады.
Кіші топтар: көлемдері бойынша, ішіндегі адамдардың қатынастардың сипаттамалары мен құрылымы бойынша, индивидуалды құрылымы бойынша, құндылықтарының ерекшеліктері мен қарым-қатынасушылардың тұлға аралық қатынастары бойынша, әрекеттерінің мақсаттары мен мазмұны бойынша болуы мүмкін. Тұлға аралық қатынастың құрылымын немесе ақпараттармен алмасуды – коммуникация (қарым-қатынас) каналдары деп атайды. Тұлға аралық қатынастардың өнегелік (нравственно) – эмоционалды жағдайды – топтың психологиялық атмосферасы деп атайды. Осы айтылған параметрлер бойынша әлеуметтік психологияда кіші топтарды бөліп қарастырады. [16, 528-529]
жымдар
Референтті
Референтті емес
Еңбек ұжымы - кіші топ сияқты
Жоғары дамыған кіші топтардың арасында ерекше орын алатыны – еңбек ұжымдары. Дамыған ұжымның психолгиясы тек қана онда жұмыс жасап жүрген адамдарға ғана жағымды әсерін тигізе қоймай, сонымен қатар басқа да адамдарға тек жағымды әсерін тигізеді. Ұжымдағы тұлға аралық қатынастар адамдардың бір-бірімен сенімді, ашықтық, адалдық, бірін-бірі сыйлау сияқты қатынастарда құралған.
Кіші топты ұжым деп айту үшін, ол көптеген жоғары талаптарға сай келуі керек:
қойылған міндеттерді ойдағыдай шешу; (негізгі іс-әрекеттің қарым-қатынасына эффективті болу)
жоғары моральды болу;
жақсы адамдық қарым-қатынаста болу;
өзінің әрбір тұлғасының дамуына жағдай жасау;
шығармашылыққа қабілетті болу;
яғни, топ сияқты адамдарға көбірек беру. Ал сол сандаға индивидтердің өздерінің жұмыстары бар болғандағына қарағанда.
Кіші топ психологиялық жағынан ерекше дамыған болып саналады, егер де ұжымда әр түрлі іскерлік және жеке қарым-қатынастардың негізі жоғары өнегелік дифференциаланған жүйесі құралған кезде. Бұндай қатынастарды – ұжымдық деп айтуға болады.
Сонымен ұжымдық қатынас дегеніміз не деген сұрақ туындауы мүмкін. Олар өнегелік, жауапкершілік, ашықтық, ұжымдастық, контакттік, ұйымдасу, эффективті және ақпараттандырылған түсініктері арқылы белгілінеді.
Өнегеліктің мағынасында жалпыадамдық моральдық нормаларға сай ішкі ұжымдық және сыртқы ұжымдық қарым-қатынастардың қалыптасуы жатады.
Жауапкершілік деп ұжымның қоғам алдынан өздерінің қалаулары бойынша моральдық норамларға сай әрбір адамның ғұмыры үшін осы ұжымның қызметкері болмаса да жауапты болуды айтады. Сонымен қатар жауапкершілік мынадай көрінісін табады: ұжымның қызметкерлері айтылған сөздерін іспен бекітіп, бір біріне деген талаптары жоғары болып, өздерінің жетістіктері мен кемшіліктерін объективті түрде бағалап, бастаған істі тек қана аяғына дейін апарып, тәртіптерге саналы түрде бағынып, басқа адамдардың қызығушылықтарын өздерінің қызығушылықтарынан төмен қоймай, ортақ мүлікке өзінікіндей қарайды.
Ұжымның ашықтығына басқа бөлімдер мен ұжымдармен жағымды қарым-қатынастарды орнатып он ұстай білу және өздерінің жаңа келген қызметкерлерін тек қана жақсы қарсы алу қабілеттілігі жатады. Практикада ұжымның ашықтығы басқа ұжымдарға, оның жекелеген қызметкерлеріне емес, әр түрлі көмек көрсетуден көрінісін табады. Ашықтық ең басты сипаттамалардың бірі болып саналады және де басқа әлеуметтік ұйымдасушылардың ішінен бөліп шығарады.
Ұжымдастық (коллективизм) түсінігі өзінің мағынасына әрқашанда жүргізіліп отыратын күтім оның жетістіктерімен, ұжымды бұзатын нәрселерден аулақ болу жатады. Ұжымдастыққа бұдан басқа қалыптасқан ғұрыптардың дамуы мен әрбіреуінің өзінің ұжымында сенімді екендігін білу сезімі. Ұжымдастық сезімі оның қызметкерлерінің селсоқтықпен(равнодушие) пайда болған қиындықтарға қарамауды үйретеді. Бұндай ұжымда барлық сұрақтар бірге шешіліп, барлықтарының келісімімен бекітіледі.
Ұжымдастық қатынастардың жақсаруы – контактілік жетілдіреді. Бұнда ұжым мүшелерінің жақсы жеке, эмоционалды жағымды достық, сенімді қарым-қатынастар жатады. Олар бір-біріне деген зейінді, тілектес (доброжелательный), бірін-бірі сыйлау және өнегелілікті (тактичность) талап етеді. Осы сияқты қарым-қатынастар ұжымдағы психологиялық атмосфераны жағымды етіп, оны байсалды (спокойный), әрі ықласты (дружелюбный) етеді.
Ұйымдасу ұжымдағы мүшелердің өнерлі өзара әрекеттестігі жағдайында, араларында міндеттердің конфликтсіз бөлінуі, жақсы өзара алмасу кезінде пайда болады. Сонымен қатар, ұйымдасу – ұжымның өздерінің жіберген қателіктерің тану мен олардан арылу, мәселелердің пайда болғанға дейін олардың алдын алу мен оларды болдырмау қабілеттілігі. Ұйымдасу ұжымның іс-әрекеттерінің нәтижелілігімен тығыз байланысты болады.
Ұжымның сәтті жұмыс істеуінің жағдайының біреуі қызметкерлердің арасында сенімді қарым-қатынастың болуы мен ұжымдағы болып жатқан істердің барлығының білуі болып табылады. Оны – ақпараттандырылу деп атаймыз. Ақпараттарды жеткілікті білу, ұжымның алдында тұрған міндеттерді білу, жұмыстың барысы мен оның аяғын білу, жағымды, әрі жағымсыз жақтарын, мінез-құлықтың нормалары мен ережелерін білуден тұрады. Ұжымдағы мүшелердің бірін-бірі білуі де осында кіреді.
Эффективтилік деп ұжымның алдында қойылған барлық міндеттерді сәттілікпен шешу деп түсіндіріледі.
Жоғарыда айтылған талаптардың барлығына сай келетін ұжым – кіші топ негізінде жоқ деп те айтуға болады. Көптеген шынайы өмір сүріп жатқан кіші топтар аз дамыған және жоғары дамыған топтардың орта шегінде орналасады. Кейбір әлеуметтік-психологиялық параметрлерге сәйкес бұл топтар ұжым деп аталуға құқылы, бірақ басқалары бойынша ол сәйкестікке келмейді.
Топ өзінің құрылып ұжымға қарай әрі даму сатысында бірнеше кезеңдерден өтіп, оның психологиясы өзгерген сайын біртүрлі дағдарыс кезеңдерінен өтеді. А.Г. Кирпичник мынадай байланыс анықталған: барлық топтар өздерінің ұжым ретінде дамуында (егерде дамуды психологиялық климатпен есептесек) міндетті түрде уақытша төмендеу кезеңінен өтеді. Топтың дамуының ең басында белсенділіктің көтерілуі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы мен жоғары энтузиазм байқалып, кейінірек төмендей бастайды. Бұдан соң егерде топ өздерінің ортақтастығын (общность) және бұрын пайда болған ұжымдастық (коллективистические) сапаларын сақтай алса, көтерілу қайта көрінеді, бірақ басында болғанындай психологиялық күйінде, яғни шарықтау шегіне жетпейді.
5 – дәріс Қарым-қатынас психологиясы және тұлға аралық қатынастар.2 сағат
5.1.Қарым-қатынас - әлеуметтiк байланыс жүйе ретінде.
5.2.Қарым-қатынастың құрал және техникасы
5.3.Тұлға аралық қарым-қатынастар психологиясы
Мақсаты: студенттерде тұлға туралы елестерді қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, дүниетаным, сенім, мурат, бағдар, қажеттілік, қызығулар
Қарым-катынас - бір адамның басқа адамдарға әсер ететін формасы. Қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынасы орындалады.
Қарым-қатынастың бір-біріне өзара байланысты үш бағыты бар: қарым-қатынастық коммуникативтік бағыты адамның бір-бірімен информация алмасу болып табылады, интерактивті бағыты адамның бір-бірімен өзара ұйымдастыруынан тұрады. Мысалы: іс-әрекеті алдын-ала ойластыру, функцияны бөлу немесе көңіл-күйге әсер ету, өмір салты, қалыптасатын ойлары, перспективтік бағыт партнерлардың бір-бірін сезіну процесін кұрайды.
Қарым-қатынас құрамы:
1. Тіл-сөздердің, сөз тіркестерінің және оларды өзара қосу ережелерінің жүйесі, тіл қарым-қатынаста қолданылады.
2. Дауыс ырғағы, яғни интонация, эмоциялық анықталып, әр түрлі ойға бірнеше мағына береді.
3. Мимика, дененің бірнеше қалыпта болуы, айтушы адамның көзқарасы сөзінің мағынасын толықтырады, күшейтеді немесе жоққа шығарады.
4. Ымдау - қарым-қатынас құрушы ретінде жалпы қабылданған, қалыптасқан мағынасы бар, немесе экспрессивтік, яғни сөйлеуді неғұрлым айқындау үшін қызмет етеді.
5. Ара кашықтың мәдениет, ұлттық салт-дәстүрлерге, өзара сөйлеушінің бір-біріне сенімділігіне тәуелді.
Қарым-қатынас барысында бірнеше этапқа бөлінеді:
1. Қарым-қатынас кажеттілігі адамдарды басқа адамдармен байланыста болуға шақырады.
2. Қарым-қатынас мақсатында және жағдайында анықтау.
3. Сөйлеушінің жеке тұлғалық қасиетін анықтау.
4. Айтылатын нәрсені алдын анықтау.
5. Ессіз адам нақты құралдарды таңдайды, калай өзін ұстау мәнерін аныктайды.
6. Сезіну мен ^өйлеушінің жауапты реакциясын бағалау, өзара байланыстыг негізінде карым-катынасты бакылау.
7. Қарым-катынас бағытын стилін, эдісін түзеу. Қарым- катынастың түрлері:
1. «Маскалар байланысы»- формалдык карым-катынас, мұндайда сөйлеушінщ жеке тұлғасына көніл бөлінбейді. Мұндайда әдетті маскалар колданылады-беттін эртекті кимылдары, стандаргты фазалар қолдану.
2. Қарапайым карым-катынас, мұнда баска адамдарды кажетті немесе кажетсіз объекті ретінде бағалайды. Егерде кажетті болмаса дөрекі сөздер айтылады. Сөйлеуші адамдардың кажетті мэліметтерді алған жағдайда сөйлеуші оған көңіл бөлінбейді.
3. Формальды -рольдік карым-катынас. Егер де карым-катынас күралдары мен мазмұнын коса сөйлеушінін жеке тұлғалык білімі регламснттеледі.
4. Жұмыстык карым-катынас жеке тұлғанын ерекшеліктері, мінезі, жасы, көніл-күйіне мэн беріледі. Бірак жүмыс маңызды орын алады.
5. Достардың өзара жеке тұлғалык карым-катынасы. Бұл жағдайда эр түрлі такырыпта эңгімелесуге болады. Екі адам бірін бірі жаксы білген уакытта ғана болады.
6. Монипуметивтік карым-катынас- сөйлеушіден пайдатусіру үшін бағытталған.
7. Аксүйектік карым-катынас.
Қарым-катынастын позициялары бар: жаксы карым-катынастағы позияциясы; нейтральды позиция; жағымсыз позициясы; басым болу позициясы; бірдей карым-катынас позициясы; бағыну позициясы.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы: вербальды қарым-қатынас.
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан құаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, бірітіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, коғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруге аса маңызды рөлі атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқарауы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атақаратын екінші қызметі.
Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, бірітіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сырқа білдіре аламыз. (М. Жұмабаев).
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы келісу немесе келіспеушілік білдіреді. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдын айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» - дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар – сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
Француз ғалымы Брока адамдардың ми сынарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т.б.) бірлескен, қызметін қажет етеді дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығынын қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипау-сезу, қозғалыс зоналырының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сынырының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақымданса, адам сөлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталмаған, қиналып сөйлейді, тіл күрмелейді, дыбыс, үн шығару қиынға сөғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдары дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығынын анализдік, синтездік жұмысы әлі женді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу – адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Олайналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т.б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлумат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-қатынастық қызмет атқаратыны белгілі.
Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлеу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастармен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжын, эмоциялы, интеллект (ақыл-парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдырының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы қарыстырады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, коғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қорамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жанақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауыз екі – фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шығасалы адамдардың да сайлац ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлеудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ құбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір ерекшеліктері төмендегідей:
Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;
Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.
Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т.б.) кемдеу болады.
Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын қозғалысы т.б.) толықтырылады.
Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді.
Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі).
Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай тұғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындар, ғылымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000 дай болған.
Сөйлеудің ерекше бір түрі – жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға арқылы оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат таңырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ым-ишара қолданылмайды.
Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын.
Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т.б. сөздер.
Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркенгіштерге орай туып отыратындығы аңықталған. Ішкі сөйлеу жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабатасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аудырғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап аттып аламын». Өйткені адам әр кез өз ойлацының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың кажеті де болмайды. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
М.И.Лисина «Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» - деп көрсетеді.
«Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық құбылыс» - дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.
Е.В.Руденский бойынша, қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; - адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; - қарым-қатынас субъектілердің өзара іс-әрекеті.
Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» - деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
М.И.Лисина «Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» - деп көрсетеді.
«Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық құбылыс» - дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.
Е.В.Руденский бойынша, қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; - адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; - қарым-қатынас субъектілердің өзара іс-әрекеті.
Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» - деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
Қарым-қатынас теориялары.
М.И.Лисина еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселелері.
Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес) қарым-қатынастарға түсініктеме беріңіз?
Қарым-қатынастағы коммуникация, перцепция, интеракция ұғымдары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Бодалев А.А. Личность и общение. – М.:Педагогика, 1983
Гозман Л.Я. Психология эмоциональных отношений. – М.:МГУ, 1987.
Донцов А.И. Психология коллектива. –М.:МГУ, 1984
Методы исследования межличностного восприятия /под ред. Г.М.Андреевой. – М.:МГУ, 1984
Обозов Н.Н. Межличностные отношения. –Л.:ЛГУ, 1979.
Петровская Л.А. Компетентность в общении. –М.:МГУ, 1989.
6 – дәріс Топтағы психологиялық атмосфера. 2 сағат
6.1.Психологиялық атмосфера түсінігі мен негізгі сипаттамалар
6.2.Топтағы әлеуметтік психологияны жақсарту жолдары
Мақсаты: студенттерде тұлға туралы елестерді қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, дүниетаным, сенім, мурат, бағдар, қажеттілік, қызығулар
Сұрақнама әдістері, оның түрлері.
Психологиялық зерттеу әдістерінің ішінде сұрақнама әдісі маңызды рөлге ие. Сұрақнама әдісіне жататындар:
Анкета.
Интервью.
Әңгімелесу.
Сұрау.
Осы төрт түрі әлеуметтік психологиялық зерттеуде қолданылады. Әнгімелесу зерттеудің әр сатысында алғашқы бағдар негізінде де қорытындыларды дәлелдей түсу үшін де, басқа әдістердің қөмегімен алынған мәліметтерді пысықтау және кеңейту үшін де қолданылатын сұрақнамалық әдістердің бір түрі. Әнгімелесудің жинақталған неғұрлым белгілі бір формаға, құрылымға негізделеген түрі интервью (сұхбат) деп аталады.
Әнгімелесудің жүйеленген және жартылай жүйеленген түрлері бар. Анкета әр түрлі құрылымдар туралы мәлімет беретін сұрақтар жиынтығы. Сұрақтарды қою жөніндегі жұмыстың кезеңдері:
Жалпы мәселені аңықтау.
Негізгі сұраққа жақындатыған сұрақтардың тізімін қалыптастыру.
Сұрақтардың жоспарын жасау.
Алдын-ала жүргізіп көру.
Сұрақтарды түзету және редакциялау.
Анкеталық сұрақтардың классификациясы, ерекшеліктері және құрамы
Анкеталық сұрақтарды түрі бойынша а) ашық және жабық б) тікелей және жанама болып бөлінеді. Ашық сұрақтар деп – респондет экспериментаторға өз қалауы бойынша кез келген көлемдегі ақпаратты беруге мүмкін болатын сұрақтарды айтамыз. Ашық сұрақтардың артықшылығы жауап табиғи тұрғыда және мәлімет кең түрде болады. Ал кемшілігі ашық сұрақтарды интерпретациялау біршама қиын және кейбір жағдайда респондет объективті ақпаратты бермеуі мүмкін.
Жабық сұрақтар дегеніміз – респондет ұсынылған бірнеше варианттардағы жауаптардың ішінен өз вариантын таңдап алуға мүмкіндік беретін сұрақтар. Жабық сұрақтардың артықшылығы олар өндеуге, талдау жасауға жеңіл. Ал кемшілігі респонденттің жауаптарының шектелунуі. Ашық және жабық сұрақтардың синтезі ретінде қазіргі күнде жартылай жабық сұрақтар қолданылады.
Тікелей сұрақтар – жауап берушіден тура хабарлама алуға бағытталған (өзі туралы). Жанама сұрақтар – тікелей бір адамға бағытталмауы мүмкін және зерттелушіден өзі туралы ақпарат тікелей алынбайды. Атқаратын қызметі бойынша – сүзуші және бақылаушы сұрақтар болып бөлінеді.
Анкеталық сұрақтарды жасау ерекшеліктері.
Әрбір сұрақ жоғарғы дәрежеде жеке ұғымдармен жасалынуы керек.
Тұрмыста аз қолданылатын сөздер сұрақтардың құрамына енбеуі керек.
Сұрақтар өте ұзақ, шұбыланқы болмауы керек.
Сұрақтар нақтылы болуы керек. Көмескі сұрақтар қойылмауы қажет.
Шаблонды, стереотипті жауап тудыратын сұрақтар қойылмауы керек.
Жауаптардың әртүрлі варианттары ұсынылуы қажет.
Анкетаның құрамы.
Жалпылама бөлім. Бұл бөлімде анкетаны қандай мекеме не себеппен жүргізіп отырғандығы туралы, бұл зерттеулер нәтижесі қайда пайдаланатындығы, жауаптардың жарияланбайтындығы және анкетаны қалай толтыру керек екендігі туралы мәлімет беріледі.
Негізгі бөлім. Бұл бөлімде зерттелінетін тақырыптын мазмұнын аңықтауға бағытталған сұрақтар жиынтығынан тұрады. Оның өз құрамы бар. Негізгі бөлімде алдымен ынталандыратын сұрақтар қойылады. Оданкейін тұлғалық қасиеттерді, негізгі зерттелінуі керек мәселені анықтайтын сұрақтар қойылады. Негізгі бөлімнің қорытындысы жасалынған хабарламаны пысықтау айқындау үшін қосымша пысықтау сұрақтарын қоюмен аяқталады.
Демографиялық бөлім. Бұл бөлімде жауап беруішінің жасы, мамандығы, отбасы, әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет алынады.
Контент анализі.
Белгілі бір зерттеу объектінің мазмұның және құрылымын, коммуникация мазмұнына талдау, түсіндіруде контент анализ басшылыққа алынады.
Бұл термин көбінесе, баспа және визуальді мағлуматтарды анализдеуде қолданылады. Сонымен қатар, сауаленама барысында қойылатын ашық сұрақтарды жауаптарын өндеуде де қоладануға болатынына біз төменде көз жеткіземіз.
Контент анализдің негізгі операцияларын американдық әлеуметтанушылар Х. Лассуэл мен Б. Берельсон құрған. Сапалық мәлімтеттерге аудару үшін, біріліктің екі типі бөлініп көрсетілген:
мәндік немесе сапалық анализ бірлігі;
есеп бірлігі немесе сандық.
Есеп бірлігі анализ бірлігімен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Олардың сәйкес келу квантикациясы бөлінген бірлікті ескеру, және сол сәйкес келген немесе келмеген бірліктің есебіндегі мағыналық бірлікке толықтырған мәтіннің көлемін қарастырылады.
Х. Лассуэлмен оның ізбасарларының айтуынша, белгі және ұғым негізгі бірілігі болып табылады. Дәл осы белгіні аналитикалық бірлік ретінде қолдана отырып Х. Лассуэл, екінші дүние жүзілік соғыс негізінде американдық «истинный американец» атты газетіне мәтіндік контент анализ жүргізіп, соның нәтижесінің негізінде, бұл газеттің «профашистік» икемін дәлелдеген. Дәл осы жаңалық газеттің басылуын тоқтатуға себеп болған. Ал, басқа зерттеуші Лассуэл анализ бірлігі ретінде белгі емес, ол толық тақырыпты «атақты америкадықтардың жарнамалық биографиясы» қолданған.
Жалпы контент – анализдегі есеп процедурасы топтастыру, шкалалық өлшеу классификациясының стандартты тәсіліне ұқсас.
Сөйтіп, зерттеушілер зерттелетін сұрақтарды сипаттайтын бір қатар категорияларды еңгізеді, содан кейін осы категорияларға сәйкес анализденген мазмұнды жүйелейді.
Әртүрлі зерттеушілердің субъективті қөзқарастардағы қарама-қайшылықты минимумға жеткізу үшін, категориялардың алдынала нақтыланып, бекітілуі өте маңызды. Бірақ контент анализ әдісін оның субъективтілігі үшін сынға алып келетін мұндай қарама-қайшы пікірлердің болмауы мүмкін емес.
В. Я. Ядовтың ойынша, мұндай негативті эффектен, арнайы қадағалаушы адамдардың қатысуымен немесе бірнеше рет қайталанатын кодировканың тұрақты, сенімділігін анықтау үшін бір инструкция бойынша бірнеше кодировщиктердің қызмет етуін қолдана отырып ашуға болады.
Автостереотиптер жүйесін зерттеудегі контент анализ. Ұлттық мінез-құлықтың негізгі империкалық индикаторы – этностереотиптер жүйесі екенін айтылып өткен. Егер мәселе «өзіңнің» ұлттық мінез-құлқында болса, онда ол автостереотиптер, ал басқа ұлттың мінез-құлқында болса, ол – гетеротиптер деп аталады.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша, қазақ ұлтының көпшілігіне тән бес сапаларды атаңыз. – деген, ашық сұрақта анализдің мәндік бірлігі – мінез-құлық сапалары болмақ. Осы жерде алдынала бекітілген категория ретінде, тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктерінің құралын қолдану керек. Біз оны, этноәлеуметтік зерттеудің арнайылығын зерттей отырып, профессор В. Н. Панверов құрастырған құрылымына бейімдедік.
Барлығы 304 автостереотип сапасы аталды. Яғни, 2,125 жауапқа еңгізілген (Санкт Петербург халқына почта арқылы сауалнама 724 жүргізілген) 230 түсінік (негізгі мәндік бірлік) және 74 бағалаушылық пікір (қосымша мәндік бірлік) бұл жауаптар тоғыз категория бойынша жүйеленеді. Ол рубрикаларда әрбір сапаға деген жағымды және теріс бағалаушылықтар көрсетілді.
Міңез-құлықтың жалпы стилі: бұл категорияға адам қылықтарын айқындайтын сапалармен мінез-құлықтың реакциялары еңгізіледі. Мысалы, біріншіден – қарапайымдылық, ашық (тік мінезділік), шыншыл, шыдамды, адалдылық, ұқыптылық, тұрақтылық; ал екіншіден – кекшіл, шыдамсыздық, немқұрайлы, тұрақсыз. 456 жауапта, барлығы 40 сапа.
Жалпы іс-әрекет стилі; адамның еңбекпен жалпы іс-әрекетке деген қатынасы. Мысалы: біріншіден – еңбеқор, шыдамдылық, еңбек сүйгіштік; ал екіншіден – жалқаулық, іссіздік, селқостық т.б. 300 жауапта, барлығы 25 сапа.
Басқа адамдарға қатынасы: өзара қарым-қатынас процесінде көрсетілетін спалар. Мысалы, біріншіден – қонақжайлылық, ақкөңілдік, ықыластылық, қайрымдылық, мейірімділік, сенгіштік, көпшіл; ал екіншіден – күншілдік, қызғаншақтық, сенімсіздік, жөсіздік, әдепсіздік. 548 жауапта, барлығы 50 сапа.
Өз-өзіне деген қатынасы: мұнда өзіндік қатынасты қөрсететін, 3-ші рубрикадағы кері сапалар енеді. Мысалы, біріншіден – намысқой, өзін-өзі жақсы көру, өз-өзіне сенімді; ал екіншіден – тартыншақтық, өз-өзіне деген қанағаттанбау. 73 жауапта, барлығы 23 сапа.
Ерік жүгер сапалары: адамның ерік күшінің күштілігімен жоқтылығын сипаттайтын сапалар. Мысалы, біріншіден – шыдамдылық, беріктілік, салмақты, байсалдылық, батылдылық (жүректілік); ал екіншіден – қажырсыздық, енжарлылық, бәсенділік, тартынақтық. 246 жауапта, барлығы 40 сапа.
Ақылдылық сапалары: адамның рационалды мінез-құлқындағы қабілеттіліктерімен интеллекісінен көрініс беретін сапалар. Мысалы, біріншіден – ақылдылық, тапқырлық, ептілік, әуестік, дарындылық; ал екіншіден – есаландылық, ақылсыздық, шектелгендік, топтастық т.б. 114 жауапта, барлығы 26 сапа.
Эмоциональды сапалары: адамның эмоциональды сезімталдылық сферасымен байланысты сапалар жиынтығы. Мысалы, біріншіден – сезімталдық, сентименталды, екпінділік; ал екіншіден – импульсивтілік. 41 жауапта, барлығы 14 сапа.
Әлеуметтік мінез-құлық: коғамның әлеуметтік және саяси мінездемесі, ұлттық намыс, маскүнемдік, ұрлық, паразиттілік. 188 жауапта, барлығы 41 сапа.
Ментальді мінездеме: Бұл классификацияның неғұрлым жалпылама және шартты категориясы мұнда, халықтық менталитетін айқындайтын пікірлер, Леви-Стросс бойынша «психологиялық негізі» еңгізілген. Мысалы, мейірімді ханға сену, ақылдың аздығына қарамастан жан дүниенің кеңдігі критикалық жағдайларындағы белгісіздік. 141 жауапта, барлығы 41 пікір.
Ұғымдардың пікірлердің квантификациясында мәндік бірліктерді олардың ұқсастықтарымен топтастыру қажет. Сөйтіп, «ұя» мәндік бірлігіне «мейірімді ханға сену», «күшті тұлғаға сену», «идеалға сену», «қолбасшыға сену» т.б. пікірлер бірлестіріліп, топтастырылады.
Алғашқы алынған мәліметтерді интерпретациялар кезінде (анализ бірлігі алғашқы квантификациялау кейін), негізінен мәндік блоктарды кеңейту мақсатында екінші топтастыруды жүргізу ұсынылады. Мысалы, мына ұғым-белгілерді бір топқа жатқызуға болады. Ержүректік, ерлік, батырлық, батылдық немесе ақкөңілдік, жылышырайлық, кең пейілділік және т.б. осындай, ұғымдардың пайыздық сәйкестігін жоғарлатқан сайын, ұғымдар мен белгілер соғұрлым айқындық пен көрнекілікке ие бола түеді.
Жалпы контент анализбен респонденттің тіркеген сапаларын мән, мағынасына қарай үстеп, бірлестіру бойынша қазақ немесе орыс ұлт өкілдерінің типтік бейнесі құрастырылады. Р. Липтон, А. Инкелес және Д. Левинсон айтып, онымен модальдық немесе базалық тұлға дәл осы типтік бейнеден көрініс табады.
Негативті гетеростереотиптерді (этникалық жаудың бейнесі) зерттеудегі контент-анализ. Анализдің мәндік бірліктерінің алғашқы өңделу барысында, зерттеуге қандай ұлт алынсада, олардың бәріне бірдей сапалар берілетіні байқалған (ұлттан тәуелсіз). «Жау бейнесі» айтарлықтай көмескі бұлдыр, айқын емес сипата және стереотиптер 9 өте маңызды этникалық емес (ханға байланысты емес), ол әлеуметтік мәдени сипатта болмақ. Гетеростереотип тасушының жек көрушілігі кімге бағытталғанына қарамастан, бұл факт берілген мәліметтерді бір ғана матрица шеңберінде классификациялауға жол береді.
Сұрақнамаға қатысушылар (теріс этнобағдар иелері) 610 жауапта барлығы 174 негативті сапаларды атаған. Мұнда берілген мәліметтердің мазмұнын ескере отырып жасалған классификация автостереотиптер анализіндегі классификациядан өзгешелеу құрылды.
Мінез-құлықтың жалпы стилі. Мысалы, агрессивтілік, мәдениетсіздік, бетімен кетушілік, шектен тыс еріктік.
Басқа адамдарға қатынасы. Мысалы, менмендік, ұятсыздық (арсыздық), екі жүзділік, монтанысу.
Өзіне деген қатынасы. Мысалы, өзін дәріптеушілік, мен –мендік, өзін жоғары көтерушілік.
Ақылыдылық сапалары. Мысалы, ақылсыздық, есаландылық, зейінсіздік, топтастық.
Сырт келбеті. Мысалы, жиіркешті, салау, таза емес, лас балу.
Әлеуметтік мінез-құлық. Мысалы, алып сатарлық, пайдақор, арам тамақтық, криминалист.
Этникалық қатынастар проекциясы. Мысалы, «басқа ұлтармен қатынасы тәртіпсіздік», «қазақтарға деген жаман, теріс қатынас», «өзін басқалардан жоғары санау» т.б.
Қабылданбайтын пікірлерді интегралды бағалау. Сонымен қатар «жат адамдар», «бізге ұқсамайтындар», «ұнамсыз мінез-құлық», идеологиялық мінездемелер: «фашистер», «террористтер» т.б.
Әлеуметтік психология әдістері пәнаралық әдістер болыпта есептеледі, оны әлеуметтануда, психологияда, педагогикада қолдануға болады.
Әлеуметтік психологиялық әдістердің дамуы бірдей емес, әр түрлі қиындықтар аркылы дамыған. Әдістер жиынтығын 2 топқа бөледі: ақпаратты жинау әдісі және өңдеу әдісі. Әдетте әдістердің мынадай да құрылымы бар. Мысалы: кең таралған кұрылымның бірі:
1. Эмпирикалык зерттеу әдісі (бақылау, документтер анализі, сауалнама, тұлғаның топтық бағасы, социометрия, тесттер, эксперимент);
2. Модельдеу әдістері;
3. Басқару тәрбиелеудегі әсер ететін әдістер. Осы соңғы әдіс әлеуметтік проблемаларды шешуде ролі жоғары.
Өте жиі әлеуметтік психологияда эмперикалық әдістер қолданылады, Бақылау әдісі -
Бакылау іс-әрекетін белгілі бір бағытта зерттеу айтылады. Бақылау тікелей немесе техникалық құрылғыларды пайдалану арқылы іске асады (фото, аудио, бейнеаппаратура, бақылау картасы және т.б.). Бақылау көмегімен қарапайым жағдайларда кездесетін жаратылыстарды анықтауға болады. Ал нақты ерекшеліктерін білу үшін қарапайым жағдайлар аздық етеді. Зерттеуші мінез-құлқын білу үшін карапайым бақылау әдісімен әсер ете алмайды. Бақылау зерттеу процесінде табиғи ерекшелігіне әсер ете алмаған жағдайларда колданылады.
Бақылау әдісінің негізгі ерекшелігі болып мыналар саналады.
Бақылаушы мен бақылаудағы тікелей байланысы. Ынталы Күрделі психологияда бақылаушы (өтіп жатқан процеске әсер ете алмайды) мен бақыланушының қарым-қатынасында өзекті мәселелер туындайды. Егер бақыланушы өзінің сыртынан біреудің бақылап тұрғанын білсе, оның іс-әрекетіне әсер етеді.
Документті таңдау әдісі - әлеуметтік психологиядағы негізгі зерттеу әдісі болып колданылған. Оны У.Томас пен Ф.Знанецкий әлеуметтік феноменді зерттегенде қолданған.
Әрбір ақпаратты (басылған немесе қолмен жазылған) документ деуге болады. Шығу тарихына байланысты да документті 1-ші немесе 2-ші дәрежедегі документ деп бөледі. Документтерді талдау әдістерінің барлығы дәстүрлі және формалданған деп бөлінеді. Қай әдістің болса да негізінде тексті түсіну процесі механизмі, яғни документтегі ақпаратты интерпретанциялық зерттеу әдісі жатады.
Сауалнама әдісі - бұл әдіс ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог.
Сауалнама алдын-ала дайындалуы мүмкін зерттеуші оның жоспарын құрып өзіне кажет мәселелерді бөліп алады. Зерттеу өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі. Ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұрақ жауаптың мұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді.
Сұрақ-жауап әдісінде кең тараған 2 негізгі түрі:
а) сұрак-жауап «бетпе - бет» - интервью, зерттеушімен тікелей сұрақ қою аркылы өткізіледі.
б) анкета - анкета толтыру арқылы, зерттелуші белгілі бір дайындалған сұрақтарға жауап береді.
Социометрия әдісі. Топта өткізілетін әдіс және топтағы жеке тұлғалық қасиеттерді зерттеуге арналған әдіс.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас аясындағы білім беру іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады.
Психологиялық атмосфера түсінігінің синонимдері –
психологиялық климат, әлеуметтік – психологиялық климат.
В.Шепель былай деп жазған:
Климат әлеуметтік – психологиялық (гр. Klima (klimatos) - еңкею) – тұлға аралық қатынастардың сапалық жағынан біргелік (совместный) продуктивті болысатын (способствующий) және кедергі жасайтын (препятствующих) және тұлғаның топта барлық жағынан дамуына психологиялық жағдайлардың жиынтығы. (-качественная сторона межличностных отношений, проявляющаяся в виде совокупности психологических условий, способствующих или препятствующих продуктивной совместной деятельности и всестороннему развитию личности в группе.)
Жағымды психологиялық атмосфераның ең басты белгілері:
Сенімділік пен топ арасындағы мүшелерінің бір-біріне деген жоғары талаптар;
Ақ жүректі (доброжелательная) және іскер сынның айтылуы;
Бүкіл ұжымға қатысты сұрақтарға өзінің ойын ерікті түрде айта алу;
Басшыларының бағыныштыларына қысым көрсетуінің болмауы және олардың топқа маңызды деген шешімдердің қабылдауын мойындауы;
Ұжым мүшелерінің ұжым алдында қойылған міндеттер мен істердің қаншалықты жүзеге асырылуы жайында толықтай ақпараттылық;
Осы ұжымға жататынына толықтай разылық;
Ұжымдығы бір мүшесінің фрустрациялық жағдай туу барысында эмоционалды қосылымның жоғары деңгейі мен бір-біріне өзара көмек көрсету;
Топтағы мүшелердің әр біреуінің топта юолып жатқан істерге деген жауапкершілік сезімінің болуы және т.б. жатады.
Солайша, психологиялық атмосфераның мінездемесі толықтай топтың дамуымен тығыз байланысты. Дамыған ұжымның психологиялық атмосфераның күйі мен топ мүшелерінің бірегей жасаған іс-әрекеттерінің тиімділігінің арасында жағымды байланыстың бар екендігі беймәлім.
Іс-әрекеттерді оптималды басқаруы мен психологиялық атмосфераның әрбір (соның ішінде еңбек) ұжымының басшыларының арнайы білімдері мен икемділіктері қажет. Арнайы тәсілдердің арасында болып:
Ғылыми негізделген таңдау мен сұрыптау;
Басшылықта болатын мүшелердің мезгілді оқыту мен аттестацияның жүргізілуі;
Психологиялық үйлесімділік факторын ескере отырып, алғашқы (первичный) ұжымдарды қалыптастыру;
Ұжымда тиімді өзара түсінушілік пен өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұжым мүшелерін оған дайындау;
Психологиялық атмосфера басшының стиліне де тәуелді болады. Басшы психологиялық атмосфераны оптимизациялау әрекеттерінде ең белсенді, саналы және беделі жақсы ұжым мүшелеріне сүйену қажет. [8,177]
А.М. Столяренконың ойы бойынша:
Әлеуметтік – психологиялық климат (атмосфера) – топта – топтың психологиялық күйі, оның мүшелеріне қазіргі кезде басшылық етіп тұрған әлеуметтік – психологиялық жағдайлардың жағымдылығының / жағымсыздылығының интегралды көрсеткіші, оның мүшелерінің психологиялық саялығының (комфорт) немесе бейсаялығының (дискомфорта) сезімдерінің қалыптасуы, онда қалуы немесе кетуіне тілектестігін білдіреді. Топтағы мүшелердің «психологиялық дем алуының» көрсеткіші – жеңіл ме, әлде олар «психологиялық тұншығып» жатыр ма. Әлеуметтік – психологиялық климат топ мүшелерінің барлығының, оның бір ғана бөлігіне, әлде тек бір адамына қатысты жағымдылығының / жығымсыздығының әр түрлі деңгейінде болуы мүмкін[9,77].
Солайша, ұжымдағы адамның іс-әрекетінің жағымдылығына психологиялық атмосфера үлкен рөл атқарады. Оның қалыптасуы кезінде оның қаншалықты жағымды, не жоқтығына назар аудару керек. Себебі бір ұжымда, бір топта жұмыс жасап жүрген адамдар атмосфераны өздері жасап, оның әрі қарай дамуына үлкен үлестерін қосады. Психологиялық атмосфера егерде оның бірнеше түсініктері арқылы қарастырсақ көптеген авторлармен қарастырылып, әр түрлі жақтарынан зерттелген.
Солайша, Е.С. Кузьминнің пікірінше, психологиялық климат түсінігі адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мінезін көрсетеді, қоғамдық көңіл-күйдің артықтылықтарын, басқару деңгейін және осы ұжымдағы дем алыс пен жұмыс уақытының жағдайлары мен қасиеттері [10,98].
Б.Ф. Ломов психологиялық климат түсінігіне тұлға аралық қарым – қатынастардың жүйесіне табиғаты бойынша психологиялықтарын қарастырған:
- сүйкімділік (симпатия);
- сүйкімсіздік (антипатия);
- достық (дружба).
адамдар арасындағы психологиялық өзара әрекеттестік механизмдерін:
еліктеу (подражание);
күйзелістену (сопереживание);
әрекеттесу (содействие).
өзара талаптар жүйесін, ортақ көңіл-күй, ортақ еңбек іс-әрекетінің стилі, ұжымның интеллектуалды, эмоционалды және еріктік бірлестігін енгізген [11,45].
В.М.Шепель алғашқылардың ең біріншісі болып әлеуметтік – психологиялық климат түсінігінің мазмұнын ұжым мүшелерінің эмоционалды бейнесінің психологиялық байланыстарының негізінде пайда болатын жақындық, сүйкімділік, мінездерінің, назарларының (интерес), икемділіктерінің (склонность) сәйкес келуі деп айтқан. Осы түсінікте ол үш «климаттық зонаны» бөліп шығарған:
1. Әлеуметтік климат – ол осы кәсіпте жұмыс жасайтын жұмысшылардың ортақ мақсат пен міндеттердің қаншалықты саналы түрде сезілуін, жұмысшылардың азаматтық, конституциялық құқықтарының қаншалықты бұзылмайтындығы кіреді.
2. Моральдық климат – осы ұжымда бекітілген моральдық құндылықтардың қаншалықты анықтатындығы кіреді.
3. Психологиялық климат, яғни бейресми атмосфера. Ол – жұмысшылар араысында бір-бірімен қатынас жасау барысында қалыптасады. Яғни, психологиялық климат - ол микроклимат, маңыздылығы жағынан моральдық және әлеуметтіктен әлдеқайда маңызды болып келеді [12, 56-58].
Р.Х. Шакуров психологиялық климат түсінігін оның екі жағынан қарастырған:
1. Психологиялық – бұнда эмоционалды, еріктік, интеллектуалды күйлер және топтың қасиеттері жатады;
2. Әлеуметтік–психологиялық – бұнда топ психологиясының интегративті қасиеттерінде байқөалып, оның тұтастығының және адамдар бірлестігінің өзіндік қызмет етулері қарастырылады[13, 61-62].
К.К.Платонов пен В.Г.Казакованың ойлары бойынша, әлеуметтік-психологиялық климат – ол топтың сондай қасиеті, тұлға аралық қатынастармен белгіленіп, тұрақты топтық көңіл-күйлерді және ойлармен байланыста болатын, топтың алдында тұрған белсенділіктің деңгейі мен мақсатқа жету деңгейін көрсетеді. Ал Б.Д.Парыгин әлеуметтік-психологиялық климатта тек оның индивидтерінің психикалық құрылымдығының сомасы деп қана қоймай, ал ұжым мүшелерінің психологиялық күйлерінің көтерілуінің күшті факторы деп таныған. Ұжымдағы атмосфера тұрақсызғ, ұжымдық бейсананың әрқашанда өзгеріп отыратын жағы.
Әлеуметтік-психологиялық климат түсінігінің анализін әр түрлі мағынада қарастырғаннан кейін, ол – полифункционалды ұжымның (топтың) әрбір іс-әрекеттінің әлеуметтік-психологиялық білімі деп түсінуге болады. Оның спецификасы болып, ұжымның барлық мүшелерінің психикалық күйлерінің интегралды және динамикалық мінездемесінен құралады. Ұжымда пайда болған қарым-қатынастар еңбек өзара әрекеттестігінің объективті жағдайы деп қарастырсақ, олар адамнантек қана бір емес, ал белгілі бір бекітілген мінез-құлық стилін талап етеді. Топтың бір ғана мүшесінің эмоциялары басқа мүшелерді белгілі бір жағдаймен мінез-құлықтарын дәлелдестіріп (мотивировать), оларды мақсатқа жетудің әрекеттеріне бағыттап, бірақ фрустрациялық әсерлерден құтылудан талаптандырады.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың құрылымы қоғамдық және тұлға аралық қатынастардың синтезі ретінде көрсетілуі мүмкін, олар ұжым мүшелерінің қарым-қатынасушы жүйесінің элементтерімен анықталады. Қоғамдық байланыстар арқылы ұжымдағы адамдардың жеке қарым-қатынастарының әлеуметтік мағынасы ашылады. Ол - өндірістік, саясаттық, құқықтық, этикалық және эстетикалық қарым – қатынастар. Тұлға аралық қатынастар – ол ұйымдық-технологиялық өзара әрекеттесулер, мәртебелік-рольдік өзара қатынастар, әкімшілік-психологиялық өзара әсер етулер, эмоционалды-логикалық өзара танулар. Олар ұжымның пәндік-практикалық іс-әрекеттерінде пайда болып, материалды-техникалық, ұйымдық-басқарушылық және олардың т.б. өмірлік іс-әрекеттерімен (жизнедеятельность) беріледі. Қоғамдық және тұлғааралық қатынастардың мазмұндарының бірігуінде адамдардың өзара қарым-қатынастарының түрінде (бірлестік, жарыстық, ұйымшылдық, қиыстыру, достық пен ынтымақтастық) келтіріледі және ұжымдағы адамдардың қарым-қатынастарының психологиялық айрықшалығы тұлғаның қасиеттеріненкөріністерін табады.
Ұжымдағы қарым-қатынастардың айрықшалығының көрсеткіші болып вербалды қатынастардың формасының үндеуі болып табылады. Үндеудің формаларының бірінің басым болуы – бұйрықтардың немесе өтініштердің, ұсыныстардың немесе сұрақтардың, пайымдасу, кеңестердің ұжымдағы қарым-қатынастардың айрықшалығын бейнелеп, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық климаттың көрсеткіші болып танылады.Ұжымдағы коммуникативті байланыстарды зерттеу кезінде оның саны мен бағыттылығының, оның мазмұнынан қарым-қатынастың күйін білуге болады. Қарым-қатынастардың жағымсыз дамуы ұжымның кейбір мүшелерінің келе-келе оңашалануына әкеліп, ондағы байланыстардың санын азайтып, байланысу амалдарының бөлшектенуіне, коммуникативті байланыстарды формалды-керектікке дейін апарып, іс-әрекеттесуші жақтардың кері байланыстарын жоққа шығарады. Солайша, әлеуметтік- психологиялық климаттың эмпирикалық көрсеткіштерінің бірі болып – коммуникативті байланыстар болады.
Әрбір адамның негізі тек қана оның басқа адамдармен ұжымдаық формадағы өзара әрекеттесулерде, қарым-қатынас жасау барысында ашылады. Қарым-қатынастар арқылы ғана адам өзінің қоғамдық құндылығын тани бастайды. Солайша, әлдеуметтік-психолоргиялық климаттың көріністерінің формаларының бірі ретінде өзін-өзі бағалау сияқты топтық эффектінің негізінде болады. Қоғамдық қатынастарды және байланыстарының өзінің жағдайын бағалау арқылы өзімен және басқалармен қанағаттанушылық сезімі көбірек немесе азырақ деңгейде көрінісін табады. Қарым-қатынастар көңіл-күйде жақсы бейнеленеді, адамның психологиялық өзін-өзі сезінуінің жақсаруы немесе төмендеуіне әкеледі. Еліктеу, жұғу, сендіру, көндіру арқылы ұжымда әр түрлі көңіл-күйлер қалыптасып, олар барлық адамдарға таралып және екінші жағынан олардың саналарында бейнеленуі ұжымдық өмірдің психологиялық фонын қалыптастырады.Психологиялық өзін-өзі сезіну мен көңіл-күйлер адамның психикалық күйін мінездеу арқылы ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климаттың сапасының көрінісі болып табылады. өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сезіну мен көңіл-күйлер – бұл әлеуметтік-психологиялық бейнелер болып табылады. Ұжымдағы адамның іс-әрекеттерінің жағдайларының барлық комплексін және микроортаның әсерінен тұтастық реакциясы ретінде байқалады. Олар әлеуметтік-психологиялық климаттың субъективті формаларының көріністері болады.
Әрбір адам өзінің әлеуметтік топта болуы ғана негізінде және бірге жұмыс жасау барысында көптеген сфераларға, сонымен бірге психологиялық атмосфераға да әсерін тигізеді. Адамдар қасындағыларына олардың әлеуметтік-психологиялық және индивидуалды-психикалық қасиеттеріне байланысты жағымды не жығымсыз әсерлерін тигізеді. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне әлеуметтік-психологиялық климаттың қалыптасуына жағымды әсерлеріне тұлға аралық және топ аралық қарым-қатынастарда беріктілік (принципиальность), жауапкершілік, тәртіптілік, белсенділік, үйірлік (общительность), құлық мәдениеті мен әдептілік (тактичность) сезімдері жатады. Климатқа жағымсыз әсер тигізетін эгоистік, әдепсіз (бестактные) және т.б. адамдар болып табылады. Адамдардың өзін-өзі сезінуі арқылы және оның арқасында ұжымның жалпы ортақ климатына әсер етуі мен психикалық процесстердің қасиеттеріне (интеллектуалды, эмоционалды, еріктік) және ұжым мүшелерінің темпераменттері мен мінездері әсер етеді. Одан басқа, адамдың еңбекке деген дайындығына да, оның білімдері, икемдіктері мен дағдыларына байланысты болады. Адамның жоғары профессионалды компетенттілігі сыйлау сезімін тудырып және де ол өзімен бірге жұмыс жасап жүрген адамдарына үлгі ретінде бола алады.
Еңбек ұжымының әр түрлі даму кезеңдерінде эмоционалды қатынастардың модальдығының динамикасы көрінеді. Ұжымның қалыптасуының бірінші кезеңінде эмоционалды фактор басты рөл атқарады (психологиялық бағдарланудың қарқынды процессі жүріп жатады, байланыстардың бекітіліп және позитивті өзара қарым-қатынастардың орнығуы болады). Топ ұйымдасуының кезеңінде когнитивті процесстер үлкен рөл атқара бастайды, ал әрбір тұлға тек қана эмоциональды қарым-қатынас объектісі ғана ретінде болмай, сонымен бірге тұлғалық қасиеттердің, әлеуметтік нормалардың және бағдарлардың тасушысы болып табылады.
Еңбек ұжымының психологиялық атмосфераға әсер етуші факторлардың ішінде ерекше бөлініп шығатыны әлеуметтік-психологиялық феномен – «климаттық ашулану» («климатическое возмущение»). «Климаттық ашулану» - ұжымның өмірлік іс-әрекеттерінің (жизнедеятельности) жағдайларының өзгеру нәтижелерінде және өзара әрекеттесуші адамдардың жағдайлары ұжымның өзіндік сезінуіне толықтай немесе оның кейбіреулеріне әсер етілу барысында қалыптасады. Адамдардың көңіл-күйлеріне байланысты олар «стеникалық» немесе «астеникалық» «климаттық ашуланулар» болуы мүмкін. «Климаттық ашуланудың» мазмұны, формасы, ұзақтығы, эмоционалды күйі әлеуметтік-психологиялық климаттың мінездемелері болып, ұжым мүшелерінің моральдық дамуының деңгейін, бірлестік еңбек әрекетінің адамдардың стресске бейімділігін көрсетеді. Ұжымда басым болатын эмоционалды күй тек қана жұмыс күні бойынша ғана болмай ұзаққа созылуы мүмкін. Ұжымның іс-әрекеттерінің сыртқы эмоциогенді факторларына өзара әрекеттесуші субъектілердің әлеуметтік-экономикалық және іс-әрекеттің тұрмыстық қасиеттері, технологиялық және әлеуметтік-демографиялық мінездемелері жатады. Сыртқы және ішкі (субъективті) факторлар «климаттық ашулануды» шақырта отырып, ұжымдағы психологиялық атмосфераны мүлдем өзгертіп жіберуі мүмкін.
Өзінің мағынасы бойынша әлеуметтік-психологиялық климат ұжымның ұйымшылдығы түсінігіне жақын келеді. Ал ұжымның ұйымшылдығы дегеніміз – эмоционалды қабылдағыш дәрежесі (степень эмоциональной приемлимости), топ мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарының қанағаттылығы жатады. Ұжымның ұйымшылдығы жұмысшылардың өмірлік маңызды іс-әрекеттестігінің (жизнедеятельности) сұрақтары бойынша оның негізінде қаншалықты тығыз, әрі жақын байланыста болатыны ескеріледі.