Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
топ психологиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.18 Кб
Скачать

Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы

Әлеуметтік психологияға кіріспе

Әлеуметтік психологияның пәні, міндеті

Әлеуметтік психологияның тарихына жалпы шолу

Әлеуметтік психиканың жүйелі-құрылымды компоненттері

Әлеуметтік психологияның методологиялық негізі.

Әлеуметтік психологиядағы “методология” түсінігіне сипаттама.

Әлеуметтік психология методологиясының теориялық негізі.

Әлеуметтік психологиялық зерттеудің методологиялық мәселелері.

Қарым-қатынас әлеуметтік психологияның негізгі категориясы ретінде

Қарым-қатынастың адамдар қатынас жүйесіндегі алатын орны

Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиялық механизмдері

Қарым-қатынастың қызметі

Қарым-қатынас жақтары мен тәсілі

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы: қарым-қатынас ақпарат алмастыру құралы ретінде

Қарым-қатынастың интерактивті жағы

Қарым-қатынастың перцептивті жағы

Әлеуметтік психологиядағы жеке адам мәселесі.

Шет ел және кеңес психологиясындағы жеке адамды зерттеу мәселесі.

Қарым-қатынас субъектісі түсінігі

Жеке адамның қарым-қатынас субьектісі ретіндегі психограммасы

Индивидтің әлеуметтену кезеңдері

Әлеуметтену институттары мен механизмдері

Әлеуметтік нұсқау туралы Д.Н.Узнадзе мектебі

Әлеуметтік нұсқаудың құрылымы мен қызметі

Әлеуметтік психологиядағы топ мәселесі

Топтың қалыптасуы мен оның құрылымы

Топтың жалпы сипаттамасы.Топтың даму кезеңдері

Үлкен және шағын топ түсінігі

Шағын топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде

“Шағын топ” түсінігінің маңызы мен мазмұны

Шағын топтың классификациясы

Әлеуметтік процестер мен қозғалыстар психологиясы

Ұйымның әлеуметтік-психологиялық маңызы

Ұйымдық мінез-құлық

Ұйымды басқару

Ұйымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері

Лидерлік және билік

Лидерлік туралы теориялар

Билік негіздері

Тәуелсіздік және билік тактикалары

Ұжымның әлеуметтік-психологиялық негізі

Топ және ұжым

Ұжым дамуының кезеңдері мен деңгейлері

Ұжымдық даму деңгейін анықтау әдістемесі

Әлеуметтік психологиядағы конфликт мәселесі

Конфликтінің туындау негіздері

Конфликтіден шығу жолдары

Конфликт туралы теориялар

Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттары

Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы және теоретикалық білімдердің арақатынасы

Социометрикалық бағыт (Дж.Морено)

Социологиялық бағыт (Э.Мэйо)

“Топтық динамика” мектебі (К.Левин)

Топтағы жеке адам

Топтық қысым түсінігі

“Конформдылық” және “иланғыштық” түсніктерінің арақатынасы

Топтық шешім қабылдау мәселесі

Шағын топты басқару мәселесі

8.Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары

«Топтың әлеуметтік психологиясы» пәні бойынша бірінші аралық бақылау сұрақтары

Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.

Әлеуметтік психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы.

Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы.

Тұлға-әлеуметік-психологиялық зерттеудің пәні ретінде.

Әлеументтанудың-әлеуметтік-психологиялық аспектлері.

Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудің психологиялық механизмдері.

Қарым-қатынас-әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы: вербальды қарым-қатынас.

Вербальды емес қарым-қатынас.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы: тұлғааралық қабылдау және өзара түсіністік.

Қарым-қатынастың интерактивті жағы: тұлғааралық және өзара әрекеттестік.

Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері.

Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері.

Тұлға және топ.

Шағын топтың генезисі мен дамуы.

Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Топаралық қатынас психологиясы.

Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары.

Әлеуметтік психологиядағы теориялық және қолданбалы білімдердің арақатынасы..

Топтың жалпы сипаттамасы мен стихиялық топтардың түрлері.

Шағын топтардың классификациясы.

Қазіргі ғылымдағы методологиялық мәселелердің мәні.

Әлеуметтік психологиялық зерттеулердегі әдістердің жалпы мінездемесі.

Социометрия әдісі.

Сауалнама әдісі.

Сұрақ-жауап әдісі.

Қоғам өміріндегі қатынастың ролі.

Әлеуметтік психологияның мәні мен әдістері.

Шетелдік, отандық, қазақстандық әлеуметтік психология ғылымының қазіргі жағдайы.

Жеке адамның әлеуметтану кезеңдері: механизмдері мен институттары

«Топтың әлеуметтік психологиясы» пәні бойынша 2-ші аралық бақылау сұрақтары

Құндылықтар, ережелер мен әлеуметтік бағдарлар жеке адамның әлеуметтік жүріс-тұрысын реттеуші ретінде.

Қарым-қатынастағы тұлғааралық қатынас.

Әлеуметік-психологиялық тренинг (ӘПТ) : ұғымы, ақсаты, міндеті, түрлері, принциптері.

Әлеуметтік-психологиялық кикілжіңдер мен оны шешу тәсілдері.

Жеке адам мен топтың өзара әрекеттестігі.

Шағын топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.

Топаралық қатынас психологиясы.

Үлкен топтар мен бұқаралық әлеуметтік процестердің әлеуметік психолгиялық аспектлері.

Әлеуметтік психологияның қолданбалы аспектлері.

Топ бірлескен іс-әрекет субъектісі ретінде.

Лидерлік әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

Топтың шешімінің тиімділігін жоғарылату әдістері.

Эксперименталды әлеуметтік психологияның қолданбалы аспкетлері.

Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы.

Қарым-қатынас психологиясы.

Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық диагностикалаудың әдістері.

Әлеуметтік психология және аралас пәндер:әлеуметтану, демография және саясатану.

Әлеуметтік психология ғылым және оқу пәні ретінде. Әлеуметік психологияның статусы мен жүйесі.

Әлеуметтік психологияның әдіснамалық мәселелері, оның табиғаты мен динамикасы.

Әлеуметтік психологияның генезисі мен эволюциясы. Әлеуметтік психика ұғымы.

Қоғамдық сана мен қоғамдық психология. Әлеуметтік психологиядағы жеке адам феномені.

Жекек адамды әлеуметтендірудің әлеуметтік-психологиялық құрылымы, жеке адамның рухани қуаты.

Жеке адамды әлеуметтендіру факторлары, механизмдері мен құралдары.

Шағын топтардың әлеуметтік психологиясы. Олардың классификациясы, түрлері мен функциялары.

Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы. Әлеуметтік класс, әлеуметтік қозғалыс ұғымдары.

Қауымдастық - қоғамдық-әлеуметтік феномен ретінде. Оның статусы мен модификациясы.

Көпшілік психологиясы және тобыр психологиясы.

Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы. Қарым-қатынас түрлері мен функциялары.

Психологиялық қарым-қатынастың құрылымдары, дағдылары мен техникасы.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг. Психотехникалық ойындар мен жаттығулар.

Іс-әрекеттің әлеуметтік психологиясы, оның статусы мен құрылымы. Бірлескен қызмет психологиясы.

Кикілжің психологиясы, оның түрлері, функциялары және шешу тәсілдері.

ГЛОССАРИЙ

Әлеуметтік психология – (грек.psyc – жан және logos – сөз, ұғым, ілім) – топтардағы және қоғамдағы адамдардың ішкі, психологиялық себептері, әлеуметтік мінез-құлық механизмдері және заңдылықтары, жекелеген тұлғалардың, топтардың, қауымдастықтардың психологиялық сипаттары туралы ғылым.

Методалогия - әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдістерін құралдары ретінде қарастыру және әлеуметтік құбылыстар процесін анықтау

Феномология - әлеуметтік психологиядағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды, индивидтің топтағы психикалық қалпы мен әрекетін және таптағы әрекет қатынасын қарастыру. Бұл ғылымның негізгі обьектісі: тұлға және қарым – қатынас.

Праксиология - әлеуметтік психологияның жағы бұл индивидуалдық және топтық қарым – қатынас.

Необихевиоризм - (ағыл. behavior – мінез - құлық) екі бағыт бар, олар К.Халлдың және Б.Скиннердің есімдерімен байланысты. Бихевиоризмнің негізгі жорамалы: психология сананы емес, мінез-құлықты зерттеуі тиіс.Мінез-құлық белгіленетін ынталандырудың жинағына әсер етудің байқалатын жиынтығы.Талдаушылыр осы ағым шеңберінде «әлеуметтік контекст» аз байқалатынын және әлеуметтік психологияның аз «әлеуметтік» түрі бар екенін ескереді.

Неофрейдизм - тек дидактикалық өзара әрекеттестіктен ғана кетуге және көп неғұрлым көп санды топта бірқатар процесті қарауға әрекет жасалады. Дәл осы ағым шеңберінде адамдардың бір-біріне әсер етуінің әлеуметтік-психологиялық механизмдері пайдаланылатын Т – топтары (тренинг топтары) деп аталатындарды құру практикасы туды.

Бақылау - әлеуметтік психологияның ескі әдістерінің бірі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды.

Сұрақнама - әлеуметтік психологияда кең таралған әдістердің бірі. Анкета сұрақнама әдістерінің бірі. Анкета әр түрлі құрылымдар туралы мәлімет беретін сұрақтар жиынтығы. Анкета сұрақтардың түрі бойынша: 1) ашық және жабық. 2) Тікелей және жанама болып бөлінеді.

Ашық сұрақтар деп респондент экспериментаторға өз қалауы бойынша кезкелген көлемдегі ақпаратты беруге мүмкін болатын сұрақтарды айтамыз. Ашық сұрақтардың артықшылығы жауап табиғи тұрғыда және мәлімет кең түрде болады. Ал, кемшілігі ашық сұрақтарды интерпретациялау біршама қиын және кейбір жағдайда респондент обьективті ақпаратты бермеуі мүмкін.

Жабық сұрақтар респондент ұсынылған бірнеше варианттарды жауаптардың ішінен өз вариантын таңдап алуға мүмкіндік беретін сұрақтар. Жабық сұрақтардың артықшылдығы олар өндеуге, талдау жасауға жеңіл. Ал кемшіліктері респонденттің жауаптардың шектелінуі.

Тікелей сұрақтар – жауап берушіден тура хабарлама алуға бағытталған (өзі туралы).

Жанама сұрақтар – тікелей бір адамға бағытталмауы мүмкін және зерттелушіден өзі туралы ақпарат тікелей алынбайды.

Интервью - әңгімелесудің жинақталған неғұрлым белгілі бір формаға, құрылымға негізделген

Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үдістер.

Коллектив - адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы.

Ұқсату (идентификация) - бұл бір адам өзін басқа адамның орнына қойып, сол адамның бағалайтын заттарын, құбылыстарын, уақиғаларын өзіндік қылуын айтамыз.

Эмпатия - бір адамның басқа сезіміне ортақ болып, бірге сезініп, сол сезімнің немен аяқталатынын алдын ала ескеріп отыруы немесе бір адамның өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын, не ойындағы орындағысы келген ісін өзіне айтқызбай – ақ алдын – ала білуі.

Топ жасалуы – бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік бірігімді адамдарды өзара байланысты іс-әрекетке және өзара тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.

Топтық жіктеме (деференциция) – бұл әлеуметтік топ мүшелерініің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі (иерархия).

Ресми топтық жіктеме – ресми рольдік беделдердің өзара тәуелділігі (завод директоры – цех, бөлімшелерінің бастықтары – бригадирлер - жұмысшылар).

Ресмиленбеген топтың жіктеме - бірлестіктегі жеке тұлғаның беделі топтың әрқилы мүшелерінің оған болған қатиынасына тәуелді анықталды.

Кіші топеленетін негізгі құбылыстар - топішілік қатынастар құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт-бағдары, беделі, ролі, топтың әлкеуметтік-психологиялық динамикасы, яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.

Кіші топ мүшесінің ұстаным сипаты – ұстанымның топішілік құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы.

Топтың бедел (статус) – топ мүшесінің топішілік қатынастар жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.

Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топтақалыптасқан талаптар жүйесі (нормалар) мен топтық құндылықтар.

Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің бір белгілі жағдайларда басым келген шешім қабылдау құқығының топ мүшелері арасында танымал болып, қабылдануы.

Әкімшіл басшылық стилі – жеке өзімшіл, субъектив сипатты мадақтау және кінәлау жолымен, көбіне бұйыруды құрал еткен басқару түрі.

Демократиялы басшылық стилі – топ мүшелерінің бәрімен жодастық, әріптестік қатынас түзуге бағытталған, олардың жұмыс бағытындағы ынтасы мен белсенділігін ыждағатты тану және топ тіршілігі мен мәселелерін ортақтаса талқылау сипатты басқару түрі.

Басшылықтың әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) стилі – қай қызмет саласында болмасын, негізінен өкім, бұйрық басымдылығымен сипатталады, мадақтау мен жазалау өрескел субъективтілігімен еленеді.

Басшылықтың өз бастылық (либералды) стилі – топ өмірі мен оған байланысты көкейкесті мәселелерге араласпау, топ мүшелеріне жетігіне парықсыз еріп, көрінген проблемаға орай «бас шұлғып», келісімпаздықпен әрі аса алмау.

Басшылықтың ұлағаттылық (демократиялық) стилі – басшы тұлғаны топ мүшелерінің баршасының жолдастық қатынас түзеп білуімен олардың қалаған стилін бастау қадамына зерделі ден қоя жүріп, топ қызметінің қалағанған мәселесіне дау-дамайсыз еркін пікірталасты қолдап – қуаттауымен ерекшеленеді.

Кіші топ – барлық мүшелері бір –бірімен тікелей қарым-қатынасқа келген адамдар бірлестігі.

Ақпарат көзі орайласытрылыған - топта оның бір ғана мүшесі (басшы, лидер) топ байланысын ұйымдастырады, топ тіршілігіне жеке басышылық жасайды.

Жеке билікті топ - мүшелердің бәрі ақпарат алмасуға теңдей қатысады, олардың қатынас құқы ешқандай талаптармен шектелмейді.

Референттік топ – бұл шынайы немесе қияли әлеуметтік бірлестік. Бұған мүше болған тек өкілдері өз әрекет-қылығы мен өзіндік бағасын осы топта қабылдаған шарттар мен талаптар деңгейімен өлшестіреді.

Кіші топ құрылымы - бұл тұлғалар арасында орныққан байланыстар жиынтығы.

Кіші топтың ақпарат алмасу (коммуникативті) құрылымы – бұл тек өкілдері арасындағы байланыстар жиынтығы.

Кіші топтың рольдік құрылымы – бұл тек өкілдері арасындағы қатынастар бірлігі.

Бейiмделу - Құрылыстың құрал-сайманы және ортаның шарттарына организмның функциялары, оның органдары және торшалары.

Актуализация - ұзақ уақыттық немесе оның келесi қолдануының мақсаты бар қысқа мерзiмдi жадынан түсiнiлген материалдың шығаруында тану, еске салу, еске түсiру немесе тiкелей көшiрме қорытушы іс әрекет.

Мiнез құлықтың акцентуациясы - жеке қасиеттер және олардың тiркестерiнiң, шеткi вариант ұсынатын аса көрсетiлгендiгiнің патологиямен сыбайлас нормалары.

Сауалнама - ауызша коммуникацияның негiзiнде алғашқы социологиялық және әлеуметтiк-психологиялық мәлiметтi алуға арналған әдiстемелiк құрал

Әңгiме - ауызша коммуникацияның негiзiнде мәлiметтi алудын әдiсі.

Бихевиоризм - 20 ғасырдың американдық психологиясындағы бағыт, сананы терiске шығаратын, сыртқы ортаның қызықтыруларына әр түрлi әдептiлiк жолдарына, психиканы организм реакциясының түрлі түсiнiктер жиынтығына апаратын ғылыми зерттеулер.

Өзара әрекеттесу - (субъекттер ) объекттердiң бір біріне өзара алдын ала келiсiп алуы және байланыс тудыратын тiкелей немесе орташаланған әсерлер.

Жас шамасы - жеке дамытудың уақытша мiнездемелерiн белгiлеуге арналған категория.

Жоғарғы психикалық функциялар – күрделі, пайда болуы тегі бойынша әлеуметтік болып табылатын, өмірлік қалыптасатын жүйелiк психикалық процесс көзi.

Топ - шектелген адамдардың әлеуметтiк негiз бойынша (қызметтiң сипаты, әлеуметтiк тиiстiлiк, дамытуды деңгей және тағы басқалар) айқын белгiлермен ерекшеленеді.

Депрессия- терiс қызу фонмен, себеп саласының өзгерiсi, когнитивтi ұсыныстары және мiнез-құлықтың ортақ дәртсiздiк сипатталатын аффективтік күй.

Детерменизм – психикалық құбылстардың оларды тудыратын факторларына заңды және қажетті тәуелділік.

Децентрация - бұл салыстыру және кiрiгудiң көзқарасы, субъекттiң позициясының өзгерiсiнде соқтығысудың нәтижесiнде қорытушы адамдардың позициялармен эгоцентризмнiң жеңу механизмі.

Жан – адамның және жануарлардың психикасының көзқарастардың тарихи өзгерісінің шағылатын ұғым; тәуелсіз, жiгер туғызатын және таныстыратын бастау.

Нышандар - дамытуда негiз жатқан тумыстан бар ерекшелiктер.

Ең жақын дамыту аймағы - бөпемен өз алдына және ересек адаммен басқаруы арқылы есептердiң қиындық айырмашылық деңгейі.

Өмірлік жол - тiршiлiк процесстiң регуляциясы және адамның орнықты және әсем құрылымының құрастыруы жүрiсінде iске асатын , адамның субъект ретiнде даму процесі.

Ойын - пәндiк әсерлердiң жүзеге асыруын бекітілген тәсілдер әлеуметтiк бекiтiлген, қоғамдық тәжiрибенi жасау және меңгеруге бағытталған шартты ахуалдар қызметiнiң формас.

Қабылдаудың бос қиялдары – қабылданатын заттың қасиеттерінің теңбе-тең емес шағылысуы және оның мүмкіндіктері

Инсайт - маңызды қатынастарды түсiнудi өткен тәжiрибесiнен және проблемалар арқылы, мағынасы түсiнiлген шешiмге жететiн ахуалдың құрылымы негiзiнен шығарылуы.

Олқылықтың кешенi- адам баласының өзіндік олқылық жайлы сенімділігі нәтижесінде туындайтын, невротиялық ауытқуларға әкелетін психопатологиялық синдром.

Соқтығысу дауға бағытталған мақсаттар, позициялар, пiкiрлер немесе өзара әрекеттесулер жайлы, оппоненттер немесе субъекттерiнiң көзқарастарын қарсы қойып салыстыру.

Жетекшi ахуалдар үшiн жауапты, шешiм қабылдауға құқық беретін мақұлдайтын топтың мүшесi

Адам – индивид бұл әлеуметтiк қатынастар және саналы қызметтiң субъектiсі; қоғамдық қатынастарымен анықталатын индивидтың жүйелiк сапасы

Себеп - ұқсас шарттардағы қызметтiң ағуында адамдардың арасындағы жеке-жеке психологиялық айырмашылықты баяндаушы ниеттер

бағытталғандық - адамының себептерiнiң орнықты жоғары бағалаулары, адамның мiнез-құлығының бас тенденция бейнелейтін жүйе.

Онтогенез - жеке организмның дамуы

Панпсихизм –тірі және өлі табиғат объектілер жайлы көзқарас

Парадигма – үлгi ретінде мамандарының нақтылы топ қабылданған зерттеу түрі

Тасымалдау - оның келесi құрастыруына ерте жасалынған жеке тәжiрибелер ықпалы

Нығаю – организм үшін маңызды зат немесе оқиға

Қылық - iске асыруы күйдi ауысыммен байланысты, сонымен қатар шарттар және қызметтер сипаты.

Психологиялық зерттеудiң заты - психикалық қызмет субъектiнiң құрылымы және нақтылығы бар арақатынастар процесстерi

Редукционизм – объектілер және іс әрекеттердің шындылықпен арақатынас арқылы құндылықтарды түсіндіретін қағида

Рефлексия - индивидпен ұғыну , ол қарым-қатынас бойынша әрiптеспен қабылданып ұғыла алады.

Сөз – тілді қолдану

Вебердiң байланысы - бастапқы қызықтырудың шамаға болмашы айырмашылықтың қатынасы, шамаға әрбiр сенсор модалдiлiкке арналған кейбiр тұрақтымен тең.

Әлеуметтік топ - психикалық құбылыстарды (процесстер, күйлер және қасиеттер) сипаттайтын, индивидтті және топтарды әлеуметтік әрекеттесу субъектісі ретінде мінезделуі.

Сублимация - қызметтiң түрлерiн қажеттілікті қанағаттандыруымен байланыссыз энергия және инстинкт бағыты.

Еңбек субъектiсі - белсене жұмыс iстейтiн, таныстыратын және өте құрастыр, сана мен ерiкке ие болатын, бұл индивид немесе әлеуметтiк топ.

Суперэго - әлеуметтiк норма, қоғамның моралдiқ құндылықтарына ие болатын психикалық құрылым.

Филогенез - биологиялық түрлердiң эволюциясы.

Функционалдық жүйе - осы ахуалдарға қарай қалыптасатын және индивид үшін пайдалы нәтижеге әкелетін әр түрлi процесстердiң жүйесi.

Абиотикалық факторлар – адамның функциялық күйіне, оның еңбек қабілетіне, мінез-құлқы мен психикасына әсер ететін сыртқы орта жағдайларының жиынтығы. А. Ф. химиялық заттарды (көміртегі қышқылдарын, азот диоксидін, микотоксиндер альдегидтері т.б.), сондай-ақ атмосфералық қысымды, температураны және ауа ызғалдығын, атмосфераның электрлік күйін т.б. жатқызады. Атмосфералық қысымның үлкен толқуы, Жердің магниттік өрісінің өзгеруі, күн белсенділігің жарылыстары организмнің физиологиялық және психикалық тұрақтылығын төмендетеді, жұмыс барысында стрестің пайда болуына әкеледі. А. Ф. ескеру адамға, оның еңбек қабілетіне үлкен талаптар қоятын мамандықтарда қажет. Қасіби аурулардың алдын алу үшін еңбек пен демалыс режимінің регламентациясы қажет, көміртегі құрамының, ауа ылғадығының, жарық пен шу деңгейінің, температура тербелісінің, вибрацияның оптималды мөлшерін туғызу қажет.

Автоматизм – сананың бақылауынсыз, тікелей және белсенді қатысынсыз жүзеге асатын әрекет. Мысалы, ол ымдауда, жүрісте, соматотопиялық қалыптардың пайда болуында көрініс табады. Генетикалық туа біткен факторлармен анықталатын шартсыз – рефлекторлық бағдарламалардың іске асуы болып табылатын «алғашқы реттік». А. және адамның ортада тіршілік іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасатын «екінші реттік» А. ажыратылады. «Екінші ретті» А. нәтижесінде жағдайлар, эпизодтар, жағдаяттар мен саналы бағдарлауды қажет ететін операция-әрекеттер иерархиясы арасында байланыс тұрғызылады.

Абстракция – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бірі. А. – адам менталдығының субстантивті процестерінің бірі. Ол адамға объектінің өзінің қасиеттерін, аспектілерін, күйлерін дербес заттарға, объектіге рефлексивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл процестің нәтижесі – А. терминімен атауға болатын ойлау өнімінің (ұғымдар, теориялар т.б.) қалыптасуы. А. келесі түрлері болады: а) дифференциалды А. болмыстағы заттар мен объектілердің дербес, салыстырмалы автономды қасиеттері, аспектілері, пердикаттары мен күйлерінен тұрады: ә) формалды А. предикаттар-қасиеттер-параметрлердің заттың өзіне тәуелсіз қалай өмір сүретінің түсінуде көрініс табады.

Агглютинация – ғажайып қиял бейнелерін жасанды жолмен объектілердің түрлі бөлшектерін бір-біріне құрастыру арқылы жасау. Бұл – елестерді топтастырудың қарапайым түрі. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана – суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрастырылады. А. әдісі Ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка үндестерінің өнер ескерткіштеріде үлкен орын алған.

Адаптация (Бейімделу) – организмнің сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге біртіндеп төселуі. А. процестері биологияның негізгі ұғымдарының бірі – гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық А. организмнің барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуге дейін. Экстремалды жағдайларға А. сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функциялық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. А. сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальтпсихология, швейцар психологы Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады.

Аккомодация – латын сөзі, бейімделуді, басқаға ыңғайлануды білдіреді. Психикалық құбылыс ретінде, мысалы, алыс орналасқан затты көру үшін көздің ішкі құбылыстары өзгертеді. Сол сияқты адам жаңа, таныс емес нәрсені түсіну үшін өзінің ойлау құрылымдарын соған бейімдендіріледі. Жан Пиаже бойынша, ассимиляциямен бірге, жалпы бейімделудің аспектісін құрайды.

Акустикалық ақпарат – естумен байланысты ақпараттар.

Алгоритм (лат. algoritmi, algorismus) - дәл орындалуы белгілі бір класстың тапсырмаларын шешуге мүмкіндік беретін, операциялар ретінің ережелер жүйесінің негізінде берілетін алдын-ала жазулар.

Антропологизм – адам табиғат жаратылысының ең жоғарғы өнімі болып табылатыны туралы түсінік, адам ұғымын, материя мен сана ұғымдарына қарағанда, мәні бойынша анағұрлым маңызды, негізгі дүниетанымдық категория ретінде санайтын тұжырымдама. А. адам мен табиғаттың бірлігін, барлық қоғамдық құбылыстардың адамның табиғи қасиеттеріне тәуелділігін атап көрсетеді. Революцияға дейінгі кеңестік психологтар үшін А. тән болды, яғни олар тарихи және әлеуметтік өзгерістерді адамға, оның практикалық пайдасына қатысты қарастырады, сонымен қатар, кеңестік психологиядағы адамгершіліктік, этикалық мәселелердің басым болуын анықтады. Егер еуропалық психологияда тұлғадан жоғары біріктіруші бастау болып, ойлау, адам жанындағы рационалдық мойындалса, ал кеңестік психология сананың тұлғадан жоғары элементтерінің болуын жоққа шығармай, оларды негізінен адамгершілікте көріп, оларды жеке тұлғалар емес, ал халықтар, ұлттар шығарғанын атап көрсетеді.

Апперцепция (лат. ad, perceptio - қабылдау) – қабылдаудың өткен тәжірибеге, адамның психикалық іс-әрекетінің жалпы мазмұнына және оның жеке – дара ерекшеліктеріне тәуелділігі.

Афферентация – сыртқы тітіркендіргіштерден де, ішкі мүшелерден де ақпаратты қабылдайтын, сезім мүшелерінен орталық нерв жүйесіне келіп түсетін нервтік импульстардың үнемі болатын ағымы.

Ахуал – бұл ұғым көбінесе топтық психоолгияға байланысты айтылады. Сондықтан оны «әлеуметтік-психологиялық ахуал» немесе «психологиялық атмосфера» ұғымымен белгілейді. Бұған топ пен ұйымдағылардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымақтығы, бірін-бірі түсіне алу, тәртіп пен жауапкершілік, топтық борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. осы секілді компоненттер кіреді. Оң жақсы ахуалға сондай-ақ топтағылардың бір-біріне деген шексіз сенімі, басқалардың ақыл-кеңесіне құлақ асу, бір-біріне деген шынайылық пен жылы шырайды жатқызуға болады. Еңбек өнімділігі, оның нәтижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі мен икемділіктерінен ғана тәуелді болмай, мұндағы қалыптасқан жұрттын тұрақты көңіл-күйіне де байланысты болады.

Ақыл-ой әрекеті – сананың ішкі жоспарында орындалатын адам әрекеті.

Ақыл-ой іс-әрекеті – адамның танымдық жан құаттарының жалпылама атаулары.

Аналогиялық эксперимент – грек тілінен аударғанда ұқсас, тура деген мағынада қолданылады, эксперименттің зерттеуге алынған объектілердің ұқсастығы.

Анализатор, талдағыш – организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін тітіркендіргіштерге талдау және синтездің қызметін атқаратын жүйке аппараты.

Анкета – зерттеудің негізгі міндетінен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алудың әдістемелік құралы.

Әлеуметтік мотивтер – оқушының басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттерге түсуі.

Әлеуметтік ынтымақтасу мотиві – оқушы басқа адамдармен қарым-қатынас жасап және дара әрекеттескісі ғана келмей сонымен қатар, сынып бойынша жолдастарымен немесе мұғаліммен өзінің ынтымақтастығының және өзара әрекетінің формасын саналуға, талдауға, бұл формаларды әрқашан жетелдіруге ұмтылады.

Әлеуметтену – индивидтің қарым-қатынасы мен іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі. Әлеуметтену кейде қоғамдағы әр түрлі бағыттағы факторлар сипатына ие болатын әр түрлі өмірлік жағдаяттардың тұлғаға стихиялық ықпалы ретінде де, сондай-ақ арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізу жағдайында да пайда болуы мүмкін. Тәрбие әлеуметтенудің жетекші әрі айқындаушы негізі болып табылады. Әлеуметтену ұғымы 20 ғ. 40-50 жылдары А. Бандура, Дж. Кольман т.б. еңбектері арқылы әлеуметтік психологияға енген. Әр түрлі ғылыми мектептерде әлеуметтену ұғымы әр түрлі талдаға ие болды. Мысалы, ол необихевиоризимде әлеуметтік ілім ретінде түсіндірілетін болса, символикалық интеракционизм мектебінде - әлеуметтік өзара әрекеттестіктің нәтижесі саналады; гуманистік психологияда – Мен-тұжырымдамасының өзіндік танылуы (актуализациясы) ретінде қабылданады. Әлеуметтену құбылысы көпаспектілі және аталған бағыттардың әрбірі зерттелінетін феномен талаптарының біріне ғана баса назар аударады. Әлеуметтену әлеуметтік мәнез-құлықты реттеудің диспозициялық тұжырымдамасы шеңберінде қарастырылады, мұнда қоғамдық қарым-қатынасқа қосылу дәрежесіне байланысты әлеуметтік мінез-құлықты реттеу жүйесін жинақтайтын диспозиялық иерархия қалыптасады. Психологтар көп уақыт бойы әлеуметтенуге институттандырылған білім беру жүйелеріндегі тәрбие процесі ретінде баса көңіл бөліп келді.

Әлеуметтік ұстаным – 1. Индивидтің немесе топтың белгілі бір белгілер бойынша айрықшалайтын және мінез-құлқын анықтайтын қоғам жүйесіндегі орны, жағдайы. 2. Түлғаның референттік топтарда ол жүзеге асыратын және қорғалатын өз тіршілк жағдайына қатысты қөзқарастары, түсініктері, бағдарлары мен әлеуметтік бағдарлары.

Әсершілдік – көңіл-күйге үйлесімді болып келетін және тартымдылықпен ықпал ету. Адамның – көңіл-күйінің тез толқып, сезімге әсер еткен нәрселерге тез реакция жасушылығы. Адам сезімталдығына байланысты өзіне әсер еткен нәрселердің бәрін де қабылдап, оларды үнемі есінде сақтайды. Олардың мән-жайын пайымдап отырады. Әсершілдік адамның көңіл-күйінің шабыты, әсерлі, күшті ықпал етуіне байланысты туындайды. Дүниенің әсемдігі мен жарасымдылығына әсерлену адамның көңілін толқытып, түрлі күйге түсіреді, әсем, сұлу сезімдерге алып келеді. Жан дүниесіне ұнамды әсер еткен заттар адамды шабыттандырып, ісінің өнімді және нәтижелі болуына оң ықпал жасайды. Әсершілдік адамның тек сезімдік танымы ғана емес, оның ақыл-ой арқылы танып-білуіне, дүниетанымының өрістеп отыруына әсер етеді.

н – организмнің жеке-дара дамуында, әсіресе оның ұрықтық дамуында өз түрі дамуының ерекшеліктерін қайталау. Ең алғашында мұны Ч. Дарвин байқаған, ал заң ретінде шығарған Э. Геккель (1866) болатын. Американдық психологтар С. Холл, Дж. Болдуин т.б. адамның жастық дамуын антропогенездің қайталануы және адамзаттың тарихи дамуы ретінде түсіндірді. Осылайша, ерте балалық шақ алғашқы қауымдық өнім мен тамырларды жинау кезеңімен, 5 жастан 12 жасқа дейінгі шақ аңға шығу кезеңімен, ал ересектік шақ – кәсіптік өндіріс кезеңімен т.б. салыстырылды. Адамның жеке-дара психикалық дамуында шынымен де адамзат түрінің тарихи дамуының жеке белгілері кездеседі. Мысалы, балаға және адамзаттың ертедегі даму кезеңдеріне тән болатын көрнекі-әрекеттік ойлау мен көрнекі-бейнелік ойлаудан абстрактілік ойлау түрлеріне өту кездеседі.

Әрекеттің бағдарлаушы негізі – орындалатын немесе жүзеге асатын әрекеттің мақсаты, жоспары және құралдары жайлы адамның түсініктерінің жүйесі. Бұл терминді П. Я. Гальперин еңгізді.

Бағдар – белгілі бір объектінің қайта жаңғыртылуы жағдайында соған бағытталған әрекетке дайындық күші.

Бақылау – жұмыстың басталуы алдында болатын бақылау.

Бихевиоризм – 19 ғ. басында АҚШ-та қалыптасқан психологияның пәні ретінде сырттай бақыланатын, мінез-құлықты түсінетін механикалық түсініктегі психологияның классикалық бағыттарының бірі.

Өзін-өзі болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы генетикалық әдіс – грек тілінде (genetikos) тұылға шығу тегіне қатысты айтылды. Психогенетика адамның жеке психологиялық ерекшеліктерінің пайда болуын, олардың қалыптасуына орта мен генотип рөлін аңықтау болып табылады.

Вербалды, сөздік – белгілік материалдар түрлерін және олармен әрекет ету тәсілдерін білдіретін ұғым.

Вюрцбургтік мектеп – сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылар – О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкілдеріне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц т.б. Вюрцбургтік мектеп өкілдері зерттеген негізгі мәселелер: а) ойлаушы субъектінің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығар; ә) ерекше психологиялық ақикат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механизмдерін түсіндіру. Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсілдерін таңдау процесі мен қолдану сипаты субъектімен шешілетін нақты міндеттерге байланыстылығын атап өтті. Осылайша, вюрцбургтіқ мектептің негізгі қосқан үлесі – «міндет» ұғымын енгізуі (В. Уайт). Вюрцбургтік мектеп өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субъектінің өзінің ішкі ойлары, елестері, күйзелістері жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сұраққа жауапты іздеу, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрсе, О. Кюльпе «Ойлау психологиясы» еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде интроспекция әдісті қолданды.

Елес – бұрын қабылданған заттардың мидағы жалпылама бейнелері.

Жастық дағдарыстар – шұғыл психологиялық өзгерістермеге сипатталатын онтогенездің салыстырмалы қысқа мерзімді (шамамен 1 жылға дейін) айырықша кезең.

Жасөспірімдік кезең – балалық шақтан балаң жасқа өту, кезеңі (11-15 жас аралығы).

Жетекші іс-әрекет – тұлға дамуының берілген кезеңінде оның психикалық қасиеттерінде мәнді өзгерістер тудырып, психологиялық жаңа түзілістердің пайда болуын шарттандыратын іс-әрекет түрі.

Иллюстративтік рөл – жаңа материалды меңгерту кезінде көрнекілікті рөлді пайдалану.

Индукция – білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ілгеріледі. Психология индукциялық пайымдаулардың даму мен бұзыларын зерттейді.

жағдайларда ғана адамның әлсіздігінде көрінеді.

Арнайы қабілет батареясы – индивидтің белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі орындауына қажетті ерекшелігін өлшейтін тесттер тобы.

Әңгімелесу – вербалдық коммуникация негіззінде алғашқы мәліметтерді жинау әдісі.

Валидтілік - әдістеменің бір жағынан зерттейтін нысанына байланысты жарамдылығы, екінші жағынан оның тиімділігімен практикалық пайдасы туралы мәлімет беретін кешенді сипаттама.

Психологиялық диагноз – адамның дара психологиялық ерекшеліктерінің анықталған сипаттамасы мен интерпретациясына бағытталған және кеңес беру, жетістіктер мен әрекетті болжау, түзету немесе дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, ұсыныстар дайындау, сондай-ақ психодиагностикалық зерттеудің мақсатымен анықталатын басқа түрлерінде пайдалану мақсатында практикалық қолдануға арналған психологиялық қорытындылар, диагностикалық зерттеу қорытындысы.

Жетістік мотивациясы – индивидтің іс-әрекетте жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу қажеттілігіне байланысты мотивацияның бір түрі.

Интеллект – түрлі практикалық және теориялық іс-әрекетте көрінетін индивидтің ақыл-ой қабілетінің салыстырмалы тұрақты құрылымы.

Сұхбат – респондентпен тура байланыста белгілі бір жоспармен өткізілетін әңгіме.

Интроспекция – адамның өз ойын, бейнесін, сезімдерін және басқа өз белсенділіктерін зерттеу мен тану әдісі.

Контент-анализ – белгілі бір элементтер мен белгілердің жиі кездесуін санау арқылы түрлі тілдік материалдар мен құжаттардың мазмұнын талдау.

Креативтілік – сәтті шығармашылық іс-әрекетте көрінетін қабілеттің ерекше түрі.

Аз рәсімделген әдістемелер – пайдаланудың қатаң тәртібі жоқ әдістемелер.

Бақылау әдісі – зерттеушінің міндеттерімен белгіленген бағытты және мақсатты қабылдауы.

Сенімділік – психодиагностикалық өлшеудің дәлдігі, сондай-ақ нәтижелердің сыртқы әсерлерге тұрақтылығы.

Психологиялық диагностика – адамның психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау, өлшеу, классификациялау әдістерін құрастыру, сондай-ақ әдістерді практикалық мақсатта қолдану туралы ғылым.

Психометрия – психологиядағы өлшеудің теориясы мен практикасына байланысты психологиялық диагностика аумағы.

Рефлексия – субъектінің ішкі психикалық актілер мен күйін тану үдерісі.

Социометрия – топ мүшелерінің түрлі критерий бойынша бір-біріне өзара баға беруі арқылы топтық құрылымын зерттеу әдісі.

Рәсімделген әдістемелер – анық көрсетілген қатаң ережелерді сақтау негізіндегі әдістемелер тобы.

Тест – адамдар арасындағы дара психологиялық сандық және сапалық айырмашылықтарына арналған стандартталған сынақ.

Акцентуация- норманын варианты, мінездің бір белгілері кушееді, бір анықталған психогенды әсерге басқа әсерге тұрақтылық көрсет отырып сайлаулы әлсіздігі анықталады. (А.Е.Личко)

Анкеттеу- арнай дайындалған сұрактарға жауаптар негізінде ақпараттар алу.

Анайы идеализация – психологиялық қорғаныс, құдіретті куш қорғаныс беретіне сену.

Арнайы изоляция – психологиялық қорғаныс, сананын баска куйіне кету.

Асоциалды- бұл әлеуметтік жуелерді қиратуға немесе зиян әкелуге бағытталған мінез құлық.

Астеник ( leptos- нашар, sota- дене)- «нашар және биік»

Аутизм - сыртқы әлеммен өз қайғыруына кету, аутизм әр бір адамға психологиялық куйге тен.

Әлеументік генетикалық теория – бұл ілім, даралықтын қалыптасуы сыртқы жағдайлармен ескертілген.

Әңгімелесу- адаммен қарым қатынаста алынатын жана акпараттарды алу әдісі.

Әдіс – грек сөзінен пайда болған жол деп аударылады.

Бақылау- бұл максатқа бағытталған адамды жуелі қабылдау, нәтіжесі бойынша экспертты баға беріледі.

Биогенетикалык теория- бұл теориясында даралық тумалы және генетикалық талаптар ретінде қарастырылады.

Биографиалық және автобиографиалық әдістер- ретроспективті тәжірібесінде және пікірлерде негізделген ұзак уақытта адамның дамуын жазу.

Білімнің гуманитарлы парадигмасы- саналы және санасыз қондырудың жуйесі, қарастырған құбылыстардың бирегеіне шоғытталған, мәліметтердің статистикалық дәлелдеуіне өз алдына мақсат қоймайды.

Білімнің жаратылыс-ғылыми парадигмасы - саналы және санасыз қондырудың жуйесі, объективті білім алуға тәуелді, экспериментердің мәліметтеріне негізделген себептерден шығатың зандылыктарға әкеледі.

Изоляция – психологиялық қорғаныстардың түрі, сезімді ойлаудан бөлу.

Даналық – бұл білімнің эксперті жуйесі, өмірдің практикалық жағына бағытталған және бұдан өлшенген пікір шығаруға болады, өмірге маңызды және қиын сұрақтарға пайдалы міңездеме беруге болады.

Данышпандық – ең жоғары тәжірібесіндегі интеллектің куші, творчествоға қабілеті жоғары, елестету және ойлау талап ету, ойлап табу және ашу. Данышпандық генетикалық механизмдармен жағдайланған, маңызды іс әрекетке өте жоғары дәрежеде шоғырланғанда денсаулықтың физикалық және психикалық бузылуына әкеледі.

Деперсонализация – сезім көрсетуге қабілеттері жоқ, эмоционалды өзғерістерің сезімі.

Депрессивті күй – бұл кажеттіліктердің басылысы және басылған жағдайдың күйі.

Жас өспірім психологиясы- бұл адамдардын психикалық дамуынын ерекшеліктерін зерттейтін ғылым, әр түрлі жастағы саттарға жаттатын.

Жалпы психология- психиканын жалпы зандылықтарын зерттейтін ғылым.

Жыныстық димормизм – еркек және әйел особьтардын анатомофизиологиялық белгілердің айырмашылықтардың болуы.

Өмірдің стилі – бұл белгілердің уникалды қосылысы, ептілікпен және мінез құлықтардын тәсілдері, адамнын өмірін анықтайтын.

Қабілет – бұл тұлганын дербес психологиялық ерекшеліктері, өнімді іс әрекеттердің табысты атқарғанын жағдайы болып саналады.

Идентификация- психологиялық механизмның түрі, баска адамдардан немесе мінездегі белгілермен адам өзінен бөлу.

Мезоморфты типтер- басы төртбұрышты, аяғы қысқа.

Мінез – бұл фрустрациялық жағдайларға тұлғанын жауабы, үрейлікті шешуге дербес тәсілі.

Психиканың дамуының екіфакторлык теориясы – бұл ілімде даму сырткы әсерлердің және тумалы структуралардың қарым қатынастыры нәтіжесінде қарастырылады.

Орта - өзгеретің стимулдардын қатары, бұл өзгерістерге индивид өмір бой сезінеді.

Нерв жуйесінің динамикалығы – жағдайлы реакциялардың орнауының шылдамдығы.

Характерология – адам психикасын білуінін ғылымға деінгі түрі, адамнын ішіндегі айырмашылыктарды қарапайым типтерге жатқызу.

Ноогенды невроздар – невроз экзистенциалды қажеттіліктердің фрустрацияларымен шақырылған.

Субхат – бұл әңгімелесудің ерекше түрі, партнердің біреу лидерд болып саналады, екіншісі- мукият тыңдайды.

Сексуализация – психологиялық қорғаныс, мәселелік жағдайларды эротикалық мазмұндармен толтыру.

Сублимация – психологиялық қорғаныс, аффективті импульстарды конструктивті мінез құлықтарға айналдыратын, тиімды қорғаныс болып саналады.

Интроекция – психологиялық қорғаныстың ежелгі түрі, сыртан келетіңді өзінен келетің деп қате қабылдайды, проекциямен және проективті идентификациямен бірге кездеседі.

Интроспективті әдіс – субьективті тәжірібиесінің мәліметтерінде негізделген.

Компульсия – істеуге ниет жоқ іс әрекеттер.

Нерв жуйесінің лабильностігі- нерв процесстердің пайда болу жылдамдығы және оның тоқтау.

Норма – адамның психикалық дамуының мазмұнының және темпын бағалайтың ұғым. Статистикалық мәліметтерде, клиникалық көрсеткіштерде, әлеуметтік стереотиптерде, адамның субъективті тосуында негізделген.

Пикник – ( pyknos -жуан) – ауыр және жуан адам.

Проективті идентификация – анайы психологиялық қорғаныс, проекциямен интроекциянын нәтіжесі.

Психограмма – мамандылықтардың адам психикасына қойылатын талаптардың мінездемесі.

Психогенетика – бұл генетикамен психологиянын арасындағы шеғаралық бөлімнің білімдері, адам дербес айырмашылықтардың пайда болуын зерттейтің ғылым,бұны қалыптастыратың ортамен генотиптін ролі.

Психогенетикалық әдістер - психологиялық сапаларынын дербес түрін ортамен және туқым құалаушылықтар факторларды анықтауға бағытталған.

Темперамент – тұлғанын дербес тұрақты заңдылық ара қатысы, психикалық әрекеттердің динамикасын әр жақтан сиппаттаушы.

Темперамент – психобиологиялық категория, психиканын тәуелсіз базды бөлігі.

Тұлга – индивидтың жуйелі сапасы, мәдиниет- тарихи дамуында пайда болатын және белсендік, субъективтік, саналық қассиеттерге иіе болатын.

адамдардын

Темпераменттің структурасындағы ырғақтылық – ойлаумен мінез құлықтың тұтқырлықтың және икемділіктің көрсеткіштері, бір іс әрекеттерден екіншісіне ауысу.

Үрейлік – реалдық немесе жорылған қауіп қатер, ішкі аландаудын қарсы қайғыруы.

Факторлы талдау – бақылауға жатпайтын сапаны бағалайтын әдіс.

Феномен – бұл құбылыс.

Фрустрация – ерекше күй немесе тұлғанын мақсатнына шетуіне субьективті қиіншылықтар пайда болғанда ішкі психикалық конфликт.

Экзопсихика – сыртқы обьектіге тұлғанын қатынасы.