
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Еңбек ұжымы - кіші топ ретіндегі түсінігі
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •7.Белсенді үлестірме материалдар
- •Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
- •8.Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары
1 – дәріс
Топ - әлеуметтік – психологиялық
зерттеудің пәні ретінде. 2 сағат
1.1.Кіріспе. Топ және ұжым мағынасына тусінік.
1.2.Әлеуметік топ.
1.3.Топтардың түрлері
Мақсаты: студенттерде топ туралы елестерді қалыптастыру .
Негізгі ұғымдар: топ, адам, дүниетаным, кіші топ, үлкен топ, бағдар, қажеттілік, қызығулар.
Әлеуметтік психология әлеуметтануды және психологияны біріктірген ғылым. Сондықтан ол ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады. Әлеуметтік психологиялық зерттеулерді қоғамдық өмірдің барлық салалары керек етеді (өнеркәсіп өндірістер, тәрбиелеу мекемелері, теледидар және радио хабарлары, демографиялық саясат, спорт, тұтынушыға қызмет көрсету салалары және т.б.). Өз тарапынан бұның барлығы әлеуметтік психологияның интенсивтік дамуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік психологияның маңызды ерекшелігі – бұл оның қоғамдағы саясат мәселелерімен байланыстылығы.
Әлеуметтік психологияда екі әлемдік дәрежеге жеткен мектепті (бағытты) бөледі:
-психологиялық әлеуметтік психология;
-социологиялық әлеуметтік психология.
Әр ғалым осы бағыттарды әр түрлі түсіндіреді, (және әрқайсысымен келіспеуге болады). Мысалы, Е.В. Руденскийдің оқулығында бұл бағыттар былай сипаталады:
Психологиялық әлеуметтік психологияның зерттеу пәні-тұлға психикасының әлеуметтік ортаға байланысты дамуы. Бұл бағыт жалпы психологияға негізделен;
Социологиялық әлеуметтік психологиягың зерттеу пәні-әлуметтік және оның негізгі құрастырушы компоненті, автономды және басқалармен байланыста болатын-бұл тұлға. Бұл бағыт социологиялық ұғымдарға негізделген.
Дэвид Майерс әлеуметтік психологияны былай сипатайды-бұл әр түрлі жағдайлардың әсерін оның ішіндегі адамдардың бір-бірін қалай қабылдайтынын және бір-біріне қалай әсер ететінін зерттейтін ғылым. Яғни Майерс әлеуметтік психологияның өкілі. Оның мысалы «Золушка туралы» еңбегі белгілі. Бұны француз философы, жазушысы Жан Поль Сартр «Золушка эффектсі» атады да, былай түсіндірді: «адамның өзі туралы нені елестейтіні дағдайға байланысты.» Бізді нақ сол сәтте болатын жағдайдан бөлуге болмайды, олар бізді қалыптастырады да біздің мүмкіндіктерімізді белгілейді.
Адамның мінез-құлқының өзгеруі объективті (сыртқы) жағдайға ғана байланысты елес, өзіміздің көзқарастарымызға да байланысты өзгереді. Мысалы, өз-өзіне сенген адам жолдасы, және бөтен адамға ескерту жасаған кезде бұл оны объективті жағдайлармен түсіндіреді (мысалы, жұмысында қиындықтар болған шығар). Өзіне сенбеген адам керісінше жолдасының жаман мінезімен түсіндіреді. Осындай адам басқалардан жамандықты күте отырып, өзінің реніш сезімімен басқалардан күткен жамандықты тудырады. Адамның ойлағаны: мысалы, профессордың баласы-ақылды болу керек, сүйкімді адамның адамгершілігі мол, және т.б. рас болатыны жиі. Қандай жағдайларда агрессивті сезім, ал қай жағдайларда көмек көрсету және т.б. сезімдері туындайды. Адамның көмек көрсеткісі келуі әлеуметтік жағдайларға байланысты ма, мысалы, оның ауыл немесе кішкене қалада тұруы. Осы сұрақтарға әлеуметтік психология жауаптарды іздейді. Оны қарапайым сөзбен айтқанда әлеуметтік психология-бұл адамның бір-бірімен қалай әсер етеді , бір-біріне қалай қарайтыны туралы ғылым.
Әлеуметтік психология мен психологияның негізгі қарастыратыны – индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жеке даралық механизмдері мен олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, бірне-бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.
Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологі В. Макдугалдың «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықса, Америкада социолог Э. Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі де жарық көрді. Дегенмен, 1897 жылы Дж. Болдуиннің «Әлеуметтік психологиядан зерттеулер» атты еңбегінде де осы мәселені қарастырады.
Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды. Егер ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге көңіл бөлсе, ал ғасырдың ортасында шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсре ету тәсілдері мен әртүрлі тұлғааралық қатынастарға көңіл бөліне бастады.
Американ психологі Д. Майерстің анықтауынша: «әлеуметтік психология – адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайды, бір-біріне қалай әсре етеді және бір-біріне қалай қарайтынын зерттейтін ғылым».
Американ зерттеушісі О. Клейнбергтің айтуынша, әлеуметтік психолгияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.
Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІ ғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап өту қажет.
ХІХ ғасырдың орта тұсында қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әртүрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді орын алды.
Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Проблемаларды шешу тек біл білімінің қолынан келмеді. Сондықтан психология мен әлеуметтік психологияның дамуына жол ашылды.
Көптеген алғашқы әлеуметтік - психологиялық теориялар арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар психологиясы, көпшілік психологиясы, әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.
ХІХ ғасырдың басында әлеуметтік психологияның эксперименттік ғылымға айналу кезеңі деп саналады. Европада В. Мид, АҚШ ғалымы Ф. Олпорт ұсынған, әлеуметтік психологияны эксперименттік психологияға айналдыру қажет деген ұсыныстар берді.
Зерттеу объектісі ретінде негізгі назар - шағын топтарға бөліне бастады.
50-ші жылдардан бастап негізгі төрт бағытқа көңіл аударылды: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік, интеракционизм.
Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі зерттеулері осындай мәселелер бойынша:
- Жағдайдың үстемділігі;
- Тұлғаның билігі.
(Мысалы,түрмеден шыққан адамдардың біреуі ары қарай қылмыс жасайды, ал екіншісі алға барып, жұмыс тауып көтеріле бастайы )
-Әлеуметтік танудың маңыздылығы. Адамдар әр-түрлі ойлағаннан өздерін әртүрлі ұстайды;
- Әлеуметтік психология басқа пәндермен тыз байланыста.
Әлеуметтік психология және социология - екеуі де адамдар топ ішінде өздерін қалай ұстайтынын зерттейді. Бірақ, социолог әртүрлі топтарда зерттейді-үлкеннен бастап кішкентайға дейін (саны бойынша), және оларға тән жалпы ерекшеліктерін, ал психолог-орташа статистикалық адамдарды зерттейді мысалы, жақындық қарым-қатынасты зерттей отырып, социолог азаматтық некенің және некені бұзу санына назар аударады, ал әлеуметтік психология -адамдар бір-бірін қалай ұнататынына.
Әлеуметтанушы және әлеуметтік психологтар бірдей зерттеушілік әдістерді қолданады, бірақ әлеуметтік психологтар көбінесе тәжірибеге негізделеді.
Әлеуметтік психология және тұлға психологиясы - екеуі де индивидке назар аударады. Бірақ тұлға психологиясы индивидтің ішкі жан дүниесіне, олардың жеке айырмашылықтарына назар аударады. Ал, әлеуметтік психологтар жалпы адамдарға не тән, адамдар қалай бір-бірін қабылдайды және әсер етуінің; әлеуметтік жағдайлардың адамға әсер ету механизмдерін зерттейді. Әлеуметтік психология жас ғылым, ал тұлға психологиясы өкілдері (З.Фрейд, К.Юнг, А.Маслоу, К.Роджерс, К.Хорни) өткен ғасырдың бірінші жартысында еңбек еткен.
Әлеуметтік психология және биология бойынша әрбір психологиялық құбылыс (ой, эмоция)әлеуметтік әсерімен қатар биологиялық әсерінен де туады, сол сияқты әлеуметтік мінез-құлыққа да биология әсер етеді, әсіресе оны түсіндіретіні нейробиология.
Қоғамдық құндылықтар психологиялық зерттеулерге үлкен әсер еткен.
1940 жылы Еуропада фашизм билеген кезде психологтар ырымдарды зерттеген.
1950 жылы бәрі бір-біріне ұқсас болғысы келу кезеңінде психологтар конформизмді зерттеген .
1960 жылы-қылмыстық өсу кезеңінде агрессияны зерттеген.
1970 жылы феминистік қозғалыстардың басталуы гендер және сексизм туралы зерттеулердің пайда болуына әкелді .
1980 жылы-қарудың дамуына көңіл бөлу кезеңі, психологтар оның психологиялық аспектілерні зерттейді.
1990 жылы психологтар адамдардың мәдени және ұлттық ерекшеліктерін, жыныстық бағыттардың ауытқуын зерттейді.
Әлеуметтік психологтар осы құндылықтардың қалыптасуын, өзгері себептерін және адамдардың мінез-құлықтарына әсер ету механизмдерін зерттеген.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Топ психологиясының дербес ғылым ретінде пайда болуы.
2. Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдердің еңбектері.
3. Әлеуметтік - психологиялық теориялардың негізгі бағыттары: халықтар психологиясы, көпшілік психологиясы, әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.
4. Үлкен және кіші топтар түсінігі.
Әдебиеттер тізімі:
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.:Наука, 1994
Андреева Г.М., Богомолова Н.Н., Петровская Л.А. Современная социальная психология на Западе. Теоретические ориентации. – М.: МГУ, 1978
Робер М.А., Тильман Ф. Психология индивида и труппы. – М.:Прогресс, 1988
2 – дәріс Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. 2 сағат
2.1.Шағын топ мағынасына түсінік.
2.2.Шағын топтардың классификациясы
Мақсаты: студенттерде тұлға туралы елестерді қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, дүниетаным, сенім, мурат, бағдар, қажеттілік, қызығулар
Қазір біздің мемлекетімізде психологияға деген қызығушылық көтерілуде. Психологиялық атмосфера сияқты құбылыс көптеген ұйымдарда ұжымның ең басты мәселелердің бірі болып, ал мүмкін барлық қоғамның да мәселесі сияқты болып қазіргіден бастап қарастырылуда.Себебі адам өзінің барлық уақытының көбін жұмыста, өзінің кәсібінде, өзінің ұжымының ортасында өткізеді. Ұжым – бұл қоғамның бір бөлшегі, ал ұжымның психологиялық атмосферасын жақсарту – бұл қоғам мен жеке адамның психологиялық пен әлеуметтік потенциалының ашылуына және адам өмірінің толуына, әрі үйлесімді көрінуіне әкеледі.
Ұжымда жағымды, әрі сау психологиялық атмосфераның қалыптасуы еңбек өнімділігінің жоғарлауы үшін күрес жағдайы мен сатып алушыларды қызметкердердің оларды қалайша күтуіне және т.б. құбылыстар жатады.
Психологиялық атмосфера адамның жұмыс процессінің әрекетіне қаншалықты қосылғанына, осы әрекеттің психологиялық тиімділігіне, жеке адамның және ұжымның психологиялық потенциалының дәрежесіне және осы ұжымның алдында жатқан өзін-өзі жүзеге асырудағы жолында кездесетін психологиялық қорына кедергінің масштабы мен оның тереңдігіне сияқты сапалы көпфункционалды деңгей. Жағымды атмосфера бір әрекетпен айналысатын ұжымда, адам тобына тек қана өнімділігіне әсерін тигізбей, сонымен қатар адамды басқаша құрастыра алады, оның жаңа қабілеттері мен мүмкіндіктерінің потенциалына әсерін тигізеді.
Индивид тұлғасының қалыптасуы қоғамнан тыс қарастыра алынбайды. К.Маркстың айтқаны бойынша, қоғам «индивидтерден құралмайды, ал олардың бір-бірімен қандай қатынас пен байланыста болуының сомасынан құралады».
Тұлғаның белсенділігі оның өмірі барысында қандай да бір тұлға аралық қарым-қатынастың болуына әкеледі. Қандай да болмасын топ, қандай да болмасын ұжым адамның барлық өмірлік кезеңдерінде құралады.
«Топ – бұл адамдардың қоғамдасуының жасерекшелік, кәсіби, тұрмыстық, экономикалық, кәсіптік, әлеуметтік және т.б. көзқарастардың жиынтығы. Жалпы қоғамдық ғылымдарда «топ» термині екі жақты қарастырылуы мүмкін» [1, 161].
Біріншіден, практикалық жағынан, мысалы демографиялық анализді қарасақ, әр түрлі статистикалық жолдамаларда тек шартты топтар қарастырылады: адамдардың белгілі бір жалпы қасиетімен еркінше қалыптасқан ұйымдасулар. Екіншіден, қоғамдық ғылымдардың саласынан топ болып шынайы қалыптасқан білім беру, алу мақсатында, не басқа бір жағдаймен жиналған топтарды айтуға болады.
Топтар үлкен және кіші болып, екі және одан да көп адмдардан құралған, шартты және шынайы болып бөлінеді. Шынайы топтарды үлкен және кіші, ресми және бейресми, тұрақты және жағдайлық, қалыптасқан және стихийді, байланысқан және байланыспаған. Стихийді топтарды Платонов К.К. «ұйымдаспаған топтар» деп айтқан [2, 12].
Топ – адамнан, ал қоғам – топтардан құралады. Индивидтер, топтар және қоғам бір-бірімен тығыз байланыста. Барлық топтар мамандырылған болып келеді. Олардың мамандырылуы – адамдардың қажеттіліктерінен пайда болады. Мысалы, жанұя генетикалық және тәрбиелік функцияларды бірге атқарады. Басқа топтар басқа функцияларды атқарады.
Әлеуметтік топ – ортақ іс-әрекетпен біріккен адамдардың әлеуметтік қоғамдасуы. Бұл қоғамдасу мынадай қасиеттермен белгіленеді:
ішкі ұйымдастырумен; басқару, әлеуметтік бақылау мен санкциялары бар мүшелерінен құралады;
топтық құндылықтармен; қоғамдасудың негізінде әлеуметтік сезімнің қалыптасады, «біз» сөзімен айтылып, топтың ортақ ойы қалыптасады;
оңашалану (обособление) принципімен; басқа топтардан айырмашылығын көрсетеді;
топтық қысым көрсетумен; топ мүшелерінің әрекетіне әсер ету;
іс-әрекеттің ортақ мақсаттары мен міндеттерімен;
орнығуға (устойчивость) талпыныспен; топтық мәселелерді шешу барысында адамдар арасында пайда болған қарым-қатынас механизмдері арқылы;
ғұрыптардың, символиканың бекітілуімен (басқалардан шығарып алатын белгілер, киімдер, жалаулар).
Үлкен топтар мемлекеттермен, ұлттармен, партиялармен, және де басқа профессионалды, экономикалық, діни, мәдени, жасерекшелік, жыныстық және т.б. қасиеттері бойынша бөлінеді. Осы топтарға әсер ету арқылы қоғамның идеологиялық негізін адамдардың психологиясына жеткізіледі.
Қоғамның және үлкен топтардың индивидке әсер етуінің бір өткізгіші - ол кіші топ. Ол – адамдардың (2-3-тен 30-40 адамға дейін) бір кәсіппен айналысып және бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста болатын үлкен емес бірлестігінен құралады. Кіші топ – қоғамның бір бөлшегін көрсетеді. Адам өзінің өмірінің көбін осы топта өткізеді. Барша танымал психология мен тұлғаның мінез-құлығының қоршаған ортадан деген тәуелділігін тезисин басқаша тұлғаның кіші топтағы қарым-қатынастардан тәуелділігі деп айтқан да келеді. Кіші топтардың мысалдары ретінде, жанұя, мектептегі сынып, еңбек ұжымы, жақын достар және т.б. жатады. Психологиялық қоғамдасудың көлемін топтың ұйымшылдығы оның әлеуметтік-психологиялық дамуының ең басты сипаттамасы болады.
Әлеуметтік психологияда зерттеу әдістерін екі топқа бөліп қарастыруға болады. Зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.
Зерттеу әдістерінің өзі - ақпаратты жинау, оны өңдеу болып екіге бөлінеді.
Мәліметтерді жинау әдістеріне: бақылау, құжаттарды қарастыру, өңдеу, сұрау әдістері, тестілер, социометрия әдісі және де эксперимент.
Әленуметттік психологияда зерттеулердің әрбірінде бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай - бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың көптеген жолдары болғанымен, бұл мәселе аяғына дейін шешілмеген.
Сонымен қатар топтық сынақтардан көрі жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Тестер көмекші әдістерге жатады. Сондықтан да олардың нәтижелері басқа әдістер арқылы алынған деректермен сәйкестенуі керек, бұл әдіс көбіне жеке тұлға проблемасын зерттейді
Қолданылған әдебиет тізімі:
Михеев В. «Социально-психологические аспекты управления» М: Руководитель, 2004.
Немов Р.С. «Психология» 1 том, М: Владос, 2003
Парыгин Б.Д. «Социальная психология», Спб,1999
Парыгин Б.Д. «Социально-психологический климат коллектива: пути и методы изучения». /под.ред.Ядова В.А. Спб: Наука,2002
Рогов Е.И. «Общая психология», М: Владос,1998
Шапарь В.Б. «Практическая психология. Психодиагностика групп и коллективов», Ростов–на-Дону: Феникс, 2006
Шакуров Р.Х. «Социально - психологические проблемы руководства педагогическим коллективом», М:1992
Шибутани Т «Социальная психология», Спб, 2000
3 – дәріс Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. 2 сағат
3.1. Қоғам және үлкен топтар
3.2. Үлкен топтардың түрлері
Мақсаты: студенттерде тұлға туралы елестерді қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, дүниетаным, сенім, мурат, бағдар, қажеттілік, қызығулар
Қазір біздің мемлекетімізде психологияға деген қызығушылық көтерілуде. Психологиялық атмосфера сияқты құбылыс көптеген ұйымдарда ұжымның ең басты мәселелердің бірі болып, ал мүмкін барлық қоғамның да мәселесі сияқты болып қазіргіден бастап қарастырылуда.Себебі адам өзінің барлық уақытының көбін жұмыста, өзінің кәсібінде, өзінің ұжымының ортасында өткізеді. Ұжым – бұл қоғамның бір бөлшегі, ал ұжымның психологиялық атмосферасын жақсарту – бұл қоғам мен жеке адамның психологиялық пен әлеуметтік потенциалының ашылуына және адам өмірінің толуына, әрі үйлесімді көрінуіне әкеледі.
Ұжымда жағымды, әрі сау психологиялық атмосфераның қалыптасуы еңбек өнімділігінің жоғарлауы үшін күрес жағдайы мен сатып алушыларды қызметкердердің оларды қалайша күтуіне және т.б. құбылыстар жатады.
Психологиялық атмосфера адамның жұмыс процессінің әрекетіне қаншалықты қосылғанына, осы әрекеттің психологиялық тиімділігіне, жеке адамның және ұжымның психологиялық потенциалының дәрежесіне және осы ұжымның алдында жатқан өзін-өзі жүзеге асырудағы жолында кездесетін психологиялық қорына кедергінің масштабы мен оның тереңдігіне сияқты сапалы көпфункционалды деңгей. Жағымды атмосфера бір әрекетпен айналысатын ұжымда, адам тобына тек қана өнімділігіне әсерін тигізбей, сонымен қатар адамды басқаша құрастыра алады, оның жаңа қабілеттері мен мүмкіндіктерінің потенциалына әсерін тигізеді.
Индивид тұлғасының қалыптасуы қоғамнан тыс қарастыра алынбайды. К.Маркстың айтқаны бойынша, қоғам «индивидтерден құралмайды, ал олардың бір-бірімен қандай қатынас пен байланыста болуының сомасынан құралады».
Тұлғаның белсенділігі оның өмірі барысында қандай да бір тұлға аралық қарым-қатынастың болуына әкеледі. Қандай да болмасын топ, қандай да болмасын ұжым адамның барлық өмірлік кезеңдерінде құралады.
«Топ – бұл адамдардың қоғамдасуының жасерекшелік, кәсіби, тұрмыстық, экономикалық, кәсіптік, әлеуметтік және т.б. көзқарастардың жиынтығы. Жалпы қоғамдық ғылымдарда «топ» термині екі жақты қарастырылуы мүмкін» [1, 161].
Біріншіден, практикалық жағынан, мысалы демографиялық анализді қарасақ, әр түрлі статистикалық жолдамаларда тек шартты топтар қарастырылады: адамдардың белгілі бір жалпы қасиетімен еркінше қалыптасқан ұйымдасулар. Екіншіден, қоғамдық ғылымдардың саласынан топ болып шынайы қалыптасқан білім беру, алу мақсатында, не басқа бір жағдаймен жиналған топтарды айтуға болады.
Топтар үлкен және кіші болып, екі және одан да көп адмдардан құралған, шартты және шынайы болып бөлінеді. Шынайы топтарды үлкен және кіші, ресми және бейресми, тұрақты және жағдайлық, қалыптасқан және стихийді, байланысқан және байланыспаған. Стихийді топтарды Платонов К.К. «ұйымдаспаған топтар» деп айтқан [2, 12].
Топ – адамнан, ал қоғам – топтардан құралады. Индивидтер, топтар және қоғам бір-бірімен тығыз байланыста. Барлық топтар мамандырылған болып келеді. Олардың мамандырылуы – адамдардың қажеттіліктерінен пайда болады. Мысалы, жанұя генетикалық және тәрбиелік функцияларды бірге атқарады. Басқа топтар басқа функцияларды атқарады.
Әлеуметтік топ – ортақ іс-әрекетпен біріккен адамдардың әлеуметтік қоғамдасуы. Бұл қоғамдасу мынадай қасиеттермен белгіленеді:
ішкі ұйымдастырумен; басқару, әлеуметтік бақылау мен санкциялары бар мүшелерінен құралады;
топтық құндылықтармен; қоғамдасудың негізінде әлеуметтік сезімнің қалыптасады, «біз» сөзімен айтылып, топтың ортақ ойы қалыптасады;
оңашалану (обособление) принципімен; басқа топтардан айырмашылығын көрсетеді;
топтық қысым көрсетумен; топ мүшелерінің әрекетіне әсер ету;
іс-әрекеттің ортақ мақсаттары мен міндеттерімен;
орнығуға (устойчивость) талпыныспен; топтық мәселелерді шешу барысында адамдар арасында пайда болған қарым-қатынас механизмдері арқылы;
ғұрыптардың, символиканың бекітілуімен (басқалардан шығарып алатын белгілер, киімдер, жалаулар).
Үлкен топтар мемлекеттермен, ұлттармен, партиялармен, және де басқа профессионалды, экономикалық, діни, мәдени, жасерекшелік, жыныстық және т.б. қасиеттері бойынша бөлінеді. Осы топтарға әсер ету арқылы қоғамның идеологиялық негізін адамдардың психологиясына жеткізіледі.
Қоғамның және үлкен топтардың индивидке әсер етуінің бір өткізгіші - ол кіші топ. Ол – адамдардың (2-3-тен 30-40 адамға дейін) бір кәсіппен айналысып және бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста болатын үлкен емес бірлестігінен құралады. Кіші топ – қоғамның бір бөлшегін көрсетеді. Адам өзінің өмірінің көбін осы топта өткізеді. Барша танымал психология мен тұлғаның мінез-құлығының қоршаған ортадан деген тәуелділігін тезисин басқаша тұлғаның кіші топтағы қарым-қатынастардан тәуелділігі деп айтқан да келеді. Кіші топтардың мысалдары ретінде, жанұя, мектептегі сынып, еңбек ұжымы, жақын достар және т.б. жатады. Психологиялық қоғамдасудың көлемін топтың ұйымшылдығы оның әлеуметтік-психологиялық дамуының ең басты сипаттамасы болады. Әлеуметтік психологияда үлкен әлеуметтік топты іздеуде қиындыққа әкеліп соғады. Әдістеменің байлықтарын үйрету әртүрлі процестерде аз топтардан жиі түрленіп қосылып отырады, яғни әдістеме де іздестіріледі. Мысалы, психологиялық бейнелік кластары ұлттар және тағы басқа топтар осыған қарап, әлеуметтік үлкен топтың психологиясын зерттеуге берілмейтінін білдіреді.
Г.Г.Дилигенскийдің көзқарасы бойынша психологиялық әлеуметтік топтың құрамы, кіші әлеуметтік топтың психологиясының құрамы болуы мүмкін емес дейді. Қанша үлкен топта рөл атқарса да, кіші әлеуметтік топ өзінше норма, бағалау қондырғы құра алмайды. Сондықтан үлкен әлеуметтік психологиялық анализі бойынша индивид психологиясын білуге болады. Үлкен әлеуметтік топтың психологиясын әлеуметтік массалық процестерден, массалық қозғалыстардан революциялардан, контрреволюционалдық қозғалыстардан білуге болады. Сондықтан әлеуметтік психология үлкен әлеуметтік топтың процестері және әлеуметтік қозғалыстың анализдері қажет. Осы массалық процестермен әлеуметтік қозғалыстар үлкен әлеуметтік топқа жойылады.
Бірінен бұрын кейбір осындай үлкен топтардың психологиялық шешімін табу үшін ортаға салып талдау керек. Қарастырғанда құрылымын, мақсатын, мінездемесін, қарым-қатынастарын анықтау керек. Үшіншіден, индивидттің психологиялық ойларын, қарым-қатынастарын бар жоғын білу. Төртінші қандай әдістер пайдалануға болатынын анықтау. Бұлардың жауабын психология мен социология терминімен табуға болады.
1. үлкен әлеуметтік топқа жататындар: топтар, публика, аудитория т.б. Олар әлеуметтік тарихи оқиғалардан құралады. Үлкен әлеуметтік топтар болады. Олар ұлттық профессионалдық топтық. Топтық әлеуметтік үлкен топқа – жастар тобы, қарттар тобы жатады. Олар әлеуметтік тарихи оқиғалардан құралады. Сонымен қатар әлеуметтік психологиялық топтар болады. Үлкен топтан кіші топтың айырмашылығы осыдан байқалады. Олардың байқаулары дәстүр, салт-дәстүр. Бұның бәрі бұрыннан тарихи формаларда іс-жүзінде болып отырған. Өмірлік топтың образы – бұл топтың көзқарастары, өмірлік топтың образын береді. Бұл ізденіске өздерінің адамдармен қарым-қатынасын, жақын араласуын, өзгеше типтері бар қызығушылық, өзін-өзі бағалау, қажет ету кіреді. Ең басты рөл атқаратын – тіл мәселесі. Мысалы ретінде айтып өтетін болсақ жастар арасындағы балама сөздер. (Жаргон). Үлкен әлеуметтік топтарды шектеуге болмайды. Мысалы, классқа, ұлтқа, мамандыққа, жасқа бөлінбейді.
2. Адамның психикалық құрылымы экономикалық даму мен тарихи мәдениеттерге тікелей байланысты. Бұл өзгерістер адамның өзінен гөрі, үлкен топтардың әсерінен өзгереді. Топтардың әсер етуі екі жолмен қарастырылады:
А) әр адамның өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы;
Б) сол ортада орналасып қатысуы арқылы қатысып арқылы.
Үлкен топ психологиясының құрылымына жататын бірнеше элементтер бар:
топ құрамы
топ процесі.
Психологиялық құрылымы.
Осы топтардың құрылымын зерттеу үшін, бұрынғы үлкен топтың психикалық құрылымын Г.Г.Димегенский, А.И.Горячева, Ю.В.Бромшит және т.б. ғалымдар зерттеген. Қорыта келе екі бөлімге бөлген:
Психикалық білім ( оған жататындар ұлттық көзқарас, салт-дәстүр).
Эмоционалды тәжірибе білімдері (оған жататындар қызығушылық, қажеттілік, көңіл-күй және т.б.)
Осылардың әрқайсысы психологиялық пәндер анализіне жатады. Үлкен проблеманың бірі, жалғыз адамның психологиясын бағыттау қиын. Бұған жауап ретінде Л.С.Выготскийдің тұжырымында айтылған. Олар әлеуметтік және ұғымдық психология. Выготский - әлеуметтік психологияны бір адамның психологиясы деп есептеген, ал қазіргі әлеуметтік психологияны бір адамның әлеуметтік психологиясы үлкен әлеуметтік спихологиясы топтың психологиялық кішкене ғана бөлігін құрайды. Мысалы, Церков әскерлік психология және т.б. Осы бөліктерді психологиялық топ деп атауға болады. Сол бір бөлік, басқа сөзбен айтқанда психологиялық ойымен топтың шешімін қабылдауға болмайды. Кейбір жағдайларда топтың мүшесі, топ туралы хабардар болуы мүмкін. Бұл дегеніміз әр топтың мүшесі бірдей еместігін дәлелдейді. Сондықтан топтың психологиялық ойы мен индивидтің психологиялық ойы сәйкес келмейді. Ұжымдық тәжірибемен анықталған система жеке адамның бүкіл психологиясы кіреді деп есептелмейді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша тек қана психологиялық өзіндік бір бөлігі кіреді.
Жалпы психологиялық үлкен әлеуметтік топты қалай зерттеуге болады деген сұраққа келіп тіреледі. Өйткені психологиялық әлеуметтік топтан көзқарастармен, салт-дәстүрлермен байланысты болғандықтан этнографиялық әдістеріне оралуымыз қажет. Психологиялық үлкен әлеуметтік топты зерттеу кезінде ежелгі социология дәстүр әдісі қолданылады. Осындай әдістерді қолдануда нәтижелер бере бермейді. Айтылған әдістерден басқа үлкен әлеуметтік психологияны зерттеу үшін тіл білімі систематикалық анализ кездеседі. Әрине, осындай жағдайларда ұжымдық қолдау керек. Сондықтан үлкен топ қажет болады.
Психологиялық әлеуметтік үлкен топты зерттеу үшін, әлеуметтік пікір франсуз психологы С.Москивиси мектебінде зерттелген. Үлкен топты зерттеуге біркелкі әдісін қолданды. Әлеуметтік топ әлеуметтік ой-пікірдің көмегімен әлеуметтік ғұмыр кешеді. Мысалы келтіретін болсақ, институт соғады, заң шығарады және т.б. Сондықтан ой, пікір – жеке адам пікірі емес, үлкен топтың білімі, тәжірибесі, топтың жасалған жұмысы сол әлеуметтік анализ арқылы үлкен әлеуметтік топтың психологиялық бет бейнесін білдіреді.
Өздеріне өзгелерден қарым-қатынастың қандай болуын көрсетеді. Құрылған әлеуметтік топ басқа өзінен кейінгілерге үлгі көрсетеді. Мысалы, болған оқиғалардан, жеткен дәрежелерден үлгі көрсетеді. Бұндай топтан ұрпақтан ұрпаққа беріледі, бірақ өзгерістер енгізілуі мүмкін. Кіші топтан басталып үлкен дәрежеге жетіп, дүние жүзіне танылып, соларға үлгі болады.