- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
Ауыз әдебиеті туындыларының мыңдаған жылдарға созылған пайда болу, қалыптасу және даму процессінің барысында уақыт ерекшеліктері мен қоғамдық өзгерістерге байланысты, әр алуан түрлері мен жанрлары дүниеге келді. Олар негізінен( ертегі, миф, әпсана, аңыз-әңгіме, батырлар жыры, тарихи жырлар, романдық эпостар, толғау, арнау, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыс, шежіре т.б. болып бөлінді. Ең бастысы, олардың бәрі де нақты бір оқиға немесе қоғамдық құбылыс негізінде пайда болған объективті дүниелер. Демек, олардың бәрінде де халық өмірінің көрінісі белгілі бір дәрежеде бейнеленеді. Мәселе, тек қай жанрдың оқиғаны қалай, қай деңгейде, қай қырынан бейнелейтіндігінде. Сондықтан зерттеушілер ең алдымен сол жанрлардың түрлік ерекшеліктерін, олардың пайда болуының алғышарттарын, нақты тарихи жағдайларын, сипатын т.б., тек сол жанрға ғана тән қасиеттерін жете білулері керек. Бұл, біріншіден, зерттеушіге өз жұмысын тиімді ұйымдастырып, деректер теңізі арасынан дұрыс жол табу мақсатында фольклорлық туындыларды сыныптауға көмектессе, екіншіден, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектеседі.
а) миф және әпсана.
Бұл орайда зерттеуші-тарихшыларға жоғарыда аталған монографияның тигізер пайдасы мол екендігі күмәнсіз. Өйткені, еңбек авторлары фольклордың көптеген түрлеріне ғылыми талдау жасап, олардың біразына анықтама берген және бірнеше нақты жанрлардың қашан, қалай пайда болып қалыптасқандығы, дамығандығы, эволюциялық өзгерістерге ұшырағандығы туралы құнды пікірлер айтқан. Мысалы, С.Қасқабасов миф туралы: «Миф – фольклордың ең көне жанры, тіпті фольклордың төркіні десе де болады. Ол адамзаттың алғашқы қауым болып өмір сүрген шағында пайда болған. Онда сол кездегі адамның өзін қоршаған табиғаттың, аспан мен жердің, әлемнің қалай пайда болғаны, әр түрлі құбылыстар мен жан-жануардың сыры мен алғашқы адамдардың дүниеге келуі, адамның өмірі, жаны, өлімі, т.б. жаратылыстың түсініксіз жәйттері туралы ойлары мен түсініктері көрініс тапқан. Міне, мифтің тарихилығы деген осы. Демек, мифтік сана мен ойлаудың өзі – тарихи заңды кезең. Оны аттап, не айналып өту мүмкін емес. Ол барлық елдің тарихында болған жағдай. Олай болса, мифтік сана, мифтік ойлау дегеніміздің өзі – тарих, яғни фольклордың алғашқы дәуірі. Мифтік сананың өз даму кезеңдері бар. Бірінші кезеңде мифтік сана табиғат пен рухты, адам мен затты, өлі мен тіріні бөлмейді, мұнда теңдік заңы негізге алынады. Екінші кезеңде адам мен табиғаттың теңдік заңы (закон тождества человека и природы) бұзылып, адам өзін табиғаттан, маңайдағы әлемнен, жан-жануардан бөлек сезінген. Сөйтіп, осы айырмашылықтың сырын түсінуге тырысқан. Мифтің ең көп туатын мезгілі - мифтік сананың осы екінші кезеңі… Адамзат қоғамы дамып, сана жетілген сайын, мифтік сана да, миф те өзгеріске түсіп отырған» - десе. Фольклордың көне жанрларының бірі әпсана туралы: «Әпсана дегеніміз – көркемдігі біршама дамыған қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және кейде бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын… бірақ мұсылмандық діни түсінікке негізделмеген ауызекі әңгіме. Әпсаналық шығармалар әр дәуірде туып отырады. Сондықтан олардың ішінде өте көнелері де, кейін пайда болған жаңалары да болады» - дейд.
Міне, осылай, көрнекті фольклор танушы ғалым өзінің аталған еңбекке енген зерттеулерінде миф пен әпсаналық жанрдың ауыз әдебиеті туындыларының арасында алатын орындарын, олардың адамзат санасының даму сатысының белгілі бір кезеңінде болмай қоймайтын объективті құбылыс екендігін және қалыптасу кезеңдері мен өзгеріске ұшырау себептерін, субъективтіліктерін айта келе, олардың айырмашылықтары туралы: «Мифке қарағанда, әпсанада тарихтың сипат, реалдық белгі басым. Әпсанада қоғам болмысы, белгілі бір дәуірдің оқиғасы, санасы, адамдары көрініс табады. Тіпті, қай жағдайда кейіпкердің іздейтін құтты қонысы да - реалды топоним болып келеді» - деп, мифтік мәліметтерге қарағанда әпсаналық мәліметтердің шынайылық деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, зерттеуші бұл жанрлардың өзгеру, басқа жанрларға транцформациялану заңдылықтарын да ашып берген. Мысалы, мифтің өзгеруі, дамуы туралы: «Көне заманда пайда болған мифтік түсініктер мен соларға негізделген сюжеттер уақыт өте келе, қоғам дамып, болмыстың өзгеруіне, ой-сананың өзгеруіне сәйкес өзгеріп, жаңғырып отырған, соның нәтижесінде бір жанрдың екінші жанрға ұласып, біздің дәуірімізге алуан сатылық қасиетін сақтай әрі өзгере, әр түрлі жанрлық формада жеткен» - десе, әпсананың өзгеріске түсу жолдары туралы: «Әпсаналар оқтын-оқтын жаңғырып және циклизацияға түсіп отырады. Ұқсас тарихи жағдайлар мен оқиғалардың қайталануы бұрынғы сюжеттерді жаңаша пайдалануды қажет етеді, оларды сол кездегі тарихи тұлғаларға телітеді, сөйтіп ескі әпсаналарды жаңа тұрғыда, жаңа бағытта баяндатады. Осының арқасында утопиялық сюжеттер фольклорлық, тарихи және шежірелік (генеологиялық) циклизацияға түседі. Басқаша айтқанда, бұл сюжеттер әрқашанда ел арасында айтылып жүреді де, белгілі бір тарихи кезеңдерде орын алған саяси-әлеуметтік оқиғаларға байланысты өзгеріске ұшырап отырады» - дейді.
б) Эпостар.
Фольклордың үлкен бір тобын қазақтың эпикалық туындылары – эпостар құрайды. «Жалпы, эпос (хебос) – жыршы деген сөз. Демек, бұл ұғымның ең алғашында белглі бір елеулі оқиғаны дәріптеумен, жыр етумен байланысты шыққандығы сөзсіз» дейді М. Жолдасбеков. (Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді. Астана: 2002. 74 б.)
Эпостың пайда болуы туралы ХІХ ғасырдағы орыс тарихшысы А. Веселовский: «Шынын айтқанда, батырлардың ерлігін жырлаған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалары – ерлердің төңрегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде бүтін цикл жасалынған» десе (А. Н. Веселовский. История эпоса / отд. І, СПб. 1882. с. 267.), қазақ ғалымы Р. Бердібаев: «Тарихи оқиғаларды, аңыздарды эпикалық дәстүрмен насихаттау ниетінен туындаған жырлар өз алдына бір сала. Бұларда тарихи істердің желісі сақталып, негізгі белес оқиғалар, белгілі адамдар сөз болып отырады» - дейді.
Демек, эпос, басқа да фольклорлық туындылар сияқты, нақты тарихи оқиғалар негізінде пайда болған объективті дүние. Эпостық жырлардағы тарихи деректердің шынайылық деңгейінің жоға-рылығы туралы Ә. Марғұлан: «… қазақ эпосы кейде жылнамалық жазбалардан кем түспейді, олар көп сәттерде жазу-сызуға машықтанбаған халық аоасында жылнамалық жазбалардың орнына жүреді. Оқиғалардың эпоста суреттерлуінің дұрыстығы соншама, оларды, тіпті, тарихи әдебиеттер де дәлелдеп отыр» - десе академик Орлов: «Монғол, ойрат, тіпті, орыс эпосымен салыстырғанда, қазақтың эпостық жырлары өзінің ақындық гипербаласы жағынан анағұрлым шыншыл. Бұл жағынан оны күнделіікті өмір салтын көрсететін жырлар десе де болады» - дейді. Ал, зерт-теуші Т. Сыдықов: «Батырлар жырында да, тарихи жырларда да ел қорғау тақырыбы басты орын алады. Оларда басқыншы жауларға қарсы күрес. Отанды қорғаудағы ерлік істер суреттеледі» - деп, сол шынайылылықтың негізін көрсетеді.
онымен қатар, Т. Сыдықов: «Қазақ эпосының қандай түрін болса да жеке ақын, шығарған. Олар өткен заманда, халықтың жазу өнері болмаған кезде, өздерінің жырларын ауызша шығарып таратқан» - деп, эпостың субъективтілігі негізін көрсете оты-рып, оның халықтық сипатқа ие болу себептері туралы: «Эпос халықтың қалың жиналған жерінде айтылатын болатын. Сондықтан да жыршы, ақындар өздерінің тыңдаушыларының талап-тілегімен еріксіз санасуға тура келген. Егер тыңдаушы аудитория ақын жыршыдан батырдың барлық өмірін, ел қорғаудағы ерлік ісін молынан жырлауды сұраса, оны ақын, жыршы толық орындап беруге тырысқан… Мұндай жырларды, яғни батырдың туған күнінен бастап қартайғанға дейінгі өмірін, ел қорғаудағы көптеген ерлік істерін суреттейтін жырларды қазақ эпосының халықтық түрі деп айтуға болады» - дейді.
в) ғашықтық жырлар.
Халық өмірінен мол мағлұмат беретін фольклорлық мұраның келесі бір түрі, ол романдық эпостар, яғни ғашықтық жырлары. Зерттеуші З. Сейітжанов, өзінің «Романдық эпостардағы халық тұрмыс-салтының көрінісі» деген еңбегінде, ғашықтық жыр жанрының шығу, даму жолдары мен жанрға тән ерекшеліктері жөнінде С. Сейфуллин, С. Мұқанов, М. Әуезовтардан бастап, соңғы уақытқа дейін көптеген қазақ ғалымдарының өз ойларын білдіргендігі туралы айта келе: «Ғашықтық жырларда отан қорғау емес, адамның жеке бастық мүддесі, махаббат еркіндігі мәселесі алғы кезекке шығады» - деген, Р. Бердібаевтың пікіріне сүйене отырып: «Қалай болғанда да, кейде лиро-эпос, кейде ғашықтық жыр деп аталып жүрген шығармалар тобының басқа (көне, қаһармандық, реальды-тарихи) эпостардан айырмашылығы бар, әр топтағы эпостардың өздеріне тән ерекшелігі жырдың оқиғасынан, қаһармандардың мұрат-мақсаты, іс-әрекетінен, көркемдік әдіс-тәсілдерінен анық аңғарылады» - дейді.
Көптеген ғашықтық жырларға жан-жақты талдау жасай келе З. Сейітжан: «Шын мәнінде, әр эпостың реальдық негізі бар. Онда халық өмірінің барлық жағы: шаруашылығы мен кәсібі, эстетикалық, этикалық, тұрмыстық-этнографиялық ерекшелік-тері, жосын-жора, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным-сенім түсінік-тері, ру-тайпалық құрылым – бәрі де көрініс тапқан… Бұндағы өзекті желі жастардың бас еркіндігі, жеке өмірлері, яғни тілек-мақсаттары болғандықтан, әсірелей көрсетіп, дәріптеушіліктен гөрі өмірдің нақтылық көрінісін суреттейтін реалистік қуаты басым. Осыған орай әлеуметтік қайшылықтар мен таптық теңсіздіктер тереңірек ашылады. Сондықтан бұл топтағы жырлар әдеби мұра ғана емес, халықтық тарихи-қоғамдық болмысынан бағалы деректер де береді» - деп қорытынды жасайды.
г) толғау.
Зерттеуші Б. Абылқасымов: «Болмысты бейнелемейтін бірде-бір жанр жоқ. Алайда қай жанр болмыстың қай қырын, қай тұрғыда бейнелейді – мәселенің тірелер тұсында да осында» - деп , фольклордың тарихи дерек көзі ретіндегі объективтілігін және оны зерттеудің қажеттігін айта келе: «Қай жанрды алып қарамайық, оны тудырған белгілі бір алғы шарттар бар. Мәселен, толғау жанры қазақ қоғамының мемлекет болып қалыптасқан кезеңінде, дәлірек айтқанда, хандық дәуірде ғана жан-жақты дами алды. Олай болуының себебі жыраулар институтының функцияларына байланысты еді. Хандық дәуірмен бірге жыраулар да, жыраулардың сүйікті жанры – толғау да тарих сахнасынан ысырылуға мәжбүр болды.
Сол аралықта толғау сөздерде қазақ қоғамының қайсы бір қырлары айнаға түскендей анық, мөлдір, дәл бейнеленіп қалды» - деп, халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі толғау туралы, оның жанрлық пайда болу кезеңі және деректік маңызы мен ерекшелігі туралы айтқан. Одан әрі автор, халық арасына кең тараған фольклорлық жанрдың бірі – арбау туралы: «Қоғамдық болмысымыздың өзге қырлары басқа жанрлардың үлесіне тиеді. Айталық, арбау сөздер халықтың қарапайым тіршілігінің, күнделікті күйбеңінің, өмір үшін күресінің тынысын ашады. Мұнда әлеуметтік тарихтан гөрі халықтық тұрмыспен халықтық сананың суреті әлде қайда басым» - деп, арбаудың ерекшелігін көрсеткен.
Осылар, және басқа да фольклорлық жанрлардың түрлерін, олардың халқымыз тарихының дерек көздері ретінде ерекшеліктерін, маңызын, сипатын т.б. қасиеттерін жете білудің өз тарихымызды объективті зерттеуге көмектесері күмәнсіз.
