
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғымды білдіреді. Ал, тарихи деректану методикасы дегеніміз тарихи деректермен жұмыс істеудің нақты ережелері мен тәсілдерінің жиынтығы. Демек, бұл тарауда деректанулық талдаудың, яғни деректерді зерттеп-зерделеудің нақты тәсілдері туралы айтылады. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары сияқты, тарихи деректану методикасы да төмендегідей принциптерге негізделген.
Объективтілік принципі - Тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтарымен, күрделіліктерімен, санқырлылықтарымен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.
ПАРТИЯЛЫҚ ПРИНЦИП - Ол деректі зерттеудің өзекті мәселесі етіп әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды.
ТАРИХИЛЫҚ ПРИНЦИП - Ол дерекке нақты тарихи тұрғыдан қарау, деректің пайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды зерттеу.
10. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттілік проблемасы. Егер, сыртқы сын, яғни деректің пайда болуын сынау деректанулық талдаудың бірінші кезеңі болса, екінші кезеңі – ішкі сын. Оның міндеті деректің мазмұнын зерттеу, оның тарихи шындықпен сәйкестігін анықтау, деректің ғылыми маңызын айқындау болып табылады.Әрбір деректе белгілі бір оқиғаны немесе құбылысты сипаттаған фактілер кездеседі. Тарихшының міндеті сол деректе құбылыстың фактілік жағымен қатар, оның мәнінің де қаншалықты көрініс тапқандығын анықтау. Демек, дерекке талдау жасау кезінде тарихшы деректегі оқиға туралы мәліметтің толықтығына және дәлдігі мен шынайылық деңгейіне көңіл аударуы қажет.Деректегі мәліметтің толықтығы, дәлдігі және шынайылығы деректердің түрлеріне, деректің жасалу мақсатына, дерек авторының білім деңгейіне байланысты. Дегенмен, бірде бір деректің оқиғаның барлық қырлары мен ерекшеліктерін көрсете алмайтындығы түсінікті. Дерек авторының немесе авторларының ойынша оқиғаның қандай қырлары маңызды болып табылса, деректерде сол туралы мәліметтер көбірек беріледі. Сондықтан деректердің белгілі бір тобы белгілі бір адамдар тобының, белгілі бір әлеуметтік ортаның мүддесін көрсетеді.Оқиғаның деректе бейнелену дәрежесі, яғни оқиға туралы деректегі мәліметтің толықтығы, дәлдігі және шынайылық деңгейі көп жағдайда автордың тарихи шындықты бақылау мүмкіндігімен де байланысты. Сондықтан автордың ақпарат көздерін (оқиғаға қатысушы, куәгер, бірулердің айтқаны арқылы жеткізуші және т. б.), оның фактіні бейнелеудегі және түсіндірудегі өзіндік немесе әлеуметтік мүдделілігі, дерек жасау кезіндегі жағдайдың авторға тигізген әсері (қызметтік немесе қоғамдық жағдайы, қорқытылуы, қысым жасалуы т.т.), автордың фактіні бақылау және түсіндіру қаблеттілігі т. б.Деректің толықтық, дәлдік және шынайылық деңгейін сыни талдаудың нәтижесінде тарихшы келтірілген мәліметтің тарихи шындықпен сәйкестігін анықтайды. Мұндай сәйкестіктің деңгейі деректің пайда болу жағдайының қаншалықты жан-жақты да терең ашалуымен, яғни сол дәуірдегі адамдардың экономикалық, саяси және мәдени өмірінің, қоғамдық-әлеуметтік қатнастар сипатының талдану деңгейімен тығыз байланысты. Тек, терең деректанулық талдау жасау ғана тарихшыға тарихи шындықтың ғылыми реконструкциясын жасауға мүмкіндік береді. Шынайылық деп субъектің бейнелеген образдың объектпен адекваттылығы (сәйкестігі) айтылады. Кез келген дерек:-өзі бейнелеген объектен әлдеқайда тар, өйткені ол объектің тек белгілі бір жағын, қырын, не кейбір ерекшеліктерін ғана қамтиды.
-өзі бейнелеген объектен кең, өйткені ол өз бойында деректі жасаушы туралы мәліметтерді сақтайды.