
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың еңбегін ерекше айтуға болады. Ол өзінің әйгілі монографиялық зерттеуінің кіріспе бөлімінде жұмысты дайарлау барысында пайдаланған деректерге кәсіби дәрежеде деректанулық талдау жасап, ондағы мәліметтердің шынайылық деңгейін анықтаудың тамаша үлгісін көрсетті. Ұлттық жәдігерлеріміздің түрлік ерекшеліктерінен шыға отырып деректанулық сынның әр түрлі тәсілдерін пайдаланды.
Мысалы, біріншіден, деректанулық талдау жиналған деректерді сыныптаудан басталады десек, Е. Бекмаханов деректерді, өмір сүру формасына қарай: әдеби деректер, мұрағат деректері және фольклорлық деректер деп үлкен үш типке бөлген.
Екіншіден, мұрағат деректерінің ішінде қазақтың би-сұлтандарынан арнайы жазылып алынған жазбалардың ғылыми маңызының үлкен екендігін дәлелдеп, ол жазбалардағы ақпараттардың шынайылық дәрежесінің жоғары болуына әсер ететін факторларды атап көрсеткен.Үшіншіден, ол материалдарды ғылыми мақсатта пайдалану үшін олардың пайда болу жағдайына, деректің пайда болуының субъективті факторларына көңіл аударудың қажеттілігін ескерткен. Төртіншіден, мұрағат деректердің бір бөлігін құрайтын ресми құжаттардың пайда болуының объективтілігі Ресей самодержавиесінің Қазақстанды отарлау саясаты екедігін дәлелдеп, олардың деректік маңызын көрсеткен.
Бесіншіден, мұрағат құжаттарының үлкен бір тобын қазақтардың дала билеушілерінің патшаға жазған хаттарынан тұратындығын, олардың деректік орныны мен маңызын және ерекшелігін көрсеткен. Мысалы, қазақ шонжарларының хаттары біріншіден, қазақ және татар тілдерінде жазылған, екіншіден, хаттар орыс тіліне аударылған, үшіншіден, көбінесе мүлде қате аударылыған. Сондықтан бұл құжаттардың ведомстволық аудармаларын пайдаланған кезімізде біз оларды түпнұсқаларымен салыстырып шықтық дейді.
Мұның бәрі Е.Бекмахановтың өзінің зерттеу жұысының барысында деректану ғылымының тәсілдерін тиімді пайдалана білген кәсіпқой тарихшы екендігін көрсетеді.
Деректанулық сын. Деректедің пайда болуын сынау немесе сыртқы сын.
Деректану ғылымының методы, яғни деректерді тани білу әдіс-тәсілдері туралы айтылған жетінші тараудың бірінші тармақшасы «Деректанулық “сын” деп аталады. Демек, онда деректерді деректану ғылымының қағидаларына сүйене отырып “сыннан” өткізу қажеттігі, басқаша айтқанда, деректерді тарихтың шикі заты ретінде “өңдеуден” өткізіп барып пайдалану қажеттігі және оның жолдары туралы айтылған. Бұл жерде “сыннан” өткізу деген термин де, “өңдеуден” өткізу деген термин де сөздің ауыспалы мағынасында алынған шартты терминдер.
Егер, деректерді “сыннан” өткізу дегеніміз, деректердегі мәліметтердің шындыққа қаншалықты сай келетіндігін анықтау деген ұғымды білдірсе, “өңдеуден” өткізу дегеніміз деректерді тарихтың шикі заты ретінде түрлі қоспалардан тазартып, пайдалануға жарамды ету деген ұғымды білдіреді. Екеуінің де мағынасы бір – ол деректегі тарихи оқиға туралы мәліметтің шынайылық деңгейін, ғылыми құндылығын анықтау деген сөз.
Деректанулық “сынның”, яғни деректегі тарихи оқиға туралы мәліметтің шынайылық деңгейін анықтаудың қажеттігі неден туындайды? Зерттеушінің деректерді “сыннан” өткізу арқылы тани білу қажеттілігі нақты бір оқиғаның, сол оқиғаға қатысты пайда болған әр түрлі деректерде, әр түрлі бейнеленуімен байланысты. Ал, әр түрлі деректерде оқиғаның әр түрлі бейнеленуі, деректерді әр түрлі субьектердің жасауынан туындайды. Әдетте, бір оқиға туралы ондаған, жүздеген деректер пайда болады. Оларды мақсат-мүддесі, оқиғаға деген көзқарасы, қоғамдық позициясы т.т. әр алуан ондаған, жүздеген субъектер жасайды. Ал, әр бір дерек жасаушы оқиғаның қай қырын көрді, сол қыры туралы баяндайды. Оқиғаға өзі қандай көзқараста болды солай айтады және оқиға туралы өз түсінігіне сай мәлімет береді. Сондықтан да оқиға әр түрлі деректерде әр түрлі қырынан және әр түрлі деңгейде бейнеленеді. Деректерді “сыннан” өткізу қажеттігі осыдан туындайды.
Оқулықта деректанудың өзекті мәселесі – деректегі барлық сақталынған ақпарларды, мәліметтерді ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпараттарды, мәліметтерді тарихи зерттеулерде пайдалана білу тәсілдерін жасау делінген. Жоғарыда айтылғандай, дерек белгілі бір оқиғаның салдарында пайда болады, яғни оқиға деректе бейнеленеді. Сондықтан да дерекке сол оқиға туралы ақпарат, мәлімет енеді және сақталады. Басқаша айтқанда, дерек зерттеушіге оқиғаның қалай болғандығы туралы ақпарат, мәлімет жеткізеді. Тарихшы сол мәліметке сүйене отырып оқиғаның қалай болғандығы туралы жазады.
Бірақ, дерекке сүйене отырып оқиғаның қалай болғандығын жазудың да өз ерекшелігі, дәлірек айтқанда, екі жолы бар. Біріншісі, эмпирикалық деңгейде, яғни әдеттегідей деректе оқиға туралы қалай айтылса, солай жазу, яғни деректерде сақталынған мәліметтерді тарихи еңбектерде тікелей пайдалану. Екіншісі, алдымен сол оқиға туралы мәлімет жеткізіп отырған деректің өзін сыни тани білу арқылы, ондағы мәліметтің шынайылық деңгейінің қаншалықты екендігін анықтау арқылы жазу, яғни деректі деректанулық “сыннан” өткізу арқылы жазу.
Басқаша айтқанда, зерттеушінің деректану ғылымына сүйене отырып, сол нақты деректің өзі қалай пайда болды? Ол деректі кім, қашан, қандай жағдайда, не мақсатпен жасады? Деректі жасаушының оқиға туралы деректе берген ақпараты, жеткізіп отырған мәліметі қаншалықты шындыққа сай келеді? деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап іздеуі. Мысалы, «Желтоқсан» көтерілісі туралы деректерде біреулер көшеге бұзақылар, маскүнемдер, нашақорлар шықты деп айтса, енді біреулер көшеге өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен ерлер шықты дейді. Неге бір оқиға туралы әр түрлі деректерде, әр түрлі айтылады? Неге олар бірін бірі жоққа шығарады? Қай деректегі мәлімет шындыққа сай келеді? Неге Мәскеу мен оның империялық саясатын жақтаушы келімсектер үшін немесе партия, комсомол және мемлекет қызметіндегі жергілікті итаршылар үшін наразылық білдірушілер «бұзақылар», «маскүнемдер», «нашақорлар» болса, өз ұлтының азаттығын аңсағандар үшін олар нағыз ерлер, алып империяның есуас саясатына қасқайып қарсы шыққан көзсіз батырлар болады? Осындай, жәнеде басқа сұрақтарға жауап табу үшін тарихшы алдымен сол деректердің қалай пайда болғандығын, оларды кімдердің, қандай мақсатпен жасағандығын анықтауы қажет.
Тарихшылар деректерді деректанулық “сыннан” немесе “өңдеуден” өткізулері үшін алдымен олардың теориялық-методологиялық дайындықтары болуы керек және олар деректану методтарын, яғни деректермен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгерулері қажет. Тарихшылар барлық уақытта деректерде бейнеленген тарихи өткенді қандай тәсілдермен қалпына келтіруге болатындығын ойлады және оның тәсілдерін жетілдірді. Сол тәсілдердің ең бастыларының бірі - деректанулық “сын”. Орыс тарихнамасында тарихи деректерді бірінші болып ғылыми негізде сынаған В.Н. Татищев болды. В.Н. Татищевтен кейін А.Л. Шлецер, В.О. Ключевский, А.С. Лаппо-Данилевский сияқты орыс ғалымдары деректерді “сынаудың” немесе “өңдеудің” ережелерін жасап, тәсілдерін жетілдірді.