Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zhauaptar_Sabdenova.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.

Деректанумен тікелей айналыспағанымен, ғылыми сезімталдықпен белгілі бір дәрежеде деректанулық ойдың дамуына өз үлесін қазақ ғалымдарының алғашқысы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) болды. Егер, деректану ғылымының талаптарынан шығар болсақ, ол, біріншіден, қазақ-қырғыз халықтарының тарихына қатысты деректерді іздеп тауы, оларды бір жүйеге келтірді және оларды орыс тіліне аударып, жария етті. Деректану ғылымында ол «Деректанулық эвристика» деп аталады. Екіншіден, ол, деректерді ой елегінен өткізудің, ғылыми талдау жасаудың қажеттігін де жете түсініп, осы бағытта да еңбек етті. Ш. Уәлиханов еңбектерінің терең ғылымилығының себебі осында.

Мысалы, біріншіден, деректану ғылымының деректерді талдауда зерттеушілер алдында қоятын басты талаптарының бірі, ол тарихилық принципіне сай қандай деректі болмасын сол уақытпен, сол уақыттағы деректі жасаушыны қоршаған қоғамдық ортамен тығыз байланыстыра отырып талдау жасау қажеттігі. Шоқан Уәлихановтың: “ХҮІІІ ғ. жүз жылдық шапқыншылықтың ауыр зардабы мен ішкі қырқыстың қайғылы заманы болды. Осы кезде туған аңыз-жырлардың мазмұны қасіретті шерге толы. Мейірімсіз жау оларды атамекенінен ысырып, қазақ пен ноғайды екі айырды…. Қазақ пен ноғайлардың жылап айырылысуы, сол кездегі дүниеге келген аңыз-дастандарда, күйшілердің қобызында ойнаған күйлерінде өшпес ізін қалдырды” – деуі сол талапқа толығымен сай келеді.

Екіншіден, деректану ғылымында кез-келген тарихи дерек объективті дейтін болсақ, яғни дерек белгілі бір оқиғалар салдарында пайда болған десек, онда бұл жолдардан ғалымның өзі айтып отырған уақыттағы жасалынған деректердің объективті алғы шарты жоңғар шыпқыншылығы екендігі айқын.

Үшіншіден, тарихи деректер тек объективті емес, сонымен қатар ол субъективті де болып келеді. Өйткені деректер белгілі бір субъекттердің саналы іс әрекетінің арқасында дүниеге келеді. Сондықтан тарихи деректерде өздерін жасаған субъекттердің қолтаңбасы, әлеуметтік орны, дүниеге көзқарасы т.б. сақталады. Ш. Уәлихвнов: “Сол заманда туған қазақ жыр-дастандары қаншалықты мұңды болса, қалмақ дастандары соншалықты көтеріңкі көңіл күйде айтылады”-деп, жыр-дастандардың субъективтілігін де айтқан.

Төртіншіден, Ш. Уәлиханов: “Күмән жоқ, қазақтар туралы ең алғаш дерек Березин бастырып шығарған “жылнамалар жинағында” кездеседі. (Казань, 1854 ж.) Осы басылым қазақтардың өткені туралы ең құнды, алғашқы жазба ескерткіш. Мұнда нақты тарихи деректер аз болғанымен, қазақ хандары мен сұлтандарының ата тегі бар” – деп, жазба деректер туралы да өз ойын айтып, олардың деректік маңызын көрсеткен.

Бесіншіден, «Қазіргі қолда бар деректерді, ел ауызындағы аңыздармен, ноғайлармен қарым-қатынасы жайлы орыстың елшілік актылары Жалайридің “Жамиғ-ат-тауарихымен” салыстырған жөн» деп деректану ғылымының басты зерттеу методтарының бірі – салыстыру методы туралы да айтқан.

Алтыншыдан, Ш. Уәлиханов: “Жылнама кітап авторының сөзіне қарағанда, ол Ораз Мұхамедтің жерлесі екендігі және автордың (тарақ таңбалы) Жалайыр руынан екендігі айтылады... Автордың өзі туралы осы сөздеріне жүгінсек, оның Ораз-Мұхаммед сұлтанның жерлесі, шыққан тегі тарақ таңбалы, ең басты жалайыр руынан екенін білеміз”.- деп, деректің авторын анықтау, яғни атрибуция проблемасына да тоқталған.

Жетіншіден, Ш. Уәлиханов өзінің ғылыми ойларын дәлелдеу мақсатында қазақ деректерімен қатар басқа да деректерді кеңінен пайдаланғандығын. Оның өз жазбаларында: “Қазіретті Иакинфтің (Н.Я. Бичуриннің) Сібір қазақтары болмашы бір қалмақ ұрпағы болыпты деген пікірінің теріс екендігін дәлелдеп жатудың да қажеті жоқ. Қазақтардың едәуір күшті және жоңғарларға ешбір қатысы жоқ, мүлде басқа халық болғаны Сібір шежірелерінен айқын көрінеді” деуі соның дәлелі.

Сегізіншіден, Ш. Уәлиханов жеке деректерге де талдау жасап өз бағасын берді. Мысалы, ол “Манас” туралы: “Алатау қырғыздарының поэзиялық ең басты және жалғыз десе де болғандай данышпандық халық шығармасы “Манас туралы” дастан екені күмәнсіз. “Манас” – бір кезеңге және бір адамның - Манас” батырдың төңірегіне топтастырылған барша халық ертегілерінің хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктердің энциклопедиялық жинағы. “Манас” – бүтін бір халықтық шығармасы, соның көп жылдық творчествосының жемісі – Илиадасы десе де болғандай” – дейді. Негізінен Шоқан Уәлихановты тарихи деректерді деректанулық “сыннан” өткізудің қажет екенідігін түсінген, жәнеде деректердің әр түрлі топтарының ерекшелігін, олардың ғылыми маңызын көрсеткен, деректерді ғылыми негізде кәсіпқойлық дәрежеде талдай білген қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп атаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]