
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
құжаттарын деректанулық талдаудан өткізудің қажеттігі мен жолдары.
Біздегі мұрағат қорларының пайда болуының және қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері де бар. Біріншіден, біздегі мұрағат мекемелері негізінен большевиктер партиясының көсемі Лениннің декреті бойынша Кеңес өкіметінің тікелей басшылығымен құрылған. Сондықтан ондағы қорлар ұзақ жылдар бойы ұлттық мүддеге емес, халқымызға жат таптық мүддеге сай жинақталған. Екіншіден, мұрағаттарда алғашқы күндерден бастап жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан мамандардың болмауынан негізінен өзге келімсек ұлттардың өкілдері қызмет еткен. Олардың қазақ тілін білмеуіне және жергілікті ұлттың тарихын силамауына байланысты көптеген жағдайда ұлттық жәдігерлеріміз мұрағаттардан тыс қалып қойған. Зерттеушілердің бұл ерекшеліктерді ескермей мұрағат құжаттарына шексіз сенім арту кімді болса да қателіктерге ұшыратуы мүмкін.Бір өкініштісі, мұрағат құжаттарын немесе кейбір авторлардың жариялаған мәліметтерін ешқандай да деректанулық сыннан өткізбей пайдалану тек жеке зерттеу жұмыстарында ғана емес, іргелі еңбектерде, жастарға арналған оқулықтарда кездеседі. Мысалы, соңғы жылдары жоғары оқу орындарының студенттеріне оқулық ретінде ұсынылып, кеңінен тараған А. Күзембайұлы, Е. Әбілдің “История Республики Казахстан” атты оқулығының 1973 жылғы (толықтырылып, қайта өңделген) 5ші басылымында “Қазақ ” газеті туралы айта келе: Газета раздражала царскую охрану антиколониальным характером публики, ее на протяжении 19131916 гг. Закривали 26 раз и сам А. Байтурсынов неоднократно арестовывался – деп жазылған. Ал шындығында дәл сол жылдары “Қазақ” газеті, ІҮ-тарауда айтылғандай, бір де бір рет жабылған жоқ. Демек, патша өкіметінің тұсында “Қазақ” газеті 26 рет жабылды деп жазу біріншіден, шындыққа сай емес, екіншіден, ол патша өкіметінің жергілікті шенеуніктерінің озбырлығын көрсету емес, бар қиыншылыққа төзіп, газетті бес жыл бойы үзбей шығарып тұрған арыстарымыздың ерлікке бергісіз еңбектерін жоққа шығару болып табылады.
. Қазақстан Республикасы тарихының дерек көздері.
Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни ірге тасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарамақайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жанжақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан осындай заңды құбылысқа, яғни тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келу, қалыптасу және даму тарихының терең зерттеліп, шынайы да, объективті жазылу ісіне дайындық осы бастан жүйелі де, ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстан тарихының ірге тасын құрайтын деректік негізінің тарих ғылымының талаптарына сай дұрыс қалануы.Бірақ, өз тарихының төл деректерін өз мүддесіне сай дер кезінде жинастыруға мұршасы болған жоқ. Өз алдымызға ел болып, ес жинай бастағанымызда Елбасының бастамшылығымен арнайы мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын қабылдап, бүткіл әлемнен дерлік мәдени мұраларымызды, яғни тарихи деректерімізді іздеп тауып, жинай бастауымыз соның салдары.Тарихи деректерімізді дер кезінде жинастырып, өткенімізді объективті жазуға пайдалана алмауымыздың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымыз, өз еркіміздің өзімізде болмауы сияқты объективті себептері мен қатар, тарихымызды ғылыми негізде жазу ісінің кеш басталуы, біздегі тарих ғылымының негіздерінің кеңестік кезеңде қалыптасуы, тарихшы мамандар даярлаудың ұлттық мүддеге сай жүргізілмеуі және ұлттық төл деректерімізді пайдалана білуге үйрететін деректану ғылымының болмауы сияқты субъективті факторлардың да әсері болғандығы белгілі. Демек, егер, бүгін біз ұлт талғамына сай объективті тарихымыз әлі жазылған жоқ десек, ол біздің табиғи-
тарихи дамуымыздың заңды нәтижесі.Бүгінгі қазақстандықтардың басым бөлігінің тікелей қатысуымен жасалынған және жасалып жатқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы, қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сай, әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта және әр түрлі мазмұнда, әр алуан дерек көздерінде бейнеленді және бейнеленуде. Осыларды белгілі бір жүйеге келтіріп сыни талдау, олардан шынайылық деңгейі мен ғылыми құндылығы жоғары мәлімет ала білу Қазақстан тарихшыларының басты міндеті. Ал, ол, өз кезегінде, тарихшылардан дерек көздеріне деректану ғылымының талаптарына сай талдау жасай білуді талап етеді. Осындай, деректану ғылымының тұрғысынан келуді талап ететін, тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды жазба деректерінің үлкен бір тобын ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері құрайды.