Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zhauaptar_Sabdenova.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.

Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының басты алғышарты, ол қоғамда түбегейлі өзгерістің жүргізілуі, яғни қоғамның бір сапалық деңгейден, екінші бір сапалық деңгейге өтуі және соның салдарында ұлттық сананың оянып, ұлттың өзін-өзі тануға деген ұмтылысының пайда болуы. Мысалы, Англя мен Франция болып өткен буржуазиялық революциялар, Германияда неміс жерлерінің бірігуі, Ресейдегі реформалар, сол елдерді тек экономикалық жағынан ғана дамытып қойған жоқ, сонымен қатар, сол елдердің байрығы халақтарының ұлттық санасының оянуына да үлкен әсер етті. Аталған елдердегі ұлттық санасының оянуының айқын көріністерінің бірі, ағылшындар мен француздардың, немістер мен орыстардың, яғни мемлекет құрушы ұлттардың өзін-өзі тануға деген ұмтылысы. Ұлттың өзін-өзі тануға деген ұмтылысы, сол ұлттың өз тарихына деген табиғи қызығушылығын арттырды. Міне, осылай, бірінен бірі туындаған қоғамдық құбылыстар ұлттық сұранысқа сай объективті тарихты жазудың қажеттілігін тудырды. Ұлттың объективті тарихын жазу ісі, сол ұлттың төл деректерін іздестіру, табу, жинау, жүйелеу және жариялаудан басталды. Тарихтың шикі заты ретінде мол көлемде жиналған деректерді тарих жазуға пайдалана білу, оларды «өңдеуден», яғни деректанулық талдаудан өткізу арқылы ғана мүмкін екендігіне терең түсінушілік тудырды. Міне, осылай, Батыс Еуропа мен Ресейде болып өткен түбегейлі қоғамдық өзгерістер салдарында ұлттық сананың оянуы, сол елдерде тарих ғылымының негіздерінің бірі, деректанудың пайда болып қалыптасуына алып келді.Деректану ғылымының қалыптасып, тарих ғылымындағы өз орнын алуы субъективті факторларға, яғни нақты субъектердің еңбегіне, атап айтқанда ондаған, жүздеген жеке адамдардың саналы да, мақсатты іс әрекеттеріне де байланысты. Мысалы, Германияда деректену ғылымының қалыптасуына кезінде Г.Ф. Штейн, Г.Г. Пертец, Г. Вайц сияқты неміс ғалымдары өз үлестерін қосты.Бір жағынан тарихи шығармаларға деген қызығушылықтың артуына, екінші жағынан Еуропа елдеріндегі ұлттық сананың өсуіне байланысты тарихи құжаттардың жаңа кешеніне ерекше көңіл аударушылық – ХІХ ғасырдың басында тарихи зерттеуге деген қажеттілікті едәуір арттырды. Тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандар даярлаудың қажеттілігі айқын көріне бастады. Сол уақыттағы жалпы типтегі университеттік білім бұл мақсатты іске асыруға жеткіліксіз болды. Сонымен қатар бұл проблема мұрағаттар алдында да тұрды. Ескі типтегі тарихи білім жаңа міндеттерді атқаруға қабілетсіз болып шықты. Сондықтан Парижде мұрағатшылар және аса көп мөлшердегі орта ғасырлық Франция тарихының құжаттарымен жұмыс істей алатын мамандар даярлау мақсатында 1821 жылы Хартия мектебі ашылды. 1854 жылы Вена қаласында неміс тарихшысы Т. фон Зиккель Австрия тарихи зерттеу институтының негізін қалады. Онда деректерді сыннан өткізу проблемасына ерекше көңіл бөлінді. Мұндай институттар 1856 жылы Мадридте, 1857 жылы Флоренцияда ашылды. Дегенмен, Батыс Еуропада деректану ғылымының дамуы неміс тарихшысы Э. Бернгейм мен француз ғалымдары Ш.В. Ланглуа және Ш. Сеньобостың аттарымен тікелей байланысты. 1889 жылы Грейсвлиль университетінің профессоры Э. Бернгейм “Тарих ғылымына кіріспе” атты, 1898 жылы француз ғалымдары Ш. Ланглуа және Ш. Сеньобос “Тарихи зерттеуге кіріспе” атты оқулық жариялады. Оқулық ретінде дайындалған екі еңбек те бірнеше рет қайта басылып шықты және екеуі де орыс тіліне аударылды.

Бүгінгі күні дамыған дәстүрлі мектебі бар Ресейде де деректану ғылым ретінде ХҮІІІ ғ. орын алған қоғамдық өзгерістер нәтижесінде пайда болды. Орыс деректану мектебінің қалыптасуына В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин, В.О. Ключевский, А. С. Лаппо-Данилевский сияқты ондаған, жүздеген көрнекті орыс ғалымдары ат салысты. Патшалық Ресейде тарих ғылымының қалыптасуы да, оның одан әрі дамуының екінші кезеңі де реформалармен, яғни түбегейлі қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты жүрген жәнеде, ол ең алдымен, тарихи деректерді жинаудан, өңдеуден, жариялаудан, оларға деректанулық талдау жасаудан және деректанушы мамандар даярлаудан, яғни деректанулық істер атқарудан басталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]