
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
Деректі сынаудың мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру
формасын айқындаудан, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған
жерін, пайда болуының нақты тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсаты
мен міндеттерін анықтау.
Деректердің сақталу формалары жоне олардың деректанулық маңызы.
Мәтінді дүрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда
болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау.
Дерек авторының не кұрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи
деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық
проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы
В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық
сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және
“фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді, ғылыми
сынның негізгі кезендерін және 14 Ережесін көрсетуі.
51.Деректердің сақталу формалары
Деректі сынаудың мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру
формасын айқындаудан, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған
жерін, пайда болуының нақты тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсаты
мен міндеттерін анықтау.
Деректердің сақталу формалары жоне олардың деректанулық маңызы.
Мәтінді дүрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда
болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау.
Дерек авторының не кұрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи
деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық
проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.
52.Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемасы. Тарих ғылымы үшін мәтінді дұрыс оқи білудің маңызы өте үлкен. Егер, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырда пайда болған деректердің мәтінін оқу зерттеушілер үшін аса үлкен қиындық туғызбаса, одан ертеректе пайда болған деректерді оқу арнайы палеографиялық дайындықты қажет етеді. Қазақстанның кәсіпқой тарихшыларының басым көпшілігінің негізінен соңғы ғасырлар тарихымен айналысулары көп жағдайда олардың арнайы палеографиялық дайындықтарының болмауымен де байланысты екендігі анық.Қазақтар тарихына қатысты жазба деректердің түпнұсқалық түрінде жеткендері өте аз, тіптен жоқтың қасы деп те айтуға болады. Олардың Орхон жаза ескерткіштерінен басқаларының бәрі дерлік талай рет көшіріліп қайта жазылған немесе басқа тілдерге бірнеше рет аударылған. Мысалы, көрнекті шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің айтуынша, өзінің жазба дерек көзі ретінде баға жетпес халқымыздың тұңғыш тарихшысы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың атақты «Тарих-и-Рашиди» атты классикалық шығармасы ХҮІ ғ. – 3 рет, ХҮІІ ғ. – 5, ХҮІІІ ғ. – 3, ХІХ ғ. – 12 рет көшіріліп, хатқа түсірілген. Оның нұсқаларын қазір де Англия, Франция, Германия, Ресей секілді Еуропа елдерімен қатар Үндістан, Пәкістан, Иран, Өзбекстан және Шығыс Түркістан кітапханаларының қолжазба қорларынан кездестіруге болады. (Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати (Аяз). Жаһан наме: - Алматы: 2006. 3 б.) Көшіріп жазу барысында немесе аудармада құжаттардың өздерінің түпнұсқасынан алшақтайтындығы белгілі. Сондықтан да зерттеушілердің алдынды, біріншіден, өзіне жеткен деректің түпнұсқадан қаншалықты ауытқығандығын, яғни кейіннен қандай өзгертулер мен қосымшалардың пайда болғандығын, олардың қашан, кімдердің және қандай мақсатта енгізгендерін анықтау міндеті тұрса, екіншіден, мүмкіндігінше түпнұсқаға жақындау және түпнұсқалық мәтіннің мағынасын дәл түсіну міндеті тұр.
53.Мәтінді қалпына келтіру және оқу. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру мен оны оқу және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің өшіп қалуына немесе бүлінуіне байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Қазіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіруге болады (Әр түрлі лакті, бояуларды, сия не қағазды тесіп өте алатын ұзынтолқынды инфрақызыл сәуле арқылы суретке бастапқы жазуды түсіру).Мәтінді қалпына келтіру мен оны оқу тәсілдерін жасау жазу материалдары мен жазу құрал жабдықтарына да байланысты. Мәтінді дұрыс оқудың маңызды алғы шарттарының бірі терминология мен полиография ережелерін білу. Оқулықта айтылғандай, деректі дұрыс оқи білу проблемасы әсіресе қазақ тарихын зерттеушілер үшін үлкен қиындықтар туғызуда. Өйткені Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатында (ҚР ОММ) сақталынған қазан төңкерісіне дейінгі құжаттар мәтіні славяндық орыс графикасы түрінде берілген. ХҮІІІХІХ ғғ. әр түрлі қолтаңбалармен, сол кезге тән жазу, сөйлеу мәнерімен, түрлі қысқартулармен жазылған бұл құжаттарды дұрыс оқу үшін арнайы дайындық қажет.Өкінішке орай, кейбір зерттеушілердің палеографиялық мәдениетінің төмендігі, деректану ғылымынан хабарларының жоқтығы ғылыми еңбектерде құжаттардың дұрыс пайдаланбауына, тіптен басқа мағынада берілуіне әкеліп соғады.Соңғы жүз жыл ішінде қазақ жазба графикасы үш рет өзгерді. Соған байланысты мұрағат сөрелерінде көптеген құжаттар оқылмастан, ғылыми айналымға енбестен сол күйінде жатыр. Орталық мемлекеттік мұрағат қорларында қазақ, қырғыз, өзбек, орыс, татар, ұйғыр тілдерінде жазылған құжаттармен қатар қытай, маньжур, монғол тілдерінде жазылған деректер де бар. Оларды оқу, зерттеу жұмысы да аса күрделі проблемалардың бірі.
Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау (атрибуция). Дерек авторы туралы мәселе, ең алдымен деректің өзінде сақталынған мәліметтер арқылы немесе авторы белгілі шығарма мен авторы белгісіз шығарманы салыстыру арқылы шешілуі мүмкін. Мысалы, көпке дейін авторы белгісіз болып келген «Жаһан намені» башқұрт ғалымы Ахмет Зәки Валиди оқи келе поэманы жазған Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатиден басқа ешкім де емес деп тұжырым жасаған. Дегенмен, дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулерге пайланудың міндетті шарты емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тархшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен ешқандай атсыз жазылған деректер де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімет қаулықарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды.Дегенмен, бұдан дерек авторының аты тіптен керегі жоқ деген ұғым тумау керек. Оны білу арқылы құжаттың уақытын, жерін және қандай жағдайда пайда болғандығын, автордың шыққан әлеуметтік ортасын білуге болады. Мұның бәрі дерекке әлеуметтік талдау жасауға көмектеседі. Жазба тарихи деректердің әр түріне байланысты оның авторын білудің де
қажеттілігі әр түрлі және ол нақты зерттеудің мақсатына да байланысты. Кейбір тарихи зерттеулер атрибуцияны тіптен қажет етпеуі мүкін, ал кейде ол аса маңызды проблемаға айналуы мүмкін.Атрибуция проблемасы деректі “сыртқы сынаудың” ең күрделілерінің бірі болып табылады. Белгілі орыс деректанушысы, академик Д.С. Лихачев өзінің “Текстология” деген кітабында: «Зерттеуші… авторлық мәселені шеше отырып, оны шығарманың құрылуы мен пайда болу тарихымен, уақыты мен мәтіннің кейінгі тағдырын анықтау мәселелерімен, авторлық мәтіннің сақталу және т.б. мәселелермен бірге қарастыруға тиіс болады… шығарманы жай ғана атрибуциялау жеткіліксіз, тек авторды ғана емес, сонымен қатар авторлық жұмысты да анықтау қажат» - деп жазды.
Жылнаманың тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы. Ортағасырлар тарихының аса маңызды жазба деректерінің бір тобын оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жылнамалар құрайды. Әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай олардың тарихи дерек көздерінің де өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, қазақ халқының өткен тарихы негізінен ауыз әдебиеті туындылары: аңыз-әңгіме, жыр-дастандар, шежіре т.б. айтылып, ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса, славян хылқтарының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда бейнеленген. Сондықтан, славян тарихы үшін жылнамалар негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады. Дегенмен жылнамалар тек славян халықтарының ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде далалықтардың, яғни қазіргі қазақтардың да тарихының дерек көздері міндетін атқара алады деуге болады. Өйткені, біріншіден, орыс жылнамаларында қазақтар туралы да нақты, ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер көптеп кездеседі. Ол туралы кезінде Ш. Уәлиханов: “Қазақтың өткен тарихы туралы Әбілғазы мен Жалаири мәліметтері соншалықты жүдеу болғанымен, орыс жылнамалары көшпенділердің ертедегі өткенін хронологиялық ретпен, тамтұмдап болса да мәлімдеп отырады” дей келе, “Қазақ аңыздарындағы ең белгілі хан Жәінібек билік құрған кездің де құпия пердесін біраз сырады” деп, нақты дәлел келтіреді. Екіншіден, “Игорь жасағы туралы жыр” сияқты, көптеген орыс жылнамалары славян халықтары мен көшпенділердің өзара қарымқатынастары мен қақтығыстарына арналған. Сондықтан орыс тарихшылары оларды өз тарихының дерек көздері ретінде зерттесе, біздер, яғни сол көшпенділердің ұрпақтары, жылнамалардың пайда болу және сақталу ерекшеліктерін ескере отырып, өз тарихымыздың дерек көзі ретінде пайдалануымызға толық құқылымыз. Үшіншіден, бірнеше ғасырлық тарихы бар орыс жылнаматану мектебінің іс тәжерибесі, сол халықтың өз тарихына, оның төл дерек көздеріне деген құрметінің тамаша көрінісі болып табылады, ол бізге өз тарихымыздың төл дерек көздерін іздеп табу, жүйелеу, жариялау және деректанулық талдаудан өткізу барысында үлгі болары анық.
54.Бүркеншік есімдер проблемасы. Тарихи дерек қандай формада, қандай мазмұнда дүниеге келмесін, ол ең алдымен өз уақытының жемісі болғандықтан, онда уақыт табының ізі сақтаулы заңды құбылыс. Сондықтан, зерттеушілер нақты дерекпен жұмыс істеу барысында деректің пайда болған уақытының ерекшелігіне байланысты туындаған проблемалармен кездесіп отырады. Егер, қазақ тарихының деректеріне қатысты айтсақ, олар жазу таңбаларының өзгеруіне, тілдік ерекшеліктерге, саясиәлеуметтік қатынастарға т.б. факторларға байланысты пайда болатын проблемалар. Осындай, уақыт тудырған қазіргі деректану ғылымының күрделі проблемаларының бірі, ол дерек авторын анықтау проблемасы.Барлық авторы белгісіз деректердің авторын анықтаудың қажеттілігі болмағанымен (көп жағдайда ол тіптен мүмкін де емес) кейбір деректердің авторын анықтау, одан алынған мәліметтердің шынайылық дәрежесін айқандауға көмектесуі мүмкін. Осындай, мүмкіндігінше авторын анықтауды қажет ететін жазба дерктер-іміздің үлкен бір тобын ғасыр басында пайда болған
ұлттық мерзімді басылымдарымыз құрайды. Мерзімді басылымдарда, әсіресе қазан төңкерісіне дейінгі және 20 30шы жылдардағы газетжурналдарда мәтіндер көбіне бүркеншік аттармен, яғни псевдо-нимдермен берілген. Ол мақаланың (деректің - Қ.А.) авторын анықтау проблемасын тудырады.Псевдонимдерді шешу және шығармалардың белгісіз авторын анықтау деректану ғылымында атрибуция немесе эвристика (грек.-табу) деп аталады. Бұл проблема, әсіресе ұлттық басылымдарды тарих дерегі ретінде зерттеушіле үшін арнайы айналысуды қажет етеді. Себебі объективті жағдайларға байланысты ғасыр басындағы басылымдарда авторлардың көбі өз аттарын көрсетпей бүркеншік аттарды жиі пайдаланған. Мысалы, 1907 жылы “Серкенің” таратылып үлгермей тұтқындалған екінші санында басылған “Біздің мақсатымыз” деген, патшалық отаршылдыққа қарсы ашық наразылық білдіріп, халықты тәуелсіздік үшін күреске шақырған мақаланы жазған “Арғынның”, патша жандармериясы қай арғын екенін біле алмай әуре сарсаңға түсті. Оны тек 1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі В.Д. Смирнов М. Дулатовтың тәркіленген кітаптарын қарап отырып, одан кезінде үлкен шу болған “Біздің мақсатымыз” деген мақалаға тән тәсіл мен ұқсастықты аңғарып қалып, мақала авторы М. Дулатұлы екендігін анықтауы, олардың бүркеншік атты бекер пайда-ланбағандығын көрсетеді.Кезінде баспасөзде арғын руынан шыққан бірнеше автордың “Арғын” деген атты, наймандардың “Найман”, “Найманский”, матайлардың “Матайлық” деген аттарды пайдалануы мақаланың кімнің жазғанын анықтауды қиындатады. Жас авторлардың танымал жазушылардың бүркеншік атын жамылып өз еңбегін өткізіп жіберу әрекеттері осындай қиындықтың қатарына жатады.Ғасыр басындағы қазақ басылымдары авторларының бәрі дерлік бүркеншік аттарды пайдаланған. Мысалы, Әлихан Бөкейханұлы Ғ.Б., Ұ., Әлихан деп қол қойған. Дегенмен, оның “Қазақ” газетінде пайдаланған негізгі псевдонимі “Қыр баласы”. Ахмет Байтұрсынұлы А.Б., А.А.Б.; Міржақып Дулатұлы М.Д., М., Арғын, Мадияр, Азамат Алашұлы, Мирякуб, Таймінер; Мағжан Жұмабайұлы – М.Ж., Жәжеке, Мыжмыж, Балапан, Сахаразада деп өздеріне ат қойған. Өз аттары мен фамилияларының бас әріптерін қойғаны немесе өздерін “Қыр баласы”, “Азамат Алашұлы” деп атағандары түсінікті болса, “Таймінер”, “Жәжеке”, “Мыжмыж” деген аттарды не себептен алғандықтарын білу, әрине, мүмкін емес.Жалпы біздің қазақ зиялылары өздеріне бүркеншік ат ойлап табуда үлкен тапқырлық танытқан сияқты. Мысалы, Бейімбет Майлин өзіне 71 ат ойлап тапса, көбі оншақты атты пайдаланған.Бүркеншік аттарды анықтауға не авторсыз мақалалардың авторын анықтауға кейде мұрағаттарда сақталынған әскерицензуралық комиссиялардың жазбалары да көмектесуі мүмкін. Олардың рұқсат берген не тиым салған жазуларында қолжазбаны кімнің әкелгені туралы мәлімет болуы мүмкін. Тағы бір мүмкіндік редакцияның мұрағаты: онда мақала үшін қаламақыны кімге төлегендігі туралы мәлімет сақтауы мүмкін.Дерек авторын анықтау мақсатында зерттеушілер әр түрлі тәсілдер қолданады. Мысалы, белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев 1915-1918 жылдары Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқыған қазақ шәкірттері айына екі рет қолжазба түрінде шығарып тұрған “Садақ” журналын зерттеу барысында қолжазбадағы қолтаңбаларды салыстыру арқылы, журналды даярлауға қатысқан, ол кезде әлі көзі тірі куәгерлерден сұрастыру арқылы Бейімбет Майлиннің бұрын белгісіз болған “Бекет” деген, 22ші бүркеншік атын анықтаған. Ал қалған 21і Т. Нұртазиннің 1966 жылы шыққан “Бейімбет Майлиннің творчествосы” деген монографиясында айтылған.