
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
мен ортақ заңдылықтары
XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және
ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген өсері.
Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы.
"Герман тарихының ескерткіштері" сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813-
1886) жөне оның "Германия тарихының деректануы".
Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын
мамандарға деген кажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық
революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде
хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс
Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы.
Э.Бернгеймнің (1850-1942) "Тарих ғылымына кіріспе" атты оқулығындағы
методология, методика, түсініктер және сьшыптау мәселелері. Ш.Ланглуа
(1863-1920) мен Ш.Сеньо-бостың (1854-1942) "Тарихи зерттеуге кіріспе"
атты еңбектер-нің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен
тәсілдер.
Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих
ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және
тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-
1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
деректер туралы біртүгас жүйелі ғылым
47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
деректану ғылым.
Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих
ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және
тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің
1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
деректер туралы біртүгас жүйелі ғылым.
Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуы ның негізгі
кезеңдері жәпе деректану пәнін оқытудыц ерекшеліктері. Деректанулық
орталықтар.
Деректің пайда болуын сынау
Деректі сынаудың мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру
формасын айқындаудан, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған
жерін, пайда болуының нақты тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсаты
мен міндеттерін анықтау.
Деректердің сақталу формалары жоне олардың деректанулық маңызы.
Мәтінді дүрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда
болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау.
Дерек авторының не кұрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи
деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық
проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.
Деректану және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылдығымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының 2004-2006 жылдарға арналған бірінші кезеңінде көптеген істер атқарылғандығы рас.Президент тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 1016 қаулысымен «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 20092011 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Онда: «Тұжырымдаманың басым бағыттары:4) өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу;5) жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу;6) саланы дамытудың старатегиялық ресурсы ретіндегі кадр саясатын іске асыру» «Мәдени мұра» бағдарламасыныңның бірінші кезеңінде ғылымизерттеу институттары, жоғары оқу орындары, мұрағат, мұражай қызметкерлері, көптеген тарихшылар, т. б. жаппай мұраларымызды іздеп табу ісімен айналысты, кітаптар шығарып, көрмелер өткізу арқылы тапқандарын елге көрсетуге асықты, конференциялар мен қоғамдық кеңестің отырыстарында өздерінің қандай деректер тапқандығын және оларда не туралы айтылғандығын мақтанышпен жариялады. Елбасы айтқандай: «...табылған мұраларды кешенді түрде жанжақты зерттепзерделеу...» үшін немесе Үкімет қаулысында көрсетілгендей: «...жиналған деректер мен материалдарды ғылыми айналымға... жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары оқу орындарының оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізу...» үшін бірімен бірі тығыз байланысты, бірінен бірі туындайтын және белгілі бір реттілікпен іске асырылатын жүйелі деректанулық іс-шаралар атқарылуы тиіс. Олар: жиналған деректерді тілдік, мазмұндық, хронологиялық, тақырыптық т.б. принциптерге сай сыныптау; мұралардың деректік ерекшеліктері мен маңызын, пайда болу объективтілігін және субъективтілік деңгейін, сақталу формалары мен түпнұсқалық дәрежесін т. б. анықтау; объективтілік, партиялық, тарихилық принциптерді басшылыққа ала отырып, мұраларды кешенді зерттеу, олардың әлеуметтік табиғаты мен пайда болған уақытын анықтау, яғни тарихымыздың дерек көздері ретінде мәдени мұраларымыздың пайда болуын сынау. Осындай және т. б. деректанулық ісшаралар атқару арқылы деректерде сақталынған мәліметтердің шынайылық деңгейі мен ғылыми құндылығын анықтау, яғни деректің ішкі мәнін ашу. Содан кейін ғана оларды ғылыми айналымға түсіруге немесе оқу үдерісіне енгізуге болады.
48.Біләл Аспандияров – тарих ғылымы және деректану туралы. Біләл Аспандияров тарих ғылымы және деректану туралы. Б. Аспандияров Е. Бекмаханов сияқты терең білімді, теориялық дайындығы мол, ғылыми зерттеу методын жете меңгерген қазақтың алғашқы кәсіпқой тарихшыларының бірі болған. Келтірілген мысалдар өткен ғасырдың 30-40-шы жылдары ғылымизерттеу жұмыстарымен айналысып, қазақ тарихының өзекті тақырыптарына арнап диссертация дайындаған алғашқы ғалым тарихшыларымызлың шын мәнінде кәсіпқой тарихшылар болғандығын көрсетеді. Б. Аспандияров, біріншіден, ұлттық мүддені басшылыққа алған өзінің азаматтық позициясы бар, ғылымның тазалығы үшін күресе білген ғалым. Екіншіден, Б. Аспандияров орыс тарихшыларының Бөкей ордасы тарихын саналы түрдебұрмалағандарын дәлелдеп, оның себептерін де көрсеткен. Үшіншіден, ол өзінің мұрағат қорларынан жинаған тарихи деректеріне терең деректанулық талдау жасай білген. Бұл, яғни жинаған материалдарын өңдеп, деректанулық талдаудан өткізе білу, зерттеуші еңбегінің ғылымилығының басты факторы, зертеушінің кәсіпқойлық деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Төртіншіден, Б. Аспандияровтың диссертациялық жұмысы теориялық негізде жазылған жұмыс, оның ғылыми деңгейі Е. Бекмаханов еңбегімен деңгейлес болған.Сонымен қатар, Б. Аспандияров өз кезіндегі Қазақстанның тарих ғылымының реальды жағдайын дәл анықтай білген. Ол, біріншіден, Қазақстанның тарих ғылымының ең осал буыны теориялық мәселе екендігін және тарихшылардың жазған еңбектерінің ғылыми деңгейінің төмендігі, олардың тоериялық дайындықтарының төмендігімен тікелей байланысты екендігін ашық айтқан. Екіншіден, қазақ тарихшыларының қазақ халқының тарихын «тар көлемде, өте шектеулі және біржақты көрсетететіндіктерін» және «тарихи оқиғалары көп жағдайда абстракты және үстүртін түсіндіретіндерін» айтқан. Үшіншіден, «тарихшылыр бұрын айтылғандарды қайта айтумен шектеледі, бұрыннан белгілі жаңалықты, өзгенің еңбегін баяндау арқылы жаңалық ретінде қайта ұсынады» деп,тарихшылардың көбіне тән кемшілікті дәл айта білген. Төртіншіден, ол «деректерге өзіндік өңдеу жасалынбайды» деп, деректердің деректанулық өңдуден өткізілмей «шикі» күйінде пайдалынатындығын айтқан. Бесіншіден, ол өзінің бір ғана тілегі «қазақ тарихын әбден үйіліп қалған қоқыстан тазарту» екендігін айтады.Б. Аспандияров деректану теориясымен қатар, қолданбалы деректанумен де айналысқан. Мысалы, ол фольклордың қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін көрсетіп, дерек көздері ретінде пайдалана білу үшін алдымен оларды «сыни, яғни деректанулық талдаудан өткізу керек, содан кейін ғана олардан шынайылық деңгейі жоғары мәлімет алуға болады» деп, өзі соның тамаша үлгісін көрсеткен. Сонымен қатар, ол Е. Бекмахановты деректану ғылымына сүйене отырып қорғаған. Жәнеде, деректану ғылымына сүйене отырып К. Қасымов қозғалысының феодальдық-монархиялық емес, бұқарылық қозғалыс болғандығын ғылыми негізде дәлелдей білген.
49. Кеңестік кезеңде, дәлірек айтқанда, өткен ғасырдың 70-ші жылдары деректану проблемасымен айналысып, еңбек жариялаған қазақтың ғалым-ойшылы Олжас Сүлейменов болды. Мысалы, оның “Аз и Я”сы деректану ғылымының түпнұсқалық проблемасын шешудің тамаша үлгісі болып табылады. Еңбектің шықпай жатып саяси қуғынға ұшырауы, біріншіден, О. Сүлейменов еңбегінің орыс ғалымдарының екіжарым ғасырдан астам жасырып келген шындықтың бетін ашып, әлемге жария еткен аса құнды ғылыми еңбек екендігін дәлелдейді. Егер, еңбекте шындық ғылыми негізде ашылып көрсетілмесе, орыс ғалымдарының тарихқа жасаған қиянаттары нақты фактілермен дәлелденбесе, онда ол соншалықты қуғанға түспеген де болар еді. Егер, Олжастың дәлелдері шындыққа сай келмесе, онда ешкім де оған өршелене қарсы шықпас еді. Ащы шындық көздеріне найзадай қадалғандықтан ғана орыс ғалымдары өре түрегеліп, Олжасқа жанжағынан жабыла кетті. Өздерінің шамалары жетпеген соң көмекке билікті шақырды. Екіншіден, ғылыммен, дәлірек айтқанда деректанулық талдаумен дәлелденген шындық бәрі бір жеңді. Демек, О. Сүлейменов деректану арқылы “мыңды жыға” білді. Бұл деректанудың құдреті күшті ғылым екендігінің айқын дәлелі. Олай дейтініміз, О. Сұлейменов “Игорь жасағы туралы жырды” деректану ғылымындағы деректерді зерттеудің ең бір күрделі тәсілітілді негізгі зерттеу объектісі ретінде ала отырып зерттеген. Тілге деректанулық талдау жасау арқылы “Жырдың” пайда болған уақытының ерекшеліктерін, Русь пен Даланы мекендеген халықтардың санқырлы қарымқатынасының дамуын, оладың бір-біріне тигізген табиғи әсерін көрсеткен. Мысалы, О. Сүлейменов өзінің “Аз и Я”- сында Х-ХІІ-ші ғасырлардағы славян халықтарының тілі мен мәдениетінде және дәстүрінде далалықтардың ықпалының молболғандығын бұлтартпас нақты деректермен дәлелдеп берді. Бұл, тарихшылар үшін, жалпы зерттеушілер үшін деректану ғылымын меңгерудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.