- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
Газеттер мен журналдарды талдаудың ерекшеліктері олардың жазба деректердің түрі ретіндегі күрделілігі мен өзіндік орнынан туындайды. Біріншіден, мерзімді басылым әр алуан жазба дерек-тердің түрлерінен, екіншіден, әлеуметтік фукнциясы, формасы және мазмұны жағынан тегі бір деректердің өзіндік түрлерінен тұрады.
Тарихи талдаудың нақты объектісі ретінде белгілі бір басы-лымды тұтас, оның жарыққа шығу хронологиясын қатаң сақтай отырып алуға болады, не сол басылымда жарияланған нақты бір мәтінді дерек ретінде алуға болады. Осыдан келіп, мерзімді басылымды зерттеудің екі жолы шығады:
1. Белгілі бір баспа органын тұтас дерек көзі ретінде жан-жақты зерттеу.
2. Зерттеу тақырыбына сай, сол басылымнан нақты деректі іздеп тауып, соны талдау.
Дегенмен, бұл жолдардың едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олар бір-бірімен тығыз байланысты және екеуі де белгілі принциптер мен ережелерді сақтауды, мерзімді басы-лымдардың сипатын және бағытын ескеруді талап етеді.
Журналдар мен газеттер барлық уақытта белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс тәжірибесінің, олардың өзара қарым-қатынастарының және пікірталастарының құралы болып келді.
Таптық және саяси күрестердің сипаты мен мән-мазмұны, қоғамдық-идеологияның қарама-қайшылықтары мерзімді басы-лымның өмір сүруінің нақты тарихи жағдайы т.б. айналып келгенде баспасөз тағдырына шешуші әсерін тигізеді. Өркениет жолымен дамыған қоғамдарда кез келген баспа органдарының өзіндік, белгілі бір қоғамдық-идеялық бағытқа тән саяси бет-бейнесі болады.
Тек, кеңес өкіметі сияқты адамзаттың даму жолынан аулақ кеткен қоғамдарда ғана, мерзімді басылымның мұндай табиғи даму заңдылығы бұзылады. Өзіміз куә болғандай, В.И. Лениннің “Партиялық ұйым және партиялық әдебиет” (1905 ж.) деген еңбегіне сүйенген коммунистер, әдебиеттің партиялылығы дегенді тек коммунистік партиялылық деп түсініп, оған жатпайтындардың бәрін қуғын-сүргінге ұшыратты. Ұзақ жылдар бойы баспасөз тек бір ғана идеологияны (марксистік) дәріптеп, тек бір ғана бағытты (коммунистік) қолдап келді.
43. М.Дулатұлы еңбектері – төл тарихымыздың маңызды дерек көзі. 2002-2003 жылдары “Мектеп” баспасынан, “Алаш мұрасы” айдарымен, жарық көрген Міржақып Дулатұлының бес томдық шығармалар жинағы халқымыз тарихының аласапыран оқиғаларға толы, аса күрделі кезеңі - ХХ ғасырдың бірінші үштігі тарихының маңызды жазба дерек көздерінің бірі болып табылатындығы даусыз. Әліде терең зерттей түсуді қажет ететін сол бір аумалы-төкпелі жылдардың тарихын Алаш зиялылырының, оның ішінде М. Дулатұлының да, еңбектерін дерек көздері ретінде пайдалана білмей жан-жақты ашып көрсету мүмкін емес. Сондықтан Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы бастаған ХХ ғасыр басындағы ұлттық элитаның қалдырған мол мұраларын деректану ғылымы тұрғысынан арнайы да кешенді түрде зерттеу қажеттілігі күннен күнге айқын сезілуде. Сонымен қатар, Алаш ардақтыларының еңбектері олардың өздері туралы да мол мағлұмат бере алатын тарихи дерек көздері міндетін де атқарады. Өйткені, деректану ғылымының тілімен айтсақ, Алаш мұрасы сияқты қайталанбайтын деректер (уникальные источники) тобына жататын жеке адамдық туындылардың деректік маңызы, олардан алынатын ақпараттардың ғылыми құндылығы, сол деректі жасаушы субьектілерге тікелей байланысты. Нақты деректі дүниеге әкелуші нақты субьектің қоғамдағы әлеуметтік жағдайы, өзін қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, жалпы білім дәрежесі т.б. жеке бастық қасиеттері дерекке енбей қоймайды. Сондықтан ол зерттеушіге деректі жасаушы субьект туралы да маңызды ақпараттар бере алады. Демек, М. Дулатұлының аталған жинаққа енген еңбектері тек ел тарихының ғана емес, сонымен қатар оның өз тарихының да, дәлірек айтқанда, өмірі мен қызметінің, саналы іс-әрекеттерінің, арманы мен тілегінің, мақсаты мен мүддесінің, жеке тұлға ретіндегі бар бітім болмысының, діни наным-сенімі мен дүниетанымының, саяси көзқарасы мен қоғамдық позициясының да дерек көздері блып табылады. Сондықтан М. Дулатұлы еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның тарихи тұлға ретіндегі бейнесін айқындап, ұлтына сіңірген еңбегін аша түсуге көмектесері анық . Бірінші кезекте көңіл аударатын нәрсе, ол М. Дулатұлының 1911 жылы “Айқап” жорналында басылған бірнеше мақалаларын “Азамат Алашұғлы”, “Алашұлы Азамат”, “Азамат” деген бүркеншік атпен жариялауы. Жиырманың ішіндегі жас жігіттің өзіне мұндай бүркеншік есімді таңдап алуы, оның келешекте Алаштың бір Азамат ұлы болу мақсатынан туындағаны түсінікті десек, онда Міржақып Дулатұлын өз мақсатына толық жеткен, Алаштың нағыз ұлдрының бірі бола алған Азамат деп айта аламыз. Оның бар саналы өмірі мен қызметі,артында қалдырған мол мұрасы соның айқын дәлелі.
44.Саяси қуғын-сүргін құжаттары - ұлт-азаттығы жолындағы күрес тарихының дерек көзі ретінде. Деректану және қоғамдық ғылымдар. Әрине, мұрағат қорларының халқымыз тарихының маңызды дерек көздерін құрайтындығы даусыз. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан еліміздегі мұрағаттар жүйесінің негізгі міндеттері де сонда. Десекте, мұрағат сөзі құран сөзі, яғни құдай сөзі емес. Олар да өзіміз сияқты жұмыр басты пенделердің саналы іс-әрекеттерінің барысында пайда болған дүниелер. Демек, олардың да субъективті болып келетіндігі заңдылық. Сондықтан басқа да дерек көздері сияқты мұрағат материалдары да өздерін деректанулық талдаудан, яғни “өңдеуден” өткізуді талап етеді. Бұл барлық мұрағат деректеріне тән ортақ қасиет.Сонымен қатар, біздегі мұрағат қорларының пайда болуының және қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері де бар. Біріншіден, біздегі мұрағат мекемелері негізінен большевиктер партиясының көсемі Лениннің декреті бойынша Кеңес өкіметінің тікелей басшылығымен құрылған. Сондықтан ондағы қорлар ұзақ жылдар бойы ұлттық мүддеге емес, халқымызға жат таптық мүддеге сай жинақталған. Екіншіден, мұрағаттарда алғашқы күндерден бастап жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан мамандардың болмауынан негізінен өзге келімсек ұлттардың өкілдері қызмет еткен. Олардың қазақ тілін білмеуіне және жергілікті ұлттың тарихын силамауына байланысты көптеген жағдайда ұлттық жәдігерлеріміз мұрағаттардан тыс қалып қойған. Зерттеушілердің бұл ерекшеліктерді ескермей мұрағат құжаттарына шексіз сенім арту кімді болса да қателіктерге ұшыратуы мүмкін.
Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы 281 нөмірінде “Желтоқсан оқиғасы: себеп пен салдар” атты мақала жарияланды. Онда автор 1986 жылғы желтоқсан айында болған көтерілістің себептерін көрсете келе: “Көп адамдар 1950-1980 жылдары Қазақстанда ресми емес қоғамдық және саяси ұйымдардың, партиялар мен топтардың жұмыс істегенін біле қоймады. Олар жайындағы материалдар құдіреті күшті Қазақ ССР МҚК мұрағаттық қорында қалып қойды ”-деді және бірнеше саяси партиялар мен топтардың атын атап, олардың жалпы саны жиырмадан асатынын айтқан.Әрине, КСРО-ның бұрынғы тірегі МҚК мұрағат қорларындағы құжаттарға негізделіп жазылған бұл жолдардың біздің тарихымыз үшін маңызы тым үлкен екендігі даусыз. Ол кеңестік биліктік ең шарықтау шегіне жеткен жылдарында да қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін жүргізген күресін тоқтатпағандығын көрсетеді. Сондықтан, олардың бәріде жан-жақты зерттелініп, халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы өз орындарын алулары тиіс.
45. Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының объективті алғышарттары мен ортақ заңдылықтары және субъективті факторлары. Жалпығылымдық проблемалардың бірі – сыныптау проблемасы. Сыныптау проблемасы – деректану ғылымының да басты проблемаларының бірі болып табылады. Көп жағдайда зерттеуші еңбегінің тиімділігі де, оның ғылыми құндылығының деңгейі де сыныптау проблемасының қаншалықты дұрыс шешілуімен де байланысты. Тақырыпқа қатысты жиналған деректер әдетте өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, формасы, мазұны, түрі жағынан әр алуан болып келеді. Сондықтан тарихи деректер теңізінде дұрыс жол табу, тарихи зерттеулерде оларды тиімді және пайдалы етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау проблемасын туғызады. Басқаша айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айырылатын сыныптарға бөлу қажет болады. Бірақ, тек деректану ғана емес, жалпы Қазақстанның тарих ғылымының макропроблемаларының бірі ретінде, қазақ тарихы бейнеленген деректер мен дерек көздерінің ерекшеліктеріне сай деректанулық талдау методтарын қолдануға мүмкіндік беретін типтік және түрлік сыныптаутың жалпы принцптері мен өлшемдері әлі анықталған жоқ.
Батыс Еуропа және орыс деректану мектептерінде бұл мәселе ұзақ жылдарға созылған ізденістер нәтижесінде біршама шешімін тапқан деп айтуға болады. Сондықтан, сол мектептердің тәжірибесіне сүйенсек сыныптау зерттеушіге тәуелсіз объективті өлшемдерге негізделуі керек, олар объективті деректердің өзіне тән қасиеттерінен шығуы қажет және онда шындықтың дерекке ену және бейнелену заңдары көрінуі тиіс.
Демек, сынытау проблемасы тек таза техникалық емес, методологиялық та проблема болып табылады және тек қалың деректер арасында бағыт көрсету функциясын атқарып қана қоймайды, сонымен қатар оларды зерттеу тәсілі қызметін де атқарады.
