
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
41.С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» заманхатына қазақ баспасөзінің дерек көзі ретінде қарастырыңыз. Қазақ халқының тарихында ана тілімізде тұңғыш заманхат жазып жариялаған Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин болды. Ақын, жазушы, ғалым, революционер, қоғам қайраткері, сталиндік жеке басқа табынушылықтың жазықсыз құрбаны Сәкен Сефуллин 1898 жылы қәзіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның саналы өмірі ХХ ғасырдың екінші онжылдығының соңына қарай басталған түбегейлі қоғамдық өзгерістер кезеңіне сай келді. Сондықтан, С. Сейфуллин қазақ қоғамында болып өткен әлеуметтік қақтығыстар мен қоғамдық сілкіністердің бел ортасында жүрді. Ел тарихында да қоғам тағдырында да терең із қалдырған сол бір жылдардағы түбегейлі өзгерістердің белсенді іске асырушысы да болды. Демек, С. Сейфуллиннің заманхаты қазақ халқының тарихындағы аса бір күрделі кезең тарихының куәгері қалдырған маңызды дерек көзі екендігі күмәнсіз. С. Сейфуллиннің заманхат жазудағы мақсаты сол өзі көзімен көріп, қолымен атқарған істерден өз замандастарына және келешек ұрпаққа мәлімет беру еді. Ол туралы автор еңбектің беташар бөлімінде: “Мақсұт: 1916 –17-18-19 жылдардағы тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің (революцияның) Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды” – деп, жазды.
Сөз жоқ, автор өз мақсатына толық жеткен деп айтуға болады. Еңбекте 1916 жылғы аласапыран алдындағы қазақ елінің бейбіт өмірі, 16-ның ойраны, ақпан революциясы мен қазан төңкерісі, қазақ жеріне шексіз қайғы - қасірет әкелген азамат соғысы, елде кеңес өкіметінің күштеп орнатылу т.т. туралы мол мәлімет берілген. Бұл мәліметтерді тиімді пайдалана білудің Қазақстан тарихын аша түсуге көмектесері күмәнсіз.
Заманхаттың дерек көзі ретінде келешекте кешенді деректанулық талдаудан өткізілері анық. Ал, әзірге тарихымыздың бір қырын құрайтын, заманхатта көрсетілген жылдары шығып тұрған, ұлттық бейресми басылымдар тарихының дерегі ретінде ғана қараудың өзі, еңбектен қазақ баспасөзінен тарихына қатысты көптеген құнды деректер алуға болатындығын дәлелдеп отыр.
Мысалы, әр жылдары “Қазақ” туралы жазған түрлі әдебиеттерді салыстыру, газеттің 261 нөмірінің екі рет шыққандығын және ең бастысы, оның алғашқысын газеттің негізгі шығарушыларының мойындамағандығын көрсетеді.
Қазақ баспасөзі тарихының белгілі зерттеушісі Х. Бекхожин өзінің 1964 жылы жарық көрген “Қазақ баспасөзінің даму жолдары” деген іргелі зерттеу жұмысында: “1918 жылы 18 январьда Орынборды большевиктер алғанда Алашорданың, оның газеті “Қазақтың” басшылары контрреволюцияшыл атаман Дутовтың әскерімен бірге қаладан қашып шығып, Семейге қарай жөнелді. Оған орай “Қазақ” газеті екінші түрге боянып шыға келді, редакторы – екі жүзді, ұлтшыл Әбділхамит Жүндібайұлы деген бола қалды. “Қазақ” газеті 1918 жылғы 27(14) февральдағы бас мақаласында Орынборда Совет өкіметінің орнағандығын мақұлдаған бола отырып, Ревкомның оны басқарған большевиктердің жүзеге асыра бастаған шараларын астарлы пікірлермен мұқата, құбыжық ете көрсетеді. Сондықтан да, большевиктер Орынборды алғанда Әліби Жанкелдин “Қазақ” газетінің Советке қарсы бағытта шыққан нөмерінің таралуына тиым салған болатын” – деп жазған.