- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
34.Деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика). Зерттеушінің деректермен жұмыс істеуі деректерді іздеп, табудан (деректанулық эвристикадан) басталады. Сызбадан көріп отырғанымыздай: «жұмыстың бұл кезінде проблеманы зерттеудің ғылыми базасын жасауға мүкіндік беретін деректер ауқымы айқындалады, оларды түрлі жолдармен іздеу, табу, реттеп алу жұмыстары жүргізіледі» делінген.Қандайда болмасын тарихи зерттеу жұмысының тақырыпқа сай деректерді іздеп табудан, жинаудан, жүйелеуден басталатындығы белгілі. Ол деректермен жұмыс істеудің бірінші кезеңі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысының бұл кезеңінде ізденуші деректер жинап, өзінің зерттеу жұмысының деректік базасын жасау мақсатында мұрағаттарда жұмыс істеп, мерзімді басылымдарды, түрлі жинақтар мен арнайы әдебиеттерді қарастыруы мүмкін. Зерттеу тақырыбының ерекшелігінен сай бұл кезеңінің де өз ерекшеліктері болуы ықтимал. Бірақ, деректермен жұмыс істеудің бірінші кезеңін барлық ізденушілер міндетті түрде атқарады. Зертеу жұмысының тақырыбына қатысты деректерді жинаумен айналыспай ешкімнің де тарих жазбайтындығы анық. Демек, тарихшылардың барлығы да деректермен жұмыс істейді, яғни деректерді жинайды және оларда сақталынған мәліметтерді өз еңбектерінде пайдаланады.Бірақ, тарихшылар сол деректердегі сақталынған мәліметтерді қалай пайдаланады? Міне, бар мәселе осында. Деректерді пайдаланудың екі жолы бар. Біріншісі деректердегі мәліметтерді ғылыми еңбектерге тікелей енгізу, екіншісі деректерді сыннан, яғни өңдеуден өткізу арқылы шынайылық деңгейі анықталған мәліметтерді ғана ғылыми еңбектерге енгізу. Деректану ғылымында ол деректанулық талдау (сын) немесе деректермен жұмыс істеудің екінші кезеңі деп аталады.
35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
36. Батыс Еуропа елдерінде деректану ғылымының дамуы. Тарихи деректерді талдау методының дамуына Батыс Еуропа елдерінде орын алған түбегейлі қоғамдық өзгерістер мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы да үлкен әсер етті. Олар көптеген тарихи деректерді жинауға және оларды зерттеу мен сыни талдаудың методын жетілдіруге ықпалын тигізді. Осылай “Деректану” тарихи деректерді іздеп тауып жинау, жүйеге келтіріп жариялау және сыни талдау арқылы зерттеу нәтижесінде пайда болып қалыптаса бастады.ХІХ ғасырдағы деректану ғылымының дамуы неміс тарихшысы Э. Бернгейм (1850-1942) мен француз ғалымдары Ш.В. Ланглуа (1863-1920) және Ш. Сеньобостың (1854-1942) аттарымен тікелей байланысты. 1889 жылы Грейсвиль университетінің профессоры Э. Бернгейм “Тарих ғылымына кіріспе” атты. 1898 жылы француз ғалымдары Ш. Ланглуа және Ш. Сеньобос “Тарихи зерттеуге кіріспе” атты оқулық жариялады. Мысалы, Бернгейм тарих ғылымына түсінік береді, оның басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыстылығын көрсетеді. Ол тарих ғылымының методология, методика, түсініктер және баяндау сияқты зерттеу процесі барысында көрінетін бір-бірімен тығыз байланысты төрт аспектісіне тоқталады.Ланглуа мен Сеньобостың кітабы-“Тарихты зерттеуге кіріспе” оқулық ретінде жазылғанымен, жоғарыда айтылғандай, тарихнамаға кеңінен танымал еңбек ретінде енді. Тарихи зерттеу методын ерекше тақырып ретінде қарастыру қажеттігі туралы өз көзқарастарын жан-жақты негіздей және дәлелдей келе авторлар бірнеше сұрақтар қойады. Өткенді қалай тануға болады? Құжат дегеніміз не? Тарихи шығармалар дайындауда құжаттарды қалай пайдалануға болады? Тарихи фактілер деген не? Оларды тарихи шығармаларда қалай топтауға болады? Міне, осындай сұрақтарға Ланглуа мен Сеньобос жас тарихшылардың көңілін аударғысы келді. Бірақ іс жүзінде бұл сұрақтар тек жас зерттеушілерді ғана емес, бір ғасырдан аса уақыт бойы, жалпы барлық кәсіпқой тарихшылардың көңілін өзіне аударып келеді.
37.Шежіре тарихи дерек көзі. Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың ауызша тарихы» атты еңбегінде қазақ шежіресінің өзінің тарихи-әлеуметтік өмірге қатысты дерекшілдігіне қарамастан, танымдық мән-мағынасының әмбебаптығына қарамастан осы уақытқа дейін түбегейлі зерттеудің объектісі бола алмай келетіндігін, қазақ шежіресіндегі тарихи, этнологиялық, этнографиялық және лингвистикалық деректерді тарихи танымның оқшау типтегі қайнар көзі ретінде кешенді қалпында зерделей білу қажеттігін атап айтты. Шежіре ғылыми тұрғыдан танылмай ешуақытта да объективті қазақ тарихы жазылмайды. Бұл заңдылық. Өйткені, шежіре қазақ тарихының басты қайнар көздерінің, яғни деректік негіздерінің бірі болып табылады. Тарихи дерек көзі ретінде шежірені жан-жақты зерттеп, зерделей отырып қана объективті, яғни шынайы қазақ тарихын жазуға болады. Демек, келешекте Қазақстанның тарих ғылымының үлкен бір саласы шежіретану болуы қажет. Қазақтың белгілі этнограф-ғалымы Ақселеу Сейдімбек шежірелік деректерді пайымдауға арналған аталған еңбегінде өзінің шежірені эмпирикалық деңгейде қарастырғандығын атап айтқан. Ал шежірені тарихымыздың қайнар көзі ретінде пайдалана білу үшін, оны зерттеуді теориялық деңгейге көтере білу қажет. Міне, осы бағытта, осы мәселеде Ақселеу Сейдінбек үлкен жұмыс атқарып кетті. Ол шежірені қазақ тарихының дерек көзі ретінде тани білуді теориялық деңгейге дейін көтерді. Ендігі міндет ғалымның жазған дүниелеріне алдымен мұқият зер салып, содан кейін оны әрі қарай дамыту болып табылады.
ХІХ ғасырдың ортасында "Қазақ шежіресі" деген арнайы еңбек жазып, шежіре туралы ғылыми мұра қалдырған Ш. Уалиханов екені белгілі. Ол: "Қазақтардың әрбір ру басылары өз ру тайпасының шежіресін - шыққан тегін, елдің әдет-ғұрпын, заңдарын, ескі жырларын, халықтың басынан өткен тарихи жағдайларды көп жасаған ақсақалдардан иждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шыңдауда көптеген аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайды. Сондай дайындығы бар билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайды, ол нақыл сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнеге, тәлім-тәрбиелік, патриоттық мазмұнда болып келеді",- десе, (Ш.Уалиханов. Таңдамалы, 15-116 бб), қазақтардың рулық құрылымы мен әлеуметтік қатынастарындағы атқартын рөлі туралы: "Весьма важный отдел преданий составляют предания генеологические. На этих преданиях основан родовой быт. Отношения родов между собой обусловливаются степенью родства родоначальников. Старшинство одного племени перед другим выражается правом физического первородства предка. Предания сего рода важны в том отношении, что они представляют состав и образование народа", - дейді (Ч. Валиханов. Избранные произведения. С.287)
38.Деректанудың пайда болуының алғышарттары. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының басты алғышарты, ол қоғамда түбегейлі өзгерістің жүргізілуі, яғни қоғамның бір сапалық деңгейден, екінші бір сапалық деңгейге өтуі және соның салдарында ұлттық сананың оянып, ұлттың өзін-өзі тануға деген ұмтылысының пайда болуы. Мысалы, Англия мен Францияда болып өткен буржуазиялық революциялар, Германияда неміс жерлерінің бірігуі, Ресейдегі реформалар, сол елдерді тек экономикалық жағынан ғана дамытып қойған жоқ, сонымен қатар сол елдердің байрығы халықтарының ұлттық санасының оянуына да үлкен әсер етті. Аталған елдердегі ұлттық санасының оянуының айқын көріністерінің бірі, ағылшындар мен француздардың, немістер мен орыстардың, яғни мемлекет құрушы ұлттардың өзін-өзі тануға ұмтылысы. Ұлттың өзін-өзі тануға деген ұмтылысы, сол ұлттың өз тарихына табиғи қызығушылығын арттырды. Міне, осылай, бірінен-бірі туындаған қоғамдық құбылыстар ұлттық сұранысқа сай объективті тарихты жазудың қажеттілігін тудырды. Ұлттың объективті тарихын жазу ісі, сол ұлттың төл деректерін іздестіру, табу, жинау, жүйелеу және жариялаудан басталды. Тарихтың шикізаты ретінде мол көлемде жиналған деректерді тарих жазуға пайдалана білу, оларды «өңдеуден», яғни деректанулық талдаудан өткізу арқылы ғана мүмкін екендігіне терең түсінушілік тудырды. Міне, осылай, Батыс Еуропа мен Ресейде болып өткен түбегейлі қоғамдық өзгерістер салдарында ұлттық сананың оянуы, сол елдерде тарих ғылымының негіздерінің бірі, деректанудың пайда болып қалыптасуына алып келді. Ал тарихнаманың тарих ғылымының негіздерінің бірі ретінде пайда болуы, тарих ғылымының дамуымен тікелей байланысты. Тарих ғылымының пайда болып, қалыптасуы және дами бастауы, сол ғылымның өзінің тарихын зерттеудің қажеттігін туғызды.
Бұл біріншіден, қоғамдық түбегейлі өзгерістердің әртүрлі формада көрініс тапқанымен, мәні жағынан ұқсас екендігін көрсетсе, екіншіден, олардың бәріне де бірдей ортақ заңдылықтардың барлығын көрсетеді. Үшіншіден, басқа уақытта және басқа жағдайда болса да, сол заңдылықтар бізде де қайталануда. Егер басқа елдерде түбегейлі өзгерістер буржуазиялық революция, реформа немесе елдің бірігуі арқылы іске асса, бізде елдің өз тәуелсіздігін алуы арқылы іске асып отыр. Тәуелсіздік салдарында ұлттық сананың оянып, ұлттың өз тілін, өз тарихын іздей бастағандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылысы, яғни шынайы тарихқа деген ұлттық сұраныстың пайда болуы тарихи деректерді іздестіру, табу, жинау, жүйелеу және жариялау қажеттілігін тудырды. Ол бәріміздің көз алдымызда, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы іске асты. Ендігі мәселе, сол жиналған мәдени мұраларымызды, яғни тарихи деректерімізді ғылыми айналымға тарта білу. Ал ол тек деректану ғылымы арқылы ғана іске асуы мүмкін. Ұлттың объективті жазылған шынайы тарихына деген қажеттіліктің тарихшыларды, басқа да зерттеушілерді деректану ғылымын меңгеруге алып келері күмәнсіз. Демек, бізде деректану ғылымының пайда болуының объективті алғышарттары толық пісіп жетілді деп айта аламыз.
39.Орыс ғалымы Лаппо-Данилевскийдің деректанулық ойларына талдауА.С. Лаппо-Данилевский: “Тарихи дерек дегеніміз-адам психикасының іске асқан жемісі” -деп жазды. Әрине, адам психикасы тарихи деректі жасау кезінде үнемі қатысады, бірақ ол деректің пайда болуының басты себебі, басты негізі емес. Ол тек объективті оқиғаны қабылдаудың, түйсінудің психологиялық ортасы ретінде сол сезімді, түйсікті тарихи деректерге енгізуге қатысады. Образдың бейнеленуші объектімен ұқсастық принципі – деректің объективтілігін көрсететін аса маңызды фактор, оның тарихи шындықты, тарихи оқиғаларды объективті бейнелей алатын қабілеттігінің белгісі.
Мысалы, егер, Абай туындыларын ХІХ ғасырдың үшінші бөлігі мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының дерек көзі деп алсақ. Онда образ сол Абайдың өмір сүрген ортасының, сол кезеңдегі қазақ қоғамының, «ұстарасыз аузына мұрты түскен» Абай замандастарының Абай туындыларындағы бейнесі. Ал, бейнеленуші объект - Абайдың өмір сүрген ортасы, сол кезеңдегі қазақ қоғамы, Абай замандастары. Ал, Абайдың өзі дерек жасаушы. Абай туындыларында образбен бейнеленуші объектің ұқсастығының өте жоғары екендігі белгілі. Демек. Абай тарихи шындықты, тарихи оқиғаларды объективті бейнелей алатын аса үлкен қабілет иесі. Абай данышпандығы оған дерек жасаушы ретінде өзі өмір сүрген заманын аса үлкен шеберлікпен өз туындыларында дәл бейнелей білуге мүмкіндік берген.
Жалпы қазан төңкерісіне дейінгі тарих ғылымында деректерді екі топқа бөлу әдеті қалыптасты. Батыс Еуропадағы деректерді екі топқа бөлген сияқты, орыс тархшыларының еңбектерінде де тарихи деректер екі категорияға бөлінді. Мысалы, француз ғалымы Шарль Сеньобос деректерді “өткеннің тікелей ізі және өткеннің қосымша ізі” деп екіге бөлсе, орыс ғалымы А.С. Лаппо - Данилевский “мәдениеттің қалдығы” және “фактілерді тарихи суреттеу, айту” деп бөлді.
