Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Derektanu_zhauaptar_Sabdenova.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері

Қазақстанның  ХХ  ғасырдың  басындағы  тарихын  зерттеуде  “Қазақ”  газетінің  тарихи  дерек  көзі  ретінде  алар  орны  ерекше  екендігіне , оның  ғылымға    берер  мағлұматтарының    құндылығының  жоғары  екендігіне  бүгінгі  күні  бәріміздің  де  көзіміз  жеткен  сияқты . Кеңестік  тарихнаманың  “Қазақ”  сияқты  қазақ  тарихының  деректік  мөлдір  көзінің  бірін , 70  жылдан  астам  уақыт  бойы , ғылым  үшін  жауып  тастағандығы  ұлттық  тарих  ғылымына  өлшеусіз  зиян  келтіргендігін  дәлелдеп  жатудың  қажеті  болмас  деп  ойлаймыз .Қазақ  аспанын  қара  бұлттай  торлаған  қара  түнек  патшалық  дәуірде  дүниеге  келіп , ақын  айтқандай: “қараңғы  қазақ  көгіне , өрмелеп  шығып  күн  болам”  деген  газет  туралы , “Ақиқат”  журналы: “Қазақ”  өзі  өмір  сүрген  бес  жыл  ішінде  талай  күрделі  құбылыстардың , қоғамдық  сілкіністердің  куәсі  болды . Бір  ғана  қолдың  саусағымен  санауға  болатын  жылдар  ішінде  бір  емес  бірнеше  ұрпақтың  ғұмырына  жетерліктей  оқиғаларды  басынан  өткерді . Тарих  үшін  қас-қағым  деп  те  айтуға  келмейтін  уақыт  аралығында  бірнеше  ғасырға  татырлық  өзгерістерді  басынан  кешірді .Атап  айтсақ ,  “Қазақ”  екі  жойқын  соғыстың  (І  дүниежүзілік  және  азамат  соғыстары) , 1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілістің , екі  қоғамдық-саяси  төңкерістің  (ақпан  және  қазан), төрт  саяси  биліктің  (патша  өкіметі, Уақытша  үкімет , Алаш  Орда  үкіметі , кеңес  өкіметі)  куәсі  болды”  /45/ — деп  жазды .Біздің  бұған  қосарымыз  “Қазақ”  тек  аласұрған  заманның , аласапыран  оқиғалардың  сырттан  қараған  бақылаушысы  ғана  болып  қойған  жоқ . Ол  сол  буырқанған  оқиғалардың  бел  ортасында  жүрді . Қайнаған  құбылыстар  барысын  суретке  түсіргендей  өз  беттерінде  бейнеледі . Олар  туралы  мәліметтерді  тасқа  басып  өз  беттерінде  қаттады . Сөйтіп  “Қазақ”  қазақ  өмірінің  аса  бір  күрделі  кезеңінің  шежіресіне , баға  жетпес  дерек  көзіне  айналды .Большевиктік-коммунистік  саяси  басқару  жүйесінің , уақыт  сынына  шыдамай , тарих  аренасынан  кетуі  және  КСРО  сияқты  алып  империяның  көз  алдымызда  күйреуі  нәтижесінде  еліміздің  тәуелсіздік  жолына  түсуіне  байланысты  туындаған  қазақ  халқының  ғылыми  тарихын  қайта  жазудың  объективті  қажеттігі , жалпы  тума  төл  деректерімізге , оның  ішінде  ұлттық  бейресми  басылымдарға , әсіресе  “Қазақ”  газетіне  деген  қызығушылықты  тудырды . Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  бірнеше  жылдың  ішінде  ғана  “Қазақ”  газеті  материалдарын  кеңінен  пайдалану  негізінде  бір  докторлық  және  бірнеше  кандидаттық  диссертациялар  қорғалды ,  ғылыми-зерттеу  еңбектері  жарияланды . Осындай  еңбектердің  бірінде , зерттеушілердің  “Қазаққа”  деген  қызығушылығының  себебін  ҚР ҒА  мүше-корреспонденті ,  профессор  Кеңес  Нұрпейісов:  “Әңгіме  болып  отырған  ұлттық  баспасөз  органдары  қатарында  “Қазақ”  газетінің  алатын  орны  ерекше . Өйткені  ол  басқа  басылымдармен  салыстырғанда  ұзақ  мерзім  (1913-1918  жылдар)  шығып , 265  саны  жарық  көрді .  “Қазақты  дүниеге  келтірген  және  оның  тұрақты  авторларының  қатарында  Алаш  қозғалысының  халық  таныған  жетекшілері  Әлихан  Бөкейханов , Ахмет  Байтұрсынов , Міржақып  Дулатов  сияқты  қайраткерлер  болды . Осы  азаматтар  мен  олардың  сенімді  серіктері  “Қазақ”  газетін  жалпыұлттық  басылым  дәрежесіне  көтерді” , — деп  түсіндірді .Жұртшылыққа  танымал  қазақ  ғалымының  бұл  пікірінің  дұрыстығын  соңғы  жылдары  “Қазақ”  газеті  материалдарының  әр  түрлі  жолдармен , қазіргі  оқырмандарға  түсінікті  етіліп , қайта  басылып  шығарыла  бастауы  да  дәлелдейді . Бұл  сол  газетке  деген  жаппай  қызығушылықты  қанағаттандыру  мақсатында  жасалынып  отырған  шара  екендігі  белгілі . Мысалы ,  1993  жылы  Үшкөлтай  Субханбердинаның  “Қазақ” , “Алаш” , “Сарыарқа”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткіші  шықса , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , М. Дулатовтардың  “Қазақ”  газетінде  кезінде  жарияланған  мақалалары  олардың  жеке  жинақтарына  енді . 1998  жылы  “Қазақ  энциклопедиясы”  Бас  редакциясы  газет  материалдарыныңжинағын  кітап  түрінде  жарыққа  шығарды . Сонымен  қатар , “Ақиқат”  журналы  өзінің  1998  жылғы  үшінші  санынан  бастап  “Мұра”  айдарымен  газет  мақалаларынан , сандық  және  жылдық  ретін  сақтап , үзінділер  жариялай  бастады . Осындай  жан-жақты  жүргізілген  шаралардың  арқасында  “Қазақ”  газетімен  танысуға  тек  зерттеушілер  ғана  емес , өз  халқының  өткені  қызықтыратын  жалпы  оқырмандар  да  мүмкіндік  алды . Әрине , “Қазақстан”  әркім  алдымен  өзіне  керегін  іздері  даусыз . Дегенмен  оның  газет  ретіндегі  ең  басты  құндылығы  қазақ  тарихының  аса  бір  күрделі  кезеңінің  маңызды  жазба  деректерінің  бірі  екендігінде  ешкімнің  таласы  жоқ  деп  ойлаймыз . “Қазақ”  газетінің  тарихшы  ғалымдар  үшін  басты  құндылығы  туралы  М.  Қойгелдиев:  “…  газет  материалдары  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жиырма  жылдығындағы  қазақ  қоғамында  болып  өткен  түрлі  қоғамдық  процестерді  зерттеп  тану  үшін  аса  бағалы  деректер  болып  табылады”  -  деп  жазды .Дегенмен , тарихи  дерек  көзі  ретінде  “Қазақ”  газеті  де  тарихи  сыннан  өткізуді  қажет  етеді . Себебі  басқа  да  тарихи  деректер  сияқты , “Қазақ”  та  әлеуметтік  сұраныстарға  сай , нақты  тарихи  жағдайда , өзін  қоршаған  қоғамдық-саяси  ортада ,  белгілі  бір  субъектердің  саналы  іс-әрекеттерінің  жемісі  ретінде  пайда  болған  объективті  дүние . Сондықтан , газеттің  жарыққа  шығуының  объективті  тарихи  алғышарттарын  және  оның  шығарушыларының  қоғамдық  позициялары  мен  әлеуметтік  жағдайларын  терең  білудің  ондағы  мағлұматтардың  ғылыми  ақпараттық  және  танымдық  маңызын  ашуға  көмектесері  даусыз.Бұл  жерде  зерттеушілердің  “Қазақ”  газетінің  мазмұнына  түбегейлі  әсер  еткен  үш  түрлі  тарихи  кезеңде  шығып  тұрғандығын  ұмытпағаны  дұрыс . Қалыпты  объективті  жағдайдың  өзгеруі  газеттің  бағыт-бағдарына  да , оның  алдына  қойған  мақсатына  да , мақалалардың  мазмұнына  да  әсер  етуі  заңдылық . Аз-ғана  уақыт  аралығында  елімізде  болып  өткен  түбірліқоғамдық  өзгерістер  “Қазақты”  да  осындай  өзгерістерге  ұшыратты . Мысалы , 1913 жылдың  ақпанында  дүниеге  келіп  патшалық  самодержавие  тұсында  4 жыл  бойы  шығып  тұрған  “Қазақ”  пен  1917 жылдың  ақпанынан  кейінгі  “Қазақтың”  арасында  үлкен  айырмашылық  бар  болса , қазан  төңкерісінен  кейінгі  “Қазақтың”  мазмұны  да , тарихы  мен  тағдыры  да  тіптен  бөлек . Демек , “Қазақты”  тарихи  дерек  көзі  ретінде  қарастырғанымызда  осы  айырмашылықтарды  

32.Деректану ғылымы: объектісі мен құрылымы. Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуыныңтеориясы мен практикасытуралы ғылым. Деректану тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығын қамтамасыз ететін іргелі ғылымға жатады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының аса маңызды ерекшелігімен байланысты. Тарихтың нысаны – қоғамның өткені тарихшыға тек тарихи деректер арқылы ғана танылады. Ал тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу нысаны болып табылады. Деректану әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процестерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі. Деректану арнаулы ғылым ретінде тарихи зерттеулер тәжірибесі барысында тарихи құжаттардың түпнұсқасын анықтау тәртібін жасау негізінде пайда болды. Деректерді талдаудан өткізу ежелгі дәуір тарихшылары заманынан (Лукиан, Тацит), Қайта өрлеу кезеңінен (Л.Валла, У.фон Гуттен, т.б.) белгілі. XVII ғасырда дипломатияның дамуына байланысты құжаттарды ғылым тұрғыдан зерттеу әдістемесі, ал XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың 1-жартысында неміс ғалымдары А.Л.Шлецер, Б.Г.Нибур, Л.Ранкенің еңбектерінде құжаттарды сын елегінен өткізу әдісі қалыптаса бастады.

деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі – тарихи деректер. Деректану тарихи деректер туралы ғылым ретінде тарихшыларға әртүрлі нақты тарихи мәселелерді және тұтас тарихи үдерістерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі. Әсіресе қазіргі ақпараттар тасқыны жағдайында тарихи ақпараттарды іріктеу және талдау тәсілдеріне баса көңіл аудару қажеттілігіне байланысты, деректану уақыт талабына сай маман тарихшы дайындаудың маңызды буынына айналып отыр. Бұл үрдіс одан әрі тереңдей бермек. Бұл проблемалар бүгінде Қазақстанның тарих ғылымының, қазақ тарихшыларының алдында тұрған ең өткір проблемаларға айналды. Оның айқын дәлелі Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің баяндамасы. Демек, көп ұзамай қабылданар «Тарих толқынындағы халық» атты бағдарламада тарих ғылымының іргелі негіздерінің бірі ретінде деректануға ерекше көңіл бөлінуі тиіс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]